Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
1 және 2 дәріс. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен
әдісі

Философия термині гректің phileо - махаббат және sophia -
даналық , яғни, даналыққа махаббат сөздерінен шыққан. Аталған ұғымды
б.з.д. VII ғасырда ежелгі грек ойшылы Пифагор енгізді. Бұл мағына
терминді толық ашып қоймайды, бүгінгі күнде айтылған түсінікке сан қилы
ойлар беріліп жүр. Осы ойлар философияны толықтай зерделеуге мүмкіндік
туғызды. Философия адам мен дүние жүйесіндегі ортақ заңдылықтар мен
қатынастарды зерттейді.
Философия пәні бүкіл әлемді, оның басты салаларын тұтас құбылыс ретінде
қарап, болмыс пен танымның ортақ заңдылықтары мен принциптерін болып
табылады. Философия әлемді түсініп білуде адамдардың қажетіліктерін
қоршаған ортада толықтай және жалпылама көрсететін, өзіндік қасиеттері мен
сипаттамасы бар жүйе. Өзінің үш мың жылдық даму тарихында философия барлық
ғылымдардың түп негізіне айналды. Философиялық ойлар алғашқы қауымда
қозғала бастағанымен, бірақ бүтіндей жүйе ретінде философияның дүниеге
көзқарасы ерте ғасырлық қоғамдағы (Үнді, Қытай, Грек, Рим және т.б)
ойлардан іріктеле бастады. Философия мазмұны адамның ұтқыр ойлары мен
нақты ғылымдарға негізделген.
Философияны қоғамдық сананың формасы ретінде қарастыру барысында
философиялық білімнің бөлімдері анықтала бастады. Нақты ойды білдіретін
бөлімдері: онтология-болмыс туралы ілім, гносеология-таным туралы ілім,
антропология-адам туралы ілім, логика- ойлау заңдылықтары мен ауқымы туралы
ілім, этика- адамгершілік пен мораль туралы ілім, эстетика - сұлулық туралы
ілім, философия тарихы - философияның тарихының пайда болуы мен дамуын
зерттейтін ілім. Сондай-ақ, бүгінгі күнде философиялық білімнің
мамандандырылған бөлімдері бар, солардан ғылым философиясы, дін
философиясы, мәдениет философиясы және білім философиясы және т.б. пайда
болды.
Философия және дүниеге көзқарас. Философия өз алдына дүниеге көзқарас
ілімі ретінде танылды. Дүниеге көзқарас ұғымы философия ұғымымен
астарлас. Ол өзіне басқа да дүниеге көзқарастартың түрлерін мифологиялық,
көркемдік, діни және т.б. қарастырады. Толықтай түйіндегенде, дүниеге
көзқарас - дүниені түсіндірудің, оны бағалаудың принциптері мен әрекеттері.
Дүниеге көзқарасқа: адамның дүниеге деген бағасы мен түсінігі,
философиялық, жалпы ғылымдық, әлеуметтік - саяси, құқықтық, эстетикалық
құндылықтық бағдары, болжауы, сенімі жатады.
Материализм – материяның алғашқылығы туралы философиялық дүниеге
көзқарас.
Идеализм – идеяның алғашқылығы туралы философиялық дүниеге көзқарас.
Объективті идеализм – адам санасынан тәуелсіз идея.
Субъективті идеализм - адам санасымен байланысты идея.
Монизм – дүниенің алғашқы бастамасы бір субстанциядан тұрады деп
есептейтін философиялық көзқарас.
Дуализм - дүниенің бастамасы екі субстанциядан тұрады деп есептейтін
философиялық көзқарас.
Плюрализм - дүниенің бастамасы бірнеше субстанциядан тұрады деп
есептейтін философиялық көзқарас.
Философия дүниеге көзқарастың теориялық негізі болып табылады.
Дүниеге көзқарастң түрлері мен әртүрлі класикалық формалары бар.
Кең тарағаны - тарихи түрі. Оған келесі дүниеге көзқарастың түрлері
жатады: мифологиялық, діни және философиялық.
Негізгі мифологиялық дүниеге көзқарас қияли ойлар мен елестету болып
табылады.
Діни дүниеге көзқарастың негізі – сенім.
Философиялық көзқарастың негізі –сана.
Философия әдістері. Философия гуманитарлық, техникалық, жаратылыстану,
барлық ғылымдардың әдіснамасы.
Методология (әдіснама) - таным мен олардың жиынтығы туралы әдістер
ілімі.
Әдіс - теориялық және практикалық іс әрекеттер принципінің жүйесі.
Әрбір білім аумағының өзіндік зерттеу пәні , қолданатын ерекше әдісі
болады.
Философиялық әдістің ерекшеленетін қасиеті – әмбебаптылығында. Бұл
әдістер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия ұғымы, мақсаты және міндеті
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Философия: пәні мен функциясы
Философия - көзқарастың бір түрі
Антикалық философияның қалыптасуы мен өзіндік сипаты
Философия пәні, қызметтері, міндеттері
Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті
Философия және мәдениет
Ғылымның қажеттілігі
Антика мәдениетіндегі философия
Пәндер