Лауазымдық міндеттері Дефектолог мұғалімнің міндеттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
БЕКІТЕМ
№203 мектеп директоры
Дайрбаева Р. С.
__________

1.1. Осы лауазымдық нұсқаулық ҚР Білім туралы заңына, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, жалпы орта және қосымша білім беру жүйесінің педагог қызметкерлерінің лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына (ҚР БҒМ 2009 жылғы шілдедегі қосымшалармен және өзгерістермен №338 бұйрығы), Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарға (ҚР БҒМ 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 524 бұйрығы) сәйкес әзірленген. 1.2. Дефектолог мұғалім (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог) қызметке № ... ОБМ-інің басшысының бұйрығымен тағайындалатын және босатылатын мамандар санатына жатады. 1.3. Дефектолог мұғалімПсихологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің аясында (ары қарай ППҚ) тікелей инклюзивтік білім беруді үйлестірушіге немесе Қолдау қызметінің басшысына бағынады. 1.4.Дефектолог мұғалім Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің қызметкері болып табылады және онда пәнаралық негізде жұмыс істейді. 1.5. Дефектолог мұғалім қызметіне Дефектология мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі бар маман тағайындалады. 1.6. Дефектолог мұғалім өз қызметінде мына құжаттарды басшылыққа алады: - Баланың құқығы туралы концепция; 39 - ҚР Баланың құқығы туралы заңы; - ҚР Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялықпедагогикалық қолдау туралы заңы; - ҚР Білім туралы заңы; ҚР әлеуметтік және инклюзивтік білім беру мәселелері бойынша заңнамасы; - № ... ОБМ-інің жарғысы; - № ... ОБМ-інің ішкі еңбек тәртібінің ережелері; № ... ОБМ-інің басшылығының бұйрықтары мен үкімдері; - еңбекті қорғау, қауіпсіздік ережелері және өрттен сақтану ережелері мен нормалары; - осы лауазымдық нұқсаулық; - еңбек шарты. 1.7. Дефектолог мұғалім төмендегі мәселелерді білуі керек: - Қазақстан Республикасының Конституциясын; - БҰҰ балалар құқығы туралы конвенциясын; - Қазақстан Республикасының Білім туралы, Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы, Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы заңдарды және инклюзивтік білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік актілерді; - № ... ОБМ-інің білім беру үдерісін ұйымдастыруды реттейтін жарғы мен жергілікті актілерді; - кәсіптік және практикалық әрекеттер мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттар; - арнайы педагогика мен арнайы психологияны; - дефектологияның анатомиялық-физиологиялық клиникалық негіздерін; - дамуында мәселелері бар балаларға әр түрлі түзету көмегін көрсету бойынша заманауи әдіс-тәсілдерді; - баланың зерделік, сенсорлық және жүйкелік-психикалық дамуындағы ауытқушылықтардың алдын алу мен түзетудің әдіс-тәсілдерін; - зерделік, сенсорлық дамуында ауытқушылықтары бар балалармен жұмыс бойынша бағдарламалық-әдістемелік әдебиетті; - дефектологиялық ғылым мен практикадағы жаңа жетістіктерді. 1.8. Дефектолог мұғалімнің жалақысы оның білімі мен біліктілік деңгейіне сәйкес есептеледі. 1.9. Дефектолог мұғалім № ... ОБМ-інің басшысының бекіткен 18 сағаттық жұмыс аптасынан құрылатын қалыпты жұмыс күні түзімінде кесте бойынша жұмыс істейді. 2. Қызметтері Дефектолог мұғалімге төмендегі қызметтер жүктеледі: 2.1. Мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың зерделік және сенсорлық дамуындағы ауытқушылықтардың алдын алуға, өтеуге және түзетуге бағытталған түзете дамыту үдерісіне қатысу. 40 2.2. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың зерделік және сенсорлық дамуының деңгейін, әр түрлі генезді ерекше бұзылыстар мен кемшіліктердің құрылымын анықтау үшін оларды тереңдете тексеру. 2.3. Органикалық мүмкіндіктері бар оқушылармен жұмыста сенсорлық, зерделік, сөйлеу тілдің дамуындағы ауытқушылықтарды жеңу мен бұзылған атқарымды өтеу бойынша апробацияланған түзете дамыту әдістемелерін практикалық пайдалану. 