Дене мәдениеті мен спорттың қоғамдағы орны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Молдыбекова А. ДШҚқ221
Дене мәдениеті мен спорттың қоғамдағы орны.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің негізгі ұғымдары болып мыналар саналады: "дене мәдениеті", "дене тәрбиесі", "спорт". Бұлардың арасындағы өзара байланыстар мен айырмашылықтарды ұғу үшін мына кескіндемеге назар аударайық (1-сурет).

1-сурет.
Негізгі ұғымдардың арақатынасы

Суретте барынша жалпы ұғым "дене мәдениеті" болып табылады. Ал "дене тәрбиесі" оның үш педагогикалық бағыттағы қызмет аясының бөлімдеріне кіреді (жалпы дене дайындығы, кәсіптік қолданбалы дене дайындығы және спорттық дайындық). Спорт дене мәдениетінің бөлімі, ал педагогикалық, яғни спорттық дайындығы жағынан дене тәрбиесінің бір бөлігі ретінде көрінеді. "Дене мәдениеті" деген ұғым жалпы мәдениеттің жеке бір бөлігі. Тұжырымдап айтқанда дене мәдениеті жалпы халық мәдениетінің құрамдас бір бөлігі болып, қоғамның материалдық, рухани құндылығының жиынтығын құрап, ол адамдардың дене шынықтыру жүйесін жетілдіру үшін құрылып және оларға қызмет етуі тиіс.
Дене мәдениетінің қызмет ету жүйесі дене тәрбиесі деп аталады. Тәрбие дегеніміз адамдардың мәдени қызметінің аясы, оларға мәдениет жетістіктерін беру, игеру және жетілдіру түрлері болып саналады. Дене тәрбиесі адамның дене бұлшық еттерін жетілдірудің педагогикалық жүйесі. Қозғала білуді, дағдыларды, арнайы білімді, қимыл-козғалыс қабілеттерін, сапаларын дамыту және ағзаның құрылысы мен түрлерінің қызметін жетілдіру үшін дене тәрбиесі жүйесінде жан-жақты өңделіп дайындалған табиғаттың жаратылыс күштерімен және гигиеналық қозғаушы күштермен үндескен дене шынықтыру жаттығуларының жүйесі қолданылады. Дене тәрбиесінің міндеті әрбір адам өзінің мүмкіндігі жететін дене мәдениетінің мазмұнын игеруінен тұрады. Сонымен, адам дене тәрбиесі арқылы дене мәдениетінің жетістіктерін өзінің жеке игілігіне айналдырады (денсаулығын жақсартады, дене бұлшық еттерін дамытады, спорттық шеберлігін жетілдіреді).
Қоғамның тәрбие ықпалы өрісінде келешектегі көп жылдарға және тәрбиенің жалпы нәтижесін жақсартуға бағытталған басты мақсаты түбірімен қоғамдық қажеттіліктен туындаған жәйт. Дене тәрбиесінің ілімін, әдетте дене мәдениеті заңдылықтарын оқытатын ғылым деп санайды. Бірақ бұл анықтама бір сарынды, таптаурын болып мәнін жойған, бізді дене тәрбиесінің сипат ерекшелігі белгілеріне бағыттайды. Дене тәрбиесінің бағытты сипат ерекшелігі "адамның денесін тәрбиелеу немесе дене арқылы адамды тәрбиелеу" болып саналады.
"Дене мәдениетіне тәрбиелеуде" дене тәрбиесінің сипат ерекшелігі мақсаттан туындайды, ал "денені шынықтыру арқылы адамды тәрбиелеу" дене тәрбиесінің құралдарынан тұрады. Бірақ адамның мақсаты тек өз дұрыстығын жақтайтын болғандықтан айнымалы, ал құралы - дене шынықтыру жаттығулары - керісінше анық, дұрыс және дене мәдениеті жетістіктерінің негізгі қорына кіреді.
Дене тәрбиесінің мақсатты міндеттері:
Денсаулықты жақсартатын міндеттері - денсаулық күйін нығайту, ағзаның түрлерінің және қызметтерінің үйлесімді дамуы, тұлға мүсінінің дұрыс қалыптасып тәрбиеленуі;
Білім беру міндеттері - дұрыс, шебер қозғалыс-қимылды және дағдылар жүйесін қалыптастыру, шұғылданушылардың дене тәрбиесі құралдарын тұрмыста, еңбекте және қорғаныс қызметтерінде пайдалануы үшін қажетті біліммен құралдануын қамтамасыз ету;
Тәрбиелік міндеттері - жоғары адамгершілік және ерік-жігер қасиеттерін қалыптастыру, өнегелі мінез-құлық ережелері талаптарын меңгеру, ақыл-ой, еңбек және эстетикалық тәрбие беруге ықпал ету;

