ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ƏДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ƏДІСТЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ƏДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ƏДІСТЕРІ
Мақсаты - ғылыми-педагогикалық зерттеудің мақсаты мен міндеттерімен, оны ұйымдастырудың әдіснамалық негіздерімен таныстыру.
Қарастырылатын сұрақтар:

Әдіснама туралы түсінік және оның деңгейлері
Педагогиканың философиялық негіздері
Ғылыми- педагогикалық зерттеу әдістері
Педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру әдістемесі және оны жүргізу

Әдіснама туралы түсінік және оның деңгейлері

Ғылым жаңа фактілермен толыққан жағдайда ғана ол дами алады. Ал мәліметтердің жинақталуы үшін ғылыми негізделген зерттеу әдістері қажет. Зерттеу әдістері теоиялық әдістердің жиынтығына тәуелді, ол өз кезегінде әдіснама деп аталады.
Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім, оларды зерттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінң дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет.
Ғылыми әдіснаманы ғылыми танымдық іс - әрекетті құру принциптері, формалары, тәсілдері туралы ілім деп көрсетеді. Ғылымныңзерттеудің құрамдас бөліктері: оның объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, болжамы, зерттеу құрамының жиынтығынан, зерттеу жұмысының кезеңдерінің бірізділігін қамтамасыз етуден тұрады (И.В.Сластенин)
Педагогикада әдіснаманы педагогикалық таным және шынайылықты қайта жаңғыртудың теориялық жағдайларының жиынтығы деп түсіндіреді (И.В.Сластенин).
Педагогикада әдіснама дегеніміз танымның принциптері, әдістер, формалары, процедуралары және педагогикалық ақиқатты қайта жаңғырту деп көрсетеді (Смирнов).
Ғылым әдіснамасы бұл - табиағат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялардың жиынтығы.
Ұзақ уақыт бойы философияның бір бөлігі болған педагогиканың екі негізгі философиялық әдіснама: идеалистік және материалистік тұжырымдамаларға арқа сүйеп дамыды.
Әдіснама реттеушілік және нормативті функция атқарады. Нормативті функция ғылыми іс - әректті ұйымдастырудың ережесі және тиімді ұсыныстар құрастыруға байланысты қажет міндеттер тудырады.
Білім әдіснамасы дескриптивті және перспективті формада дамиды:
Білім әдіснамасы

дескриптивті форма перспективті форма

зерттеу процесінің бағыт іс - әректті ретттеушілікке
беруші ғылыми танымның бағытталады.
заңдылықтары, ғылыми
білімнің құрылым туралы
білім.
Зерттеуші Э.Г.Юдиннің көрсетуі бойынша әдіснамалық ілімнің негізгі құрылымы төмендегідей құрамадас бөліктерден тұрады:
Сызба № Әдіснамалық ілімнің деңгейлері
Әдіснамалық ілім деңгейлері
Әдіснамалық ілім деңгейлері

Технологиялық
деңгей

Технологиялық
деңгей

Нақты ғылыми
деңгей

Нақты ғылыми
деңгей

Философилық
деңгей

Философилық
деңгей

Жалпы ғылымилық
деңгей

Жалпы ғылымилық
деңгей

Жалпы ғылым категориялары
ның құрылым мен жалпы принциптерінен құралады
Жалпы ғылым категориялары
ның құрылым мен жалпы принциптерінен құралады
Барлық немесе көпшілік ғылыми пәндерге ортақ теориялардың тұжырымдама-
ларынан құралады.
Барлық немесе көпшілік ғылыми пәндерге ортақ теориялардың тұжырымдама-
ларынан құралады.
Белгілі бір арнайы ғылымда қолданылатын әдістер, зерттеу принциптері және процедуралар жиынтығы
Белгілі бір арнайы ғылымда қолданылатын әдістер, зерттеу принциптері және процедуралар жиынтығы
Зерттеу техникалары, әдістемелерден құралады, яғни алғашқы эмперикалық материал жинақтауды қамтамасыз етеді
Зерттеу техникалары, әдістемелерден құралады, яғни алғашқы эмперикалық материал жинақтауды қамтамасыз етеді

