Сүйектердің құрылысы, жіктелуі
1.Сүйектердің құрылысы,жіктелуі.
Сүйек-ossa адам организмінде тірек,қимыл және қорғаныш қызметін атқарады.Сондай ақ қан түзілу процесінен де қалыс қалмайды.Адам ағзасында 200-ден аса сүйек кездеседі.Сүйектер топографиялық орналасуына және эмбриондық дамуына байланысты біліктік қаңқаға-sceleton axiale және қосымша қаңқаға - skeleton appendiculare жіктеледі.Біліктік қаңқа тобын құраушы сүйектер:бас сүйектері-cranium, кеуде торын құраушы сүйектер-ossa thoracis және омыртқа бағанасының сүйектері-columna vertebralis жатады.Ал қосымша қаңқаны құраушылар:қол сүйектері-ossa membri superior мен аяқ сүйектері-ossa membri inferior.
Сүйектердің құрылысына қарай: сүйектік бөлігін-pars osseae және шеміршектік бөлігін-pars cartilagines ажыратады. Сүйектердің сыртқы бетін қан тамырлары мен нервтерге бай сүйек қабықшасы-periosteum қаптайды.Сүйектің қабықшасы сүйек бетінде орналасқан қырқаларды-cristae, өсінділерді-procussus, ойыстарды-fossae да жауып орналасып сүйектік ткандарді қоректендіру қызметін атқарады.Сүйектер пішініне қарай ұзын-ossa longi, қысқа-ossa brivea және жалпақ - ossa plana сүйектерге бөлінеді.Ұзын сүйектерге қол және аяқ сүйектері жатқызылады.Бұл сүйектердің проксимальді-proximales,дистальді-d istalis ұштарымен орталық бөлігі диафизі - diaphysis ажыратылады. Проксимальді ұшы ол қаңқаға жақын орналасқан бөлігі болып табылады ,ал біліктік қаңқадан алыс орналасқан ұшы дистальді ұшы болады..Бұл сүйектердің диафизімен эпифизі аралығындағы бөлігін метафиз-metaphysis деп атаймыз.Осы түтік тәрізді сүйектерді кесіп қарайтын болсақ олардың тығыз сыртқы қабатынан - substantia compacta және ішкі терең қабаты кемікті затынан-substantia sponqiosa тұратынын көреміз. Жалпақ сүйектерде кемікті қабаты жұқалау келген.Сүйек майы-medulla osseum сүйектердің кемік затында орналасқан. Сүйек майының түсіне және құрылысына қарай қызыл сүйектік майға - medulla osseum rubra және сары сүйектік майға-medulla osseum flava бөлінеді. Сүйектің қызыл кемігінің қызметі - қанның құрамын түзу болып табылады.
2.Мойын омыртқалары:құрылысы,айырмашылық ерекшеліктері.
Жалпы саны жеті сүйекті құрайтын мойын омыртқалары-vertebrae cervicalis құрылысы мен қызметіне қарай екі топқа бөлінеді.Олар:мойын омыртқаларына түсетін салмаққа байланысты көлемдері ұлғая түскен С3-С7 мойын омыртқалары және атқаратын қызметіне байланысты сыртқы пішіндерін өзгерткен С1-С2 мойын омыртқалары.
Мойын омыртқаларының құрылыс ерекшелігі:
-үш бұрыш тәрізді болып келген омыртқа тесігі-foramen vertabrale
-өзге омыртқаларға қарағанда қысқалау болып келген буын өсінділері-prosessus articulares
-төмен бағытталған сайын ұзара түскен арқа өсінділері-prosessus spinosus алтыншы мойын омыртқасына дейін ұшы айырылып орналасқан.
-соңғы мойын омыртқасы адам басын төмен түсіргенде көзге де қолға да айқын байқалатын болғандықтан айқындаушы омыртқа- vertebrae prominens деп атайды.Зақымдалған мойын омыртқасын анықтауда практикада мәні зор.
-үстіңгі бетінде тереңдеу орналасқан жұлын нервінің жүлгесі-sulcus nervi spinalis бар көлденең өсінділері - prosessus transversi қысқа болып келген және олардың ұштары миға қан тамырлар мен өрімдер өту үшін мойын омыртқаларының көлденең өсіндісінің тесігін - foramen prosessus transversus құрайды.
Алғашқы екі мойын омыртқасының құрылысы:
Бассүйекпен тікелей байланысқан мойын омыртқасы атлант немесе ауыз омыртқа-atlas seu atlant деп аталады.Пішіні өзгеше болып келген алдыңғы ,артқы доғасынан және түсетін салмаққа байланысты өзгерген жұп бүйір бөліктерінен тұрады.
-Алдыңғы доғасының-arcus anterior сыртқы бетінде алдыңғы доғаның төмпешігі-tuberculum anterior ,ал ішкі бетінде екінші омыртқаның тіс тәрізді өсіндісімен беттесетін буындық шұңқыры-fovea dentis орналасқан.
-Артқы доғасында-arcus posterior артқы төмпешігі-tuberculum posterior болады.
-Бүйір бөліктерінде-massa lateralis орналасқан ауыз омыртқаның жоғары буындық беті-fasies articularis буын құрауға қатысады.
Біліктік омыртқаның-axis,яғни екінші мойын омыртқасының құрылысы негізгі омыртқаларға сәл болса да ұқсас келген.Оның көзге айқын байқалатын құрылыс ерекшелігі бірінші омыртқаның тістік шұңқырына кіріп тұратын,бастың оңға және солға бұрылуына жәрдемдесетін тіс тәрізді өсіндісі-dens орналасқан.
-Жоғарғы буындық өсіндісіне-prosessus articularis superior қарағанда төменгі буындық өсіндісі жақсы дамыған.
-Ұшы айырылған арқа өсіндісі-prosessus spinosus ұзындау болып келген.
3.Кеуде омыртқалары:құрылысы,айырмашылық ерекшеліктері.
Саны жағынан көбірек болатын ол кеуде омыртқалары-vertebrae thoracicae.Мойын омыртқаларынан үлкендеу және бел омыртқаларынан кішілеу болып келетін,бел омыртқаларына қарай көлемдері үлкейетін 12 омыртқадан тұрады.Кеуде омыртқаларын басқа омыртқалардан ерекшелетін белгісі денесінің бүйір бетінің жоғарғы және төменгі жағында орналасқан қабырғалық шұңқыршалары-fovia costalis.1,11,12-ші кеуде омыртқаларында толық шұңқыршалар орналасқан.Олардың қызметі өздеріне сәйкес жұп қабырғалардың басымен беттесіп буын құрау.Ал қалған Т2-Т9 кеуде омыртқаларында екі шұңқырша- жартылай төменгі және жоғарғы шұңқыршалар-fovea costalis superios et inferior болады,ал бірінші кеуде омыртқасының төменгі жиегі мен оныншы кеуде омыртқасының жоғарғы жиегінде жартылай шұңқыршалар болады.Олар кезекті жартылай шұңқыршалармен бірігіп толық шұңқыршалар құрайды.
Пішіні дөңгелектеу болып келген және мойын омыртқаларына қарағанда көлемі үлкенірек омыртқалық тесігі болады.
Кеуде омыртқаларының көлемі бел омыртқаларына қарағанда кішілеу болғанымен олардың көлденең өсінділері-prosessus transversus басқа омыртқалардың көлденең өсінділеріне қарағанда ұзынырақ келеді және бүйір қапталда артқа қарай бағытталып орналасқан.Олардың ұштарында қабырғалардың төмпешігімен буын бетімен беттесіп, art.costatransversuria буынын құрайтын көлденең өсінділердің қабырғалық шұңқыршалары-fovea costalis transversus болады.