Дене шынықтыру теориясының обьектілері мен оның оқу және ғылыми пән ретінде құрылымы

Оқу пәнінің негізгі мазмұны мен құрылымы. Дене мәдениеті қоғамдық құбылыс ретінде пайда болуы, қалыптасуы және дамуы, құрылу ерекшеліктері мен қызмет ету жүйесі жайлы өзінің заңдылықтары бар ғылым. Бұл ілімді біліп, меңгеру өскелең ұрпаққа осы заманғы өмір талабы принциптеріне сай дене мәдениетін беруге дұрыс бағыт береді. Бұл ілімді оқып үйрену барысында келесі міндеттерді анықтап алу керек: дене мәдениетінің пайда болу себептері, оның мәні және қоғам өміріндегі алатын орны, дене тәрбиесінің тарихи сипаты, капиталистік және социалистік таптық қоғамдағы дене тәрбиесінің мақсаты, қоғамның материалдық өмірі, еңбек қызметінің сипаты және мазмұны, әскери іс, ғылымның жетістіктері, саясаттың ықпалы т.б. Бұл әсер етуші күштердің дене тәрбиесіне бір-бірінен бөлінбей, керісінше күрделі, өзара қарым-қатынаста ықпал ететінін білу керек. Дене тәрбиесінің мәнін түсіну үшін алдымен оның мағыналық мазмұнын анықтап алу керек. Дене тәрбиесіне тән қасиет қоғам өмірінде барлық уақытта адамның дене күштерін арнайы өмірге қажетті қозғалыс дағдылары мен ептілік, іскерлік, шеберлікті дамыту үшін пайдаланады және пайдаланылып келген. Бұл мағыналық ерекшеліктері дене тәрбиесіне салыстырмалы дербес тәрбие түрі ретінде білуге мүмкіндік береді.
Адамның денесін жетілдірудің жалпы заңдылықтарын ашу үшін жаратылыстану және қоғамдық ғылымдары, жекелеген физиология және биохимия, жалпы педагогика және арнайы педагогикалық гимнастика, жеңіл атлетика т.б. пәндердің мәліметтері кең ауқымда қолданылады. Дене тәрбиесі ілімінің жоғарыда аталған пәндермен байланысын оқып, үйрену арқылы педагогика ғылымы бола тұрып, оларды оқыту және тәрбиелеудің заңдылықтарын ашу үшін, жаратылыстану ғылымдарының мәліметтерін неге пайдаланатынын білген маңызды. Дене тәрбиесінің жүйесі қоғамның басқа экономика, мәдениет, ғылым, саясат сияқты маңызды салаларымен тығыз байланыста. Ол үшін педагогика ғылымдары жүйесіндегі дене тәрбиесі ілімінің алатын орнын, оның ішінде жалпы педагогикамен олардың байланыстарын нақты көз алдына елестету керек. Дене тәрбиесі жүйесінің толык сипаттамасы дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі курсының барлық тақырыптарында, арнаулы ілімдік және спорттық-педагогикалык пәндер арқылы айқындалады. Бұл бөлімде дене тәрбиесінің педагогикалық мақсатын түсінуге қажетті негізгі жалпы әлеуметтік мазмұны қаралады. Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылысы есебінде дене тәрбиесі жүйесін талдау, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Қоғамдық құбылыс ретінде дене тәрбиесінің пайда болуы мен бастапқы дамуы халықтардың тұрмысы мен санасына байланысты белгілі мақсатты шешу болды. Дене тәрбиесінің пайда болуы адамзат қоғамымен бірге жасасып келеді. Ол мінез-құлық, өндіріс деңгейі және т.б. адам санасына негізделген.
Дене тәрбиесінің дамуы адамды еңбекке дайындаудың құралы мен әдісі ретінде пайда болды. Кейіннен қоғамдық сана мен тұрмыс жағдайының деңгейі көтерілген кезде, бос уақыттың үлесі артқанда дене тәрбиесі ермек үшін, ойын ретінде қалыптаса бастады. Осыдан келіп жинақталған әлеуметтік тәжірибені өзгелерге таратып беру үшін, ең алдымен пайдаланатын құрал-жабдықтарды дайындап, қолдану жөніндегі тәжірибені толығынан меңгеру талабы қойылады.
Мәдениеттің дамуы, қоғамдық қатынастың ұлғаюы, адамдардың да, қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Сонымен бірге адам баласы қоршаған ортаға бейімделу арқылы тәрбиеленіп қана қоймай, табиғатты өзгертуге себепкер болды. Қоғамдық қатынастың саяси және экономикалық бағыт алуы сол кездегі дене тәрбиесі жүйесіне өзгерістер әкелді. Бұл жағдай дене тәрбиесі жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін, пайдаланатын құрал-жабдықтарын, кеңінен қодданылатын жаттығуларының түрлерін өзгеріске ұшыратты. Бірақ дене тәрбиесі қоғамдық құбылыс ретінде адамзаттың дамуымен бірге жасасатын болғандықтан, мәңгілік дәрежеге ие болып қалды.
Дене тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттерінің өзгеруі дене тәрбиесінің ең басты құралдарының бірі дене жаттығуларының өзгеруіне әсерін тигізді. Мысалы, кейбір жаттығулардың орындалу түрлері өзгеріп жатса, енді біреулері жойылып, орнына жаңасы пайда болып жатады.
Бұл өзгерістер екі себепке байланысты:
-біріншіден, қоғамның материалдық өмірінің даму кезеңдерінде адамнан қозғалыс дағдыларының талап етілуі. Дене жаттығуларының жаңа жүйесінің пайда болуы;
-екіншіден, дене тәрбиесі жөніндегі ғылымның дамуы, адамның қозғалыс қызметіндегі заңдылықтарды тереңірек тануы, бұрын соңды адам өмірінде кездеспеген дене жаттығуларын жасауы, адамға жағымды әсер ететін тиімді құралдарды іздестіру. Дене тәрбиесінің дамуы жаттығулардың түрлерін көбейтті. Күнделікті еңбек еткендегі қозғалыстарға қоса әскери дайындыққа және спорт өнері салаларында кеңінен пайдаланатын жаттығулармен толықтырылды. Сөйтіп, уақыт өткен сайын адам өз тұлғасының мүмкіндіктерін тануы негізінде дене жаттығуларымен арнайы шұғылдану жүйесі қалыптасты.

Дене шынықтырудың түрлері мен әдістемелік қызметтері.
Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесінің негізгі түсініктері.