2.4. Балалардың дамуындағы ауытқушылықтар, оқушылардағы зерделік, сенсорлық бұзылыстарды саралай диагностикалау және мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға көмек көрсетудің әдіс-тәсілдері мәселелері бойынша ата-аналарға (олардың орындағы тұлғаларға), педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және кеңес беру. 3. Лауазымдық міндеттері Дефектолог мұғалімнің міндеттері: 3.1. Кәсіптік әрекетін өзінің құзыреттілігінің аясында жүргізу 3.2. Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға психологиялық жайлы және қауіпсіз жағдай тудыруға көмектесу. Түзете білім беру үдерісінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтаумен қамтамасыз ету. 3.3. Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды тексеру, олардың дамуындағы ауытқушылықтарының құрылымы мен байқалу айқындығын анықтау, тексеру нәтижелері бойынша тұжырымдама жасау және оларды рұқсат етілетін көлемде ата-аналарына және педагогтарға (оқушылар дамуындағы мәселелерде және оларды жеңуде бағдарлау мақсатында) жеткізу. 3.4. Түзету жұмысының міндеттерін, формасын, тәсілдерін анықтау, бастапқы зерделік немесе сенсорлық бұзылыстардың салдарынан туындауы мүмкін туынды бұзылыстардың алдын алу, оқушылардың дамуындағы жүйкелік-психикалық ауытқушылықтарды жеңу, зерделік және сенсорлық бұзылыстарды барынша түзетуге бағытталған жеке даму бағдарламасы аясындағы түзете дамыту жұмысын жүргізу. 3.5. Балаларды ПМПК-ке, психологиялық, медициналық орталықтарға (қажет болған жағдайда) жіберу. 3.6. Сабақ өткізу үшін мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды психофизикалық, сенсорлық және зерделік жағдайын, олардың жас шамасын есепке ала отырып, топтарды жинақтау. 3.7. № ... ОБМ-інде жүргізілетін қолдау үдерісі мен түзете білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің (әкімшілік, педагогтар ұжымы, ата-аналар) және оқушылардың арасында делдал болу. 3.8. Мүмкіндіктері шектеулі оқушылардыңзамануи білім беру кеңістігінде бейімделу жобаларын жүзеге асыру саласындағы № ... ОБМ-інің болжалдық мүмкіндіктерін талдау. 3.9. Болжау, жоспарлау және ұйымдастыру: 41 - мүмкіндіктері шектеулі балалармен түзете дамыту жұмысының жеке бағдарламаларын ресурстық қамсыздандыру; - педагогтардың арнайы педагогика және психология саласындағы кәсіптік құзыретін жоғарылату бойынша шаралар; - мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың ата-аналарын түзету жұмысының үдерісі, мазмұны мен табыстылығы туралы хабардар ету; - оқуда қиындықтары бар балалар туралы ақпаратты жинау және қорландыру; - оқушылармен түзете дамыту жұмысының жеке бағдарламасын жүзеге асыруды мониторигілеу жүйесі; - мектеп практикасындағы инклюзивтік білім беру саласындағы қабылданған шешімдерді орындау. 3.10. Әзірлеу және пайдалану: - оқушылардың даму бұзылыстарын жеңуге бағытталған түзете дамыту жұмысының апробацияланған және авторлық бағдарламасын, сабақтар циклын; - мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды кешенді түрде тексеру мен қолдаудың жеке бағдарламаларын; - мектеп және жанұя жағдайындағы мүмкіндіктері шектеулі оқушылармен жұмыс бойынша педагогтарға, мамандарға және ата-аналарға арналған ұсынымдар. 3.11. № ... ОБМ-інің және жанұялық тәрбиелеу жағдайындағы мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың бұзылыстарын жеңу бойынша түзету жұмысының міндеттері мен ерекшеліктері туралы хабарлау мақсатында білім беру үдерісіне қатысушылармен (педагогтар мен ата-аналар) кеңес беру жұмсын жүргізу. 3.12. Қатысу: - әдістемелік бірлестіктер мен әдістемелік жұмыстың басқа түрінің әрекеттеріне; - тәжірибелік-эксперименталдық әрекеттерге; - Педагогтар кеңесіне, ППҚ қызметінің, психологиялық-медициналықпедагогика лық консилиум (ары қарай ПМПк) отырыстарына; - ата аналар үшін өткізілетін шараларға (жиналыстар, семинарпрактикумдер, дөңгелек үстелдер және т.б.). 3.13. Балаларды тексеруге және түзете дамыту жұмыстарын жүргізуге арналған көрнекі құралдар мен материалдар. 3.14. Қажетті құжаттамаларды, аналитикалық-статистикалық есепті (тексеру мен жүргізілген түзету сабақтарының нәтижелерін бейнелейтін, берілген формадағы жылдық есепті құру) қабылданған формада ресімдеу және жүргізу, ПМПк үшін балаларды тексеру және түзету жұмысы нәтижелері бойынша тұжырымдама жасау. 