Көлденең өсінділердің қабырғалық шұңқыршалары барлық кеуде омыртқаларына тән емес,атап айтсақ 11,12-ші қабырғалардың төмпешігінің нашар дамуына байланысты оған сәйкес омыртқалардың қабырғалық шұңқыршалары болмайды және оларда емізік тәрізді өсінділер - processus mastoideus байқалады.
Ұзындау және төмен қарай бағыт алып,бір-бірін черепица тәрізді жауып орналасқан арқа немесе қылқанды өсінділері-prosessus spinosus және 12-ші кеуде омыртқаның төменгі буын өсіндісінен басқалары фронтальді жазықтыңтың бойында орналасқан буын өсінділерінен-prosessus articularis тұрады.
4.Бел омыртқалары.Құрылысы айырмашылық ерекшеліктері:
Бес омыртқадан тұратын бел бөлімінің омыртқалары-vertebrae lumbalis өздеріне түсетін салмаққа байланысты көлемдері ауқымдырақ келеді сонымен қатар жуан және қалың.Қомақталау келген омыртқа денесінің-corpus vertebrae жиектері шығыңқылау келген.
Сагитал жазықтықтың бойында табақша түрінде орналасқан арқа өсінділері-processus spinosus қысқа және жалпақтау.
Эллипс пішіндң жоғарғы буын өсінділерінің қысыңқы буын беттері ішке қарай қарап орналасса, ал төменгі буын өсінділерінің шығыңқы буын беттері сыртқа қарай қарап орналсқан буын өсінділері-prosessus articularis сагитал жазықтықтың бойында орналасқан.Бел омыртқалары кеуде омыртқаларына ұқсас келеді.Бел омыртқаларын басқа омыртқалардан айқындап тұратын үш өсіндісі болады.Олар:
Бұлшықеттердің беку себебінен пайда болған жоғары буын өсінділерінің ұшында қосымша емізік тәрізді өсінділер-processus mamilaris.Қосарланған көлденең өсінділері:қабырғаның рудименті болғандықтан алдыңғы бөлігі -қабырғалық өсінді-processus costalis және осы өсіндінің артында әлсіз байқалатын,яғни көлденең өсіндінің қалдығы болып саналатын қосымша өсінді-processus accesorius.
5.Сегізкөз сүйегінің анатомиясы.
Бес сегізкөз омыртқасы-vertebrae sacralis адам 17-18 жасқа келгенде олардың арасындағы шеміршек ткандары сүйектік ткандарға айналып дара сегізкөз сүйегін-os sacrum өмірге әкеледі. Сегізкөз бел және құйымшақ омыртқаларының аралығында орналасып,омыртқа бағанасын түзуге қатысады.Оның бесінші бел омыртқасына жалғасатын жоғары қараған негізі-basis ossis sacri,төмен бағытталған сүйірленген ұшы-apex ossis sacri және екі бүйір бөліктері-partes lateralis ажыратылады. Сонымен қатар оның жамбас қуысына қараған тегіс, ойыстау беті-facies pelvina және дөңестеу,бұдырлау болып келген сыртқы беті-facies dorsalis деп аталады.Сегізкөз сүйегінің алдыңғы бетінде көлденең сызықшалар-lineae transversae айқын байқалады. Бұл сызықшалар омыртқа денелері бір-бірімен омыртқа дискілерімен байланысқан жерлерін көрсетеді.Осы сызықшалардың латералді жағында омырқа аралық тесіктердің бірігуі нәтижесінде пайда болған нервтер мен қантамырлар өтетін 4жұп алдыңғы сегізкөздік тесіктер-foramina sacralia anterior орналасқан.
Сегізкөздің дорсалді бетінде омыртқалардың артқы қылқанды өсінділерінің бірігіп тұтасыуынан пайда болған тақ ортаңғы қырқасы- crista sacralis mediana, оның екі бүйір бетінде параллел бағытта орналасқан аралық буын өсінділерінің бірігуі нәтижесінде пайда болған жұп қырқа-crista sacralis intermedia болады.Сонымен қатар сегізкөздің сыртқы бетінде алдыңғы тесіктеріне қарағанда кішілеу келген дорсалдық тесігі-foramina sacralia dorsalia орналасқан.Осы тесіктер бір-бірімен қосылып сегізкөз өзекшесіне - canalis sacralis ұласады.Артқа қарай иіліп орналасқан өзекшенің жоғарғы жағы жуандау,ал төменгі жағы жіңішкелеу келген.
5-ші бел омыртқасымен буындасатын болғандықтан көлденең бағытта ойыстау болып келген сегізкөз сүйегінің негізінің - basis ossis sacri артында жоғарғы буын өсіндісі орналасқан.Бел және сегізкөз омыртқалары қосылып алға қарай бағытталған сегізкөз сүйегінің мүйісін - promontorium құрайды.Сегізкөз сүйегінің артқы төменгі бөлігінде сегізкөз өсекшесінің соңғы бөлігін құрайтын hiatus sacralis орын тепкен.Оның себебі соңғы сегізкөз омыртқаларының нашар дамуына байланысты.Сегізкөздің сүйірлеу және сопақша болып келген ұшы- apex ossis sacri бірінші құйымшақ омыртқасымен беттесіп буын құрайды.
Сегізкөздің құлақ қалқанына ұқсаған бүйір бөліктерінде- partes lateralis мықын сүйегімен беттесетін буын беттері facies auricularis орналасқан.Сегізкөз сүйегі ер адамдармен әйел адамдарда
өзгешелеу келеді.Ер адамдарда енсіз, ұзындау болады.
6.Қабырғалар,құрылысы.
Адам тұлғасында 12 жұп қабырға бар.Әр қабырға жалпақтау ұзынырақ келген сүйектік бөліктен және қысқалау шемішектен тұрады.Оларды бір-бірінен бөліп тұрған ешқандай шекара жоқ,яғни олар жалғасып кеткен. Қабырғаның сүйектік бөлігінің омыртқамен байланысқан жері қабырға басы-caput costa деп аталады. Мұнда кеуде омыртқасының шұңқыршаларымен беттесіп буын құрайтын буын беттері-facies articularis capitis costae болады.Осы буын беттерін үлкен және кіші бөліктерге бөліп тұратын қабырға басының қырқалары - crista capitis costa байқалады.Бұл қырқа ІІ--Х қабырғалардан өзгелерінде бұл қырқа болмайды.Оның себебі кеуде омыртқаларында орналасқан толық шұңқыршаларға байланысты.Басы мен денесінің аралығындағы жіңішкелеу келген бөлігін қабырға мойыны-colium costa деп аталады.Қабырғаның мойыны мен денесінің қосылған жерінде қабырға төмпешігі-tuberculum costae орналасқан.Оның қызметі кеуде омыртқаларының көлденең өсіндісіндегі шұңқыршалармен беттесіп буын құрау.Қабырғаның сүйектік бөлігін көп аумағын алатын денесі-corpus costae болып табылады.Ол қабырғаның төмпешігі мен шеміршектің ұшының аралыңында орналасқан.Сагитал жазықтықтың бойында орналасқан қабырға денесінің дөңес келген сыртқы беті,кеуде қуысына қараған ойыс беті,жоғарғы қыры және төменгі өткір қыры ажыратылады.Қабырғаның төменгі бетінде қабырғаастылық жүлгелері-sulcus subcostalis орналасқан.
Сүйекті бөліктіктің алдыңғы жағы шеміршектік ұшына-cartilago costalis жалғасқан.Ол төс сүйегіне тікелей байланысқан.1-7 қабырғалар нағыз қабырғалар-costae verae,8-10 қабырғалар жалған қабырғалар-costae spuriae,11-12 қабырғалар қозғалмалы қабырғалар - costaе fluctuantes деп аталады.Ұштары төс сүйегіне жетпей құрсақ бұлшықеттерінің арасында бос жататын болғандықтан қозғалмалы қабырғалар деп аталған.7,8,9,10 қабырғалардың ұштары өзара жалғасып,қабырғаның доғасын - arcus sterni costae құрайды.Өзге қабырғаларға қарағанда 1,2,11,12- қабырғалардың құрылыстарында ерекшеліктер байқалады.
Алғашқы қабырға - costae prima жалпақ және қысқа болып келген.Жоғарғы беті бұдырлау,төменгі беті тегістеу келген.Сонымен қатар бірінші қабырғаның басы,төмпешігі,мойыны жақсы дамыған. Қабырға басының буын беті толық.қырқалары жоқ. Екінші қабырға - costae secunda бұдырлау келген сыртқы беті мен ойыстау келген ішкі беттері арқылы ажыратылады.Денесінің сыртқы бетінде алдыңғы тісшеленген бұлшықеттің - m.serratus anterior бұдыры айқын байқалады.
11-12 қабырғалардың ерекшелігі буын басы толық,қырқасы жоқ.Мойыны мен төмпешігі нашар жетілген.Сыртқы пішіні қылышты еске түсіреді.
7.Төс,жауырын,бұғана құрылысы.
Төс сүйегі-sternum кеуде торының алдыңғы қабырғасын құрауға қатысатын сыртқы пішіні қанжарға ұқсаған дара сүйек.Өзара бір-бірімен шеміршектік ткандар арқылы байланысқан үш бөліктен тұрады.
Төс тұтқасы-manibrium төс сүйегінің көп бөлігін алып жатады.Жоғарғы жағы қалыңдау,төменгі жағы жіңішкелеу болып келген.Жоғарғы жиегінде мойындырық тілігі-incisura jugularis,бүйір бөліктерінде бұғаналық тілігі- incisura clavicularis және қабырғалық тілігі-incisura costalis орналасқан.Тұтқасына қарағанда ұзынырақ болып келген төс сүйегінің денесі-sterni енсіздеу келген.Төс сүйегінің денесі мен тұтқасы байланысқан жерінде төс сүйегінің бұрышы-angulus sterni орналасқан.Төс сүйегінің денесінің бүйір қапталында қабарғалардың шеміршектік ұшы келіп бекитін төрт жұп толық,екі жұп жартылай қабырғалық тіліктер орналасқан.Пішіні қысқа және өзгермелі болып келетін үшінші бөлігі төс сүйегінің семсерлік ұшы - processus xiphoideus деп аталады.
Жауырын сүйегі-os scapula үшбұрыш тәрізді жұп жалпақ жұқалау келген сүйек.Оның үш қыры, үш бұрышы және екі жақ беті ажыратылады.
Жоғарғы қыры - margo superior жіңішкелеу келген.Оның бойында жауырынның жоғарғы тілігі- incisura scapulae superior орналасқан.Одан бойлай келіп жауырынның құстұмсық өсіндісіне-processus corocoudeus ұласады.Омыртқа бағанасына параллел бағытта орналасқан медиалді қыры- margo medialis ұзынырақ келген және оны адамның арқасынан айқын көруге болады.Қолтық қуысына қарай орналасқан латералді қыры-margo lateralis қалыңдау болып келген. Жоғарғы қыры мен медиалді қырының қосылған жерінде жауырынның жоғарғы бұрышы-angulus superior орналасқан.Медиалді қырымен латералді қырының байланыстырып тұратын төменгі бұрышы-angulus inferior доғалдау болып омыртқа бағанасына қарап орналасқан.Медиалды қыры мен латералды қырының қосылған жерінде жауырын мойыны-collum scapulae арқылы шектелген басқа бұрыштардан үлкенірек болып келен латералді бұрышы-angulus lateralis орналасқан.Оның басында тоқпан жіліктің басымен беттесіп буын құрайтын буындық ойысы-cavitas glenoidalis болады. Оның жоғарғы жағында буын ойыстық төмпешігі- tuberculum supraglenoidalis орналақан.Жауырынның ішкі қабырғалық беті-facies costalis және артқы немесе дорсалды беті-facies dorsalis ажыратылады.Қабырғалық бетінде жауырын астылық ойыс-fossa subcostalis пен бұлшықеттің сызықшалары-linea muscularis байқалады.Артқы беті дөңестеу келген. Онда латералды бағытта орналасқан жауырын қылқаны-spina scapulae кездеседі және оның басы бұғанамен беттесіп буын құрайтын акриомиалді өсіндігіге-acriomion ұласады.Жауырын қылқаны жауырынның артқы бетін шағын келген жоғарғы қылқанүстілік ойысқа-fossa supraspinata және көлемділеу келген қылқанүстілік төменгі ойысқа-fossa infraspinata бөліп тұрады.
Бұғана сүйегі латынша атауы os clavicula сыртқы пішіні латынның s әрпіне ұқсас келген.Бұғана сүйегінің жоғарғы беті тегістеу,төменгі беті бұдырлау келген денесі-corpus claviculae және екі ұшы ажыратылады.Бұғананың төстік ұшы - extremitas sternalis қомақтылау келген.Оның қызметі төс сүйегімен беттісіп төс бұғана буынын құрау.Ал бұғананың акромиальді ұшы- extremitas acromialis төстік ұшына қарағанда тегістеу және жалпақтау келген.Акромиальді ұшында жауырынның акромиальді өсіндісімен беттесетін буын беті-facies articularis acromialis және төменде конус тәрізді байламның төмпешігі- tuberculum conoideum орналасқан.
8.Тоқпан жілік:құрылысы.
Тоқпан жілік яғни латынша атауы humerus - ең ұзын қол сүйегі және де түтік тәрізді болып келген.Қолдың еркін орналасқан сүйектер қатарына жатады.Бұл сүйек проксимальды,дистальды,денесінен немесе эпифизінен тұрады.Ал енді құрылысына келер болсақ яғни бірінші ол денесі латынша атауы corpus humeri ол жоғарғы және төменгі бөліктен тұрады.жоғарғысы жұмыр ал төменгісі үш қырлы,төменгі бөлігінде медиальды,латеральды қырлары бар.Проксимальды эпифизінде:медиальды бағытталған шарға ұқсас басы бар яғни coput humeri,бас жиегінде анатомиялық мойыны - collum anatomicum және денесінің өтер жерінде хирургиялық мойыны-collum chirurgicum орналасқан.Алдыңғы беті үлкен және кіші төмпешіктерден тұрады яғни tuberculum majus et minus,сонымен қатар төмпешік аралық жүлгесі - sulcus intertubercularis болады және денесінде дельта секілді бұдыры - tuberositas deltoidea бар.
Дистальді эпифизінде:жілік айдаршығы condylus humeri,айдаршықтың бүйір беттерінде латеральді және медиадьды үстіңгі айдаршықтар яғни epicondylus medials et lateralis,орналасатын айдарша басы яғни capitulum humeri,және шығыр секілді буын беті trochlea humeri-ден тұрады.
9.Білек сүйектері:құрылысы
Білек сүйектері яғни латынша атауы ossa antebrachia - сыртынан қарасаң түтік сияқты.Шынтақ және кәрі жілік жатады.
Шынтақ жілік яғни os ulna - шынтақтап жату сөзіне байланысты аталған.Шынтақ жілік денесінен,проксимальды және дистальды ұшатарынан тұрады.Денесінде үш қыры және үш беті ажыратылады.Олар:алдыңғы,артқы ,сүйек аралық қырларымен алдыңғы,медиалді,фртқы беттері.Проксимальды эпифизінде-epiphysis proximalis: Алдыңғы тәждік өсінді яғни processus coroneideus және де артқы шынтақ өсіндісі olecronon орналасқан. және осы өсінділердің арасында шығыр секілді буын ойығы incisura trochliars болады.Дистальді эпифизі-epiphysis distalis :жұмырланып келіп шынтақ сүйегінің басын яғни coput ulna түзеді.Жілік басының медиальды жиегінен төмен қарай біз секілді өсінді яғни processus stylоideus шығады.
Кәрі жілік яғни латынша атауы os radialis - шынтақ сүйектің латералді қапталында орналасқан.Бұл сүйекте басқа сүйектер секілді проксималды және дистальді болып ажыратылған.Проксимальды эпифизінде- epiphysis proximalis сақина секілді басы яғни caput radi,мойыны collum radi болады.Сонымен қатар кәрі жілік бұдыры-tuberositas radii орналасқан.Дисталды эпифизінд epiphysis distalis е- білезіік сүйектерімен байланысып тұратын буын беті яғни facies articularis corpalis және де біз тәрізді өсінді-processus styloideus ,шынтақ сүйегімен байланысатын ойығы яғни insicura ulnaris болады.
10.Қол басы сүйектері:білезік,алақан,саусақ сүйектері.
Қол басы сүйектері яғни латынша атауы ossa manus - білезік,алақан және саусақ сүйектерінен тұрады.
Білезік сүйектеріне келер болсақ ossa carpi - ол пішіндері әр түрлі 8 майда сүйектерден тұрады және де осы 8 майда сүйектер екі қатар орналасқан және қысқа кемекті сүйектен тұрады.Білезік сүйектерді бір-бірімен байланыстырып тұратын буындық беттері бар.Бұларда проксимальды және дистальды қатар бойымен орналасады.Проксимальды қатарда:қайықша- scaphoideum,жарты ай,бұршақ-pisiforme секілді сүйектер орналасасса,ал дистальды қатарында: трапеция-trapezium,трапеция секілді-trapezoideum,ілмекті-hamati және басты-capitatum және бұршақ-pisiforme сияқты сүйектер орналасқан.
Алақан сүйектері яғни латынша ossa metacarpalia - қысқы сүйектер сонымен қатар ұзындығы бас бармақ жағынан шынашаққа қарай қысқара келе орналасқан сүйектерден құралған.Осы алақан сүйегінің барлығының негізі(basis) денесі(corpus) және де басқа сүйектермен байланыстырып тұратын басы(caput) болады.
Ал келесі Саусақ сүйектері яғни ossa digitorum phalangis - басбармақ проксимальды,дисталды қатарынан тұрады.Ал 2-4 саусақтардың бунақтары үш қатарлы - проксимальды,аралық және де дисталды бунақтарынан тұрады.Әр бунақтың негізгі денесі(basis) және басы (caput)болады.
11.Жамбас сүйектері.Жамбас тұтас.Жыныстық және жас шамалық ерекшеліктері.Әйел жамбасының өлшемдері.
Жамбас сүйек үш сүйектің қосылуы нәтижесінде пайда болған жарпақ сүйек.Латынша атауы os coxae.Адам 16-17 жасқа келгенде жамбас сүйегін құраушы сүйектер арасындағы шеміршектік ткандар сүйектік ткандарға айналып өз алдына дербес жамбас сүйегін құрайды.
Жамбас сүйегін құраушы сүйектер:
Мықын сүйегі- os ilium жамбас сүйектерінің ішіндегі қомақтылау келген.Оның денесі жамбас ойғының жағарғы қабырғасын құрауға қатысады.Мықын сүйегінің желпуіш тәрізді қанаты-ala ossis iliaca,қанатының жоғарғы жиегінде қырқасы-crista iliaca болады.Қырқа ішкі ернімен labium enterna - және сыртқы ернімен-labium externa толықтырылған.Қырқаның алдыңғы жағында айқын байқалатын бірнеше қылқаны болады.Олар:алдыңғы-жоғарғы қылқаны-spina iliaca anterior superior,алдыңғы-төменгі қылқаны - spina iliaca anterior inferior және артқы жағында артқы жоғарғы қылқаны-spina iliaca posterior superior ,артқы - төменгі қылқаны - spina iliaca posterior inferior орналасқан.Мықын сүйегінің екі беті: сырты бөкселік беті-facies glutea.және ішкі беті ажыратылады.
Шонданай сүйегі-латынша os ischii денесі мен бұрыш құрап орналасқан тармақтарынан тұрады. Шонданай сүйектің денесі-corpus ischii қылқаны-spina ischiadica мен қылқанның жоғарғы жағында орналасқан үлкен тілігі-incisura ischiadica major мен кіші тілігінен- incisura ischiadica minor тұрады.Шонданай сүйектің бұтағы шат сүйегінің бұтағымен қосылып жапқыш тесікті-foramen obturatum құрайды.
Шат сүйегі яғни - os pubis құрылысы денесі-corpus ossis pubis мен жоғарғы және төменгі тармақтарынан тұрады.Осы сүйектер біріггіп жамбас сүйегінің ұршық ойығын-fossa acetabuli түзеді. Ойықтың жоғарғы қабырғасы мықын сүйегінен,алдыңғы қабырғасы шат сүйегінен,төменгі қабырғасы шонданай сүйегінен түзіледі.Ойықтың ішінде жарты ай тәрізді буын беті-fossa lunata және ұршық ойығының тілігі-incisura acetabuli болады.Ұршық ойығын буын ерні-limbus acetabuli толықтырып тұрады.
Жамбас,сегізкөз сүйегі,құйымшақ омыртқалары қосылып жамбас астауын-cavitas pelvis құрайды.Ол үлкен жамбас астауына - cavitas pelvis majorжән е кіші жамбас астауына-cavitas pelvis minor бөлінеді.Олар бір-бірінен шекаралық сызық-linea terminalis арқылы шектелген.Жамбас қуысының пішіні оның ішкі қапталында орналасқан асқорыту жіне жыныс мүшелеріне байланысты.Әйел босандыруда жамбас қуысының көлемін , ұзындығын білу маңызды болып саналады.Жамбастың сыртқы көрінісі әйелдерде жазық және қысқалау, ал ерлерде биік болып келеді.Сегізкөз сүйегі әйедерде қысқа және жазық болып келсе, ерлерде ұзын және енсіз болады. Әйелдерде жамбас қуысының пішіні цилиндр тәрізді, еркектерде ойын картасына сызылған жүрек тәрізді орналасқан.
Әйел жамбасының өлшемдері
Қылқан аралық қашықтық-23-25см
Қырқа аралық қашықтық 25-27см
Ортан жіліктің ұршық аралық қашықтығы 28-29см
12.Еркін аяқ сүйектері:ортан жілік құрылысы
Ортан жілік-os femur адам организміндегі ең ұзын сүйек болып табылады. Ол да басқа түтікті сүйектер тәрізді денесінен,проксимальді және дистальді ұшынан тұрады.Цилиндр тәрізді ораласқан ортан жіліктің денесінің-corpus femoris - артқы бетінде сан бұлшықеттері бекитін бұдырлы сызығы-linea asperaорналасқан.Ортан жіліктің проксимальді эпифизінде-epiphysis proximalis жамбас ұршығына кіріп тұратын басы -caput femoris және басын денесінен бөліп тұратын мойыны - collum ossis femoris орналасқан.Ортан жіліктің басында шұңқыршасы-fovea capitis ossis femoris болды.Ол байламдар бекитін жер болып саналады.Ортан жіліктің мойыны әйелдермен ерлерде орналасуында айырмашылық бар.Әйелдерде денесімен тік бұрыш жасай орналасса, ерлерде доғал бұрыш жасап орналасқан.Сонымен қатар ортан жіліктің проксимальді ұшында үлкен ұршығы- trochanter major және кіші ұршығы - trochanter minor орналасқан.Олардың ортасында ұршық аралық сызықша- linea intertrochanter болады.Ортан жіліктің дистальді ұшында - epiphysis distalis қос айдаршығы орын тепкен.Олар үлкенірек болып келген медиалді айдаршық - condylus medialis және латералді айдаршықтары-condylus lateralis.Айдаршықтардың үстінде бұлшықеттер бекитін латеральдіайдаршықүстілік- epicondylus lateralis және медиалді айдаршықүстілік - epicondylus medialis орналасқан.Алдыңғы бетінде екі айдарықтың ортасында айдаршықаралық шұңқырша-fossa intercondylaris, ал артқы жағында тақым бетімен - facies poplitea және айдаршықаралық сызықша-linea intercondylaris болады.Айдаршықтардың алдыңғы беті тізе тобығының буын бетіне ұласады.
13.Сирақ сүйектері: асықты жілік, кіші жіліншік сүйектері.
Сирақ сүйектері (ossis cruris) топографиялық орналасуына байланысты 2 топқа бөлінеді:
1.Асықты жілік (os tibia)
2. Кіші жіліншік (os fibulae)
1.Асықты жілік (os tibia) -ұзын түтік тәрізді,оның қырлы келген жерін -денесі,ал екі шетін ұшы дейді. Асықты жіліктің денесін, проксимальді және дистальді бөлігі ажыратады.
Асықты жілік денесі 3 қырлы болып келеді,сондықтан асықты жіліктің 3 қыры ажыратылады.Олар:1.Алдыңғы қыры(margo anterior) сүйірленіп келген.
2.Медиалды қыры(margo medialis ) сәл дөңестеу болып келген.
3.Сүйек аралық қыры(medialis et interosseus).
Және 3 беті: 1.медиалды(facies medialis)
2.артқы(facies posterior)
3.латералды(facies lateralis) ажыратылады.
Проксимальды эпифизінде (epyphysis proximalis): ортан жілікпен қосатын медиалды (condulus medialis) және латералды айдаршықтары (condulus lateralis) орналасқан.Және жоғарғы буындық беті (facies articularis superior) бар. Жоғарғы буындық беті медиалды және латералды айдаршықаралық төмпешіктер(tuberculum intercondularis lateralis et medialis) мен(area intercondularis anterior et posterior )және айдаршықаралық төмпешік(eminenta intercondularis ) бөліп жатады.Жіліктің алдыңғы бетінде төмен қарай өткір қыры созылып жатады,ал артқы бетінде кіші жіліншік сүйек басымен буындасатын кіші жіліншік буындық беті(facies articularis fibularis)орналасқан.Төменгі бөлігі төртбұрышты болып келеді,ол аяқ басымен байланысып жатады.Асықты жіліктің сырт жағында шыбық сүйектің байланысатын буын ойындысы болады.Асықты жілік денесінің (corpus tibiae)алдыңғы бетінде санның төрт басты бұлшықетінің сіңірі бекитін асықты жілік төмпесі (tuberositas tibiae)орналасқан.
Дисталды эпифизінде (epyphysis distalis):4 қырлы болып келеді.Медиалды бөлігінде медиалды толарсақ(malleolaris medialis),латералды бөлігінде кіші жіліншік тілігі(incisura fibularis) және артқы бетінде қайықшалық жүлге(sulcus malleolaris) орналасқан.Ал эпифиздің төменгі беті төменгі буындық бетінде(facies articularis inferior,)сонымен қатар асық сүйекпен байланысатын буындық(facies articularis malleolii medialis)бетіне ұласып жатады.
2. Кіші жіліншік (os fibulae) - ұзындау және жіңішкелеу келген. Кіші жіліншіктің денесін, проксимальді және дистальді бөлігі ажыратады.
Асықты жілік шыбығының денесі(corpus fibulae) үш қыры болады.
1. Алдыңғы қыры(margo anterior)
2. Медиальді қыры(margo medialis)
3. Артқы қыры(margo posterior)
Денесінің 3 беті:1 .Латеральдық беті(facies lareralis)⁸
2. Медиальдық беті(facies medialis)
3. Артқы беті( facies posterior)
Кіші жіліншік сүйегі денесінде 3 жиегі бар:алдыңғы,артқы және сүйек аралық.Кіші жіліншіктің бас бөлімінің ішкі бөлімінде асықты жілікпен байланыстыратын кіші жіліншіктің бас бөлімінің буындық беті(facies articularis capitis fibulae) ал латералды толарсақтың ішкі бөлімінде тегіс латералды толарсақтың буындық беті(facies articularis malleoli lateralis) бар.
14.Аяқ басы сүйектері: тілерсек, бақай, бақайшақ сүйектері.
Аяқ басының сүйектері(ossa pedis) 3 топқа бөлінеді:
1. Тілерсек сүйектер(ossa tarsus)
2.Табан сүйектер( ossa metatarsus)
3. Башпай бақайшақтарнан ( ossa digitorum phalanges)
Тілерсек сүйектері (ossa tarsi) пішіні әртүрлі 5 сүйектен:
1.Асықты сүйектен(os talus)
2.Өкше сүйегінен(oscalcaneus)
3.Қайықша тәрізді сүйектерден(os navcultaris)
4.Текше тәрізді сүйектен ( oscuboideum)
5.Үш сына тәрізді сүйектерден(ossa cuneiformia) тұрады.
1.Асықты сүйек(os talus)- орналасуына және сыртқы пішініне қарай 3 ке бөлінеді: 1.Денесінен(corpus tali)
2. Басынан( caput tali)
3.Мойнынан( collium tali)
Денесінен(corpus tali) бірнеше буын құрайтын буын беттері болады. Денесінің жоғарғы бетінде және шығыңқысының шығыры( trochlea tali)3 буын беттері орналасқан.
1.Жоғарғы шығыршық беті( facies superiortrochleae)
Асықты жіліктің төменгі буын беті(facies articularis inferior)
2. Медиальды қайықш алық буын беті( faciesmalleolaris medialis)
Латеральды қайықш алық буын беті( facies malleolaris lateralis)
3. Асықты сүйектің латеральды өсіндісі(prossesus lateralis tali)
Асықты сүйек денесінің жоғарғы жағында сирақ сүйектерімен буындасуға арналған шығыршық (trochlea tali)орналасқан.
Асықты сүйектің төменгі бетінде, өкше сүйегінің жоғарғы буын бетімен беттесіп буын құрайтын :
1.Өкшелік алдыңғы буын бетін(facies articularis navicularis anterior)
2.Өкшелік ортаңғы буын бетінен(facies articulariscalcanea media)
3.Өкшелік артқы буын бетінен(facies articularis calcanea posterior) тұрады.
Аралық өкшелік буын бетінің аралығында терең жүлге болады.Ол асықты сүйектің жүлгесі( sulcus tali) деп аталады.
2.Өкше сүйегі(oscalcaneus)- тілерсек сүйектердің ішіндегі ең ірі сүйек .Асықты сүйектің төменгі артқы қапталында орналасқан. Өкше сүйегі денесінің жоғарғы бетінде, 3 буындық беті бар.Олар:
1.Алдында асықты сүйектік буын беті( facies articularis talaris anterior)
2.Ортаңғы асықты сүйектік буын беті(facies articularis talaris media)
3.Артқы асықты сүйектік буын беті( facies articularis talaris media)
Артқы асықты сүйектік беті( facies articularis talaris posterius).
Артқы асықты сүйектік буын бетінің аралығында өкше сүйектік жүлге (sulcus calcanei) орналасқан.Өкше сүйегі арт жағынан бұдырлы төмпемен(tuber calcanei)аяқталады.Ал табан бөлігіне қарай 2 төмпешік processus lateralis және processus medialis tuberis calcanei түзеді.
