Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның экономикалық даму шаралары


1 билет
1. Қазіргі Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық еңбектері.
2. 1979 жылғы Целиноград оқиғасы, неміс автономиясын құруға талпыныс.
3. Қазақстан Республикасының негізгі Заңын қабылдау - 1993 ж., 1995 жж. ҚР Конституциялары.
1) Жазушылардан Қалқаман Саринді мысалға алуға болады. Сарин Қалқаман Айымғазыұлы 1978 жылы 2 қаңтарда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Архат ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін тәмамдаған. «Арманымның бейнесі» жыр жинағы. «Жібек сезім - Жүрек сөзім» үнтаспа жинағы. «Құс жолындағы керуен» жыр жинақтарының авторы.
Ақберен Елгезек - 1980 жылы, 24 қаңтар күні, Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының және «Алтын қалам» қоғамдық сыйлығының иегері. «Көлеңкелер күбірі» атты өлеңдер жинағының және "Болмаған балалық шақ" повесінің авторы.
Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев (10 ақпан 1946 жыл, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Пірімов ауылы) - композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1994) . Парасат, Құрмет ордендерінің иегері. Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Ол - “Толғау” симфониясының, “Жалаңтөс батыр” симфония поэма-картинасының, “О, дүние” кантатасының, “Жыл мезгілдері” романстар циклінің, “Мәди”, “Аққу Жібек” мюзиклінің, “Алдар көсе” опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға арналған концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия, вариациялар және 200-ден астам әндердің авторы.
2) Целиноград наразылығы - 1979 жылғы 16 - 19 маусымда Целиноград (қазіргі Астана) қаласында болған әміршіл-әкімшіл жүйеге қарсы наразылық қимылдары.
Еділ бойындағы неміс автономиясы таратылғаннан кейін оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне көшірілді (қ. Депортация) . КОКП 20-съезінен кейін 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында таратылған көптеген автономиялы республикалар қалпына келтірілгенімен Еділ бойынан көшірілген немістер жөніндегі шешім қайта қаралмай қалды. Осыған байланысты жер аударылған немістер арасында тарихи отандары - ГФР-ға көшу мәселесі жиі көтеріле бастады. Бұл процесті тоқтату үшін кеңес өкіметі немістердің тарихи отанына оралуына шек қойды және Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім қабылданды. Ол шешім 1979 жылғы көктемде КОКП ОК Саяси Бюросының мәжілісінде республика үкіметі мен Жоғарғы Кеңестің келісімінсіз қабылданды. Бұл шешімнің конституцияға сәйкес келмейтініне қарамастан, Қазақ КСР-і үкіметі мен Қазақстан Коммунистік партиясы ОК елеулі қарсылық көрсете алған жоқ. Бұл автономиялық облысқа Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының біраз аудандары беріліп, Ерейментау қаласы оның орталығы болып белгіленді.
Автономиялы облыс құру туралы мәлімет республикаға тез тарап, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. 16 маусым күні таңертең негізінен облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен техникумдарының студенттері қаланың орталық алаңына жиналды. Жастар қазақ және орыс тілдерінде “Қазақстан бөлінбейді!”, “Неміс автономиясына жол жоқ!” және басқа да ұрандар жазылған тақтайшалар алып шықты. Митинг Кремльдің неміс автономиясын құру туралы шешімін айыптаған үндеу қабылдады. Облыс басшыларының митингіні тез арада таратуға тырысқан әрекеті іске аспады. Митингіге қатысушылар шеп түзеп, қала көшелерімен ұрандатып өтті. Облыстың және қаланың партия басшылығы тоталитарлық жүйенің дәстүріне сай әрекет жасай отырып, халықтың Саяси бюроның ойланбай алған шешіміне қарсы жасалған шеруі мен ашу-ызасын идеологиялық жұмыс дәрежесінің төмендігіне әкеліп саяды. Студенттер жатақханаларына “түсінік жұмысын жүргізу үшін” насихатшылар тобы жіберілді. Автономия құру туралы шешім болған жоқ деп мәлімдеп, облыс басшылығы КОКП ОК Саяси Бюросының автономиялы облыс құру жөніндегі жобасынан іс жүзінде бас тартты.
Келесі шеру 19 маусымда болды. Оны аудандардан келген соғыс және еңбек ардагерлері бастады. Оған 2-4 мыңдай адам қатысты. Шеруге қатысушылар облыс басшыларына автономияны құруға қарсы үндеу тапсырды. Целиноградтан кейін шағын митингілер мен шерулер Атбасарда, Ерейментауда, Көкшетауда өтті.
