Қазақ халқы мәдениеті тарихи тарихи өлшемде: қазақ халқының мәдени мұрасын сараптау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Геодезия және картография
Төлеген Нұрзат Айдосұлы

Қазақ халқы мәдениеті тарихи тарихи өлшемде: қазақ халқының мәдени мұрасын сараптау
Мәдениет дегеніміз - адамдардың өмірі мен іс - әрекетін ұйымдастыруы және материалдық , рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі бір тарихи даму дәрежесі. Материалдық мәдениеттің даму дәрежесін еңбек құралы байқатса , рухани мәдениет қоғамдағы этностық , әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың рухани өмірін , шығармашылық үрдісін , адамдардың бір-біріне , табиғатқа деген қарым-қатынасын қамтиды. Сондай мәдениетті қамтитындардың ішінде ең жақсы қалыптасқаны ол - дәстүр. Дәстүр әлеуметтік нормалардың жинақталған түрі болғандықтан , ол әдет-ғұрып , салт-сана , жол-жоралғы , рәсім сияқты категорияларды өз ішіне қамтиды. Дәстүрлі мәдениетті дамытуда қазақ халқы әлемдік мәдениет тарихында өшпес із қалдырды және келешек ұрпаққа аманат етіп табыстады. Ұлы жазушы , ойшыл М. Әуезов дәстүр туралы толғай келіп: Дәстүрді тарихта келе жатқан халықтың эстетикалық бейнелеу нақыштары мен ұлттық тіл байлығы арқылы айқын көруге болады. Халықтың ұлттық мінезі, дамуы, ұлттық дәстүрлердің белгілерінің кейбірі күннен - күнге құри бастайды. Дәстүрлер жаңаша түрленіп , толысып отырады. Жаңа дәстүрлер туады. - деп жазған еді. Сондай - ақ Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар , деген еді дана халқымыз. Әрбір азамат өз халқының салтын , дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілі мен дінін білуі және құрметтеуі тиіс. Біз жас ұрпақты отбасында, мектепте, оқу орындарында мәдениет пен салт- дәстүрін халқымыздың өткені мен болашағы екендігін бойына сіңіре беруіміз керек. Қай халықтың болмасын, басқа халыққа ұқсамайтын басты белгілері - ана тілі мен әдебиеті, салт-дәстүрі, өнері мен мәдениеті. Ұлттық мемлекет идеясы ұлттық дәстүрі мен салт- санасына, әдет - ғұрпына келіп тіреледі. Келешекте өзіміздің өткен жолымызға, ұстанып келген салт- дәстүрімізді көз алдымызға келтіре отырып, ұлттық сананың өзі әрбір адамның жеке санасы сияқты, әр ұлттың өз тіршілігін өзінің барар жерін, өз алдына мақсат қоя білуі деп түсінеміз. Осыған байланысты Ә. Кекілбаев айтқандай Дәстүр - әдеппен , әдет - ғұрыппен, мың жылдап қалыптасқан дағдымен күресу есуастық. Бірақ оларды жаңаламай , жаңғыртпай сол қалпында ұстануға тырысу өз аяғыңды өзің тұсап, өз қолыңды өзің кісендеумен пара-пар.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Қазақстан -2050 стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа бағыты атты Жолдауында: Дәстүр мен мәдениет - ұлттың генетикалық коды. Патшалықтың төңкеріс дүмпуі мен басқа да ауыртпалық пен қиыншылықтарға қарамастан біздің елімізде тұрып жатқан қазақтар мен басқа да ұлт өкілдері өздерінің мәдени ерекшеліктерін сақтап келді. Қазақ мәдениеті мен салт - дәстүрі дүние жүзі халықтарының мәдениеті мен салт - дәстүрінен көп алда болып келді. Қазақ еліне, оның салты мен дәстүріне , мәдениетіне ХVІІІ ғасырда атақты ғалымдар В.Жуковский, Г. Потанин халқымыздың салт-дәстүрін , әдет - ғұрпын аса қызығушылықпен жинап жариялады. Сондай- ақ А. С. Пушкиннің Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырын жазып алып аудартуы қазақ халқының салт-дәстүріне , мәдениетіне құрметін қызығушылығын білдіреді.
Қазақтың мәдениеті асқақтап, салт - дәстүрі мен әдет - ғұрпы жалаулап тұрған кездерде келін күйеуімен ажырасып, төркініне барып отыратын ұнамсыз жағдайлар болмаған. Егер тұрмыс құрған әйелдің күйеуі қайтыс болған жағдайда жыл садақасынан соң, ауыл ақсақалдары келіннің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқы мәдениеті тарихи өлшемде: қазақ халқының мәдени мұрасын сараптау
Мәдени модернизацияны арнайы зерделеудің басты тақырыбы мәдени модернизация
Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Ежелігі Қазақстан тарихы туралы зерттеу
Исламдағы діни төзімділік пен толеранттылық мәселесі
Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер
Академик Ә. Нысанбаевтың отандык философияның дамуына қосқан үлесі
Жастар мәселесінің түйткілдері
ӘЛЕМДІК ЭТНОМӘДЕНИ ТУРИЗМІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Қобыз күйлері
Пәндер