Әдіснаманың барлық деңгейлері күрделі жүйені құрайды, оларда белгілі бір деңгейде өзара байланыс болады. Философиялық деңгей барлық білімнің мазмұндық негізі болады.
Ғылымның қазіргі әдіснамасында, соның ішінде педогогикалық әдіснама да, теорияның негізін құрайтын бірнеше компоненттерден тұрады: а) фактологиялық материалдың бастапқы эмпирикалық талдауды талап етеді; ә) бастапқы теориялық негіз, ол зерттеу объектісін суреттейтін алғашқы жорамалдардан, аксиомалардан, болжамдардан және теориялық ыңғайлардан тұрады; б) теориясының логикасы мен құрылысы; в) эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы; г) педогогикалық теорияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі, ол дәріптелінген объект пен оның теориялық моделін суреттеумен байланысты

2. Педагогиканың философиялық негіздері

Қазіргі уақытта әр түрлі философиялық ілімдер (бағыттар) көптеген ғалымдардың әдіснамалық негіздері ретінде көрініс тапқан. Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық принциптер негізінде құралған бастапқы әдіснамалық тұжырымда жүзеге асады. Адамның танымдық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның даму заңдарын қалыптастыру философия ғылымының мәселесі. Білімді философиялық, аксиологиялық түсіну философияға тән және ол ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Педагогиканың философиялық негіздері төмендегідей негізгі ілімдерден құралған: экзистенциализм, прагматизм, диалектикалық материализм, неоатомизм, неопозитивизм және т.б. Төмендегі кестеде педагогиканың философилық негіздері болған ілімдерге қысқаша сипаттама берілген:
Кесте № педагогиканың философилық негіздері болған ілімдер

Ілім түрлері
Негізгі өкілдері
Идеялары
Экзистенциализм
Н.А.Бердяев, Л.И.Шестов, М.Хайдеггер, К.Ясперс, Ж.Сартер, Э.Брейзах, П.Тиллих
Адам болмысының әлемде өмір сүру философиясы, адамдардың өз болмысын әлемде сезінуі туралы зерттейді. Негізгі ұғымдары - өмір сүру. Объективті әлем субъектінің болмысы үшін өмір сүреді. Сыртқы әлем тұлғаның ішкі әлемінің көрінісі, сезінуі ретінде анықталады. Объективті ілімді жоққа шығарады, мектептегі бағдарлама мен оқулықтарға қарсы шығыды.
Неотомизм
Неігізін салушы Фома Аквинский, Ж.Маритен, У.Канингхем,
М. Адлер,
М.Казотти т.б.
Сана - бұл құрал. Ғылыми білім туралы қарастырады. Әлем: рухани және материалдық деп бөлінеді. Әлемнің мәнін ашуға ғылымның күші жетпейді, оны құдай анықтайды. Жоғары ақиқатақа тек жоғары санамен жетуге болады, яғни құдайды тану арқылы әлемді танимыз. Ұрпақ тәрбиесіндегі діннің маңызы жоғары қояды. Мектептегі рационалдылықты сынға алады.
Прагматизм
ХІХ - ХХ ғасыр аралығындағы пайда болған философиялық ағым Дж.Дьюи,
Т.Брамельд, А.Маслоу,Э.Келли және т.б.
Гректің прагма сөзінен шыққан - тәжірибе, іс дегенді білдіреді.ақиқатты тану адамның жеке тәжірибесміне байланысты, объективті ғылыми білімді жоққа шығарады. Бала ата - анасынан берілетін нышандарының негізінде қабілеті, бейімділігі қалыптасады. Ол өзінің жинақтаған өмірлік тәжірибесі арқылы дамиды.
Позитивизм
ХІХ-ХХ ғасырдың тоғысында пайда боды. Ірі жаратылыстанушы ғалымдар
Жаратылыстану ғылымының нәтижелерін философиялық мәнде түсіндіріп, жаратылыстану ғылымын, әдістерін абсолюттендірді. Олар сандық әдістер бойынша зерттеу жүргізуді ұсынды.
Диалектикалық материализм
ХІХ ғ. 40- жылдары дүниеге келген, өкілдері - К. Маркс,
Ф. Энгельс
Диалектика - ойлаудың және қоғамның, табиғаттың дамуының неғұрлым жалпы заңдылықтары туралы ғылым.
Диалектикалық - материалистік педагогика - тұлға қоғамдық қарым - қатынастырдың субъектісі, әрі объектісі деген тұжырымдамаға тіреледі. Тұлғаның дамуына - орта, тұқымқуалаушылық және тәрбие әсере етеді. Тұлға іс - әректте қалыптасады.
Неопозитивизм
Дж. Конант және т.б.
ХХ ғ. 60 -70 жж. бұл ағымның өкілдері жаратылыстану - математикалық білім мазмұнының қайта қарастыруды көздеген. Олар білімнің мазмұны негізгі емес, керсінше таным әдістерін дәріптейді.

Философиялық білімдердің даму сатыларының әдіснамасының орынды негіздері уақыт өте келе қортындыланып, шығармашылықпен қайта құрылып, бұл күндері жалпы сипатқа ие болып отырған және ғылыми білімнің зерттелетін саласына қатысты нақтыланатын диалектикалық-материалистік әдіснаманы ұйымдастыратын бастауына айналып отыр.
Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты ғылыми деңгейде жүргізілген зерттеулерге сүйенеді. Кейде әдіснаманың философиялық және нақты ғылыми деңгейлері теңдестіріледі, ал олардың шынайы мүмкіндіктері мен шектерін ғылыми зерттеулердің әдіснамалық негізі болып табылатын материалистік диалектика ғана анықтай алады.
Әдіснамалық тұжырымдар ғылымның философиялық негіздері мен педагогикалық ғылымның зерттелетін саласының жетістіктеріне байланысты ажыратылады. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымының қалыптасуына бұған дейін қалыптасқан және басқа да психологиялық-педагогикалық тұжырымдар әсер етеді. Жаңа әдіснамалық тұжырым оған дейінгі пайда болған әдістемелік концепциялар желісінде пайда болып, дамиды, ол нені іздеу керек және қалай іздеу керектігін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, олар зерттеушіні тежеп, оның еркін ойлауына кедергі жасауы да мүмкін.