3.15. Өзінің кәсіптік жұмысын орындағанда № ... ОБМ-інің жарғысын, еңбекті қорғау ережелері мен нормасын сақтау, қауіпсіздік техникасын, санитарлық және өртке қарсы ережелерді, еңбек тәртібін, еңбек тәртібінің ішкі ережелерін орындау. 42 3.16. Нормативтік құжаттарға сәйкес өзінің кәсіптік біліктілігін арттыру. 4. Құқықтары Дефектолог мұғалімнің құқығы: 4.1. № ... ОБМ-інің әкімшілігінен өзінің лауазымдық міндеттері мен құқықтарын орындауға, кәсіпптік міндеттерін табысты орындауға қажетті жағдай туғызуды; № ... ОБМ-інің директорынан өзінің құзыреттілігіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттар мен құжаттарды талап ету. 4.2. Оқушылардың зерделік және сенсорлық дамуларының деңгейін, аталған бұзылыстардың ерекшеліктерін анықтауға байланысты оқушыларды тексеру. 4.3. Оқытудың тиімді құралдарын, формалары мен әдістерін таңдау, бағдарламаға өзгерістер ендіру, балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмысы бойынша апробацияланған және авторлық авторлық әдістемелерді әзірлеу және қолдану. 4.5. Қатысу құқығы: - № ... ОБМ-інің даму стратегиясын, білім беру бағдарламасын, концепциясын әзірлеуге, Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің бағдарламасын және жоспарлауға; - сәйкес келетін нормативтік құжаттарды (ППҚ қызметінің атқарымы, құзыреттілігі, міндеттері, жауапкершілігі туралы ережелер) әзірлеуге; - дефектолог педагогтардың қалалық және облыстық семинарларына, жиналыстарға, ғылыми-әдістемелік конференциялардың жұмысына қатысуға. 4.6. Өзінің жұмысын жинақтай, тексерілген ақпараттарды пайдалана отырып, ғылыми және белгіліғылыми басылымдарда жариялану. 4.7. Кәсіптік біліктілігін арттыру, өз еркімен сәйкес келетін біліктілік санатқа аттестациядан өтуге және аттестациядан табысты өткен жағдайда оны алу. 5. Жауапкершілігі 5.1. Дефектолог мұғалім мына жұмыстарға жауапты болады: - тәрбиелеу-оқыту үдерісінде еңбек тәртібін, өнеркәсіптік санитария және өрттен сақтану ережелерін, еңбекті қорғау ережелерін, санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтауға; - баланың құқығы мен еркіндігінің бұзылғандығы үшін; - түзете білім беру үдерісін жүргізу кезінде баланың өмірі мен денсаулығы үшін; - құжаматтама жүргізу және оны сақтау; - тексеру кезінде алынған материалдар мен мәліметтердің құпиялылығын сақтау; - баланы тексеру кезінде (өзінің құзыретінің аясында) негізделмеген тұжырымдама жасау, оның салдарынан баланың дене және психикалық 43 денсаулығының нашарлауы және әрбір баламен жүргізілетін түзету жұмысы нәтижесінің төмендеуі үшін; - оқу жоспарына және оқу үдерісінің кестесіне сәйкес түзете білім беру бағдарламасын толық көлемде жүзеге асырылмағаны үшін. Құжаттама 1. Оқу жылының болжалды жұмыс жоспары 2. Жұмыс уақытының циклограммасы. 3. Дефектолог мұғалімнің әрбір баланы тексеру хаттамасы мен тұжырымдамасы. 4. МШ оқушыларды Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламаларының көшірмелері. 5. Балалардың түзету сабақтарына қатысуын есепке алу журналы. 6. Оқушылармен жеке-дара және топтық сабақтардың күнделікті жоспары. 7. Жеке-дара және топтық сабақтардың болжалды жоспары. 8. Түзете дамыту жұмысының бағдарламалары мен әдістері, оның ішінде жұмыстың диагностикалық, ағарту, кеңес беру және басқа да түрлері; 9. Балалардың жеке дәптерлері. 10. Ата-аналармен жұмыс жоспары. 11. Жыл бойғы істелген жұмыс туралы есеп. 12. Логопедиялық кабинеттің паспорты. № ... жалпы білім беру мектебінің дефектолог мұғаліміне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық - педагогикалық қолдаудың міндеттері, қағидалары
Ерекше білім беру қажеттілігін бағалау. Бағалау деңгейлері
Балабақшада атқарылатын жұмыстармен танысу
ПМПК олигофренопедагогының қызметі
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi туралы
Интеграцияланған оқыту мәселелерін зерттеу
Инклюзивті білім беру туралы
Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері
Күрделі кемістігі бар тұлғаларға арнайы білім беру
Пәндер