Дене мәдениеті теориясы мен әдістемесінің негізгі ұғымдары.
Ұғымдар - анықталатын құбылыстың немесе нысанның (объектінің) қасиеттерін немесе ерекше белгілерін, барынша елеулі жақтарын көрсететін, әр түрлі терминдерді бір мағынада белгілеп, түсіндіретін ойлау үлгісі (формасы).
Термин - ғылымның, техниканың, өнердің және т.б. қандай болса да бір арнайы саласындағы белгілі бір ұғымның атауы болып табылатын сөз немесе сөз үйлестігі.
Басқа оқу пәндері сияқты Дене мәдениеті теориясы мен әдістемесі пәнінде ерекше терминологиясы (терминдер жүйесінің жиынтығы) және негізгі ұғымдары бар. Олардың мағынасын түсіндіру бұл оқулықтың мазмұнын ғана емес, студенттерге дене мәдениеті мен спорт бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттердегі материалдардың мағыналық айырмашылығын оқып және түсінуге мүмкіндік туғызады. Түсініктілік (понятинного) аппаратының негізіне келесі терминдер мен ұғымдар жатады.
Дене мәдениеті. Дене мәдениеті әлеуметтік құбылыс ретінде адамзат қоғамның барлық тарихи даму кезінде қатар жалғаса дамыды, бірақ бұл термин ХІХ ғасырдың соңында Англияда пайда болды. Ол кезде дене мәдениетін адамның және қоғамның адамдар денесін тәрбиелеуге, білім беруге және денсаулықтарын нығайтуға бағытталған қызметі ретінде түсінді.
Дене мәдениетінің материалдық құндылықтары мына төмендегілер болып табылады:
oo жабық және ашық түрдегі дене мәдениеті-спорттық құрылыс ғимараттары, стадиондар, спорт сарайлары, су бассейндері, спорт түрлеріне арналған залдар, ашық спорттық ойын алаңдары, жеңіл атлетикалық, футбол, ат спорты манеждері, велотректер, дене мәдениеті-сауықтыру орталықтары және т.б.
oo дене мәдениеті және спорт проблемаларымен шұғылданатын медициналық мәселелер;
oo дене мәдениеті және спорт саласы мамандарын даярлайтын оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары (материалдық құндылықтарына ғимарат, лаборатория, аппаратуралар, құрал-жабдықтар мен аспаптары және т.б.).
Спорт түрлері- өзінің нақтылы спорттық сайыс түрімен, спорттық бәсекелесу тәсілдерімен және рұқсат етілетін әрекет құрамымен (спорттық әдіс-тәсілдерімен), жарыс регламентімен және нәтижеге жету өлшемімен айырмаланатын жарыстық қызмет түрі.
ҚР дене мәдениеті және спорт саласында атқарушы билік органдарының мойындалған спорт түрлерінің тізіміне 161 спорт түрі кіреді.
Спорт түрлерін мойындау тәртібі, Бүкілқазақс тандық спорт түрлерінің тізіміне ендіру және оны жүргізу тәртібі ҚР үкіметінің шешімімен анықталады.
Спортшы- таңдаған спорт түрімен немесе спорт түрлерімен шұғылданатын және спорттық жарыстарға қатысатын, жеке тұлға. Спортшы өзінің даярлық деңгейін басқа спортшылардың табыстарымен тікелей сайысу барысында салыстыру арқылы айқындайды.
Дене шынықтырушы- денсаулығын нығайту, дене қабілеттерін үйлесімді дамыту және жетілдіру мақсатында қол жетімді дене жаттығуларымен жүйелі шұғылданатын адам.
Жеке тұлға дене мәдениеті- адамның дене жетілуінің жеткен деңгейі және дене жаттығуларымен шұғылдану үдерісінде меңгерген арнайы білімнің, біліктілігін, дағдыларын, сонымен бірге күнделікті өмірдегі қозғалыс сапаларын пайдалану дәрежесі.
Дене мәдениетінің ең жоғарғы жеке тұлғалық үлгісі өз бетімен дербес дене мәдениетімен шұғылдану болып табылады.
Дене тәрбиесі-жеке тұлғаның жан-жақты жетілуі және жүйелі үйлесімділікте дамуы мақсатында дене жаттығуларымен үзіліссіз шұғылданудағы саналы түрдегі қажеттілікті өз бойларында қалыптастыру және дене мәдениеті бойынша арнайы білімдерді меңгерту, дене қабілеті мүмкіндіктерінің дамуын басқару (тәрбиелеу), қозғалыс әрекеттерін оқытып, үйрету болып табылады. (1-сурет).

Дене тәрбиесі
Спецификациясы қозғалыс әрекеттерінен білім берумен және адамның дене қозғалысы, саналарын тәрбиелеумен қорытындыланатын тәрбие түрі

Денеге білім беру
Адамның қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру сол сияқты дене мәдениеті бойынша арнайы білім беру үдерісі

Дене қозғалысы сапаларын тәрбиелеу
Мөлшерленген функциональдық жүктемелер арқылы адамның дене қозғалысы сапаларын дамытуға мақсатты бағытта ықпал ету

Спорттық қозғалыс білікті-лігі мен дағдыларын қалыптастыру

Өмірде маңызды қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру

Дене мәдениеті бойынша анайы білім беру

Күш қабілеттілігі

Жылдамдық қабілеттері

Төзімділік

Қозғалыс үйлесімділігі
қабілеті

Иілгіштік

Дене дамуы - организмнің морфологиялық (гректің, morhe - түр, форма) және функционалдық (латынның functio - орындау) қасиеттерін жеке адамның (индивидуум) өмір сүру барысында қалыптасуы және біртіндеп өзгеру, даму үдерісі.
Дене дайындығы- адамның шұғылданатын қызмет түрі есепке алынып организмінің функционалдық мүмкіндіктерін сүйемелдеу және жетілдіру, дене қабілеттерін дамытуға бағытталған үдеріс. Бұл жалпы дене даярлығы (ЖДД) және арнайы дене дайындығына (АДД) айырмаланады.
Жалпы дене дайындығы- үйлесімді жұмыс қабілеттілігі деңгейіне жету және оны сүйемелдеу, жоғары функционалдық белсенділігі мен әлеуметтік қызметін жандандыру, дене қозғалысы сапаларын жан-жақты дамыту мақсатына бағытталған жаттығу үдерісі.
Арнайы дене дайындығы- адамның өмірдегі нақтылы кәсіби қызметінде (немесе таңдаған спорт түріндегі) қажетті қимылдық-қозғалыс қабілеттерінің қайсы бірін (жылдамдық, күш, төзімділік, ептілік және иілгіштік) басымырақ дамытуды қамтамасыз ететін арнайы үдеріс.
Дене дайындалғандығы- белгілі бір қызмет немесе спорт түріне дене дайындығының сәйкес нәтижесі. Бұл нақтылы қызмет түріне дене қозғалысы қабілеттері даму деңгейімен және қажетті дағдыларды меңгеру дәрежесімен сипатталады.
Дене жетілгендігі- өмір сүру талаптарына барынша сәйкес келетін, адамның дене дайындалғандығы мен дене дамуының тарихи идеалының қалыптасуы.
Дене мәдениеті-спорттық қозғалысы- негізгі мақсаты дене мәдениеті мен спортты дамыту бойынша ел тұрғындарының дене мәдениеті деңгейін арттыруға жәрдемдесетін мемлекеттік және қоғам дық ұтымдар мен ұжымдардың, азаматтардың мақсатты бағытталған қызметі болып саналады.

Дене тәрбиесінің жүйесі жайлы түсінік. Дене тәрбиесі жүйесінің Дене шынықтырудың жүйесінің негіздері мен айқындаушы белгілері.
Дене мәдениеті жүйесі және оның негіздері.
Жүйе (система, грек сөзі, бөліктерден құралған құрылым ұғымын береді дене мәдениетінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене мәдениеті-коғам мәдениетінін бөлігі
Дене мәдениетінің жүйесі
Дене мәдениеті-коғам мәдениеті
«Жастардың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру»
Дене шынықтыру мен спортты басқару жүйесі
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің мүмкіндіктерін айқындау
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Ұлттық ойындардың дене жаттығуларына әсері
Дене мәдениеті және спорт тарихы. Футбол
Спорттық-сауықтыру лагерьлер мен студентердің дене тәрбиесінің әдісі мен ұйымдастырылуы
Пәндер