Ғылыми- педагогикалық зерттеу әдістері

Педагогика ғылымында педагогикалық зерттеу әдістерінің жүйесінің көлемі кең. Таным процесінде белгілі бір, нақты ғылымдарды зерттеудің жекелеген, арнайы әдістері бар. Нақты ғылымдардың әдістерімен қатар жалпы ғылыми сипаттағы әдістер де кездеседі, олар барлық дерлік ғылымдарда қолданылады: байқап-бақылау, теңеу, анализ және синтез, эксперимент, абстрактіден нақтыға қарай өрлеу, индукция мен дедукция; бұлардың әрқайсысы жеке ғылымдарда нақтылана түседі. Сонымен қатар, ғылыми әдістер ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық әдістері болып екіге бөлінеді.
Зертеу әдісі дегеніміз күрделі таным тәртіптері, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдердің жиынтығынан тұрады. Зерттеу әдістері педогогикалық ғылым дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Педогогикалық ғылым мен тұтас педогогикалық білімнің дамуы педогогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпараттарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педогогикалық зерттеу белгілі бір ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол-жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттары мен құбылысытарының мәнін ашуға бағыталған жан-жақты танымдық іс-әрекеттің бір түрі.
Педогогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар:
- Бақылау;
- Интервью;
- педагогикалық эксперимент;
- Сұрақ - жауап әдістері: әңгіме - сұхбат, сауалнама,
- Мұғалімдердің, жаңашыл-педагогтардың тәжірибесін зерттеу
- Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу;
- Педогогикалық құжаттарды зерттеу
Бақылау заттар мен құбылыстарды мақсатты байқау, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылауды жүзеге асыру үшін зерттеу объектісі, бақылап-зерттеу шарттары, сондай-ақ бақылап-зерттеу құралдары - видеоаспаптар, аспан-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары анықталыну керек.
Бақылаушының бастапқы мақсаты нені бақылау керек және қандай құбылыстарға көңіл бөлу керектігін анықтайды. Түйсік, сезім арқылы қабылдау мен түсініктерден басқа бақылап-зерттеуде зерттеушінің ұтымды жақтары да қатысады. Зерттеу барысында бақылап-зерттеу түрлерінің әр алуан жіктемесі ажыратуға болады:
тікелей бақылау - мұғалім-зерттеуші оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұра бейтарап адам; мұғалім зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілер тобына кіргізілуі. Оның рөліне байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады;
жанама бақылау - ол тікелей бақылап-зерттеуді толықтырады және ол зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады. Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады;
жасырын немесе елеусіз бақылау - тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі. Сабақты жасырын бақылап зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен ара қатынасы туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Жасырын бақылап-зерттеу зерттеушіге құнды мәліметтер береді, егер оқушылар өздерін бақылап отырғанын көрсе өздерін басқаша ұстайды. Оқушылар мен мұғалімдердің бір бірімен оңаша кезіндегі мінез-құлқы оларды бөтен біреулер бақылап отырған кездегі мінез-құлқынан әлдеқайда өзгеше болады;
үздіксіз бақылау оқыту процесін, екі-үш оқушыны сабақтағы, ойындағы, сыныптан тыс, мектептен тыс-оқу-тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттағы мінез-құлқын зерттеу үшін қолданылады;
дискретті (үзік-үзік) бақылау - объектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады. Бақылып-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін - жарты жыл немесе бір жыл. Бақылап-зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады;
монографиялық бақылау - бір адамды немесе бір затты бақылау кезінде қолданылады;
бір бағытты бақылау - жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады;
бақылау - көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады. Мұндай бақылап-зерттеу үшін біршама уақыт пен зерттеушінің аналитикалық жұмыс жасауы қажет.
Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық деңгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстардың өту барысының нақты тіркелген жағдайларын зерттеуге бағытталған. Эксперимент ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Оның мақсаты ғылыми теория немесе болжамды растау немесе жоққа шығару, сондай-ақ эмпирикалық заңдылықтардың мәніне жету мен қалыптастыру.
Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар: қалыпты, оқыту мен тәрбиенің күнделікті жағдайларында жүзеге асады; лабороториялық - оқушылардың белгілі бір топтарын бөлу арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, эксперименттің белгілеп-анықтайтын түрі бар, ол зерттеу объектісінің педогогикалық жүйесінің бастапқы күйін белгілеп, көрсетеді; қалыптастырушы түрі - зерттеу объектісін қайта құруға бағытталған.
Эксперимент жаңа зерттеу материалына қол жеткізуге бағытталған. Ол тәжірибе арқылы теориялық болжамдарды тексеріп, болжамдарды растауы немесе жоққа шығаруы мүмкін. Эксперименттік жұмыстың жоспары, мақсаты болуы қажет, эксперимент түрі таңдалып, оның мүмкін нәтижелері де ойластырылуы қажет.
Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің объективті қасиеттерімен қоса, өзара байланысты субъект - субъект жүйесінің қасиеттері танытып, есепке алуға мүмкіндік жасайды.
Сұрақ-жауап әдісінің мынандай түрлері бар:
а) Интервью. Бұл ұйымдастырылу мен мазмұны жағынан еркін диалог, әңгімелесушілер арасында бейресми және еркін қатынастар орын алады. Интервью алдын-ала дайындалуы мүмкін, зерттеуші оның жоспарын құрып, өзіне қажет мәселелерді бөліп алады, әңгіме-сұқбатты тіркейтін құралдарды дайындайды (бейне таспа, аудио таспа, стенография), бұлар көбінесе әңгімелесушіні ашық әңгімеге тартуға кедергі жасауы мүмкін. Зерттеушінің кәсіби білімі және үлкен сыпайылық сезімі болуы қажет, сол арқылы ғана ол әңгімелесушіні ашық әңгімеге тарта алады.
Интервью әңгімелесушілердің әртүрлі шеңберлерінде жүргізіледі (мектеп директоры, оның орынбасарлары, ата-аналар, оқушылар, білім-берудің әртүрлі деңгейдегі басшылары). Олардың білім беру саласының жағдайы мен ондағы өзгерістерге кәсіби баға беруі басқа әдістер арқылы алынған ақпараттарға маңызды қосымша болып табылады.
ә) Сұқбат-әңгіме -сұқбаттың бір түрі. Әңгіме-сұқбаттың бұл түрі зерттеу объектісінің өз іс-әрекеті туралы өзінің түсінігінің динамикасын белгілеуге көмектеседі, ол өзіндік пікірмен қоса психологиялық-педагогикалық анализдің тақырыбы болып табылады. Сұрақ-жауаптың бұндай түрінде зерттеушінің сұрақ-жауап мәтінінде белгіленген іс-әрекет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәжірибиелі эксперимент жұмыстары оларды ұйымдастыру және жүргізу
Педагогиканың шығуы және дамуы
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері жайлы мәлімет
Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері жайлы ақпарат
Педагогика әдіснамасы жөнінде түсінік беру
Педагогика ғылымының әдістері
Педагогикалык зерттеудердің әдіснамасы
Пәндер