Бұл бой көрсетулерден соң жазалау науқаны шектеліп, тіпті әкімшілік істері бойынша да сот процесі жүрген жоқ. Алайда республика басшылығы және Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті бұл шерулер туралы ақпарат таралмауы үшін қолдан келгеннің бәрін істеді. Баспасөзде, партия активтері мен пленумдарда бұл оқиғалар туралы ештеңе айтылмады. Дегенмен, Целиноград наразылығы туралы қауесет халыққа тарап кетті және ол қазақтардың ұлттық сана-сезімінің оянуына үлкен әсер етті
3) Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша ҚРның Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады. 1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы - Сенат, төменгі палаталы -Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
2 билет
1. Кеңестік білім беру жүйесінің қалыптасуы. Сауатсыздықпен күрес.
2. Тың және тыңайған жерлерді игеру: экономикалық, экологиялық және демографиялық салдарлары.
3. «Ұлттық валютаны енгізу туралы» 12 қараша 1993 жылғы Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығы.
1) Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен бастап мәдени құрылыс мәселесімен халық ағарту бөлімдері айналыса бастады.
Барлық мәдени революция міндеттерінің ішінде сауатсыздықты жою жөніндегі шаралар ерекше мәнге ие болды. 1919 жылы 26 желтоқсанда РКФСР ХКК қабылдаған «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» Декреті бұл мәселе бойынша негізгі міндеттерді белгілеп берді.
1919-1923 жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілердің бар екендігі байқалды:
- халықты оқытуға жарайтын маман кадрлардың жетіспеуі;
- жаңа оқулықтардың жоқтығы және жазу құралдарының жеткіліксіздігі;
- қалаларда әсіресе ауылдық жерлерде білім беру органдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі.
1924 жылдың ақпан айында Қазақстанда Бүкілодақтық «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының бөлімшесі құрылды. «Сауат ашқыш» газетінің бетінде жекелеген топтар үшін сабақ өткізу жоспары жарияланып тұрды, сауатсыздықты жоюшы-мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімдік курстар ашылды. 1930 жылғы 11 ақпанда Қаз ОАК-і «Қазақ АКСР-інде халықтың сауатсыздығын міндетті түрде жою туралы» қаулы қабылдады. Жою мерзімі бірінші бесжылдықтың аяғы болып белгіленді. Шараларды жүзеге асырудың жоспары жасалды және сауатсыздықты жоюға арналған қаржы қоры құрылды. 1931 жылы республикада шалғай аудандарға мәдени жорық ұйымдастырылды. Комсомол және пионер ұйымдары оған белсене атсалысты. Алайда елде сауатсыздықты жою ісі тіпті 1935 жылы, мәдениет майданы қызметкерлерінің I съезі өткенге дейін аяқталмады. Осы съезден кейін республикадағы сауатсыздықты жою жұмысы өзінің соңғы кезеңіне аяқ басты. Қазақ АКСР Ағарту халкомы жанынан ересек халыққа білім беру басқармасы құрылып, оның ішінде сауатсыздар мен шала сауаттылар мектебі бөлімдері ашылды. 1939 жылы Қазақстан халқының жалпы сауаттылығы 76, 3%-ға жетті.
2) Тың және тыңайған жерлерді игеру - КСРО-да (Қазақстан, Сібір, Орал, т. б. ) 1954 - 1960 ж. жүргізілген науқан. КСРО бойынша жалпы 41, 8 млн га жер жыртылса, соның 25, 5 млн га-сы қазақ жері болды. Тың игеру нәтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды. . Қазақстандағы тың жерлерді игерген аудандар: Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстары. Жасалған реформалар аграрлық саланы дамытудың орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді. Бұрынғы Кеңестер Одағы, оның ішінде Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны 3 кезеңнен тұрады. 1) 1954-1955жж. 2) 1956-1958жж. 3) 1959-1965жж.
Тың игерудің тек алғашқы кезеңінде Қазақстанда 18млн га. тың жер, бұрынғы Одақтағы жыртылған жерлердің 60, 6% игеріліп, республикадағы егістік көлемі 22, 4 млн гектарға жетті. Осының арқасында 1956ж алғаш рет миллиард пұт астық алып, Ленин орденімен марапатталды. Қазақстанның әр азаматына өндірілетін астық 2 мың кг жетті. Оған қоса тың астығы сапалы болғандықтан негізінен экспортқа шығарыла бастады. Қазақ КСР-нің алдына жаңа міндет - астық өндіруді 5 есе арттыру міндетін қойды. Бірақ та табыс одан әрі ұштасып кете алмады. Өйткені, жаңадан игерілген тың жерлер 60- жырлардың ортасына қарай өз мүмкіндіктерін сарқи бастаған болатын, осының салдарынан әрбір гектардың жоспарланған 14-15 ц. астық орнына 1954-1958ж 7, 4ц. жиналса, 1961-1964ж 6, 1ц., ал 1964ж 3, 1ц. ғана астық алынды.
Тың жерлерді кең көлемде игеру табиғатқа үлкен зиян тигізді. Жайылымдармен жем, шөп дайындайтын жерлер тарылды. Тың игерудің алғашқы жылдарында жердің құнарлы бет қыртысы шаң-боранға ұшырап, 18млн. га астам жер эррозияға ұшырады. Ауылшаруашылығының даму деңгейінің төмендеуі ет және сүт өнімдерінің тапшылығын туғызды. Жайылым азаюы салдарынан ұзақ мал өсіру қарқыны 3 есе азайды, жылқы 1916ж 4340 мың болса, 1961ж-1158 мыңға дейін, ал түйе 1928ж санынан 8 есе кеміді.
Тың жерлерді игеруге мыңдаған мамандар, ауылшаруашылығының өндірісінің ұйымдастырушылары келді. 1954 жылы 20 мыңнан астам адам келді. Оның ішінде қажетті мамандар азшылық болды. Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, үй салу үшін 10 мың сом несие берілді. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т. б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды. Тың игеру жылдарында жаппай қоныс аудару науқаны рухани, ізеттілік саласына да үлкен зиян алып келді. Қазақ тіліндегі мектептер саны 700-ге кеміп, қазақ тілінде шығарылатын әдебиеттердің, баспасөздің саны күрт төмендеп кетті. 3 мыңнан астам елді мекеннің аты өзгертіліп, тарихи ұлттық санаға шек қойылды.
3) Тоқсаныншы жылдардың басындағы кетеуі кеткен күрделі кезеңде саяси егемендікке қол жеткізген Қазақ елі дербес қаржылық-экономикалық саясатын қалыптастыруға тәуекел еткен-ді. Осылайша, Тәуелсіз елдің ұлттық валютасы - теңге дүниеге келген болатын. Тәуелсіз мемлекет экономикасының темірқазығы төл валютасы екені түсінікті. Тағдырлы кезеңде қабылданған шешімнің мән-маңызын тереңірек түсіну үшін сәл шегініс жасап, теңгенің тарихындағы маңызды сәттерді шолып көрелік.
Кеңестік кезеңдегі біртұтас қаржы-экономикалық байланыстар күйрегеннен кейін іле-шала инфляция етек алып, қалың ел қымбатшылықтың құрсауында қалғаны белгілі. Есеңгіреген экономиканы оңалту үшін «рубль аймағын» тәрк етіп, дербес қаржылық - экономикалық жүйе жасауға талпыныс жасалды. Мемлекет басшысы Н. Назарбаев осының барлығын сараптай келе, Ұлттық банкке өте құпия түрде ұлттық валютаны әзірлеуге кірісу жөнінде тапсырма берді. Ұлттық қор, алтын-валюта резерві әлі қалыптаспағанын ескерсек, сөз жоқ, мұны үлкен ерік-жігерді қажет ететін батыл қадам деп бағалаған ләзім.
Бірнеше айға созылған дайындық жұмыстарынан кейін, 1992 жылдың тамыз айында табан тіреді.
Теңгенің бастапқыда әзірленген төрт түрлі дизайнының ішінен тарихи тұлғаларымыздың таңдап алынуының, таңбалануының өзі тегін емес. Оның сырын Ұлттық банктің тұңғыш төрағасы болған Ғалым Байназаров бұрынырақ «Егемен Қазақстан» газетіне бер¬ген сұхбатында былай деп түсіндіреді:
- «Жаңа ғана тәуелсіздігін алған елміз. Бізді, тіпті өзгелер саяси картадан да таба алмайды. Сондықтан ең бірінші номинал, ең танымал - әлем білетін қазақ болуға тиіс», деді. Сол себепті негізгі валюта - 1 теңгелік банкнотқа әл-Фараби бабамыз бейнеленсін деген ұйғарым жасалды.
1993 жылғы 12 қарашада «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын енгізу туралы» Президент Жарлығы шықты. Елбасы Жарлығы шығысымен еліміздің барлық БАҚ-ында жаңа валютаның суреттері басылып, халық ұлттық валютамыздың бейнесін таныды. Теңге - тәуелсіздігіміздің төл перзенті. Уақыт талабына сай, оның дизайны өзгеріп, қорғаныштық қабілеті жетілдіріліп отырды.
3 билет
1. Қазақстанға депортацияланған халықтар: экономикалық, демократиялық салдарлары.
2. «Қазақстан республикасының рәміздері туралы» 04 маусым 1992 жылғы Конституциялық Заңы.
3. «Мәңгілік Ел» патриоттық Актісінің тарихи маңызы.
1) Социалистік заманда Кеңес Одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ.
Кеңес үкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халықтар - сенімсіз де сатқын ұлттар қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды.
Депортация латынша deportatio - «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет. Ал шетел тіліне енген сөздер сөздігінде «депортация» - қылмыстық және әкімшілік жаза ретінде мемлекеттен қуылу, көшіру, жер аудару деп көрсетілген.
1920-1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру - сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО- да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3, 2 млн адамға жетті. КСРО-да ең көп орын алған жаппай қуғын-сүргіндік көші-қондардың төмендегідей түрлері қолданылды:
Этностың белгілері бойынша депортация «жазаланган халықтар», «шекараларды тазалау», «сенімсіз халықтар».
Саяси мүдде негізіндегі 1934-1944 жылдары көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды.
Жоғарыда аталған күштеп жүргізілген депортациялардың ішінде мерзімі жағынан большевиктік әлеуметтік-таптық геноцид бірінші болып жүзеге асырылды. Кубань казактары, зиялылар, діни адамдар алғашқы большевиктік тәжірибенің құрбанына айналды. Одан кейін кулақтар мен байларды тап ретінде жою басталды. Оларды үш санатқа бөлді. Солардың ішінен екінші санатқа жататындарды КСРО- ның алыс аудандарына жер аудару көзделді. Жоспарлы түрде әкімшілік күшпен алып келіп қоныстандырудың мұндай ауқымы этностардың гендік қорына нұқсан келтірді, миллиондаған шаруалар ұжымдастыру жылдарында аштан қырылды. Жаппай ату жазаларына ұшырады және лагерь капастарына қамалды.
Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа көшірілсе, Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ бойы, Орталық қаратопырақты және Мәскеу облыстары, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932-1933 жылдары мыңдаған адамдар жер аударылды. Қазақстан «Сібір» сөзінің синониміне айналды. Осылайша халықтарды күштеп көшіру соғысқа дейінгі кезеңде басталып, әр түрлі әлеуметтік топтар мен сословиелерді, этностық топтарды КСРО-ның орталық аудандарынан 20-30-жылдары Қазақстан, Орал, Орталық Азия, Сібір, Қиыр Шығысқа жаппай көшіріп-қондыру қызу жүргізіліп жатты.
Кулак деп аталған миллиондаған таңдаулы шаруалардың көзін құртқан этнодемографиялық дағдарыс халықтарға зор зиянын тигізді. Қазақстанда ұжымдастыру науқаны кезінде жер аударылған кулактардан тұратын арнайы көшірілгендердің 100-ге тарта қоныстары болды. Олар арнайы комендатураларда есепте тұрды. ГУЛАГ қызметі жүйесіне күшпен тартылып, көмір өндіру, металл өндірісі, темір жол мен электростанциялар, НКВД (Ішкі істер Халық Комиссариаты) құрылыс объектілерінде, мақта өсіру, қызылша, қант өндірістерінде және т. б. жұмыс күші ретінде пайдаланылды.
Арнайы қоныс аударылғандардың азаматтық құқығы сақталды, қоныстанған әкімшілік аудан көлемінде жүріп-тұруына рұксат етілді. Бірақ қоныстанған жерінен кетуге құқығы болмады. Олардың тұрмыстық-шаруашылық мәселелерін шешу НКВД-ның, ГУЛАГ басшыларына жүктелді.
1930 жылдардың ортасында жаппай саяси қуғын-сүргіннің тереңдеуіне Сталиннің «Троцкий-Зиновьев» топтарымен және оңшыл оппортунистермен күресі түрткі болды. Орталықтағы болып жатқан бұл оқиғалар ұлт республикасында, өлкелерде тұрғындарды жаппай саяси кудалауға жол ашып берді. Осы үлгімен мұнда да «халық жауларын» - «ұлтшыл-фашистерді» әшкерелеу қолдан ұйымдастырылды. Елде сталиндік жаппай қуғын-сүргіннің кең етек алуына негіз қаланды.
2) Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды. Сол күні Президент резиденциясы мен ҚР Жоғары Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді. Сонынан мемлекеттік рәміздер туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен айқындалды. Тудың авторы - суретші Ш. Ниязбеков, елтаңбаның авторлары - Ж Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов. Қазакстан Республикасынын мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі - әнұран, мемлекеттік ту мен мемлекеттік елтаңбаның поэтикалық музыкалық баламасы. Әнұран салтанатты рәсімдерде, мемлекеттік органдарда өткізетін өзге де шараларға байланысты орындалады. Алғашқы мемлекеттік әнұранды жазу үшін шығармашылық байқау жарияланды. Оған Қазақстан ақын, композиторлары қатысты. Мемлекеттік рәміздер жөніндегі үкіметтік комиссияның шешімімен ақындар: М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева шығарған өлен сөзі бекітілді. Әуені - кеңестік кезеңде М. Төлебаев. Е. Брусиловский, Л. Хамиди жазған бұрынғы мемлекеттік әнұран болып белгіленді. 2006 жылдың 6 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында жаңа әнұран қабылдау туралы айтылды. Заң жобасына талқылау барысында бірқатар депутаттар («Менін Қазақстаным») жаңа әнұранның авторлар құрамына Н. Ә. Назарбаевты ресми түрде қосу туралы ұсыныстарын білдірді. Парламент депутаттары жаңа әнұран мәтінінің авторлары Ж. Нәжімеденов пен Н. Ә. Назарбаевты бір ауыздан қолдады. Ал әні бұрынғы қалпында сақталды. 2006 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстанның тарихына еліміздің жаңа әнұранының туған күні ретінде кірді. Алғаш рет жаңа әнұран ресми түрде 11 қаңтарда, Ақордада Президент Н. Ә. Назарбаевтың кезекті президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты ұлықтау рәсімінде орындалды.
3) Елбасымыз Н. Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарында жолдаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында айтылған «2017-2020 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы». Осы бағдарлама нәтижесінде біз еліміздің тыныштығын нығайтып, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбилеп, діни қарым-қатынас саласындағы радикалдық көзқарастардың алдын аламыз. Идеяның негізгі философиясы, дамудан жаңылмау, өзгеруге ұмтылу. Ел бірлігін сақтап қалу үшін ұлттық идеямыздың мән-мағынасын балабақшадағы бүлдіршіндерден бастап мектеп оқушылары мен жоғарғы оқу орындарының студенттеріне дейін жете жеткізу үшін кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда.
4 билет
1. Қазақстан территориясындағы сталиндік қуғын-сүргін: әлеуметтік-мәдени, демографиялық салдарлары.
2. Қазақстан Республикасы Президентін тұңғыш бүкілхалықтық сайлау.
3. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның экономикалық дамуы.
1) 1990 жылдың 13 тамызы күні Совет Одағының тұңғыш әрі соңғы президенті Михаил Горбачев Сталиндік қуғын-сүргін құрбандары болған миллиондаған адамдарды ақтау туралы жарлық берді. Сталиндік репрессия зобалаңы 1937-38 жылдары өзінің шырқау шыңына жеткен болатын, бұл кезеңді бүгінде ұлы зұлмат-зобалаң жылдары деп атайды. «Азаттық» радиосы осы террор кезеңіне арналған бірнеше бөліктен тұратын сериялы хабарларында Сталиндік репрессия саясатының құрбандарына айналған отбасылардың тағдырлары жайында сөз етеді.
Сталиндік режим әр ұлттың оқыған, көзі ашық азаматтарына қырғидай тиді. 1992 жылы археологтар Қырғызстанның астанасы Бішкекке жақын жерде құрбандар жаппай жерленген бейітті тапты. Онда құпия жағдайда атып өлтіріліп, жасырын жерленген 138 адамның көмілген екен, олардың бәрі де сол кезде жоғары дәрежелі қызметтер атқарған, ұлттың зиялы өкілдері болған.
Сталиндік репрессия кезеңінде шешендер Орта Азияға жер аударылып, аман қалды десе болады. Этникалық шешендер 1944 жылы күштеп көшірілсе, корейлер 1937 жылы қоныстарынан көтеріле көшуге мәжбүр болған еді. Советтік Қиыр шығыста күн кешкен 170 мың корей 1937 жылы-ақ жер аударылған, ал олардың басшылары ұсталып, атылып кеткен. Оларға тағылған негізгі айып - "жапон шпионы" деген атақ болатын. Қырғызстандық заңгер Роман Шиннің ата-анасы осы депортация жасалған корейлердің қатарында болған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz