Қаржылық жоспарлау, оның мазмұны, әдістері, ерекшеліктері, қағидалары және кезеңдері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Тапаев Орынбек НГД 1 курс

Қаржылық жоспарлау, оның мазмұны, әдістері, ерекшеліктері, қағидалары және
кезеңдері.
Қаржылық жоспарлау мен болжау - бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі,
саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-
экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және
тепе-тењдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық
буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын
қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.
Қаржылық жоспарлау — бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу,
қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге
бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты
құралдарының бірі болып табылады.
Жоспарлау:
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық
құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);
2) қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған
міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.
Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелер пайдаланылады:
а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі.
Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл
әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және әдеттегідей уақыт жетіспеушілігі
кезінде пайдаланылады;
ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың
санына бөледі);
4) нөлдік база төсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс
бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен
үйлестіріледі).
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды
жасау, бµлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың
күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру
және пайдалану.
Қаржылық болжау мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала
кµре білу, қаржы жоспарларының кµрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу).
Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам)
болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын
болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының
тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты — болжанған кезендегі қаржы
ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың
көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік,
яғни ұсынбалы (нусқамалық) жоспарлау пайдаланылады; Индикативтік жоспарлау
нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың стратегиялық
ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, мұның процесінде
экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.
Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қол-данылады. Оны
жасау барысында батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге
алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативті (жылдық) жоспарлау
негізінде мемлекеттік бюджетті жасау жұмыстары қалыптасты.
Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса манызды мына қағидаларға
негізделген:
1. орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің
үйлесуі. Бұл қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің (бастаудың)
орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі)
бастаманы барынша дамытумен етене үштасуын білдіреді.
2. Бірлік қағидаты қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік
жоспарлаумен тығыз өзара байланысты және өзара тәуелділігінде
көрініп білінеді.
3. Жоспарлаудың үздіксіздік қағидаты перспективалық және жылдық
(ағымдағы ) қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін шамалайды, бұған
перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және
жылдық жоспарлаудың олардың міндеттерін нақтылаумен қол жеткізеді.
Қаржыны жоспарлау белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады,
олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:
1. Экстраполяция (немесе коэффициенттер) әдісі.
2. Нормативтік әдісі.
3. Математикалық, үлгілеу әдісі.
4. Баланстық әдіс
5. Сараптық баѓалаулар єдісі
Ќаржылыќ жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасады:
ведомстволық, салалық, аумақтық жєне предметтік-мақсатты.
Қаржы жоспарларың жасау негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде
есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің орындалуына
экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік
мәліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық
жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін
анықтауға, ішкі шаруашылықтық резервтерді табуға мүмкіндік береді.
Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен
бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы
түрлерінің есеп-қисаптары жасалады.
Үшінші кезеңде сметадағы тапсырмалар және кірістердің баптары
үйлестіріліп, теңестіріледі.

Қаржы жоспарлаудың жүйесі және қаржылық көрсеткіштері.
Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары
шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы
мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарын құрудың және
пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың
ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық
және бастапқы қаржы жоспарлары.
Жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік қаржы ресурстарының
қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу
процестерін белгілейді.
Жиынтық қаржы балансы деп орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге арналған
дамудың жалпы мемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны
жасаумен Қаржы министрлігінің, Ұлттық банктің белсенді қатысуымен экономика
және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысады.
Баланстың кіріс бөлігі мыналарды көрсетеді: таза табыс, тұтынуға
салынатын салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден
баждары) амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияларынан түсетін
түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Аудиторлық тексеру
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың объектісі
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қағидалары
Пәннің студенттерге арналған жұмыс оқу бағдарламасы «менеджмент» пәні бойынша
Аудитті жоспарлаудың кезеңдері
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
Рахат фабрикасының өндіріс саласындағы жоспарлау көрсеткіштері
Жоспарлау түсінігі. Бизнес-жоспар бөлімдері
Пәндер