Өткір радиация. Сәуле ауруы


ЖОСПАР
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Өткір радиация (орыс. Проникающая радиация ) - ядролық жарылыс кезінде тарайтын радиоактивті сәулелер (гаммасәулелер мен нейтрондар) . Ядролық жарьшыс кезінде пайда болып, лезде жанжаққа тарайтын, көзге көрінбейтін және адамдар сезінбейтін сәуле ағыны. Өткір радиацияға атом жарылысы энергиясының 10-15 пайызы кетеді. Өткір радиацияның әсері 10-15 секундқа созылады да, ол организм клеткаларын иондап, оған зиянды биологиялық әсерін тигізеді. Оның әсерінен тірі клеткалар кобею мүмкіншілігін жояды да, сәуле ауруына шалдығады. Аурудың дәрежесін радиоактивті сәулелендірудің молшері арқьшы біледі, оны рентген көрсетеді. Тротнлді эквиваленті 20 мың тонна ядролык бомба ашық жерде жарылғанда эпицентрден 600 м қашыктықта сәулелену дозасы 10 мың рентгенге, 1 км қашықтықта 1000 рентгенге, 1, 5 км қашықтықта 100 рентгенге жетеді. Әр түрлі заттардан (оның ішінде ауадан да) өткенде гамма-сәулелер мен нейтрондардың күші кемиді. Радиацияның әсері жабулы блиндаждардан, баспаналардан, тік ордан, үйлердің кабырғаларынан, кемелер мен танкілердің корпусынан өткенде азаяды. Бұлар сәулелерден де қорғайды. Жер астында немесе су астында жасалған ядролық жарылыстың әсерін жер қабаттары (немесе су) едәуір азайтады, қауіпсіздендіреді. Мыс., 10 см бетон, 14 см жер қабаты, қалыңдығы 25 см ағаш Өткір радиацияның күшін екі еседей кемітеді. Сондықтан да жарылыс кезінде арнаулы орындарга жасырынган адамдар бірдей кашықтыкта түрғанның өзінде радиацияның мөлшерін ашық жерде қалғандардан едәуір аз қабылдайды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Сәуле ауруы . Бұл иондаушы сәуле әсерінен организмнің зақымдануынан болатын аурудың ерекше түрі. Сәуле ауруы төрт дәрежеге бөлінеді: бірінші дәреже 200 «Р» дозасын алғанда пайда болады, екінші дәрежелі сәуле ауруы ағза 300-400 «Р» сәуле дозасын алса, үшінші дәрежелі ауру - 500-600 «Р» дозасында және төртінші, ең ауыр дәрежесі 600 «Р» дозасынан асқанда сәуле ауруына душар етеді. Сәуле ауруы дамуының төрт кезеңі бар.
ПатогенезіӨтпелі радиация клетка ішілік суды иондайды, сондықтан ол организмнің барлық тіндері мен ағзаларын қамтиды. Клетка ішіндегі құрылымдар зақымданады, хромосомдар мен ДНК жіптері үзіледі. Бұл тіндердің өмірін қысқартады.
Біріншіі кезең - алғашқы реакция кезеңі - алынған сәуле дозасына байланысты орталық нерв жүрек-қан тамыр жүйелерінің қызметтері өзгеруімен қатар, қан қүрамында уақытшаақ түйіршіктер көбейіп, СОЭ арта түседі. Өте көп иондаушы сәуленің дозасы шок туғызып, соның салдарынан адам есін жимай өліп кетуі мүмкін. Аурудың алғашқы белгісі 1-2 сағаттан соң байқалып 48 сағатқа дейін созылады. Содан соң екінші сәуле ауруы кезеңі басталады.
Екінші кезең - аурудың білінбейтін кезеңі - екі аптаға дейін созылады. Клиникалық көрініс азды-көпті жөнделіп қан құрамы қалпына келеді.
Үшінші кезең тұсында -- адамның жалпы жағдайы әлсірейді, қанталауы айқындалып, сүйек майының қан түзетін қызметі төмендейді. Ауру асқынғанда ішек-қарын жолы ағзаларының қызметі де ерекше зақымдалады: лоқсу, құсу жиіленеді. Ауыз қуыс кілегей қабығында желіну, жара және ісік пайда болады. Ішкі бездер қызметі тәмендеп, ағзаның реакция туғызу қабілеті нашарлайды. Жалпы әлсіздік басталып, инфекция ошақтарының белсенділігі артады.
Төртінші кезеңде - алынған сәуле дозасы онша көп болмаса, ағза айыға бастайды. Болмаса сырқаттың созылмалы түріне ауысады.
Клиникалық көрінісіКлиникалық көрінісі радиоактивті сәулелену мөлшеріне байланысты болады. Мөлшері 1-2 Гр (сәулелі аурудың жеңіл түрі) болғанда 3 сағаттан соң адам құсады, 6Гр болса 10-15 минуттан соң қайта-қайта құсады. Аурудың жеңіл түрінде терісі қызарып, склера тамырларына қан құйылады, аузы құрғайды. Бірнеше сағаттан соң науқастың жағдайы уақытша жақсарады. Сырқаттың 3-6-шы күні ауыз қуысында эритемалар пайда бола бастайды. Екінші - үшінші аптада некроздық баспа, тілдің ойық жарасы дамиды. Қанда лимфоцитопения байқалады. Мөлшері 4Гр сәулелену кезінде бір аптадан кейін шеткері қандағы лейкоциттер азаяды. Ауыр жағдайларда 8-ші тәулікте агранулоцитоз дамиды, себебі сүйек миы клеткалары зақымданады. Ретикулоциттер анықталмайды, ЭТЖ шапшаңдаған.
Агранулоцитоз кезінде инфекциялық асқынулар дамиды. Тромбоцитопения геморрагиялық синдром көріністеріне жетелеп алып келеді. Мөлшері 5-6Гр сәулелену шағында 3 аптадан соң ащы ішектің радиациялық зақымдануының белгілері(іш өту, іш кебуі, ауыруы) анықталады. Ішек теспесі перитонитке соқтыруы мүмкін. Созылмалы сәулелі ауру ұзақ уақыт ішінде біртіндеп қабылданған сәулеленудің немесе организмге радиоактивті изотоптың енуімен байланысты дамиды. Адам сырттай қабылдай алатын сәулелену мөлшері жылына 0, 05Гр. Созылмалы сәулелі ауру тұсында сырқаттың белгілері біртіндеп күшейеді, оны үш кезеңге бөлеміз. Сондай-ақ, ауру қабылданған изотоптың түріне, оның белсенділігіне, ерігіштік қасиетіне, организмнен шығарылатын уақытына, көбірек зақымданатын ағзаларға байланысты өсіп өрбиді.
Өткір сәуле ауруы
ионданған сәулелердің зиянды биологиялық әсерінен туатын аурулар. Адам сәулелену ауруымен тұтасденесінің немесе оның көпшілік бөлігінің сәулеленуі нәтижесінде ауырады, сондай-ақ ішкі ағзаға радиоактивтік заттардың сумен, тамақпен және ауажұту арқылы кетуімен де ауырады. Сәулелену аурулары бір рет үлкен дозамен сәулеленуден болатын қаттысәулелену ауруларына және ұзақуақытқа созылған, үнемі аз дозамен
сәулеленуден дамитын сәулеленуауруына бөлінеді. ӨСА басты 5
факторы:
- сыртқы сәулелену(ауыр радиация )
- біркелкі сәулелену (дене бөліктерінің әр түрлі дозада алуы 10 %-дан көп емес)
- гамма-сәулелену (толқындық) дозасы 1 Грэйдан көп
- аз уақыт арлығындағы сәулелну
Классификациясы :
Сәулелену дозасына байланысты 5 клиникалық формасы бар:
- сүйек майы (1-10 Гр)
- ішектік (10-20 Гр)
- токсемикалық (тамырлық) (20-80 Гр)
- церебралды (80-120 Гр) . Клиникалық тұрғыдан найзағайлы немесе өткір
сәулелену ауруы
- сәулелі өлім (120 Гр-дан жоғары) өткір сәулелену ауруларының клиникалық дәреже мен кезеңдері :
- 1-ші (жеңіл) дәрежелі 1-2 Дж/кг (100-200 рад) дозамен сәулеленуден болатын,
- 2-ші (орташа ауыртпалықты) дәрежелі - 2-4 Дж/кг (200-400 рад) дозамен сәулелену,
- 3-ші (ауыр) - 4-6 Дж/кг (400-600 рад) дозамен сәулелену,
- 4-ші (өте ауыр) дәрежелі - 6 Дж/кг аса (600 рад) дозамен сәулелену болады.
1-ші дәрежелі қатты сәулелену ауруында сәулеленудің алғашқы реакциясы мүлде көрінбейді немесе әлсіз байқалады.
Ал 2-ші және 3-ші дәрежелі сәулеленуде екі тәулік бойы адам жүрегі айнып, құсады, жалпы әлсіздік, бас ауруы пайда болады. 3-4 тәуліктен кейін ауру белгілері байқалмай кетеді де, 15-20 тәуліктен кейін жағдайы қайта нашарлап, әлсіздік басады, дене қызуы көтеріледі, қандағы лейкоциттер саны күрт төмен түседі. Өте ауыр дәрежелі (4-ші) сәулеленуде аурудың жасырын
кезеңі болмайды. Бірден аурудың белгілері біліне бастайды, асқазан мен ішек қызметі және қан айналым бұзылады. Аурудың 2-ші аптасында науқастың өлуі мүмкін. Мұндай жағдайда арнайы стационарда емделген жағдайда ғана
жазылуы мүмкін
АИ-2 Қобдиша үяларында мынадай медициналық
қүралдар орналасқан:
1. ұя- резервтік, ауруды басатын дәрмектөрі бар шприц- түтікті салуға арналған. Сүйек сынғанда, үлкен жарақат алған және дене күйген кезде пайдаланылады.
2. ұя қызыл түсті пеналды (фосфорлы-органикалық заттарға қарсы антидот таблеткалары) . Зақымдану ошағына шығардың алдында жеке сақтандыру дәрмегі ретінде бір таблеткадан пайдаланылады. Алғашқы зақымдану пайда болған кезде тағы бір таблетканы қабылдайды.
3 ұя - үлкен ақ пеналды № 2 бактерияға қарсы дәрі- дәрмек,
таблетканы асқазан-ішік ауруы кезінде
кейін қабылдайды алғашқы тәуліктерде жөті таблеткадан қабылдайды, екі және үш күннен кейін тәулік сайын төрт таблеткадан.
4 ұя- алқызыл түсті екі пеналда II радиациядан қорғау дәрмегі, барлыңы 12 таблетка. Таблеткаларды сәулелену басталғаннан - 60 мин бүрын адиоактивтік зақымдану қауіпі кезінде жеке сақтандыру үшін қабылдайды. Бірден, 6 таблетка қабылдайды. 6 таблетканы қайта қабылдауға тек 5-6 сағаттан кейін рүқсат етіледі.
5 ұя - екі ақ пеналда, кеңінен қолданылатын антибиотик 11 бактерияға қарсы дәрі-дәрмек барлығы 10 таблетка. Таблетканы жараланған және күйген көздө қабылдайды - алғашқыда 5 таблеткадан, ал 6 сағаттан кейін тағы да 5 таблеткадан.
6 ұя - ақ түсті пеналда № 1 радиациядан қорғау дәрмегі. Таблетканы адам радиоактивті затпен зақымданған аумақта жайылған сиырдың сүтін ішкен жағдайда қабылдайды 10 күн бойында күн сайын бір таблеткадан. Барлығы 10 таблетка.
7 ұя - көк түсті пеналда қүсуға қарсы дәрі-дәрмек, барлығы 5 таблетка. Бас сыдырылғанда, қатты соққы тигенде және контузия алғанда сәуленің астапқы әсері кезіндө бір таблеткадан қабылдайды.
Алғашқы медициналық көмек
- қосымша сырттай сәулеленуден бой тасалау, құсуға қарсы, тыныштандыратын, жүрек пен буын препараттарын
қолдану болып табылады
Адамға сәуле алудың қауіпі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz