Ақшаға сұраныс. Ақша нарығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Лекция 6
Ақшаға сұраныс. Ақша нарығы
Дәрісте қарастырылатын сұрақтар:
1. Ақшалай агрегаттар.
2. Ақшаға сұраныстың классикалық және кейнстің теориялары. Баумоль-Тобин моделі.
3.Ақшаның сандық теориясының теңдеуі. Фишер теңдеуі
4. Ақша айналымының жыддамдығы
5.Нақты және атаулы пайыз мөлшерлемелері
6. Ақша ұсынысының моделі
7. Ақша мультипликаторы

Дәрістің мақсаты: ақша нарығын талдау және түсіндіру
Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір пропорциялардың болуын қалацды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға дегн сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.
Ақшаға сұраныс шаруашылық агенттерінің сақтап жүрген ақша қаржыларының мөлшерімен анықталады. Шын мәнінде ол ақша қорына немесе қалған номиналды ақшаға деген сұраныс. Ақшаға сұранысты теориялық талдау мен рыноктағы теңдік жағдайларын зерделеу бұл мәселелерде екі негізгі экономикалық мекткптің монетарлық және кейнстік макроэкономикалық үлгілердің пайда болғанан көрсетеді.
Ақша деген монетарлық теориясы неоклассикалық дәстүрлерге сүйеніп, 18 ғасырда пайда болды. Бұл теория экономика ғылымында үстіміздегі ғасырдың 30-40-жылдарына дейін үстемдік жүргізген ақшаның сандық теориясының ұсынастырын басшылыққа алды. Бұл мектептің негізгі идеяларын ұсынғандар ағылшын ғалымдары Д. Юм, Дж. Милль, А. Маршал, А. Пигу, К. Виксель, Д. Патанкин, американ ғалымы И. Фишер, шведтік Г. Кассель мен Б. Хансен. Қазіргі монетаризм сандық теорияның жаңа варианты ретінде Чикаго мектебі ғалымдарының 50-60 жылдардағы еңбектерінен көрінеді. (М. Фридмен, К. Брунчер, А. Х. мельтцер).
Монетаристер экономиканы даиытуда ақшаның рөліне үлкен мән берді. Рыноктық шаруашылықтың циклдық өзгеруін түсіндіруде де ақша массасының маңызы бар деп есептейді. Монетаристердің ұраны - ақшаның маңызы бар (moneg matters) ал көбі тек ақшаның ғана маңызы зор деп ойлайды (money is all that matters). Кейінірек қазіргі монетвристер өкілдері жасаған ақшаға сұраныс теориясының негізгі ерекшеліктерін қарастырамыз. Кейнсиандық және монетарлық тәсілдердің айырмашылықтарын жақсы білу үшін, алдымен неоклассикалық вариандық сандық теориясына талдау жасайық. Сандық теорияның негізгі пастулаты (жорамалы) мынала: бағаның абсолютті деңгейі номиналды ақша қалдығының ұсынысымен анықталады. Басқаша айтқанда, ақшаны көп ұсынған сайын, бағаның деңгейі жоғары және керісінше болады. Мұндай тәуелділік белгілі кембридж теңдігі деп аталады. Кембридж мектебінің өкілдері ағылшын ғалымдары А. Маршалл, А. Пиггу, Д. Робертен бұл теңдікті былай қисындайды:
M-S = KPY
Мұнда М-s - ақшаның номиналды саны: к - номиналды табыс пен қажетті ақша қалдықтары (шаруашылық істің құрылымында тұрақты болуы) арасындағы пропорция P- бғаның абсолютті деңгейі, Y - нақты табыс.
Егер K мен Y - өзгермейтін тұрақты мөлшер деп есептесек, онда ақшаның номиналды санының өзгеруі M-S бағаның абсолютті деңгейінің өзгеруі әкеледі деген қорытынды жасауға болады.
Американ профессоры И. Фишер өзінің Ақшаның сатып алу күші (1991) деген кітабында сандық теорияға негізделген тағы бір теңдікті есептеп шығарады: M-SV=PY дағы V - ақша айналымының жылдамдығы. Осындай жылдамдықпен номиналды қордың бір өлшемі айналымда қозғалыс жасайды.
Теңдіктің екі бөлігін V-ге бөлсек, мына формуланы аламыз: Демек, V мөлшері кембридж формуласындағы k мөлшеріне кері әсері бар. Бұл қисын былай түсіндіріледі: егер индивидтер аз ақша қалдықтарына сақтаса (k-төмен) онда сондай көлемде тауар өткізу үшін ақша айналымының жылдамдығын арттыру керек (V жоғары).
Ақшаға сұраныстың неоклассикалық теорися математикалық тұрғыдан үш теңдік жүйесінен тұрады, олар кембридж теңдемесімен тығыз байланыста (толығырақ қараңыз: Харрис Л. Денежная теория. М., 1990; 137-бет). Біріншіден, бұл теңдеу номиналды ақша қалдығына сұранысты суреттейді:
M2 = KPY
Екіншіден, бұл теңдеу ақшаның ұсыну қызметін сипаттайды: MS = M-S
Үшіншіден, бұл теңдеу нарықтағы теңдіктің жағдайларын көрсетеді: MS = MД яғни ақшаға деген жоспарлы сұраныс оның рыноктағы тепе-теңдігін сақтайтындай жоспарланған ұысынысына сәйкес болуы қажет.
Демек, ноеклассиктердің түсінігінде ақша рыногының макроэкономикалық үлгісі мынаған негізделген: ақшаға деген жиынтық сұраныс ақшалай табыс дәрежесінің қызметі (PY), ал ақшаны ұсыну экзогенді тұрақты мөлшер, яғни ақшаға сұраныстан тыс бөлек тағайындалады.

Оқытуға арналған материалдар: Көшімова, М.Ә. Макроэкономика.Алматы, 2014, 73 -87 беттер
Тақырып бойынша СӨЖ тапсырмасы:

Тақырып Монетарлық саясат
Дәрісте қарастырылатын сұрақтар:
1. Монетарлық саясаттың мақсаттары мен құралддары
2. Ақша-несие саясатының трансмиссиялық механизмі
3.Монетарлық саясаттың экономикаға тигізетін ықпалы
4. Милтон Фридманнің Ақша ережесі

Дәрістің мақсаты: монетарлық саясаттың құралдары мен оның экономикаға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Процент мөлшерлемесі
Ақшаға сұраныс
Ақшаға сұраныстың түсінігі және сандық теория
Игіліктер және ақша нарықтарындағы тепе-теңдік туралы
Ақша нарығы
Ақша нарығындағы тепе-теңдік
Қ.Р. қаржы нарығын талдау
Жиынтық сұраныс қисығы
Мароэкономика
Ақша нарығы жүйесі
Пәндер