3.Қайықша тәрізді сүйек(os navcultaris)- алдыңғы беті дөңестеу, артқы беті ойыстау болып келеді. Ол тілерсек сүйектің медиалді қапталында және алдыңғы бөлігінде үш сына сүйекпен ,артқы бөлігінде асық сүйекпен байланысқан.медиалды бөлігінде тері арқылы сүйекке оңай сипап сезілетін бұдырлы төмпешік(tuberositas ossis navicularis)шығып тұрады.
4.Текше тәрізді сүйек ( oscuboideum) -сыртқы пішіні текше тәрізді болғандықтан текше тәрізді сүйек деп аталынады.Латералды бөлікте орналасқан.Текше тәрізді сүйек IV және V табан сүйегі негізімен,артқы бөлігінде өкше сүйекпен,медиалды бөлігінде латералды сына сүйекпен байланысады.
5.Үш сына тәрізді сүйек(ossa cuneiformia) - сыртқы пішіні сынаға ұқсап келгендіктен сына тәрізді сүйек деп аталынады. Бұл сүйек алдында І-ІІІ табан сүйектері мен артында қайықша сүйегімен бетгесіп орналасқан. Топографиялық орналасуына қарай:
1. Медиальды сына төрізді сүйек(oscuneiforme mediale)
2. Аралық сына тәрізді сүйек( os cuneiforme intermedia)
3. Латеральды сына тәрізді сүйек(oscuneiforme lateralis)
Башпай бақайшақтары ( ossa digitorum phalanges)-бақай сүйектерінен құралған. Башпай бақайшақтары 1 табан сүйегі 2 бақайдан,ал қалған бөлігі 3 бақайдан тұрады.
Бақай сүйектерінің 3 бөлігі: 1.Проксималді(phalanx proximalis)
2.Ортаңғы (phalanx media)
3.Дисталды (phalanx distalis)ажыратылды.
Ал, башпай сүйектерінің: 1.Денесі(corpus phalangis)
2.Проксимальді эпифизінде негізі( basis phalangis)
3.Дистальді эпифизінің басы(caput phalangis) ажыратылады.
15.Ми сауытының дамуы. Жас шамалық, жыныстық және меншіктік ерекшеліктері.
Ми сауытының сүйекері (cavitas сrаnі)- мидың сауытын немесе қорабын құрайтын болғандықтан ми сауыты сүйектері деп аталады. Ми сауыты суйектеріне:маңдай, төбе, сына, самай, шүйде және тор сүйектері жатады.Ми сауытының дамуы жас щамалық,жыныстық және меншіктік ерекшеліктеріне қарай бөлінеді.
Ми сауыты дамуының жас шамалық ерекшеліктері
Ми сауыты самудың 3 негізгі кезеңдерінен өтеді.
Бірінші кезеңде 1 жaстaн 7 жaсқа дейін жaңa туғaн нәрeстeдe сүйeктeрдің қосылaтын жeрінде дәнeкeр ұлпaмен жaбылғaн 6 eңбeктeрінің (fonticuli) бітeлуімeн, eңбектердің жабылуымен сипатталады.Барлық еңбектерді екі топқа жіктейді:1.Жұп еңбектер
2.Тақ еңбектер
Жұп еңбектер бас сүйегінің жан- жағында қос-қостан орналасады.
1.Сына тәрізді еңбек. Ол маңдай, төбе, сына тәрізді және самай сүйектерінің арасында орналасқан. Туғанға дейін 2-3 айда бітелуі керек.
2.Еміздікше еңбек. Ол самай, төбе және шүйде сүйектерінің арасында орналасқан. Ол да туғанға дейін 2-3 айда бітелуі керек.
Тақ еңбектер:
1.Кіші немесе шүйде еңбегі екі төбе және шүйде сүйектерінің арасында орналасқан. Туғаннан кейін 2-3 ай аралығында бітелуі керек.
2.Үлкен немесе алдыңғы маңдай еңбегі ромб пішіндес маңдай және төбе сүйектерінің арасында орналасқан. Туғаннан кейін 2 жыл аралығында бітелуі керек. Сынатәрізді қойнау 3-4 жaста, торлысүйек қойнaуы 1 жаста, мaңдай - 1 жастың соңында пайда болады.
Екінші кезеңде 7 жастан жыныстық жетілуге дейін сүт тістердің тұрақты тістермен алмасуымен милық бөлімі жамылғысының қалыңдауымен сипатталады.
Үшінші кезеңде жыныстық жетілумен 20-25 жасқа дейін бас сүйектің бет бөлімі қарқынды өсуімен сипатталады.Кемел шақта 25-45 жасқа дейін, жіктердің сүйектенуі аяқталады.Ал 45 жастан кәрілікке дейін, беттің, сонан соң ми сауытының көлемінің кішіреюімен, тістердің азаюына байланысты жақтардың пішінінің өзгеруімен сипатталады. Бас қаңқасы кішірейеді, шайнау қызметі әлсірейді, бұлшықеттері кішірейіп, өзгереді
Ми сауыты дамуының жыныстық ерекшеліктері
Ми сауыты дамуының жыныстық ерекшеліктерінде үлкен айырмашылық болмайды,сол себептен оларды ажырату үшін біраз белгілерге мән беру қажет.Мысалы:
Негізгі ерекшелігі бас сүйегі айналымының көлемі әйелдерде -1300 м3, ерлерде-1450 м3.
Еркектердің бассүйегінде шүйде сүйегінің сыртқы төмпешігі жақсы дамыған және қырқалар,сызықтар,төмпелері жақсы айқындалған.Ал әйелдерде керісінше ,бассүйектің беті тегістеу болады да бұдырлары, төмпешіктері, сызықтары айқын болмайды.Әйелдердің төменгі жақ сүйегіне қарағанда,ерлердікі анағұрлым үлкен болады.Әйел сүйектеріне қарағанда,ерлер сүйектері қалың болып келеді.Әйел бас сүйегіндегі көз ұяның көлемі үлкен болса,ерлерде ауа өткізетін сүйектер қойнауларының көлемі үлкен болады.Қасүстілік доға әйелдерде айқын емес және маңдайы вертикалды бағытта орналасады.
Бас сүйегінің нәсілдік ерекшеліктері.
Бас сүйегінің нәсілдік ерекшеліктерінде үш түрін ажыратады:
1.Долихоцефальды бас сүйегі- бас сүйегі тар, ұзын ұзына бойлық білік бойынша. Ол Европалық нәсілге тән.
2.Брахицефальды бас сүйегі-қысқа бас сүйегі, бірақ жалпақ, ол бет доғалары мен бет сүйектерінің кең орналасуына байланысты. Ол монғол нәсіліне тән.
3.Мезоцефальды бас сүйегі-бірінші мен екіншінің арасында орталық орынды алады. Ол негроидтық нәсілге тән.
16.Бас сүйегі төбесінің сүйектері: маңдай, құрылысы.
Бас сүйек(cranium) тақ және жұп сүйектерден тұрады.Бассүйек атқаратын қызметіне қарай 2 топ сүйектерден тұрады.Олар:
1.Ми сауыты(neurocranium) сүйектері ми мен кейбір сезім ағзаларына қуыс түзеді.
2.(viscerocranium) сезім ағзалардың көп бөлігімен тыныс алу және асқорыту ағзаларының бастапқы бөлімдеріне қуыс түзеді.
Ми сауыты 8 сүйектен тұрады.Олардың екеуі жұп-төбе және самай,төртеуі тақ - маңдай,сына тәрізді ,шүйде және торлы сүйектер.
Маңдай сүйегі (os frontale)- бас сүйектің негізі мен күмбезін және көз шарасының және мұрын қуысының қабырғаларын құраушы тақ және күрделі сүйек болып табылады.
Маңдай сүйегі орналасуына,атқаратын қызметіне қарай қабыршақтық, жұп көз және тақ мұрын бөліктерінен құралады.
Қабыршақтық бөлігі (squama frontalis) маңдай сүйектің ең үлкен бөлімі болып табылады.Қабыршақтың сыртқы және ішкі бөлімдері ажыратылады.
Сыртқы беті(facies externa) дөңестеу және тегістеу болып келген, сыртқы бетінің ор-
талық бөлігінде метопикалық жіктер(sutura metatopica) cыртқы бетінің төменгі
бөлігі, көз үстілік бөлігіне(pars supraorbitalis)және екі жағында айқын байқалатын көз
шарасының жоғарғы жиегі (margo supraorbitalis) тұрады.Көз шарасының жоғарғы жиегінен жоғарырақ,доға тәрізді иіліп келген, қасүстілік доғалар( margo superciliaris) байқалады.Қасүстілік доғадан жоғарырақ жіктің бүйірінде маңдай төмпесі(tuber frontale), маңдай төмпесі мен қас үсті доғаның аралығында кеңсірік үсті жазықтық (glabella) орналасқан. Қабыршақтық бөліктің сыртқы беті көз ұялық бөліктен жұп көз ұяның
жоғарғы жиегі (margo supraorbitalis)бөлінген, оның ортасында тұрақсыз көз шарасының жоғарғы тілігі ( incisura supraorbitalis )түзіледі.Одан ішке қарай маңдайлық тілік(( incisura frontalis) орналасқан.Маңдай сүйектің төменгі бөлімдері латеральды бағытта сүйірленіп, бет сүйектік есіндіге(processus zygomaticus)ұласады. Ол бет сүйектің маңдайлық өсіндісімен бірігеді.Бетсүйектік өсіндінің сырт жағында жоғары жэне латеральды бағытта самайлық сызық( lineae temporalis), айқын орналасып , маңдай сүйегінің
қабыр шақтық бөлігінің сыртқы бетін, самайлық бетінен( facies temporalis) бөліп тұрады..
Ал, қабыршақтық бөліктің ішкі бетінде( facies interna) маңдай cүйектік қыры(crista frontalis), ол өрлеме бағытта сагитальды қойнаудың жүлгесіне( sulcus sinus sagitalis superioris) өтеді. Маңдай қырқасының бастамасында таяз орналасқан соқыр тесігі( foramen cecum) бар. Жоғарғы сагитальды қойнаудың жүлгесінің жан-жағында мидағы торлы қабықтың гравитациялық шұңқыршалары(foveolae)болады.
Маңдай сүйегінің көз ұялық бөліктері (partes orbitales),бұрыс төртбұрышты сүйектік табақша.Оның 2 беті болады.Олар:1.Көз ұялық (төменгі)
2.Милық(жоғарғы)
Көз ұялық беті (facies orbitalis) ойыс және тегістеу болып келеді. Бұл беттің бүйір қапталында көз жасы безінің шұңқыры ( fossa lacrimalis), ал алдынан медиальды
шығыршықтық шұңқырша(fovea trochlaris)орналасқан.
Ал милық бетінде(facies cerebralis)мидың іздері :саусақтың ізі тәрізді батыңқылары(impressiones digitatae), мидың көтеріңкілері(juga cerebralis),
милық батыңқылар(impressions gyrorum ) анық көрінеді.
3. Маңдай сүйектің мүрындық бөлігі (pars nasalis)- көз ұялық бөліктер арасында орналасқан сүйек бөлімі.Мұрын бөлігінің алдында, төменнен алға қарай бағытталған мұрындық қылқан(spina nasalis) орналасқан. Мұрындық қылқанның алдында
бұдырлы мұрындық қыры( magro nasalis) орналасқан.
Мұрын бөлігінің артқы және төменгі бетінде маңдай сүйегінің екіжақтық қойнауы
(apertura sinus frontalis) орналасқан ол маңдай сүйектің қойнауының (sinus frontalis),
оң және солжақ жатрысына апарады.
17.сама сүйегі, құрылысы.
Шүйде сүйегі(os occipitale) - ми сауыты сүйегінің артқы қапталында орналасқан,сыртқы беті дөңестеу, ішкі беті ойыстау келген тақ сүйек.Шүйде сүйегі 4 бөліктен тұрады.Олар:
негізгі,жұп бүйір бөліктері және қабыршақтық бөлігі. Шүйде сүйегінің негізгі,жұп бүйір бөліктері және қабыршақтық бөліктері бірігіп, шүйде сүйегінің үлкен тесігін ( foramen magnum) құрайды.
1.Шүйде сүйегінің негізгі бөлігі (pars basilaris )қалыңдау,төрт бұрыш тәрізді болып келген. Денесінің бірнеше беттері ажыратылады:
1) Алдыңғы беті бұдырлау келген, ол 17-18 жасқа дейін сына сүйектің денесі мен шемір-
шектік тіндер арқылы(synchondrosis sphenooccipitalis) одан әрі сүйектік тіндер ар-
қылы байланысқан.
2) Артқы беті тегістеу,доға тәрізді иілген,шүйде сүйегінің үлкен тесігінің, foramen
magnum, алдыңғы қабырғасын құрауға катысады.
3) Жоғарғы беті,сына сүйектің бетімен бірлесіп, ылдиын(clivus) құрайды.
4) Төменгі бетінде жұтқыншақтық төмпешік(tuberculum рһаrungeum)орналасқан.
5) Бүйір бөлігінде самай сүйектің тастақ бөлігінің төменгі қойнауының жүлгесі ( sulcus sinus petrosa inferioris)орналасқан.
2. Шүйде сүйектің бүйір бөліктері(partes laterales), жұп бөлік.Негізгі бөлікті
қабықшалық бөлікпен байланыстырып, шүйде сүйегінің үлкен тесігін(foramen magnum) құрайды.Латеральды жиектерінде мойындырықтық тілік(incisura jugularis), оның жиегінде
мойындырық аралық өсінді (processus intrajugularis) орналасқан. Мойындырық тіліктің артында мойындырықтық өсінді ( processus jugularis) негізімен шекелген. Мойындырықтық өсіндінің артында сигма тәрізді қойнаудың (sulcus sinus sigmoidei)
жүлгесі ал алдында мойындырықтық төмпешік(tuberculum jugularis) ,ал төменгі бетінде шүйделік айдаршық (condylus ossipitalis)айқын байқалады. Айдаршықтың артқы қапталында айдаршық шұңқыры (fossa condylaris),оның түбінде айдаршық өзегі(canalis condularis) айқын көрінеді. Айдаршықтың терең қабатында, горизонтальді
бағытта, XII жұп тіласты ми жүйкесі өзекшесі( canalis hypoglossalis )орналасқан.
3.Шүйде сүйегінің қабыршақты бөлігі(parssguama occipitalis)сыртқы пішіні үш бұрыш
тәрізді болып келген.Cыртқы беті дөңестеу, бұдырлы шүйде сүйегінің үлкен тесігін ( foramen magnum) құрайтын қабыршақтық жалпақ табақша.
Қабыршақтық ламбда тәрізді жоғарғы жиегі (margo lambdoideus)төменде шүйде-емізік жиегі ( margo mastoideus) ажыратылады.Сыртқы бетінің орталық бөлігінде шүйде сүйегінің сыртқы шығыңқы ( protuberantia occipitalis externa) орналасқан.
Сонымен қатар, сыртқы шығыңқыдан шүйде сүйегінің үлкен тесігіне қарай бағытталған
сыртқы шүйделік қырқа ( crista occipitalis externa) орналасады. Осы қырқада
төменгі желкелік сызықша (lineae nucliae inferior) және ең жоғарғы сызықша(lineae nucliae suprema) орналасқан.
Қабыршақтық бөлігінің шүйде сүйегінің сыртқы шығыңқысы ( protuberantia occipitalis externa) крест тәрізді көтеріңкі (eriunentia crucifoxaiis) орналасқан.
Крест тәрізді көтеріңкінің орталық бөлігінде шүйде сүйегінің ішкі шығыңқысы(protuberantia occipitalis interna)бүйір қапталында көлденең қойнаудың жүлгесі
(sulcus sinus transversus) орналасқан. Шүйде сүйегінің ішкі шығыңқысы жоғарғы бөлігінен жоғарғы сагитальды қойнауға(sinus sagitalis superior) ,төменде шүйде сүйегінің ішкі қырқасын(crista occipitalisinterna)сол жағынан көлденең қойнаудың жүлгесіне(sulcus sinus transversus) ұласып жатады.
18.Төбе сүйегі, құрылысы.
Төбе сүйек(os parietale) бас сүйек қақпағының жоғарғы бүйір қабырғасын құрайтын төртбұрышты жұп қабыршақты сүйек.Төбе сүйектің пішіні төртбұрышты жалпақ болғандықтан 2 беті,4 қыры,4 және тісшеленген 3 қыры,1 қабыршақтық қыры ажыратылады.
Қырлары:
1.Алдыңғы маңдайлық қыр (margo frontales),тәждік жік қыр (suturs coronalis)арқылы маңдай сүйекке жалғасады.
2.Артқы шүйделік қыры(margo occipitalis),тісшеленіп ламбда атты жік арқылы(sutura lamboidea)шүйде сүйегімен шектелген.
3.Сагиталды қыры(margo sagitalis),сагитальды жік арқылы (sutura sagitalis) 2 жақтық бөлігі өзара шектелген.
4.Самайлық қыры(margo sqamosa),қабыршақтық жік арқылы самай сүйектің қабыршақтық бөлігімен байланысқан.
Бұрыштары:
1.Маңдайлық бұрышы (angulus frontalis) тік бұрышты,төбе сүйектің маңдайлық қыры мен сагиталды қырдың түйіскен жерінде орналасады.
2.Сына сүйектің бұрыштары(angulus sphenoidalis)үшкір,төбе сүйектің маңдайлық қыры мен қабыршақтық қырымен түйіскен жерінде орналасады
3.Шүйделік бұрыш(angulus occipitalis)тік бұрышты ,сагиталды қыр мен шүйделік қыр түйіскен жерінде орналасады.
4.Еміздіктік бұрыш(angulus mastoideus)жазық, төбе сүйектің қабыршақтық қыры мен шүйделік қырының түйіскен жерінде орналасады.
Төбе сүйек беттері:
1.Сыртқы беті -тегіс ,дөңес.Орталық бөлігінде төбе сүйектің төмпесі (tuber parietale),төмпеден төменірек жоғарғы ,төменгі самайлық сызықшалар(linea temporalis superior et inferior)орналасқан.
2.Ішкі беті-бұдырлау келген.Мұнда: мидың немесе саусақтың батыңқылары(impressiones digitatae) , мидың көтеріңкілері(juga cerebralia) қантамырлардың жүлгелері(sulci arteriosi), сагиталды жиегінің бойында жоғарғы сагитальды қойнаудың жүлгелері(sulcus sinus sagitalis superior),ал еміздіктік бұрышының маңында сигма тәрізді қойнаудың жүлгесі (sulcus sigmoidei)орналасқан.
19.Самай сүйегі, құрылысы
Самай сүйек(os temporale) күрделі жұп сүйек .
Самай сүйегі, топографиялық орналасуына және атқаратын қызметіне байланысты:
1.Қабыршақтық (pars sguamosa)
2.Дабылдық( pars tympanica)
3.Пирамида тәрізді ( pars pyramidis seu parspetrosa) бөліктерге бөлінеді.
1. Самай сүйектің қабыршақтық бөлігі(pars sguamosa) сыртқы пішіні жалпақ, вертикалды орналасқан табақша.Қабыршақтық бөліктің сыртқы және ішкі ми
сауытына қараған беті ажыратылады.
1) Қабыршақтық бөліктің сыртқы, самайлық беті (facies temporalis) тегістеу және дөңестеу келген. Бұл бетінің артқы бөлігінде:орталық самайлық артерияның жүлгесі(sulcus
arteriae temporalis media, төменірек доға тәрізді иілген төменгі самайлық сызықша(lineae temporalis infenior) орналасқан.Самайлық щұңқырдың төменгі жағында бетсүйектік өсінді (processus zygomaticus) орналасқан.Төменгі жақтық ойыстың алдында буындық төмпешік( tuberculum articulare) және буын арты төмпешігі( tuberculum retroarticulare)орналасқан.
Қабыршақтық бөліктің ішкі беті(facies cerebralis), ойыстау және бұдырлы келген. Бұл бетте: саусақтық батыңқылары және ортаңғы менингеалды артерия жүлгесі( sulcus arteriae meningae media)бар.Және қабықшалы бөліктің екі жиегі бар.Олар:
1) Cына сүйегімен шектесетін жиегі(margo sphenoidalis)
2) Төбе сүйегімен шектесетін жиегі( margo parietalis)
2. Самай сүйектің пирамидa немесе тасты бөлігі ( pars pyramidis seu parspetrosa)пішіні үш жақты пирамида түрінде ,латеральды бағытта орналасқан.
Оның 3 беті болады:1.Алдыңғы беті(facies anterior partis petrosae)
2.Артқы беті(facies posterior partis petrosae)
3.Төменгі беті(facies inferior partis petrosae)
1.Пирамиданың алдыңы беті( facies anterior) орталық белігінде доға тәрізді көтеріңкі(eminentia arcuata) орналасқан.Және үлкен және кіші тастық жүйкелердің жүлгелері (sulcus petrosus majoris etsulcus petrosus minoris)бар.
Доға тәрізді көтеріңкі мен тасқабықшалы саңылаудың аралығында дабыл қуысының қақпагы(legmen tуmраnі)орналасқан.Пирамиданыц алдыңғы бетінің ұшына таман
Үшкіл жүйке түтігінің түйінінің батыңқысы(impressio trigemini) байқалады.
2) Пирамиданың артқы беті (facies posterior) орталық бөлігінде ішкі есту тесігі(porus
acusticus internus) оның жолы(meatus acusticus internus) орналасқан. Бұл тесіктің артында
доға астылық шұңқырша(fossa subarcuata) орналасқан. Осы шұңқырдың түбінде
су құбырының сыртқы тесігі(apertura externa agueductus vestibuli) орналас-
қан.
3) Пирамиданың төменгі беті(facies inferior) бұдырлы болып келген.
Мұнда,мойындырықтық шұңқыр( fossa jugularis) орналасқан.Оның қабырғасын
мойындырық тілік (incisura jugularis) құрайды. Мойындырық тіліктің аралығында, аралық мойындырықтық өсінді(processus interjugularis)айқын көрінеді. Мойындырық шұңқырдың (fossa jugularis)алдында, ішкі ұйқы артерия өзекшесінің(canalis caroticus) сыртқы тесігі(foramen caroticum externum)орналасады.
Және 3 жиегі болады:1.Жоғарғы(margo superior partis petrosae)
2.Артқы (margo posterior partis petrosae)
3.Алдыңғы(margo anterior partis petrosae)
1. Тастақ бөліктің жоғарғы жиегі ( margo superior partis petrosae) тастақ қойнаудың
жүлгесі(sulcus sinus petrosus superior) орналасқан.Және ол мишық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz