Тәуелсіз қазақ елінің қорғаныс министрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Тәуелсіз қазақ елінің қорғаныс министрлері

ҚР-ның Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ ҚР-ның Қарулы Күштеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Министрлік 1992 жылдың 7 мамырында ҚР Президенті жарлығы бойынша құрылды.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық тарихында қорғаныс саласын кімдер басқарғанын, жеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктері, қандай ісімен ел есінде қалғанын анықтамақ болдық.

1. Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы

Басқарған жылдары: 1992 ж, мамыр - 1995 ж, қазан

30 жыл ішінде еліміздің қорғаныс саласын он үш адам басқарыпты. Қызығы, олардың бәрі бірдей әскер көріп, әскери қызметте болған емес. Еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі - Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов болды. Ол министрлікті 1992 жылдың мамырынан 1995 жылдың қазанына дейін басқарды. Қорғаныс саласының негізін қалаған осы кісі еді. Сол кезде Елбасының «Тәуелсіздік алған кезде елдің әскерін басқара алатын бір ғана генерал - Сағадат Нұрмағамбетов», - дегені бар.

Ол Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалған соң, сапалы әскери мамандарды даярлауға бар күшін салды. 1993 жылы Сағадат Нұрмағамбетовке генерал-полковник атағы беріліп, бір жылдан кейін әскер генералы атанды. Ал 1994 жылы оған Халық Қаһарманы атағы берілді. Келесі жылдың қарашасында зейнеткерлікке шыққан ол, Қазақстан Президентінің кеңесшісі болды. Еліміздің қорғаныс саласына еңбегін сіңірген азаматымыз 2013 жылы 89 жасында дүниеден өтті.

2. Қасымов Әлібек Хамидұлы

Басқарған жылдары: 1995 ж, 16 қазан - 1996 ж, 30 қазан

Еліміздің екінші Қорғаныс министрі Әлібек Қасымов болды. Ол министрлікті бар-жоғы бір жыл ғана басқарды. Білетіндер генерал Әлібек Қасымовты білгір де, білімді штабист деп бағалады. Кеңес әскері тұсында Армия штабында жауапты қызметтер атқарған офицердің болашағынан басқаны күту де қиын шығар. Оның басшылығымен қысқа уақыт ішінде Кадет корпусы құрылды. Оған қоса, ол Қарулы Күштердің кәсіби сержанттарды дайындайтынның бірден бірі еді. Соның ұсынысымен әскер бюджеті ұлғайып, взвод командирінің орынбасарлары және бөлім командирлерінің жалақысы мен әлеуметтік пакеті болуы талап етілді.

3. Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы

Басқарған жылдары: 1996 ж, 30 қазан - 1999 ж, 9 тамыз

Ал Мұхтар Алтынбаев екі рет Қорғаныс министрі болды. Біріншісінде - 1996 жылдың 30 қазаны мен 1999 жылдың 9 тамызы аралығында, екіншісінде - 2001 жылдан 2007 жылға дейін алты жыл басқарған болатын. Оның бұл қызметінен алғашқы кетуі - дау-дамайдың кесірі еді. Сол кезде ведомство сатқан бес АН-28 ұшағының бағасын ол түсіріп жіберген. Алайда осы келеңсіздікке қарамастан екі жылдан кейін Алтынбаев қайтадан басшылық қызметке келді. 2001 жылдың желтоқсанында Алтынбаевты екінші рет министрлікке тағайындаған Нұрсұлтан Назарбаев бұл оқиғаның реттелгенін және Алтынбаевтың кінәсі жоқ екенін айтты.

Өзіне деген Президенттің сенімін қайтарған Алтынбаев Қорғаныс министрлігі мен Бас штаб арасында функцияларды бөле отырып, әскери салаға реформа енгізді. Тіпті, елінің игілігі жолындағы еңбегі үшін оған «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

4. Тоқпақбаев Сәт Бесімбайұлы

Басқарған жылдары: 1999 ж, 13 қазан - 2001 ж, 8 желтоқсан

1999 жылдың 13 қазаны мен 2001 жылдың 8 желтоқсаны аралығында Қорғаныс министрі Сәт Тоқпақбаев болды. Төртінші қорғаныс министрі - бүкіл өмірін қауіпсіздік органдарында жұмыс істеуге арнаған. Атап айтсақ, ол ҰҚК бірінші басшысы, Президенттік күзет қызметінің және Республикалық ұланның басшысы болды. Ол - әскери жаттығуларды, оның ішінде халықаралық жаттығуларды өткізуді жаңғыртқан адам.

5. Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы

Басқарған жылдары: 2001 ж, 8 желтоқсан - 2007 ж, 8 қаңтар

6. Ахметов Даниал Кенжетайұлы

Басқарған жылдары: 2007 ж, 10 қаңтар - 2009 ж, 17 маусым

Қауіпсіздік саласында ешқандай тәжірибесі жоқ азаматтың қорғаныс саласына келуі - бірінші жағдай. Оның тұсында қару-жарақ пен оқ-дәрiнің ұрлануы, жоғалуы өршіп кетті. Оның үстіне Қорғаныс министрлiгiне қарасты түрлi әскери қоймалар мен оқ-дәрi қоймаларында өрт шығуы, түрлi тiкұшақтардың апатқа ұшырауы, адам қазасы көбейе түсті.

Бір кездері Қорғаныс министрлiгiнде пәтер бөлуде орын алған келеңсiздiктер де өрши түсті. Жүздеген пәтердiң заңсыз үлестiрiлуi - қоғамды дүрліктірді. Ең қызығы, 2009 жылдың сәуірінде, Ахметовтің жұмыстан босатылуына екі ай қалғанда, оның орынбасары генерал-майор Қажымұрат Маерманов ұсталды. Маерманов сыбайлас жемқорлық қылмысы, пара алғаны және қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін 11 жылға сотталды.

7. Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы

Басқарған жылдары: 2009 ж, 24 маусым - 2014 ж, 2 сәуір

Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығымен Қорғаныс министр қызметіне ҚР-ның Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған Әділбек Жақсыбеков тағайындалды. Ол өзінің алдында болған экс-министр Ахметовтің ісін жалғастырды. 2009 жылы 3 мыңнан астам әскери қызметшіге жаңа пәтер берілді.

Оған дейін Индустрия және сауда министрлігін, Астана қаласын, Президент Әкімшілігін басқарған, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Әділбек Жақсыбековтің бұл қызметке «өрт сөндіруші» миссиясын атқаруға келген деп бағалады сарапшылар.

8. Ахметов Серік Нығметұлы

Басқарған жылдары: 2014 ж, 3 сәуір - 2014 ж, 21 қазан

Одан кейінгі Қорғаныс министрі Серік Ахметов те бұл қызметте ұзақ отырмады. Қызметтен кетісімен бір айдан соң оған Қылмыстық Кодекстің 176-бабы бойынша «жемқорлыққа қатысы бар» деген айып тағылды. Сол кездегі Премьер-министр үй қамағына алынып, бүкіл Қорғаныс министрлігінде де ауқымды тексеріс жүргізілді. Тергеушілердің күдігінше, ведомствода жарнама науқанына бөлінетін соманың бағасы бірнеше есе жоғары көрсетіліп, сол арқылы бюджет ақшасы ұрланған.

Осылайша, Серік Ахметов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда, «бас бостандығынан айыруды шектеуге ауыстыруға байланысты» ол жарты жылдан кейін босатылды.

9. Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы

Басқарған жылдары: 2014 ж, 22 қазан - 2016 ж, 13 қыркүйек

Министр болған азаматтық тұлғалардың ішінде Иманғали Тасмағамбетов әскери саланың жұмысын арттырды деуге болады. Ол Қорғаныс министрі лауазымын 2014 жылғы қазан айынан бастап атқарды. Екі жылдың ішінде еліміздің Қарулы Күштерінің тарихында алғаш рет қазақстандық Әскери-әуе күштері 4++ үлгідегі су жаңа жоғары маневрлі көпфункционалды екі орынды Су-30СМ жойғышымен, жаңа Ми-171Ш көліктік-жауынгерлік тікұшағымен, жаңа С-295 әскери-көлік ұшағымен толықты.

Елордада «Арлан» көпмақсатты маневрлі броньды машиналардың, яғни, миналар мен баллистикалық снарядтардан керемет қорғайтын жауынгерлік іс-қимылдардың төтенше маневрлі аспабының іске қосуы ретке келтірілді. 2016 жылдың наурызында ҚР Қорғаныс министрі алғашқы қазақстандық патрон зауыты құрылысының басталуына жол ашты.

Тасмағамбетовтің тұсында бірнеше оқу-жаттығу дайындығы ұйымдастырылды. Және сол жылдары ҚР Қорғаныс министрлігі мен Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі төрт хаттамаға қол қойды. Соған сәйкес Жаман-Тау, Сарышаған және Тайсойған сынама полигондарын пайдалану және жалға алу тәртібі өзгерді. Нәтижесінде пайда қазбаларының кен орындары мен коммуникациялар орналасқан жалға алудан 1, 6 млн. га. аумақ шығарылып, Қазақстанға берілді. Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрі болып қызметке кіріскеннен кейін сарбаздардың әлеуметтік жағдайы біртіндеп шешіліп, әскери қызметте жүріп баспаналы болудың жүйесі қалыптасты.

10. Жасұзақов Сәкен Әділханұлы

Басқарған жылдары: 2016 ж, 13 қыркүйек - 2018 жыл 7 тамыз

Ал 2016 жылдың 13 қыркүйегі - 2018 жылдың 7 тамызы аралығында Сәкен Жасұзақов Қорғаныс министрлігін басқарды. Сол жылдары әскери сала біршама босаңсыды деуге болады. Сонымен қатар дәл осы кезеңде ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құрылуы - Қорғаныс министрлігінің бәсін біршама төмендетті. Өйткені еліміздегі Қорғаныс саласына қарайтын кәсіпорындардың біразы аталған министрліктің құрамына өтіп, әскерилер таза өз шаруасымен қалды. Сөйтіп, Елбасы Қорғаныс министрлігінің біраз міндетін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне еншілеп берді.

11. Нұрлан Ермекбаев

2018 жылдың 7 тамызында Елбасы Нұрлан Ермекбаевты Қорғаныс министрі етіп тағайындағанда, «Әскери қызметте тәжірибесі бар, кадрдағы офицер, Қауіпсіздік Кеңесінің екі рет хатшысы болған» деп сипаттаған еді. Сонымен қатар оның одан басқа Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі деген дипломатиялық дәрежесі барын айтты.

Ең бастысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ермекбаевқа қаруды технологиялық жетілдіру мен жаңғыртумен айналысуды тапсырған. Сол кезде ол Каспий теңізінің қорғанысын күшейтуге бұйрық беріп, теңіз арқылы ұшуды жүзеге асыру персоналдың жауапкершілікпен қарауын және жердегі қызметтердің үйлесімді жұмысын талап етті. Сонымен бірге Ермекбаевтың бұрынғы Азаматтық қоғам дін істері жөніндегі министрлікті басқарып, аз ғана уақыттың ішінде елде ушыққан діни мәселелерді өз арнасына түсіргенін байқауға болады.

Алайда, 26 тамыз күні Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада оқ-дәрі жарылуы Ермекбаевтың жұмысын құрдымға кетірді деуге болады. Жарылыстың салдарынан 15 адам қаза тауып, жүзге тарта адам жарақат алды. Ал бір адам хабар-ошарсыз. Қаза тапқандардың бәрі - Қорғаныс министрлігі мен Төтенше жағдай министрлігі өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері.

Жамбыл облысы әкімдігінің айтуынша, апат салдарынан 106 тұрғын үй, 12 коммерциялық объект, үш мектеп бүлінген. Ермекбаев апаттың себебі ретінде қоймада қауіпсіздік талаптарының сақталмауы, я химиялық реакциямен өздігінен тууы немесе диверсия болуы мүмкін деп болжаған. Осы жағдайға байланысты министр отставкаға өтінішін де берген. Соған орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдаған болатын.

Бұл - Ермекбаевтың қорғаныс министрі қызметіндегі екінші апат. 2019 жылы осыған ұқсас жағдай Түркістан облысы Арыс қаласында болған. Ол жерде әскери қоймада жарылыс болып, төрт адам қайтыс болды. Ондаған адам жарақаттанған. Апат салдарынан ондаған мың адам үйін тастап, босып кеткен.

Мәселе - қорғаныс саласын кімдердің басқарғанында емес, қандай нәтижелі жұмыс атқарғанында. Осы тұрғыдан келгенде, соңғы жылдары мемлекет тарапынан әскеріміздің әлеуетін көтеруге байланысты шаралар атқарылуда. Десе де, саланы бертінде тізгіндеген министрлердің «қайтсем, қорғанысты қауіпсіз етемін…» деп білекті сыбана еңбек еткенін байқамадық. Әлі де көп нәрсе шешімін таппай келеді. Ал ендігі сайланған Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов не істейтінін уақыт көрсетер. 30 жылда - 12 министр.

12. Мұрат Бектанов

2021 ж. 31 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

2022 жылғы 19 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметінен босатылды.

13. Руслан Жақсылықов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Бектановты қорғаныс министрі лауазымынан босатып, бұл қызметке Руслан Жақсылықовты тағайындау туралы Жарлықтарға қол қойғанын хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа министрдің кадрлық әскери қызметкер екенін, арнайы білімді Алматы Жоғары жалпыәскери командалық училищесінде оқығанын, кейін М. В. Фрунзе атындағы академияда және Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясында білімін жалғастырғанын атап өтті.

Оның тәжірибесі мол. Ішкі әскерде 30 жылдан астам қызмет етті. Ол қатардағы жауынгерден бастап, әртүрлі басшылық қызметтерді атқарды. Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысына дейінгі әскери жолдан өтті", - деді Президент.

Төтенше жағдай дегеніміз - адамдардың қаза табуына әкелiп соққан немесе әкелiп соғуы мүмкiн, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге нұқсан келтiрген немесе келтiруi мүмкiн, халықты едәуiр дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тiршiлiк жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкiн авария, зiлзала немесе апат салдарынан белгiлi бiр аумақта туындаған жағдай.

Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар. Ол Рихтер шкаласымен есептелінеді.

Табиғат зілзаласы дегеніміз - бұл төтеншелік ерекшелігі бар тұрғындардың едәуір топтарының қалыптасқан тұрмысының бұзылуына, адамдар шығынына, материалдық құндылығы бар заттардың жойылуына әкелетін табиғаттың қауіпті құбылыстары мен процестері.

Қазақстанның 10 ең ауқымды және залалды апаттары

Қазақстанда соңғы 10 жылдың ішінде табиғи қауіптердің көптеген түрлері орын алады. Атап айтқанда, жер сілкінісі, су тасқыны, орман және дала алқаптарындағы өрттер, қарлы борандар және тағы басқалары. Басқаларымен салыстырғанда таралу алқабы және тигізген зияны бойынша су тасқындары бірінші орында тұр. Тек қана соңғы 70 жыл ішінде олардың 600 түрі болып, олардың көпшілігі катастрофа түрінде көрінген. Тигізген залалдары бойынша екінші орында тұрған қар көшкіні .

Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы ең күрделі әрі қиын жыл ретінде 2010
жылды атап көрсетуге болады. Өйткені осы жылы көктем басында ағыл-тегіл жауын-шашындар салдарынан Алматы облысындағы Қызыл-Ағаш су қоймасының бөгеті жарылған. Нәтижесінде ел тарихындағы ең ірі тасқыны басталған. Бірнеше елді мекен су астында қалған. Ең зор зардап шеккен - 2000 тұрғыны бар Қызыл-Ағаш кенті. Онда 45 тұрғын қаза тапқан, 300 адам жарақаттанған және 2 мыңнан астам адам қоныс аударған.

2010 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданындағы көктемгі су тасқыны кезінде 559 тұрғын үй бұзылып, оның 443-і толығымен қирап қалған.

2013 жылдың 16-қаңтарында болған қатты дауыл мен су тасқынынан
Шымкент облысының Созақ ауданы жапа шекті. Жұмсалған шығындар көлемі 800 млн. теңгеден асады. Дәл осы жылдың 24-қаңтарында Жамбыл облысында соққан сұрапыл дауыл елді 2, 5 млрд. шығынға ұшыратты. Метеорологтардың айтуы бойынша дауыл тауда қалыптасқан.

2013 жылдың 28-қаңтарында 6, 3 баллдық жер сілкінісі Шығыс Қазақстан облысында орын алды. Құрбан болғандар туралы ақпараттар болған жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Азия мемлекеттері НАТО-ның қызығушылығын арттыруына байланысты мәселелердімен ашып көрсету, оны әскери-саяси тұрғыдан танып білу
Мәселенің өзектілігі
Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы
Қазақстан Қарулы Күштері туралы
Экономикалық дамудың жолдарын қарастыру
Қазақстандағы білім беру мәселелері
Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық қауіпсіздік саласындағы өзара экономикалық жүйесінің қалыптасу негіздерін анықтау
Қазақстан және ядролық қаруды таратпау жөніндегі саясат
Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық мақсаттары мен міндеттері
Қазақстанның ұлттық дипломатиясының қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz