ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ТІЗБЕСІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:   
ШҰБАРСУ - 2018
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ТІЗБЕСІ:
1. А Ә Б В
2. А,В,С
3. Айдаһар
4. Айқын мақсат қоя отырып
5. Айна
6. Айналмалы бекеттер
7. Аквариум әдісі
8. Ақындар мен жазушылар
9. Алдын-ала берілген атаулар
10. Алма, шие, өрік, банан
11. Алфавит
12. Ара ұясы техникасы
13. Арқаға жазылған комплименттер
14. Арқаға массаж жасау
15. Арқаға сурет салу
16. Ассоциативті қатар
17. Ассоциацияның көмегімен көрініс
18. Атаулар (терминдер) кестесі
19. Атаулар туралы үш сұрақ
20. Атмосфера орнату
21. Атомдар мен молекулалар
22. Ашық және Жабық сұрақтар
23. Аяқталмаған сөйлем тәсілі
24. Әдебиет лотосы
25. Әдемі ойлай және демала біл жаттығуы
26. Әйнек арқылы сөйлесу
27. Ән шырқау
28. Әңгімелесетін әріптестер
29. Әріптер мен сандар
30. Әуенді өрімдер
31. Бағдаршам
32. Балалар философиясы
33. Балық, құс, аң
34. Барлық оқушылармен жұмыс
35. Бас бармақ
36. Батискаф
37. Баяндама
38. БББ
39. Бес саусақ әдісі
40. Биографиялық поэма (Биопоэма)
41. Блиц кездесу
42. Блок ортасында бағалау
43. БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ
44. Блум түймедағы
45. Боди-арт
46. Борт журналы
47. Бөлмедегі заттар
48. Броундық қозғалыс
49. Бұл кім?
50. Бұлт үстіндегі саяхат
51. Былғары қолғап
52. Біз де
53. Білетініңіздің барлығы
54. Білімдарлар
55. Бір ауыз сөз
56. Бірге ойлаймыз
57. Бір қадам алға...
58. Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру
59. Бірлік
60. Бір сөйлеммен түйіндеу
61. Венн диаграммасы
62. ВЕЕР
63. Графикалық органайзерлер
64. Гүлдер
65. Ғажайып көрме
66. Даналық ағашы
67. Данышпан үкілер
68. Дарабоз
69. DEAL
70. ДЖИГСО
71. Диаманта
72. Дизайн
73. Динамикалық шеңбер
74. Домино
75. Домино - 2
76. Достармен кездесу уақыты
77. Дұрыс емес пікір
78. Егер ..., онда не болар еді?
79. Екі жұлдыз, бір тілек
80. Екі түрлі түсініктеме күнделігі
81. Екі қолды жұмысқа жұмылдыру
82. Екі лагерь
83. Елестету көрінісі
84. Ең зейінді
85. Еркін жазу
86. Еркін пікір
87. Еркін талқылау
88. Ертегі құрастыру
89. Есімдер арқылы топқа бөлу
90. Жағымды тілектер алқасы
91. Жақсарту жөніндегі нұсқаулық
92. Жақсылық тамшысы
93. Жақсы сұрақ деп нені айтады?
94. Жаңалық ашамыз
95. Жауап беретін әріптес
96. Жәшіктегі кітаптар
97. Жеміс себеті
98. Жетістік баспалдағы
99. Жұмбақ зат
100. Жұппен жұмыс
101. Жұптасып сурет салу
102. Жүз теңге
103. Жылдам фото
104. Жыл мезгілдері
105. Иә, жоқ
106. Иә, жоқ - 2
107. Идея туралы пікір
108. Инсерт
109. Иық тірескен шеңбер
110. Калейдоскоп
111. Карусель
112. Кезбе тілші
113. Кейіпкерлер әлемі
114. Кейіпкер
115. Кейіпкерлерге мінездеме
116. Кемпірқосақ
117. Кесте толтыру
118. Кері байланыс бутерброды
119. Кері ой қозғау
120. Кластерлер
121. Комплименттердің бұрқасыны
122. Конверт - сұрақ
123. Константинополь
124. Концептуалдық кесте
125. Көк диван
126. Көңіл күй букеті
127. Көңіл-күйді анықтау
128. Көрсет және әңгімеле
129. Көршіңе әңгімелеп бер
130. Көршіңмен талқыла!
131. Көршіңізге айтыңыз
132. Кубизм
133. Күн! Тас! Қоршау!
134. Күту уақыты
135. Күтіңіз және түйіндеңіз
136. Қағаздағы сұрақтар
137. Қазымыр оқушы
138. Қайтадан құрастыру
139. Қане, қайтала!
140. Қарама-қарсы бағалауға негізделген диалог
141. Қарама-қарсы саптар
142. Қар көшкіні
143. Қар үйіндісі
