Бейорганикалық химияның теориялық негіздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 237 бет
Таңдаулыға:   
Бейорганикалық
химияның теориялық негіздері

Оқу-әдістемелік кешен

Астана – 2011

ББК 24.1 Я7
Т 20

Пікір бергендер:
Абызбекова Г.М. – химия ғылымдарының кандидаты, профессор
Арынова К. Ш.– педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Т 20 Ә.С. Тапалова.
Бейорганикалық химияның теориялық негіздері Оқу-әдістемелік кешен
- Астана: БҮ Сарыарқа, 2011. –

ISBN 9965-536-66-X

Оқу-әдістемелік кешеніне студенттердің жалпы және бейорганикалық
химиядан алған теориялық білімдерін пысықтауға арналған зертханалық
жұмыстар, қайталау сұрақтары мен есептер, тест сұрақтары және студенттердің
өз бетінше орындайтын жұмыстары кірген.
Химияның әрбір тарауына сәйкес зертханалық жұмыстардың әдістемелік
нұсқаулары мен типтік есептердің шығару жолдары көрсетілген. Заттардың
құрылысы мен қасиеттері, химиялық процестердің жүру заңдылықтары
термодинамикалық есептеулер тұрғысынан қарастырылған. Студенттің химиялық
ойлау қабілетін дамытатын көптеген проблемалық сұрақтар мен жаттығулар бар.

Оқу-әдістемелік кешені жоғары оқу орындарының студенттеріне,
магистранттарға, мектеп оқытушылары мен талапкерлерге арналған.

Кешен баспаға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің Химия және химияны оқыту әдістемесі кафедрасының
мәжілісінде ұсынылған.
№2-хаттама. 12 қазан, 2011 жыл.

Қызылорда, 2011
МАЗМҰНЫ

Мазмұны
Оқу бағдарламасы
Силлабус
Бейорганикалық химияның теориялық негіздері пәні бойынша дәрістер
Дәріс 1. Химияның негізгі заңдары мен түсініктері
Дәріс 2. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары
Дәріс 3. Атом құрылысы
Дәріс 4. Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Дәріс 5. Химиялық байланыс
Дәріс 6. Химиялық процестердің энергетикасы және бағыты
Дәріс 7. Химиялық кинетика негіздері және химиялық тепе-теңдік
Дәріс 8. Ерітінділер
Дәріс 9. Электролиттік диссоциация теориясы
Дәріс 10. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электохимиялық процестер
Зертханалық жұмыстар
1 жұмыс. Зертханалық жұмыстарды орындау техникасы
2 жұмыс. Негіздерді, қышқылдарды және тұздарды алу
3 а жұмыс. Бөлініп шыққан сутектің көлемі бойынша магнийдің эквивалентін
анықтау
3 ә жұмыс. Көмір қышқыл газының молекулалық салмағын табу
4 жұмыс. Химиялық реакциялар жылдамдығы. Химиялық тепе-теңдік
5 жұмыс. Ерітінділер. Аса қанық ерітінді әзірлеу. Тотияйынның құрамындағы
кристалданған суды анықтау
6 жұмыс. Ерітінділерді дайындау
7 жұмыс. Электролиттік диссоциация
8 жұмыс. Индикаторлар. Тұздардың гидролизі
9 жұмыс. Кешенді қосылыстар
10 жұмыс. Тотығу-тотықсыздану реакциялары
Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ)
Студенттің өз бетінше орындайтын жұмыстары (СӨЖ)
Тест сұрақтары
Қосымшалар
Пайдаланылған әдебиет
Глоссарий

Оқу бағдарламасы

1. Атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары

Материя туралы түсінік. Зат және өріс материяиың белгілі түрлері.
Қозғалыс- материя болмысының түрі, материя қозғалысының түрлері, материя
қозғалысының химиялық түрі. Химия пәні және мақсаты, оның жаратылыстану
ғылымындағы орны. Химияның биологиямен, физикамен және басқа да табиғат
туралы ғылымдармен байланысы. Бейорганикалық химия пәні. Бейорганикалық
химияның басқа химия ғылымдарымен байланысы.
Химияның даму кезеңдері. Химияның халық шаруашылығындағы маңызы.
Қоршаған ортаны қорғаудағы химияның ролі.
Атом-молекулалық ілімнің пайда болуы және дамуы. М.В. Ломоносовтың,
Дальтонның жұмыстары. Масса және энергия сақталу заңы. Прусттың құрам
тұрақтылық заңы. Дальтонның еселік қатынас заңы. Химиялық эквивалент.
Эквиваленттер заңы. Гей-Люссактың көлемдік қатынас заңы. Авогадро заңы және
одан шығатын қорытынды. Атом-молекулалық теорияның негізгі қағидалары.
Атомдар, молекулалар, олардың мөлшері мен массасы. Салыстырмалы атомдық
және молекулалық массалар. Авогадро саны. Моль- зат мөлшерінің өлшемі.
Мольдік масса және мольдік көлем. Газдың мольдік көлемі. Атомдық және
молекулалық массаларды анықтау тәсілдері. Заттың мольдік массасы.
Эквивалент және эквивалеттік массалар арасындағы қатынас. Газ заттардың
молекулалық массаларын анықтау. Химиялық қосылыстардың қарапайым және нақты
формулаларын табу. Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер
Химиялық элемент ұғымының эволюциясы. Химиялық элемент және жәй
зат ұғымдарының ара қатынасы. Изотоптар. Жәй заттар. Аллотропия. Күрделі
заттар элементтердің қосылыстарда болуының бір түрі.
Химиялық реакциялар және олардың әрекеттесуші заттардың әсерлерінің
сипатына орай жіктелуі (алмасу, тотығу тотықсыздану, комплекс түзу).
Химиялық реакциялардың теңдеулері. Заттардың массалары мен көлем
мөлшерлерін пайдаланып стехиометриялық есептеулер жүргізу.

2. Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі және номенклатурасы

ИЮПАК бойынша бейорганикалық заттардың номенклатуралық ережелері.
Күрделі заттардың құрамы бойынша жіктелуі. Бинар қосылыстар. Гидридтер.
Оксидтер, пероксидтер, супероксидтер, халькогенидтер, галогенидтер,
нитридтер, карбидтер және т.б. Бинар қосылыстардың номенклатурасы.
Қышқылдар, тұздар. Күрделі заттардың функционалдық белгілері бойынша
жіктелуі. Тұз түзуші және тұз түзбейтін оксидтер. Қышқылдык, негіздік және
амфотерлі оксидтер. Оксидтердің номенклатурасы. Негіздер. Бір және көп
қышқылды оксидтер. Сілтілер. Негіздердің номенклатурасы.
Қышқылдар: оттекті және оттексіз. Бір және көп негізді қышқылдар.
Қышқылдардың номенклатурасы.
Тұздар: орта, кышкыл, негіз. Аралас және қос тұздар. Тұздардың
номенклатурасы.
Комплексті қосылыстар туралы түсінік. А.Вернердің координациялық
теориясының негізгі қағидалары. Комплекстің сыртқы және ішкі сфералары.
Лигаңдалардың сипаттары. Комплекс түзушінің координациялық саны. Комплекс
ионның заряды. Комплекс қосылыстардың негізгі кластары. Гидраттар
(аквакомплекстер). Кристаллогидраттар аквакомплекстердің бір мысалы.
Комплекс қосылыстардың изомериясы. Гидраттық және координациялық изомерия.
Цис және транс изомерия. Комплекс қосылыстардың номенклатурасы.
Комплекс түзуші үрдісінің химия мен биологиядағы маңызы. Орыс, кеңес
және қазақстан ғалымдарының комплекс қосылыстар туралы ілімнің дамуындағы
ролі. Л.А. Чугаевтың, М.И. Черняевтың, А.А.Гринбергтің және басқалардың
жұмыстары.

3. Атом құрылысы

Атом күрделі екендігі жайындағы экспериментальдық негіздемелер.
Электронның ашылуы. Радиоактивтілік α–, β–, γ–. сәулелері және олардың
сипаттары. Атомның Томсон ұсынған моделі. α - бөлшектерінің сейілуі бойынша
жүргізілген Резерфордтың тәжірибелері. Атом планетарлық моделі, оның
жетістіктері және кемшіліктері.
Сәуле шығуының корпускулярлық - толқындық дуализмі. Планк теңдеуі.
Атомдардың спектрлері.
Бор бойынша сутегі атомының теориясы. Сутегі атомының спектрі. Сугегі
атомының Бор бойынша: теориясының қайшылықтары. Бөлшектердің корпускулярлық-
толқындық дуализмі. Де-Бройль толқындары. Гейзенбергтің анықталмағандық
ұстанымы. Стационарлық күй үшін Шредингердің толқындық теңдеуі туралы ұғым.
Сутегі атомының кванттық-механиқалық моделі. Кванттык сандар
электронның атомдағы күйін анықтайтын параметр ретінде. Бас (п), орбиталь
(1), магниттік (т), кванттық сандар. Кванттық сандардың физикалық мәні.
Спиндік квандақ сан. Электрондық бұлт жөнінде ұғым.
Атомдарда орбитальдардың толуының үш ұстанымы: энергияның ең төмендігі
Паули ұстанымы, Гунд ережесі. Атом орбитальдарының толу реті. Клечковский
ережесі. Электрондық формулалар.
Ядро протондармен нейтрондардың динамикалық жүйесі. Тұрақты және
тұрақсыз ядролар. Ядролық реакциялар және химиялық элементтердің өзгеруі.
Атомдар радиусы, иондану энергиясы қасиеттерінің периодтық өзгеруі.
Электронға жақындық. Электртерістілік. Салыстырмалы электртерістілік.

4. Периодтық заң және Д.И.Мендедеевтің химиялық элементтердің
периодтық жүйесі

Д.И.Менделеевтің өмірі және ғылыми-педагогикалық жұмыстары. Химиялық
элементтерді жіктеудің алғашқы адымдары,
Д.И.Менделеевтің периодтық занды ашуы. Элементтердің табиғи жүйесін
құрудың ұстанымы. Д.И.Менделеевтің теориялық болжамдарының іс жүзінде
расталуы.
Периодтық заңның жаңа анықтамасы. Периодтық жүйе элементтердің табиғи
жүйесі. Периодтық жүйенің ұзын және қысқа түрі. Периодтар, топтар,
топшалар.
Периодтық жүйедегі элементтердің орны мен олардын атомдарының
электрондық құрылысымен байланысы. s–, p–, d–, f– элементтер. Элементтердің
химиялық қасиеттерінің олардың периодтық жүйедегі орнымен байланысы.
Элементтер қасиеттерінің периодты және периодты емес өзгеруі. Атомдардың
радиустарының, иондану энергияларының, электронға жақындығының және
электртерістіліктерінің олардың ядро зарядтарының өсуі бойынша өзгеруі.
Элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруі атомдардың
электрондық конфигурациясының периодты өзгеруінің белгісі. Периодтық заңның
ашылуының ғылымның дамуындағы маңызы.