144. Қателескен мұғалім
145. Қатені тап
146. Қашықтықтан басқару
147. Қолыңды төмен ұста
148. Қорқынышты-керемет сурет
149. Қос шеңбердегі комплименттер
150. Қос шеңбер ішінде танысу
151. Қорқыныштан арылу
152. Құндылықтар спектрі
153. Құпия
154. Құпиясы жоқ қабырға
155. Құрастыр және жауап бер
156. Құрастыр, сосын жауап бер
157. Құсты құтқар
158. Қызығушылықты ояту
159. Қызыл табан
160. Қысқа аутотренинг
161. Мағынаны тану
162. Мағынасы қандай?
163. Мадақтау
164. Мамандық таңдау
165. Мәтінмен жұмыс
166. Мен кіммін?
167. Мен ешқашан...
168. Мені түсін
169. Менің тұлғамның формуласы
170. Миға шабуыл
171. Минуттық шешім
172. Мозаика
173. Молекулалар
174. Мотивация
175. Мүмкін
176. Мынандай адамды табыңыз...
177. Нақтылық - талант
178. Не жақсы?
179. Неліктен бұл үздік?
180. Нұсқауды орындау
181. Ой жалғау
182. Ой күмбезі
183. Ой қозғау
184. Ойлан, бірік, бөліс!
185. Ойлан, Жұптас, Пікірлес
186. Ойланып сурет саламыз!
187. Ойлаудың алты қалпағы
188. Ой-толғаныс
189. Оқиғаны басқаларға жеткіз
190. Оқуды реттеу
191. Оқу күнделігі
192. Оқушылардың бағалауы
193. Оқушылар сұрақ қояды
194. Оқушылар сұрақ құрастырады
195. Он сұрақ
196. Ортақ портрет
197. Орынсыз жауаптар
198. Өзгертулерді тап!
199. Өзін-өзі бағалау
200. Өзін таныстыру
201. Өз таңбаңды (герб) жаса
202. Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!
203. Өзі туралы кластер
204. Өзін-өзі таныстыру
205. Өкіл
206. Өмір ұраны
207. Пазлдар
208. Пальма, піл, қолтырауын
209. Парасатты диалог
210. Паровоз
211. Плюс, минус, қызықты
212. Пойыз
213. ПОПС формуласы
214. Портрет
215. Прогресс білдіру
216. Психологиялық бой
217. Пікірлер базары
218. Радиоға қоңырау шалу
219. Рөлдік ойындар
220. Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір
221. Сатушы және қалпақ
222. Сәлеметсің бе!
223. Сендер суретшісіңдер
224. Серпілген сауал
225. Сингвейн
226. Синектика
227. Смайликтер
228. SMART (ақылды мақсат)
229. SMS - хабарлама
230. Соңғы сөзді мен айтайын
231. Соқыр паровоз
232. Социометрия
233. Сөзден - сөйлем, сөйлемнен - мәтін
234. Сөздерден әңгіме құрастыру
235. Сөз ойыны
236. Сөйлеу арқылы ойлану
237. Стикер
238. Стикерлермен диалог
239. Стоп кадр
240. Сурет сал
241. Сұрақ - жауапқа құрылған хат
242. Сұрақ-жауаппен қатынас
243. Сұрақтар шеңбері
244. Сұрақты төңкеріңіз
245. Сұрақты ұстап ал!
246. Сүйікті адамыңызға тілегенді - өзгелерге тіле!
247. Сыныптағы заттар
248. Сіз кімсіз?
249. Табыс ағашы
250. Табыстылық ассоциясы
251. Табыс баспалдағы
252. Тазалық кері байланысы
253. Таңғалдыру сәттері
254. Тақырыптық теннис
255. Тапқыштар
256. ТВ шоу
257. Телебағдарлама жүргізушісі
258. Телетайп
259. Терминдер конверті
260. Топтық кері байланыс
261. Төрт сөйлем
262. Тұлғаны танып біл
263. Түзетулер
264. Түйінді сәттер
265. Түсініксіз тармақ
266. Түсініктеме арқылы бағалау
267. Түсініктемелермен жұмыс
268. Тыңдайтын үшбұрыштар
269. Тірек мәтін
270. Уақыт шеңбері
271. Ұйқасын тап!
272. Үлдірленген критерийлер
273. Үндеме!
274. Үш жақты күнделік толтыру
275. Үш пікір
276. 3+2+1
277. Фишбоун немесе Балық қаңқасы
278. Хат жазысу
279. X және Y
280. Чемодандар
281. Шаршыдағы қоңыз
282. Шаршылар
283. Шаттанушы мен күдікшіл
284. Шатасқан әңгімеші
285. Шеңбердегі доп
286. Шиыршық
287. Ыстық орындық
288. Эмоционалдық көңіл-күйді анықтайтын тест
289. Эстафета
Қосымша бонус

ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН

А Ә Б В
Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз, оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетуі керек. Олардан қалғандарының карточка-жауаптарына қарамауын өтініңіз.
1-қадам. А сұхбаттайды Б тыңдайды, В сұхбаттайды Г тыңдайды;. 2-қадам керісінше. 3-қадам әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топта бөліседі.
А,В,С

А - сұрақ қояды.
В - жауап береді.
С - айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.
Оқушылар топта үшеуден отырады. А -- сұрақ қоюшы, В - жауап беруші, С -- бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.
Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс, тілектерін айтады.

Айдаһар
Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің белінен ұстатып тұрғызады. 1-оқушы айдаһардың басы, соңындағы оқушы құйрығы. Басы құйрықты ұстап алу керек.
Айқын мақсат қоя отырып
- Сабақ басталар алдында тақтаға мақсатты жазыңыз.
oo - Оқушылармен өздері оқып жатқандарын неліктен оқитыны туралы әңгімелесіңіз.
oo - Қысқа мерзімді мақсаттарды ұзақ мерзімді мақсаттармен сәйкестендіріңіз (мысалы, М.Әуезовтің жұмысына талдау жүргізу өзге де ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізумен қатар, мәдени жақтарын кеңінен түсінуге және талдау дағдыларын дамытуға әкеледі).
oo - Оқушылар сабақтыңблоктыңпәннің мақсаттарын айқын түсінгеніне көз жеткізіңіз.
oo - Мақсаттарды оқушылармен бірлесіп әзірлеңіз.
oo
Айна
Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.
oo
oo Айналмалы бекеттер
oo Әр шағын топты бекетте орналастырып, арандататын сұрақты талқылауға және ойларын қағазға немесе тақтаға жазуға 10 минут беріңіз. Уақыт аяқталғанда топ басқа бекетке ауысып алдағы топтың жұмысын жалғастырады. Ауысу әр 10 минут сайын болып тұрады, әр топ барлық позицияларда болып шыққанға және барлық топтардың ойларын ойлап шыққанға дейін жалғаса береді.
oo
oo Аквариум әдісі
oo Аквариум әдісі - балаларға мәселені қоғам алдында талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогті жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен рөлін атқарады. Сондықтан да мұны аквариум деп атайды.
oo Барлық сынып алда өз пікірін білдіргені болмаса, ыстық орындық сияқты. Олар алтын балыққа арналған аквариумда, басқалары оларға сұрақ қойып түсініктемелер сұрай алады және т.б.
oo
oo Ақындар мен жазушылар
oo Топтағы оқушылар 3-4 минут аралығында өздері білетін ақын-жазушыларын жазып шығады да, кезектесіп оқиды. Бір топта бірінші айтылған тұлға өздерінде қайталанса, сызып тастап отырады. Қай топтың тізімінде тұлғалар тектері көп қалса, солар жеңімпаз.
Алдын-ала берілген атаулар
Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша (соңғысы тиімдірек) орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады.
Бұл тапсырманы күрлендіруге де болады. Ол үшін алдын-ала берілген атаулардың ішіне сабақ тақырыбына қатысы жоқ бейтарап сөзді қосуға болады. Мәселен, биология сабағында Фотосинтез, жасуша, хлорофилл, терезе сөздерін келтіруге болады. Бұл жерде соңғы сөз оқшаулау және сабақ тақырыбына тікелей қатысы жоқ, сонда да оқушылар олардың өзара қатысы мен байланысы туралы өз ойларын келтіруі керек.
oo
oo Алма, шие, өрік, банан
oo Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады. Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады: Алма, шие, өрік, банан деп. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, Шие! деп, не Алма,өрік! деп, немесе Алма, шие, өрік, банан! деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын алмастыру қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды.
oo
Алфавит
Оқушылар әрқайсысы алфавиттің бір-бір әрпін алып, жыл көлемінде оқыған материалдарынан өздеріне түскен әріпке сәйкес тақырыптарды айтып шығады. Мысалы, Қаратпа сөз, қыстырма сөз, қосарлы айқындауыш, қарсылықты салалас, қарсылықты сабақтас т.с.с.
Қорытынды сабақтарда, емтиханға дайындықта, есте сақтауын дамытуда көмекке келеді.
oo Ара ұясы техникасы
Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауын тапсырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты мұғалім немесе басқа оқушылар береді. Сонымен берілген осы техника негізінде мұғалімнің берген мәліметтері қорытындыланылады, өңделеді.
Арқаға жазылған комплименттер
Әр оқушының арқасына түйрегішпен (немесе скотчпен) А-4 форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бір-бірінің арқаларындағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір-біріне жазылған комплименттерді оқып береді.
Арқаға массаж жасау
Оқушылар шеңбер құрып тұрады да, мұғалімнің айтуы бойынша оңға бұрылып, ілгері қарай жүреді. Әр оқушы алдында тұрған жолдасының арқасына массаж жасауы керек. Бір минуттан кейін шеңбер теріс айналып, қайтадан алдында тұрған сыныптастарына массаж жасайды.

Арқаға сурет салу
Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш,автомашина т.б). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған затты салады.
Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады.
Ассоциативті қатар
Мұғалім тақтаға бір сөз немесе сабақтың тақырыбын жазады. Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: ертегі, Қобыланды батыр, кейіпкерлері, жыр, оқу, Тайбурыл ...
Мұғалім парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындылайды. Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін логикалық-құрылымды сызба немесе ойларына сәйкес тақырыптың қорытынды бейнесі анықталады (оқушының өз тәжірибесі). Мұндай жұмыстар оқушылар мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субъекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.
Ассоциацияның көмегімен көрініс
Қатысушылар өздерінің есімдерімен қоса бір затты (пикникке алып шығатын немесе қызығушылығына байланысты) ұйқастырып айту керек. Мысалы: Есімім - Жантас, ұнататын сусыным - квас; Есімім - Жанар, ұнататын жемісім - анар т.с.с.
Сабақта өтілген ұғымдарды өз есімдерімен байланыстырып айтуларына болады.

Атаулар (терминдер) кестесі

Сабақ басында тақтаға тақырып бойынша 3 негізгі атауларды (терминдерді) жазып,оқушыларға оларды мынандай кестеге түрлендіруді ұсынамыз:
№1 атау
№2 атау
№3 атау
Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері
Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері
Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері

Оқушылар бұл тапсырманы алдымен жекелей (2-4 минут) орындап, одан кейін кестелерін топ (немесе жұп) ішінде оқып, талқылап, толықтырады (3-6 минут). Сыныптық талқылау барысында (4-6 минут) мұғалім оқушылардың өз кестелерін жариялауды ұсынады немесе тақтада келтірілген кестені оқушылардың жауаптары бойынша толтырылады.
Сабақ соңында бұл кестеге қайта оралып, келтірілген мәліметтердің дұрысбұрыстығы анықталады.

Атаулар туралы үш сұрақ

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға жазбаша жауап беруді тапсырады:
1. Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?
2. Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?
3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?
Әдеттегідей бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен (шағын топ ішінде) ауызша немесе жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының пікірін тыңдайды.
Мұғалімнің сұрақтарды шығармашылық тұрғысынан әр сабақта тақырыпқа байланысты өзгертіп отыруы тиімді.

Атмосфера орнату
Абстрактылы ойлау дағдыларын қолдануды талап ететін ауқымды ашық сұрақ немесе проблеманы шешуге арналған тапсырманы қолдана отырып, сабақта атмосфера орнатыңыз. Пысықтау үшін жауаптарын күтіңіз. Мысалы, Вьетнам соғысына арналған сабақ мынадай сұрақтан басталуы мүмкін: Американдықтар өздерін соғысып жатырмыз немесе соғысты жеңіп жатырмыз деп санай ма екен?

Атомдар мен молекулалар

Молекулалар атомдардың жиынтығы екендігі баршаға да мәлім. Оқушылар сыныптың бос жеріне жиналады. Ойынды жүргізуші Атомдар! деп дауыстағанда, олар бір-бірімен араласып, әрілі-берілі жүруі керек, өйткені олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іспетті. Ал, жүргізуші Молекулар! деп айтып, бір санды атаса (мәселен, үш немесе төрт, бес, алты) оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігуі керек. Қалыс қалған оқушылар (топ құрамын аталған саннан кем құрғандар) айып ретінде бір тапсырма орындайды: өлең оқиды, ән айтады т.с.с.
Ойынның нәтижесінде құралған топтар сол құрамда парталарға да отыруына болады: олар сабақты осы құрамда жалғастырады.
Ашық және Жабық сұрақтар
Жабық сұрақтар пайдалы болуы мүмкін, алайда олар абстрактілі ойлау, талқылау дағдыларын қолдануға септігін тигізбейді және аса түсінікті болмайды. Ашық сұрақтар керісінше әсер етеді, сол арқылы оқу үдерісін жақсартады. Мысалы, Сіз өткен кеште бір жаққа шықтыңыз ба? Сіз кеше мектептен кейін не істедіңіз? 

Жұмыс үлгісі: Оқушыларға белгілі бір тапсырма берер алдында олардың сұрақтарды анағұрлым анық түсініп, бағалау критерийлерін қанағаттандыру үшін не істеу қажеттігін түсіну үшін мысалдар келтіріңіз. Оқушылар бағалау критерийлерін қолдана отырып, жұмыс үлгісіне баға қоя алады. Бұл не талап етілетінін және бұл үдеріспен қалай байланыста болатынын түсінуді модельдеуге көмектеседі.

Аяқталмаған сөйлем тәсілі

Мұғалімге жеделхат тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.
Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:
бүгінгі сабақта мен ... түсіндім, ...білдім, ... көзімді жеткіздім.
бүгін сабақта қуантқаны ... .
мен өзімді ... .үшін мақтар едім.
маған ерекше ұнағаны ... .
сабақтан соң маған ... ... келді.
бүгін маған ... ... ..сәті түсті.
қызықты болғаны ... .
... ..қиындық тудырды.
менің түсінгенім ... .
енді мен ... ..аламын.
Әдебиет лотосы

Мақсаты: оқыған әдеби шығармалар кейіпкерлері туралы кестені толтыру. Белгілі бір уақыт ішінде кесте толтырылуы керек. Хрестоматиядан оқыған шығармаларды да пайдалануға болады.

Шығарма атауы
Авторы
Кейіпкері
Қандай?
Қандай жағымды қасиеттері мен қылықтары ұнайды?
Кейіпкерге ұқсағың келе ме, жоқ па? Себебін түсіндір.

Әдемі ойлай және демала біл жаттығуы

- Жүргізуші: Толқыған кезде, асықпай дем алуға үйрен. Түзу отыр, қолдарыңды тізелеріңе салып, көздеріңді жұмыңдар, терең дем алыңдар:
- Ойша: Мен арыстанмын,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: Мен құспын,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: Мен гүлмін,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: Мен сабырлымын,- деп деміңді шығар. Сен сабырлысың, сенің қолыңнан бәрі келеді.
Әйнек арқылы сөйлесу
Топ жұпқа бөлінеді. Бірінші адамға сөздің көмегінсіз екіншісін киноға шақыру тапсырылады. Басқа жұптарға басқа тапсырма беріледі. Барлығы араларында дыбыс естілмейтіндей әйнек бар секілді сөйлесу керек.
Ән шырқау
Оқушы топтарына ел арасында көп тараған, кеңінен таныс әндердің бір шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оқушылардың әр тобы тез арада дайындалып, кезекпен карточкаларда келтірілген әндерді бірлесе орындауы керек.
Оқушыларға Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғиса Тілендиев секілді танымал композиторладың әндерін ұсынған орынды ( Арыс жағасында, Ақ бантик, Армандастар, Атамекен, Өз елім т.б.).

Әңгімелесетін әріптестер
Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:
oo жаңа оқылған 3 факті туралы;
oo оларға жеңіл болып көрінгендер туралы
oo оларға қиын болып көрінгендер туралы
oo алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.
Әріптер мен сандар
Қатысушыларға мұғалім қалаған әріп не сан айтады. Қай топ 10 санағанша, әртүрлі тәсілмен бірінші құрастырып болса, солар жеңімпаз. Сергіту кезінде немесе жағымды ахуал туғызу сәтінде қолдануға болады.
Әуенді өрімдер
Саз өнері - қазақ халқының ерекше мән беріп дәріптейтін құнды қазынасы, ұлттың тілі мен ділінің айнасы. Ештеңеге қызықпайтын бала ән мен күй тыңдауға елітіп, елеңдері, қосыла айтуға құмартуы сөзсіз. Олай болса, сөзді сазды иіріммен айту, бір-бірмен әуендете өру - тамаша көмек көзі. Бірақ шәкірттеріміздің көптің алдына шыға алмайтын ұяңдығы, әнді нақышына келтіріп орындай алмаймын деп тартынатыны да ақиқат. Сонымен қатар біз тілінің мүкісі бар немесе ойын жеткізе алмайтын, үндемегенді жөн көріп, тартынып отыратын баланың әнді тебірене орындайтын сәттерін де сан рет байқадық. Әр сөздің мағынасын әуен арқылы тербей, жүрегімен сезінген шәкіртімізді басқа қырынан танып, тәнті боламыз. Үзілісте бала жанына шымырлай еніп жататын халық әндері мен күйлері, халық композиторларының шығармалары, қазіргі таңдаулы қазақы туындылары үнтаспада ойналып, бала жанына бұлақтай мөлдіреп құйылып жатса, нұр үстіне нұр!
Жалпы сабақтардың, үзілістің музыкамен тығыз байланыста болуы баланың ашылуына әдемі мүмкіндік деп білеміз.
Бағдаршам
Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:
Жасыл түс - сабақтан жаңа идеялар байқадым.
Сары түс - жаңа сабаққа көңілім толды.
Қызыл түс - бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.
Немесе:

Балалар философиясы
Тақырыппен таныстырып, үдерісті түсіндіріңіз. Оқушыларға ынталандыру материалдарын толығымен қарауға бірнеше минут беру керек. Оқушылар шеңберге оралғанда, жауап беруі тиіс тақырыпқапәнге қатысты сұрақтарды ойластыру үшін, оларға бір-екі минут беріледі. Осылайша дауыс беру және сұрақтарды талқылау анықталады. Мұғалім сұрақтарды дұрыс құра отырып, дамытатын сұрақтар қойып немесе әр оқушының қатысуын қамтамасыз ету үшін топпен бірге әрекет ете отырып, делдал ретінде қатысады.
Балық, құс, аң
Мақсаты: Жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана балық, құс, аң - деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде дауысын қаттырақ шығарып:
- Балық!(немесе аң, құс) - деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса, ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді.
Барлық оқушылармен жұмыс
Бұл жұмыс түрі бүкіл сынып оқушыларының бір мезгілде жұмысқа жұмылдырылуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың барлық сұрақтарына мұғалім жұмыстың алдында жауап беруі тиіс, бұл оқушыларды да, мұғалімді де алаңдатпайды.
Бас бармақ
Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.
Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.
Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.
Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.

Батискаф
(Су астын байқайтын құралдармен жабдықталған, өз бетімен қозғалу қасиеті бар терең су камерасы.)
Екі топ бір-біріне кезекпен сөздер жасырады. Топтың бір оқушысы қимылмен өз тобына жасырылған сөзді жеткізу керек.

Баяндама
Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл шпаргалканы оқушы оң жағындағы көршісіне береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша баяндама жасайды. Баяндама мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады.
БББ
Жаңа тақырып бастар алдында оқушылар үш бағаннан тұратын сурет салады - Олар нені біледі?
Олар нені білгісі келеді?
Олар нені білді?
Миға шабуыл өткізгеннен кейін оқушылар алғашқы екі бағанды толтырады және бөлімді оқып біте бастағанда, үшіншіге қайта оралады (немесе бөлімді оқу барысында толтыруы мүмкін).
Ұсыным: Қалайша оқып-үйренетін боламын? деген қосымша баған қосуға болады.
Бес саусақ әдісі

Бас бармақ - өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек - басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек - бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек - бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек - бүгін не үйрендім?

Биографиялық поэма (Биопоэма)
Тақтаға немесе әрбір оқушыға параққа жазылып, өзі туралы мынандай сауалдарға жауап беру тапсырылады:
1. Есімім (Өз есіміңізді келтіріңіз)
2. Мен қандаймын? (Өзіңізді сипаттайтын үш сын есім келтіріңіз).
3. Сүйікті іс-әрекеттерім (Қол боста айналысуды құмартатын үш әрекетіңіз, хобби)
4. Неден қорқамын, сескенемін? (Өмірдегі қорқыныш пен қауіптеріңіз)
5. Өмірлік қағидам (кредо) (Өмірде ұстанатын басты қағидаңыз, ұраныңыз)
6. Сүйікті ақын-жазушыларым (Қандай ақын-жазушыларды ұнатасыз?)
7. Сүйікті тағамдарым (Қандай тағамдарды ұнатасыз?)
8. Менің жетістіктерім (Отбасыңызда, оқуда, жұмыста қандай жетістіктеріңіз бар?)
9. Менің арманым (Бір арманыңызды атаңыз)
10. Тегім
Бұл тапсырманы орындауға оқушыларға 4-5 минуттай уақыт берілген соң, олар жазғандарын шағын топ ішінде немесе бүкіл сыныпқа (егерде оқушылар саны аз болып немесе уақыт жеткілікті болса) оқып береді. Биопоэмаларды оқығаннан кейін, оқушылардың бір-біріне сұрақтар қойып, таныстығын тереңдете түскені дұрыс.
Бұл тәсілді бастары жаңадан қосылған оқушылармен ғана қолданбай, бұрыннан бір-бірін білетін топ ішінде де қолдануға тиімді, өйткені көп жағдайда келтірілген сұрақтар оқушыларды бұрын ескерілмеген жаңа бір қырынан ашады.
Биопоэма сұрақтарын түрлендіріп әрі толықтырып жіберуге де болады. Мәселен, олардың қатарына П. Макдермот Мен қандай туыспын? деген сұрақты қосады, оқушылар мұнда өздерін туыс ретінде атайды (Мен әке-шешемнің ұлымынқызымын, немере, ағаәпке, ініқарындас не сіңлі, бауырмын деген секілді). Мұнымен қатар автор сүйікті заттарды, басынан кешкен сезімдерді, қол жеткізген табыстарды, көргісі келген немесе құмартатын нәрселерді (заттарды), туған жерін (немесе тұрғылықты жерін) атауды ұсынады.
Мұндай биопоэмада Сүйікті гүлдеріңізді (пәндер,түстер, спорт түрлері, машина не ұялы телефон түрлері, есімдер, мұғалімдер,спортшылар, актерлер, әншілер,т.б) атаңыз секілді тапсырма да беруге болады.

Блиц кездесу
Екі әріптес біреуі тақтаға, ал екіншісі қарама-қарсы жаққа қарап отырады. Бірінші қатысушыда келесі әріптесіне өтпей тұрып, төменде келтірілген негізгі сөзді(дерді) түсіндіру үшін бар-жоғы 30 секунды бар - мұғалім түсіндіру үшін негізгі сөзді мысал ретінде келтіреді.

Блок ортасында бағалау
Блоктың соңында бағалаған жағдайда, сізге оқушылар жолықтырған немесе жалпыға ортақ түсінбеушілік тудырған саладағы проблемаларды қарастыруға уақыт жетпей қалуы мүмкін. Бөлімді оқу барысында бағалауға уақыт беру (мысалы, 7 сабақтың бесінші сабағында) мәселені қарастыруға, ұғынуға және қайталауға мүмкіндік береді. Бұл, сонымен қатар, мұғалімге үдерісті дәлелдермен бекіте отырып, назарын түсінбеушілік туғызған салаларға аударуына мүмкіндік береді.
БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ теориясы бойынша жаңа сабақты өз бетімен меңгерту тапсырмалары
Теориясы:
БІЛУ мақсатына жету үшін Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді? т.с.с. сұрақтар тапсырмалар шартында болу керек. Сол арқылы оқушылар тақырып бойынша толық ақпаратты меңгереді.
Бос орындарға қажет сөздерді қойып, мысал келтір.
1. Ереже: Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатысқан сөйлемдерді толымды сөйлем дейміз. Мысалы, Ол шиті мылтықпен кешке киік атып әкелді.
2. Сөйлемдердегі жақшаның ішіндегі бос орынға қажетті сөзді қойып, басты ерекшелігі неде екенін ережесі арқылы түсіндір.
oo Балам, қайдан келдің? - Балам, (сен) қайдан келдің?
oo Астанадан. - (Мен) Астанадан (келдім).
Ереже: Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрін толымсыз сөйлем дейміз.
3. Ол әуелі келгенін байқамай қалды. Бұл сөйлемді толымдыға айналдыру үшін не істеу керек?
Толымсыз сөйлемдер екі түрлі жолмен жасалады:
oo Біріншісі: өзара желілес сөйлем тобында;
oo Екіншісі: сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмай қалуы, екі не бірнеше адамның сөйлесуі жағдайында жиі кездеседі.
4. Сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмай қалуы тағы қандай жағдайда кездесуі мүмкін? Жауабы: қажетті мүшенің айтылмауы, көбіне, оның алдыңғы сөйлемде айтылғандығына, оның не екені белгілі болып тұруына байланысты.
Теориясы:
Түсіну Неліктен? Не себепті? Не үшін? Неге? т.с.с. сұрақтар оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады. Сол арқылы ол тақырыпты тереңірек меңгереді.
Бос орындарға қажетті сөздерді қой.
1. Толымсыз сөйлемнің басты ерекшелігі түсіп қалған немесе қажет болған сөзді орнына қойғанда, ол толымды сөйлемге айналады.
2. Диалог жағдайында не себепті толымсыз сөйлемдер жиі кездеседі?
Диалог жағдайында толымсыз сөйлемнің жиі кездесетін себебі, яғни, сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмауы, көбінесе оның алдындағы сөйлемде айтылғандығына, жалпы,оның не туралы екені белгілі болып тұруына байланысты.
3. Толымды сөйлемнің қасиеті қандай?
Сөйлем толымды сөйлем болу үшін айтушыға керекті сөйлем мүшелері сөйлемге түгел қатысу керек.
Теориясы:
Талдау 1.Салыстыр 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4.Тақырыптың басты идеясын жаз сияқты тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады
Кестедегі толымды, толымсыз сөйлемдердің жасалу жолын салыстыр, ерекшелігін тап.
Сөйлем түрі
Ойға қатысты қанша сөйлем мүшелері қатысады?
Басты ерекшелігін ата
Жасалу жолын салыстыр
Толымды
Айтушыға керекті сөйлем мүшелерінің барлығы қатысады
Бастауыш пен баяндауыштан тұрса да, ой толық жеткізілуі мүмкін.
Қарапайым жай сөйлем
Толымсыз
Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалады
Түсіп қалған немесе қажет болған сөзді орнына қойғанда, толымды сөйлемге айналады.
Екі түрлі жасалу жолы бар:
а) өзара желілес сөйлемдер тобында;
б)диалог жағдайында

Теориясы:
Жинақтау Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш; т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек.
Жаңа тақырып бойынша өз ойыңмен анықтама беріп, қорытынды жаса. Жауаптарын сәйкестендір.
Үлгі:
Не жазығым бар?
Толымсыз сөйлем
Бұлаққа келе жатырмын.
Толымсыз сөйлем
Кеш болды.
Толымды сөйлем
Лепірген көңіліне шапшаң басқан аяғы ілесе алмайды.
Толымды сөлем

Практикасы:
Қолдану Оқулықпен жұмыс. Тек қарапайым тапсырмалар орындалады.
1. Кітаппен жұмыс. Мысалы, жаттығу. Берілген сөйлемдерден екі толымды, екі толымсыз сөйлемдерді тауып, жасалу жолына ауызша талдау жаса.
2. Осы жаттығудан бір толымсыз сөйлемнің жетпей тұрған мүшелерін тауып, толымды сөйлем етіп шығар.
- Біздің ауылдың баласы. Екі жас үлкен. - Сейіл біздің ауылдың баласы. Ол бізден екі жас үлкен.

Практикасы:
Баға беру Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген сөздер тапсырма шартында болу керек.
Бұл тапсырмалар оқушылардың жоғарыда алған білімін (теориясы бойынша) және бойында қалыптасқан біліктілігін (практикалық тапсырмалар арқылы) күнделікті өмірде қолдану.
Сен қалай ойлайсың, күнделікті өмірде толымды сөйлемді жиі қолданамыз ба, жоқ толымсыз сөйлемдерді жиі қолданамыз ба? Біз үшін қандай маңызы бар?
Бір шәкірттің ойы: Менің ойымша, біз толымсыз сөйлемдерді күнделікті өмірде жиі қолданамыз. Себебі, адамдар бір-бірімен сөз арқылы қарым-қатынас жасау барысында диалог арқылы сөйлеседі және диалог барысында сөйлемге қажетті мүшелерді толық айтып жатпайды. Өйткені, олар (адамның аты-жөні, белгілі бір мәселе жайы) алдыңғы сөйлемде айтылып кеткен, не екенін белгілі. Толымсыз сөйлемдердің маңызы қарым-қатынас жасаудағы қарапайымдылығында.

Кері байланыс - бағалау кезеңіндегі осы материалды меңгерту кезеңі
Теориясы:
БІЛУ мақсатына жету үшін Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді? т.с.с. сұрақтар тапсырмалар шартында болу керек. Сол арқылы оқушылар тақырып бойынша толық ақпаратты меңгереді.
1-деңгей
Толымды сөйлемдерде ой қалай жеткізіледі?
Толымды сөйлемде айтушыға керекті сөйлем мүшелері түгел қатысады, сондықтан ой толық жеткізіледі.
Толымсыз сөйлемдер қандай жағдайларда қолданылады?
Толымсыз сөйлемдер екі түрлі жолмен жасалады:
а) Өзара желілес сөйлем тобында. Мысалы, Қарлығаштар тағы келді. Тағы кетті. Қайта-қайта келе берді.
э) Диалог жағдайында (екі не бірнеше адамның сөйлесуінде) жиі кездеседі.
Яғни, ойға қажетті мүшенің айтылмауы оның алдыңғы сөйлемде айтылғандығында, жалпы, ойдың не туралы екені белгілі болып тұруына байланысты. Мысалы,
-Айару! - деді Қамқа әжесі, - анау сөмке сенікі ме?
Менікі.
Ауыр ма?
Жеңіл.

Практикасы:
ҚОЛДАНУ қарапайым үлгідегі тапсырмалары орындалады.
Мына сөйлемді толымды сөйлемге айналдыр, сөйлемдерді құрылысына қарай талдап, ерекшелігіне тоқтал.
Оңаша қоштасты. Абай Ділдәмен оңаша қоштасты.
Талдау үлгісі: қоштасты - етістіктен болған баяндауыш;
Абай - атау тұлғалы зат есім;
Ділдәмен - зат есімнен болған толықтауыш;
Оңаша - үстеуден болған пысықтауыш.

Теориясы:
ТҮСІНУ Неліктен? Себебі? He үшін? Неге? т.с.с. сұрақтар оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады. Сол арқылы ол тақырыпты тереңірек меңгереді.
Жай сөйлемдер неліктен толымды, толымсыз болып екіге бөлінеді?
Себебі:
а) Толымды сөйлемде ойды жеткізуде айтушыға керекті сөйлем мүшелері түгел қатысады. Мысалы: Ол кешке дейін барлық жұмысын түгел аяқтады.
ә) Толымсыз сөйлемде ойға қатысты сөйлем мүшелерінің бірі түсіп қалады. Мысалы: Шараны сайладьқ.
Диалогта неге толымсыз сөйлемдерді жиі қолданамыз?
Себебі: Екі не бірнеше адамның сөйлесуі кезінде ойға қатысты сөйлемдерді қайталап айта бермеу үшін, ол сөздердің алдыңғы сөйлемде айтылғандығына байланысты жиі қолданамыз.

Теориясы:
ТАЛДАУ 1. Салыстыр. 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4. Тақырыптың басты идеясын жаз сияқты тапсырмалар болу керек. Немесе, 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
Мысалы, жаттығудағы берілген мәтіннен бір шешендік сөзді алып, сөйлемдерін толымсыз сөйлемге айналдыр.
Үлгі: Үргеніш шешені:
Сөз анасы не?
Су анасы не?
- Жол анасы не? - деп сұрайды.
Сонда Сырым батыр:
Сөз анасы - құлақ,
Су анасы - бұлақ,
Жол анасы - тұяқ! - деп жауап береді.
Толымсыз сөйлем: Үргеніш шешені: Сөздің, судың, жолдың анасы не? - деп сұрайды.
Сырым батыр: Сөздікі - құлақ, судікі - бұлақ, жолдікі - тұяқ! - деп жауап береді.
Шешендік сөздің көркемдігіне нұқсан келе ме, жоқ па? Себебін айт.
Толымды сөйлемді толымсыз сөйлемге айналдырғанда, шешендік сөздің көркемдік нұсқасына нұқсан келеді. Ссбебі: ырғақ, ұйқас өзгереді.

Практикасы:
ҚОЛДАНУ Қарапайым тапсырмалардың өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады. Оқулықтағы жаттығуды орында (екі толымды, екі толымсыз сөйлемді теріп жаз. Толымды сөйлемде айтылмай қалған сөзді анықта)
Толымды сөйлемдер:
Бірақ атайтын кісі бұл жиыныңнан табылмайды дen тe айтпаймын.
Осының бірі лайық қой - деген қошеметші де бұл жиында жоқ емес.
Толымсыз сөйлемдер:
Сендер кімнің төбе би болатынын атамадыңдар ғой.
Асыл ағаң болыс та, би де боламын деп өктеген де емес.
Теориясы:
ЖИНАҚТАУ Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш, т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек. Сұрақтарға жауап беру арқылы бос торларды толтыр.
Үлгі:

1) ж
а
л
а
ң

2) ж
а
қ
с
ы
з

3) ж
а
қ
т
ы

4) т
о
л
ы
м
с
Ы
з

Тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлем қалай аталады?
Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрі.
Құрамында бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы тауып алуға болатын сөйлем.
Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлемнің түрі.
Практикасы:
БАҒА БЕРУ Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? сұрақтары қатыстырылған тапсырмалар болуы керек.
1. Төменде берілген сөйлемдердің құрылысы қалай жасалған?
Мен оны таныдым. Ағам! Атақты ағам! Аты осы атырапқа әйгілі ағам! Бейшара, бақытсыз ағам! Жүрегім аузыма тығылды. Көкірегіме өксік толды. Көзіме жас келді.
Бұл толымсыз сөйлемдер, оларды өзара желілес сөйлемдер тобына іріктеу арқылы жасалған.
2. Сен қалай ойлайсың? а) бұл толымсыз сөйлемдерді толымды сөйлемдерге айналдырсақ, автордың ойын көркемдеп жеткізу тәсіліне нұқсан келе ме? ә) егер нұқсан келсе, себебін түсіндір; б) мұндай баяндау әдебиеттің қай түрінде кездеседі?

Шәкірт пікірі: Менің ойымша: а) жоғарыда берілген толымсыз сөйлемдерді толымдыға айналдырсақ, автордың айтқысы келген ойына ңұқсан келеді; ә) себебі, ол сөйлемдердегі қажетті мүшелердің айтылмауы арқылы автордың жан тебіренісі байқалып тұр және кейінгі ойда алдыңғы ойдың желісі үзілмеген; б) мұндай баяндау көркем әдеби шығармаларды жиі кездеседі.

Блум түймедағы
Блум түймедағының алты күлтесі - сұрақтар типінің алты түрі.
1. Қарапайым сұрақтар. Оларға жауап бере отырып, болған жайттар туралы
әңгімелеп беруге болады. Дәстүрлі бақылау жұмыстарында, терминологиялық диктанттарда, т.б. қолданылады.
2. Анықтаушы сұрақ. Әдетте, Сонда сіз солай демекшісіз ғой ..?, Менің
түсінуімше, сіз ..., Менің қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше, сіз былай айтқан сияқты болдыңыз... деген сұрақтар болады. Бұл сұрақтар анықтау мақсатында жайдары көңілмен берілуі керек.
3. Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ. Неліктен жапырақтар күз мезгілінде сарғаяды? - деген сұрақтың жауабын оқушылар білетін болса, ол сұрақ жай сұраққа айналады.
4. Шығармашылық сұрақтар: егер, болса, қалай болар еді деген сияқты
сөздермен келеді.
5. Бағалау сұрақтары. Неліктен бұл жақсы, басқасы жаман деген баға
алды?, Бір нәрсе екінші нәрседен несімен ерекшеленеді? - деген сұрақтар бағалау критерийлерін түсіндіруге бағытталған.
6. Тәжірибелік сұрақтар. Күнделікті өмірде қай жерде байқайсыз?, Кейіпкердің орында болсаңыз, не істер едіңіз? - деген сипаттағы сұрақтар теория мен практиканы ұштастырады.

Сұрақтар түрі
Сұрақтар ерекшелігі, мысалдар
Олар не үшін қажет?
Қарапайым
Не?.., Қашан?.., Қайда?.., Қалай?.. сұраулы сөйлемдерден басталады
Белгілі бір ақпаратты, мәліметті еске түсіру, анықтау үшін
Нақтылайтын
Яғни сен...деп айтып тұрсың ғой?, Егер мен дұрыс түсінсем,...?, Мен қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше, сендер ... .деп айттыңдар?
Хабарламада айтылмаған, бірақ соған меңзеліп тұрған мәліметті алу үшін
Түсіндірмелі
Неліктен?.. сұрауынан басталады
Себеп-салдарлық байланыстарды орнату үшін
Шығармашылық
Егер де... шартты рай шылауының қатысуымен жасалады: Егер де...не болады?, Қалай ойлайсыңдар, егер де...қалай дамыр еді?
Болжам жасау үшін, мәселені жан-жақты қатыстыру үшін
Бағалаушы
Неліктен бір нәрсе жақсы, енді бір нәрсе жаман?, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаға тасталатын қалдықтарды басқару
Оқушылардың өз бетімен іздену дағдыларын қалыптастыру – білім сапасын арттырудың бір жолы
Еңбек тәртібі ұғымы және оны нығайтудың әдістері
Мобильді роботтың прототип моделін жасау
Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы
Колледжде дуальді оқыту жүйесін қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Паскаль тілінде сызықтық программалармен жұмыс
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқытудың бірыңғай технологиясын жүзеге асыруға даярлау
Жоғары сыныпта ағылшын тілін оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану
Контрабанданың түрлері
Пәндер