5. Химиялық байланыс

Химиялық байланыстың мәні туралы көзқарастың, эволюциясының қысқаша
очеркі. Химиялық байланыстың негізті типтері: коваленттік және иондық.
Коваленттік байланыс. Коваленттік байланыстың қазіргі кездегі
теориялары жөнінде ұғым. – ВБ және МО әдістері. Химиялық байланыстың
негізгі сипаттары: энергиясы, ұзындығы, бағыты. Ковалентті байланыс
түзілуінің екі механизмі: дара электрондардың ортақтасуы (алмасуы) және
донорлық -акцепторлық. Ковалентті байланыстың қасиеттері: қанығуы, бағыты,
поляризациялануы. (–, және (–, байланыстар. Атомдық орбитальдардың
гибридтенуі. Гибридтену типтері және молекуланың геометриясы. Байланыстың
полюстігі және молекуланың полюстігі. Дипольдық момент. Валенттік туралы
қазіргі кездегі көзқарас. Атомдардың коваленттілігі. Атомдардың валенттік
мүмкіндіктері. Ковалентті байланысы бар қосылыстардағы атомдардың тотығу
дәрежесі.
Молекулалақ орбитальдар әдісі (МОЭ). Әдістің физикалық идеясы:
электрон тығыздығының барлық ядролар арасында делокализациялануы. АОСК
әдісі.
Байланыстырушы және босаңдатушы МО. Молекулалық орбитальдардың толу
ұстанымы. Молекулалардың энергетикалык диаграммасы және электрондық
формулалары.
Комплекс қосылыстардағы химиялық байланыстың табиғаты. Оны валенттік
байланыстар әдісі тұрғысынан қарастыру.
Ішкі және молекулааралық сутегіндік байланыс. Сутегіндік байланыстың
биологиялық үрдістердегі маңызы.
Иондық байланыс. Молекулалардағы және қатты денелердегі катиондар мен
аниоңдар. Иондық байланыстың қанықпауы және бағытсыздығы.
Кристалл торларының типтері: атомдық, молекулалық, иондық. Заттардың
қасиеттерінің химиялық байланыстың сипатымен криталл торларының типтеріне
байланыстылығы.

6. Химиялық процестердің энергетикасы және бағыты

Химиялық реакциялардың жылу эффектілері. Химиялық қосылыстардың түзілу
жылуы. Гесс заңы. Жүйенің ішкі энергиясының өзгеруі. Энтальпия. Энтропия
туралы ұғым. Изобарлы-изотермиялық потенциал (Гиббс энергиясы). Әртүрлі
жағдайларда үрдістердің бағытындағы энтальпиялық және энтропиялық
факторлардың ролі. Химиялық реакцияның жүру мүмкіндігін бағалау үшін
бастапқы және реакция өніміндегі заттардың түзілуінің стандарттық энтальпия
және стандарттық изобарлық потенциалдарының кестедегі мәндерін пайдалану.

7. Химиялық реакциялар жылдамдығы. Химиялық тепе-тендік

Химиялық реакция жылдамдығы. Оның сандық мәні. Шынайы және орта
жылдамдық. Химиялық реакцияларға әсер ететін факторлар. Химиялық реакция
жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрацияларына тәуелділігі.
Массалар әсер заңы. Оны гомогендік және гетерогендік жүйелерге қолдану.
Реакция жылдамдығының константасы. Гетерогеңдік ортада беттік қабат
факторының реакция жылдамдығына әсері. Реакция жылдамдығының температураға
тәуелділігі, реакцияның температуралық коэффициенті. Активті молекулалар
және үрдістің актизтену энергиясы туралы ұғым.
Катализ. Реакция жылдамдығына катализатордың әсері. Катализдің
түрлері: гомогенді, гетерогенді, оң және теріс катализ. ингибитор жөнінде
ұғым. Катализатор ретінде ферменттердің ерекшеліктері. Катализді
өнеркәсіпте пайдалану. Катализаторлардың биологиялық үрдістердегі ролі.
Қайтымсыз және қайтымды химиялық реакциялар. Химиялық үрдістердің
қайтымдылық және қайтымсыздықтарының шарты. Химиялық тепе-теңдік. Химиялық
тепе-теңдік константасы. Ле-Шаталье ұстанымы. Әрекеттесуші заттардың
концентрациясын, қысымды және температураны өзгерту кезіндегі химиялық тепе-
тендіктің ығысуы. Қайтымды үрдістердегі катализаторлар. Химиялық реакцияның
жылдамдығы және химиялық тепе-тендік туралы ілімнің химиялық үрдістерді
басқарудағы маңызы.

8. Ерітінділер

Дисперстік жүйелердің қысқаша сипаты және олардың жіктелуі. Жүзгіндер
(суспензиялар, эмульсиялар), коллоидтық жүйелер, шынайы ерітінділер. Еру
үрдісінің механизмі. Еру кезіндегі сольватация (гидратация). Ерітіңділер
теориялары жөнінде Д. И. Менделеевтің жұмыстары.
Еру үрдісінің термодинамикасы. Заттың еру жылуының кристалдық тордың
энергиясымен және зат молекуласының немесе оның диссоциациялану өнімдерінің
гидраттану жылуымен байланысы.
Қатты заттардың суда ерігіштігі. Ерігіштік коэффициенті және оның
температураға тәуелділігі. Ерігіштік сызықтары. Қанық ерітінді динамикалық
тепе-теңдіктегі жүйе. Кристаллогидраттар.
Ерітінділер концентрациясы. Ерітінділер концентрацияларын көрсетудің
әдістері. Процент бойынша еріген заттың массалық үлесі. Ерітінді
концентрациясын тығыздық бойынша сипаттау. Моляр, нормаль концентрациялар.
Титр. Әртүрлі концентрациялы ерітінділер даярлау үшін есептеулер.
Ерітінділер даярлау әдістемесі. Концентрлі қышқыл және сілті
ерітінділерімен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

9. Электролштік диссоциация теориясы

Электролиттер және бейэлектролиттер. Электролиттік диссоциация
теориясының негізгі қағидалары. С.Аррениус және И.А. Каблуков жұмыстары.
Химиялық байланыстардың әртүрлі типтері бар заттардың диссоциациялану
механизмі. Диссоциациялану үрдісінде судың полюсті молекулаларының ролі.
Аниондар мен катиоңдардың гидратациялану механизмі. Гидратацияға иоңдардың
мөлшері мен зарядтарының әсері. Гидроксоний ионының түзілуі. Диссоциация
үрдісінің энергетикасы.
Электролиттік диссоциация дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер.
Диссоциация дәрежесіне әсер етуші факторлар. Кейбір физиологиялық
орталардың диэлектрлік өтімдігінің мәндерінің жоғары болуы. Шынайы және
белгілі диссоциациялану дәрежесі. Активтілік коэффициенті туралы ұғым.
Әлсіз электролиттердің диссоциациялану үрдісіне массалар әсер заңын
пайдалану; диссоциациялану константасы. Әлсіз электролиттер диссоциациясы
тепе-теңдігінің ығысуы. Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан
қышқылдар, негіздер, тұздар. Сатылы диссоциация. Гидроксидтердің негіздік
және қышқылдық тип бойынша диссоциациясы. Амфотерлі гидроксидтер.
Молекуладағы химиялық байланыстардың салыстырмалы полюстігіне
гидроксидтердің диссоциациясының типі мен күшінің тәуелділігі. Қышқылдар
мен негіздердің протолиттік теориясы.
Судың электролиттік диссоциациясы. Судың иондық көбейтіндісі. Судың
диссоциациялану процесіне температураның әсері. Ерітінділердегі сутегі
ионының концентрациясы. Сутегіндік көрсеткіш. Биологиялық сұйықтардың
сутегіндік көрсеткіші. Химиялық және биологиялық үрдістердегі рН мәндерінің
тұрақтылығының маңызы. Аз еритін электролиттердің қанық ерітінділеріндегі
тепе-теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі. Тұнба түзілу және еру шарттары.
Электролит ерітінділеріндегі реакциялар (иондық реакциялар).
Электролит ерітінділеріндегі реакция жүру механизмі. Реакция бағытын
анықтау үшін стандартты изобарлық потенциалдар мәндерін пайдалану.
Қышқылдар, негіздер, тұздарды алудың жалпы тәсілдері және қасиеттері.
Бейорганикалық қосылыстардың кластары арасындағы генетикалық байланыс.
Гидролиз реакциялары. Тұздардың гидролизі. Тұздар гидролизінің әртүрлі
жағдайлары. Тұздардың қайтымды және қайтымсыз гидролизі. Гидролиздін
дәрежесі және константасы. Гидролиз тепе-теңдігін ығыстыратын факторлар.
Биологиялық үрдістерде гидролиздің ролі.
Комплекс қосылыстардың электролиттік диссоциациясы. Ішкі және сыртқы
сфераның иондарының диссоциациялануы. Су ерітіндісіңдегі комплексті ионның
диссоциациясы лигандтардың су молекуласына алмасу реакциясы.
Ерітінділердегі комплексті иондардың тұрақтылығы. Тұрақсыздық константасы.
Ерітінділерде комплексті иондардың түзілуі және ыдырауы.

10. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электродтық үрдістер

Элемент атомдарының тотығу дәрежесінің өзгере және өзгермей жүретін
реакциялар. С.А Даин жене Л.В. Писаржевскийдің тотығу туралы электрондық
теориясы. Тотықтырғыштар және тотықсыздандырғыштар. Тотығу-тотықсыздану
реакцияларының теңдеулерін құру ережесі. Электрон-иондық және электрондық
баланс әдісі. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының жіктелуі. Тотығу-
тотықсыздану үрдісінің жүруіне ортаның әсері
Металдардың қышқылдармен және тұздармен олардың сулы ерітіндісінде
тотығу тотықсыздану процесі тұрғысынан әрекеттесуі Химиялық реакциялар
арқылы электр тогының алынуы. Гальваникалық элемент туралы түсінік. Металл
мен оның тұзының сулы ерітіндісі арасын бөлетін шекте өзгеріс пайда болуы.
Салыстырмалы сутегі электроды. Стандартты электродтық потенциалдар.
Металдың электродтық потенциалының оның ерітіндідегі иондарының
концентрациясына тәуелділігі. Н.Н.Бекетов жұмыстары, металдардың
электрохимиялық кернеу қатары. Стандартты тотығу-тотықсыздану потенциалы.
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының ерітіндідегі бағыты. Тотығу-тотықсыздану
реакцияларының өлі және тірі табиғаттағы маңызы. Өндірістегі тотығу-
тотықсыздану үрдістері.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Бекітемін
Оқу бағдарламалары жөніндегі
комитеттің төрағасы
________ Р.Х.
Құрманбаев
2011 ж

(Бейорганикалық химияның теориялық негіздері( пәнінен
050112-Химия мамандығы
студенттеріне арналған бағдарлама
(Sillabus)

Қызылорда, 2011

Пән бағдарламасы (Sullabus) (Бейорганикалық химияның теориялық
негіздері( пәніне арналған жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды.

Пән бағдарламасы Химия және химияны оқыту әдістемесі кафедрасының
мәжілісінде қаралды.

Хаттама № 1 31 тамыз 2011 ж.

Кафедра меңгерушісі, ____________
х.ғ.к., доцент
Наренова С.М.

Пән бағдарламасы оқу бағдарламалары жөніндегі комитеттің мәжілісінде
бекітілді.

Хаттама № 1 31 тамыз 2011 ж.

Оқытушы: т.ғ.к., доцент Тапалова Әнипа Сейдалықызы
Офистік сағаттары: 900-1700
Курс аты мен коды: - Бейорганикалық химияның теориялық негіздері
Кредит саны: 4, лекция - 40 сағат, зертханалық сабақ - 40 сағат,
СОӨЖ-24
Курс өтетін орны: № 9 оқу ғимараты, 309-аудитория
Курс пререквизиті: математика, физика

Пәннің қысқаша мазмұны

Кіріспе. Химия пәні, оның халық шаруашылығындағы маңызы. Химияның
даму кезеңдері. Химияның негізгі ұғымдары мен негізгі заңдары. Атом
молекулалық ілім. Эквивалент. Эквиваленттер заңы. Химиялық элемент. Жай
және күрделі заттар. Салыстырмалы атомдық, салыстырмалы молекулалық масса.
Менделеевтің периодтық заңы және периодтық жүйесі. Химиялық байланыс.
Химиялық процестердің жалпы заңдылықтары. Химиялық реакция жылдамдығы.
Жылдамдыққа әсер ететін факторлар. Химиялық тепе-теңдік. Ле-Шателье
принципі. Тепе-теңдікке әсер ететін факторлар. Ерігіштік. Ерітінділердің
концентрациясы. Электролиттік диссоциация. Электролиттер еітінділеріндегі
ион алмасу реакциялары. Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш.
Тұздар гидролизі. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Кешендік қосылыстар.

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Студенттерді бейорганикалық химияның теориялық білімдерімен
қаруландыру, алған білімдерін химияның басқа салаларына және практика
жүзінде қолдана білуге үйрету.

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер білуге тиісті

- Химияның негізгі стехиометриялық заңдарын, сол заңдардың негізінде әр
түрлі есептеулер жүргізе білу.
- Атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидаларын меңгерту.
- Менделеевтің периодтық заңы және оның қазіргі кезеңдегі маңызы.
- Химиялық байланыс, оның түрлері, әр түрлі молекулалардағы
байланыстардың пайда болу табиғатын түсіндіру.
- Химиялық процестердің жалпы заңдылықтары және оларды химиялық
тенологиядағы әртүрлі процестерге қолдана білу.
- Ерітінділер, олардың концентрациясын белгілеу, әр түрлі концентрациялы
ерітінділер дайындауға есептеулер жүргізу.
- Тотығу-тотықсыздану реакциялары, тотығу дәрежесін таба білу,
электрондық, иондық-электрондық баланс әдісі бойынша теңдеулер
құрастыру.
- Электрохимиялық процестер, гальваникалық элементтің электр қозғаушы
күшін анықтау әдістерін меңгеру. Электролиз заңдарын практикада
қолдана білу.
Бейорганикалық химияның теориялық негіздері
пәні бойынша лекциялық сабақтар жоспары

Рс Лекция тақырыбы Тақырыптың мазмұны СағатПайда-ланыл
саны атын
әдебиет
1 2 3 4
1 Атом-молекулалық Атом-молекулалық ілімнің пайда болуы 4 1,14-42
ілім. Химияның және дамуы. Химиялық эквивалент.
негізгі ұғымдары Эквиваленттер заңы. Авогадро заңы және
мен заңдары одан шығатын қорытынды. Авогадро саны.
Моль-зат мөлшерінің өлшемі. Мольдік
масса және мольдік көлем. Заттың
мольдік массасы. Эквивалент және
эквиваленттік массалар арасындағы
қатынас. Газ заттардың молекулалық
массаларын анықтау.
2 Бейорганикалық ИЮПАК бойынша бейорганикалық 4 2,98-104
қосылыстардың зат-тардың номенклатуралық ережелері.
жіктелуі және Күрделі заттардың құрамы бойынша
номенклатурасы жіктелуі. Гидридтер. Қышқылдар,
тұздар. Қышқылдық, негіздік және
амфотерлік оксидтер. Оксид-тердің
номенклатурасы. Негіздер. Сілтілер.
Негіздердің номенклатурасы. Қышқылдар:
оттекті және оттексіз. Қышқылдардың
номенлатурасы. Тұздар: орта, қышқыл,
негіз. Тұздардың номенклатурасы.
3 Атом құрылысы Электронның ашылуы. Атомның Томсон 4 2,25-40
ұсынған моделі. Атом планетаралық
моделі. Резерфордтың тәжірибелері.
Планк теңдеуі. Бор бойынша сутегі
атомының теориясы. Квант сандары.
Атомдарда орбитальдардың толуының үш
ұстанымы: энергияның ең төмендігі.
Паули ұстанымы. Гунд ережесі. Атом
орбитальдарның толу реті. Клечковский
ережесі. Электрондық формулалар.
Ядролық реакциялар және химиялық
элементтердің өзгеруі. Атомдар
радиусы, иондану энергиясы. Электронға
жақындық. Электртерістілік.
4 Периодтық заң және Д.И.Менделеевтің периодтық заңы ашуы. 4 2,19-24
Д.И.Менделеевтің Периодтық жүйенің жаңа анықтамасы.
химиялық Периодтар, топтар, топшалар.
элементтердің Элементтердің химиялық қасиеттерінің
периодтық жүйесі олардың пеиодтық жүйедегі орнымен
байланысы.
5 Химиялық байланыс Химиялық байланыстардың түрлері. 4 1, 119-178
Коваленттік байланыстың түзілуі. ВБ
және МО әдістері. Атомдық
орбитальдардың гибридтенуі.
Байланыс-тың полюсті және молекуланың
полюстігі. Дипольдік момент. Валенттік
туралы қазіргі кездегі көзқарас.
6. Химиялық Химиялық реакцияның жылу эффектілері. 4 1, 205-226
процестердің Химиялық қосылыстардың
энергетикасы және түзілужылуы.Гесс заңы. Жүйенің ішкі
бағыты энергиясының өзгеруі. Энтальпия туралы
ұғым. Изобаралы-изотермиялық потенциал
(Гиббс энергиясы)
7. Химиялық реакцияларХимиялық реакциялар жылдамдығы. 4 1, 182-200
жылдамдығы. Химиялық реакциялардың әсер ететін
Химиялық факторлар. Химиялық реакция
тепе-теңдік жылдам-дығының әрекеттесуші заттардың
концентрацияларына тәуелділігі.
Массалар әсер заңы. Гетерогендік
ортада беттік қабат факторының реакция
жылдамдығына әсері. Реакция
жылдамдығының температураға
тәуелділігі. Катализ. Реакция
жылдамды-ғына катализатордың әсері.
Катализдің түрлері: гомогенді,
гетерогенді, оң және теріс катализ,
ингибитор жөніндегі ұғым. Катализатор
ретінде ферменттердің ерекшеліктері.
Қайтымсыз және қайтымды химиялық
реакциялар. Химиялық тепе-теңдік.
Ле-Шателье ұстынымы. әрекеттесуші
заттардың концентрациясын, қысымды
және темпера-тураны өзгерту кезіндегі
химиялық тепе-теңдіктің ығысуы.
8. Ерітінділер. Дисперстік жүйелердің қысқаша сипаты 4 1, 281-294
және олардың жіктелуі. Жүзгіндер
(суспензиялар, эмульсиялар),
коллоидтық жүйелер, шынайы
ерітінділер. Қатты заттардың суда
еігіштігі. Кристалло-гидраттар.
Ерітінділер концентра-циясы. әртүрлі
концентрациялы ерітінділер даярлау
үшін есептеулер.
9. Электролиттік Электролиттер және бейэлектролиттер. 4 2, 84-96
диссоциация С.Аррениус және И.А.Каблуков 1, 313-328
теориясы жұмыстары. Электролиттік диссоциация
дәрежесі. Күшті және әлсіз
электролиттер. Электролиттік
диссоциация теориясы тұрғысынан
қышқылдар, негіздер, тұздар. Сатылы
диссоциация. Судың иондық
көбейтіндісі. Ерітінділердегі сутегі
ионының концентрациясы. Сутегіндік
көрсеткіш. Ерігіштік көбейтіндісі.
Тұнба түзілу және еру шарттары.
Электролит ерітінділеріндегі
реакциялар (иондық реакциялар).
Тұздардың гидролизі. Комплекс
қосылыстарының электролиттік
диссоциациясы. Тұрақсыздық
константасы.
10. Тотығу-тотықсыздануТотықтырғыштар және 4 2, 65-75
реакциялары. тотықсыздандыр-ғыштар. 1, 248-277
Электродтық Тотығу-тотықсыздану реакция-ларының
үрдістер теңдеулерін құру ережесі.
Электрон-иондық және электрондық
баланс әдісі. Тотығу-тотықсыздану
реакцияларының жіктелуі. Гальваникалық
элемент туралы түсінік. Н.Н.Бекетов
жұмыстары, металдардың электрохимиялық
кернеу қатары. Стандартты
тотығу-тотықсыздану потенциалы.
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының
ерітіндідегі бағыты.
Барлығы: 20

Зертханалық жұмыстардың тақырыптары

РсЗертханалық сабақтар Тақырыптың мазмұны Сағ. Пайд.
тақырыптары саны әдеб.
1 2 3 4 5
1 Зертханалық жұмыстарды Қауіпсіздік ережелерін сақтау. 4 Әдіст.
орындаудың техникасы. Зертханалық техника. Нұсқау
Құрал-жаб-дықтар, ыдыстар. Таразы, № 1
таразымен жұмыс істеу.
2 Қышқылдар, негіздер, Сутектің бейметалдармен 4 Әдіст.
тұздардың алынуы. әрекеттесуі. Қышқылдық оксидтердің Нұсқау
сумен әрекеттесуі. Негіздік № 2
оксидтердің сумен әрекеттесуі.
Тұздарды алудың жолдары.
3 Эквивалентті анықтау. Сутекті ығыстыру арқылы магнийдің 4 Әдіст.
Газ тығыздығы бойынша эквиваленттік массасын анықтау. Нұсқау
молекулалық массаны Мольдік көлем. Салыстырмалы № 3
анықтау. тығыздық. Көміртегі (ІV) оксидін
салыстырмалы молекулалық массасын
анықтау.
4 Химиялық реакциялардың Реакция жылдамдығының әрекеттесуші4 Әдіст.
жылдамдығы. Химиялық заттар концентрациясына, Нұсқау
тепе-теңдік. температура-ға тәуелділігі. № 4
Реакция жылдамдығына катализатор
мен ортаның тигізетін әсері.
5 Ерітінділер.ЕрітінділерЗаттың ерігіштігінің температураға4 Әдіст.
- дің қасиеттері. байланыстылығы. Қаныққан Нұсқау
Заттың ерігіштігі. ерітінділер. Кристаллогидраттар. №5
Кристалданған суды анықтау.
6 Ерітінділерді дайындау.Қатты затты суда еріту арқылы 4 Әдіст.
дайындау. Концентрленген Нұсқау
ерітіндіге су қосу арқылы №6
дайындау. Екі ерітіндіні қосу
арқылы дайындау. Нормальдық және
молярлық концентрация.
7 Электролиттік Қышқыл және сілті ерітінділерінің 4 Әдіст.
диссо-циация. электрөткізгіштігі. Тұздардың Нұсқау
дис-социациясы № 7
8 Электролит Индикаторлардың түсінің өзгеруі. 4 Әдіст.
ерітінділе-ріндегі Электролит ерітінділеріндегі Нұсқау
реакциялар. Су-тектік иондық реакциялар. №8
көрсеткіш. Тұз-дар
гидролизі.
9 Комплексті қосылыстар Комплексті катионы бар 4 Әдіст.
қосылыс-тардың диссоциациялануы Нұсқау
және түзілуі. Комплексті анионы № 9
бар қосылыстардың диссоциациялануы
және түзілуі. Комплексті иондардың
беріктігі.
10 Тотығу-тотықсыздану Күшті тотықтырғыштар: KMnO4, 4 Әдіст.
реакциялары. K2CrO4, HNO3, H2SO4 конц. Нұсқау
Тотықсыз-дандырғыштар:металдар H2S №10
және оның тұздары. Галогенид
иондары. Сутек пероксиді-нің
қасиеттері.
Барлығы: 40

Студенттердің оқытушымен бірге өз бетінше
орындайтын жұмыстары СОӨЖ

АптСабақтар Сағ. Пайд.
а тақырыптары саны әдеб.
1 2 3 4
1 Химияның негізгі заңдарымен түсініктерін пайдаланып есептер 2 1, 8-33
шығару. Моль, мольдік масса, мольдік көлем. Авогадро саны.
Эквивалент. Газдардың молекулалық массаларын анықтау. 2,
Заттардың массалары мен көлем мөлшерлерін пайдаланып 24-44
стехиометрия есептер жүргізу
2 Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі және номенклатурасы. 2 3,
Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланысқа 10-20,
жаттығулар орындау. Химиялық формулалар мен теңдеулер бойынша 2,
есептер шығару. 37-40
3 Атом құрылысы. Квант сандары. Электрондық бұл жөніндегі ұғым. 2 1,
Атом орбитальдарының толу реті. Электрондық формулалар. 34-46
Радиоактивтік. Изотоптар. Ядролық реакциялаға және химиялық 2,
элементтердің өзгеруіне есептер шығару. 68-73
4 Периодтық заң және Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің 2 2,
периодтық жүйесі. Элементтердің химиялық қасиеттерінің олардың 72-79
периодтық жүйедегі орнымен байланысына және атомдар
радиустарының, иондану энергияларының, электрондық
ынтықтығының, электртерістігінің, олардың ядро зарядтарының
өсуі бойынша өзгеруіне жаттығулар орындау
5 Химиялық байланыс. Ковалентті, иондық металдық және сутектік 2 1,
байланыстар. Атомдық орбитальдардың гибридтелуі. Гибридтелу 47-58,
типтері және молекуланың геометриясы. Молекулалық орбитальдар 2,
әдісі (МОӘ). Молекулалардың энергетикалық диаграммасы және 79-97
электрондық формулалары.
6 Химиялық процестердің энергетикасы және бағыты. Реакцияның 3 3,
термохимиялық теңдеуін жазу. Реакцияның жылу эффектісін жанама 75-88
жолмен есептеу. Энтальпияның, энтропияның және Гиббстің бос
энергиясының өзгерісін есептеу.
7 Химиялық реакциялар жылдамдығы. Химиялық тепе-теңдік. 2 3,
Реакцияның молекулалығын, реттігін анықтау. Реакция 96-109
жылдамдығына С, t және катализатордың әсерін анықтау. Химиялық
тепе-теңдіктің ығысуына есептер шығару.
8 Ерітінділер. Ерітінділер концентрациясын анықтайтын әдістер. 3 2,
Ерігіш заттың массалық үлесін (процентпен)табу. Ерітіндінің 47-64
тығыздығын пайдаланып, есептер шығару. Молярлық және
нормальдық концентрациялар. Бір концентрациядан екінші
концентрацияға ауысуға негізделген есептеулер. Сұйықтағы газ
ерітінділері.
9 Электролиттік диссоциация теориясы. Бейорганикалық 3 3,
қосылыстардың әртүрлі кластарының электролиттік диссоциациясы. 131-158
Электролиттік диссоциацияның (ЭД) дәрежесіне (() және 2,
константасына (КД) әсер етуші факторлар. Күшті және әлсіз 149-157
электролиттер. Иондық алмасу реакциялары. Тұздар гидролизі.
Ерітіндідегі комплексті қосылыстар.
10 Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Қосылыстың формуласы бойынша 3 3,
элементтің тотығу дәрежесін есептеу. ТТП-ға қатысатын 181-198
заттардың ролін анықтау, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш 2,
эквиваленттерінің молярлық массасы. Тотығу-тотықсыздану 222-257
потенциалдары заттың тотығу-тотықсыздану қабілетінің өлшемі.
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының (ТТР) бағытын анықтау.
Электролиз. Фарадей заңдарына есептер шығару.
Барлығы: 24

Студенттердің өз бетінше орындайтын жұмыстары

1. Атом және молекула жайындағы түсініктің басталуы.
2. Химияның алғашқы заңдары.
3. Газ күйіндегі заттардың молекулалық массаларын табу.
4. Атомдық массаны табу.
5. Химия тілі.
6. Химиялық қосылыстардың негізгі кластары.
7. Элементтердің Д.И.Менделеевке дейінгі классификациясы.
8. Периодтық заң және атомның күрделілігі.
9. Нильс Бор теориясы.
10. Материалды дүниенің екі жақты табиғаты.
11. Квант сандары.
12. Периодтық жүйе және атомдардың электрондық құрылымы.
13. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінің құрылымы. Атом қабаттары мен
қатпарларын толтырудағы ерекшеліктер.
14. Элементтердің қасиеттерінің периодтылығы.
15. Периодтық заңның маңызы.
16. Химиялық байланыс туралы ұғымның дамуы.
17. Валенттік байланыс әдісі.
18. Коваленттік байланыстың полюстігі.
19. Донорлы-акцепторлы (координациялық) байланыс.
20. Молекулалық орбитальдар әдісі.
21. Иондық байланыс.
22. Сутектік байланыс.
23. Қатты заттың құрылымы.
24. Химиялық реакция жылдамдығына әрекеттесуші заттардың табиғатының әсер
етуі.
25. Реакция жылдамдығына температураның әсері.
26. Реакция жылдамдығына концентрацияның әсері.
27. Термодинамиканың бірінші заңы. Энтальпия.
28. Темохимия заңдары.
29. Термодинамиканың екінші заңы. Энтропия.
30. Химиялық элементтер мен қарапайым (элементтік) заттардың
классификациясы.
31. Қарапайым заттардың физикалық қасиеттері.
32. Химиялық элементтердің күрделі қосылыстары.
33. Бейорганикалық заттардың номенклатурасы.
34. Тотығу-тотықсыздану процесі.
35. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын құрастыру және теңестіру.
36. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының типтері.
37. Маңызды тотықсыздандырғыштар мен тотықтырғыштар.
38. Ерігіштік.
39. Ерітінділердің концентрациясы.
40. Ерітінділердің химиялық теориясы.
41. Қышқыл және негіз туралы теориялар.
42. Диссоциациялану константасы.
43. Судың диссоциациялануы.
44. Ерітінділердегі реакциялар.
45. Тұздардың гидролизі.
46. Электролиз.

1 модуль сұрақтары

1. Химияның негізгі заңдары мен түсініктері
2. Моль. Мольдік масса, мольдік көлем.
3. Авогадро саны. Эквивалент. Газ заңдары
4. Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі және номенклатурасы.
Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыс.
5. Формулалар мен теңдеулер бойынша есептер шығару.
6. Атом құрылысы. Квант сандары. Электрондық бұлт жөніндегі ұғым. Атом
орбитальдарының толу реті. Электрондық формулалар. Радиоактивтік.
Изотоптар. Ядролық реакциялар.
7. Периодтық заң және Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық
жүйесі
8. Атом радиустары. Иондану энергиясы. Электртерістік. Электронға
жақындық ұғымдары.
9. химиялық байланыс. Ковалентті, иондық металдар және сутектік
байланыстар.
10. Валенттік байланыс (ВБ) әдісі. Молекулалық орбитальдар әдісі (МОӘ).
11. Атомдық орбитальдардың гибридтелуі. Гибридтелу типтері және
молекуланың геометриясы. Молекулалардың энергетикалық диаграммасы және
электрондық формулалары.

2 модуль сұрақтары

1. Реакцияның термохимиялық теңдеуі. Реакцияның жылу эффектісі.
2. Химиялық процестердің энергетикасы және бағыты. Энтальпия.
Энтропия.
Гиббстің бос энергиясы.
3. Химиялық реакциялар жылдамдығы. Химиялық тепе-теңдік. Ле-Шателье
принципі.
4. Ерітінділер. Ерігіштік. Ерітінділер концентрациясын белгілеу.
Проценттік, молярлық және нормальдық концентрациялары.
5. Ерітінділердің қасиеттері. Ерітінділердің химиялық теориясы.
Қышқыл, негіз және тұз ерітінділерінің еекшеліктері.
6. Электролиттік диссоциация теориясы. Бейорганикалық қосылыстардың
әртүрлі кластарының электролиттік диссоциациясы. Диссоциациялану
дәрежесі және константасы.
7. Ерітіндідегі реакциялар. Тұздардың гидролизі.
8. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының
типтері.
9. Маңызды тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар.
10. Электролиз. Электролиз заңдары.
11. Кешенді қосылыстар. Классификациясы және аталуы. Химиялық
байланыстың табиғаты.

Курс сегменті бойынша студенттердің білімін бағалау критерийлері
Аралық бақылау бағалары (20 сұрақ)
Тест балы Әріптер жүйесі Пайыздық
бойынша бағасы қатынасы
20-19 А 10 (
18 А- 9 (
17-16 В+ 8 (
15-14 В 7 (
13-12 В- 6 (
11-10 С+ 5 (
9 С 4 (
8 С- 3 (
7 Д+ 2 (
6 Д 1 (
5-0 Ғ 0 (

Емтихан бағасын қою критерийі. Емтихан бағалары (50 сұрақ)

Тест балы Әріптік жүйе бойынша бағасы Пайыздық қатынасы, (
50-48 А 40 (
47-45 А- 38 (
44-41 В+ 36 (
40-38 В 34 (
37-35 В- 32 (
34-31 С+ 30 (
30 С+ 28 (
29 С 26 (
28 С 24 (
27 С- 22 (
26 С- 20 (
25-23 Д+ 18 (
22 Д+ 16 (
21 Д 14 (
20 Д 12 (
19 Д 10 (
18 Д 8 %
17 Д 6 %
16 Д 4 %
15 Д 2 %
14-0 F 0 %

Қорытынды баға қою тәртібі
Әріптік жүйе Балы Пайыздық Дәстүрлі жүйе бойынша
бойынша бағасы қатынасы, ( бағасы
А 4,0 95-100 өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
Д+ 1,33 55-59
Д 1,0 50-54
Ғ 0 0-49 қанағаттанарлықсыз

Бейорганикалық химияның теориялық негіздері
пәні бойынша білімді бағалау шкаласы

Кредит саны – 4

№ Бақылау түрі Балл 1 кредит 2 кредит 3 кредит 4 кредит Балл
жиын
тығы

1.
7.
8.
9. Емтихан
лакмус Көк
фенолфталеин Қызыл-күрең
метилоранж сары

2) негіздер қышқылдармен әрекеттесіп, тұз және су түзеді;
– Қышқылдармен негіздердің арасындағы реакцияны бейтараптану реакциясы
деп атайды.
NaОH+HCI=NaCI+H2О
Ni(ОH)2+2HNО3=Ni(NО3)2+2H2О
3) сілтілер қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп, тұз және су түзеді;
Ca(ОH)2+CО2=CaCО3↓+H2О
Ba(ОH)2+CО2=BaCО3↓+H2О
4) сілтілер амфотерлік оксидтермен әрекеттеседі;
2RbОH+ZnО= Rb2ZnО2+H2О
5) сілтілер тұздармен әрекеттесіп жаңа негіз түзе алады, ол үшін жаңа
негіз немесе жаңа тұз тұнбаға түсуі керек:
2KОH+Fe(NО3)2=Fe(ОH)2↓+2KNО3
Ba(ОH)2+Na2SО4=2NaОH+BaSО4↓
6) суда ерімейтін негізді қыздырса, ол негіздік оксид пен суға ыдырайды:
Сu(ОH)2=CuО+H2О
2Fe(ОH)3=Fe2О3+3H2О
7) сілтілердің ерітіндісі кейбір бейметалдармен (галогендермен,
күкіртпен, ақ фосформен, кремниймен), сол сияқты алюминиймен және
мырышпен әрекеттесуге қабілетті:
2NaОH+CI2=NaCI+NaОCI +H2О
6KОH+3S=К2S+2K2SО3+H2О
3KОH+4P+3H2О=PH3↑+3KH2PО2
2NaОH+ Si +H2О=Na2SiО3+2H2↑
2KОH+2AI+6H2О=2K[AI(ОH)4]+3H2↑
2KОH+Zn+2H2О=K2[Zn(ОH)4] +H2↑
8) ерімтал сілтілер металдармен әрекеттесіп, амфотерлік оксидтер мен
гидроксидтер түзеді:
Zn+2NaОH=Na2ZnО2+H2↑
Натрий цинкаты
2AI+2KОH+6H2О=2K[AI(ОH)4]+3H2↑
калий тетра-гидроксоалюминаты
Негіздерді алу әдістері:
1) белсенді металдың сумен әрекеттесуі:
2Na+2H2О=2NaОН+H2↑
2) негіздік оксидтердің сумен әрекеттесуі:
Na2О+H2О= 2NaОH
3) тұздардың сілтілермен әрекеттесуі:
2NaОH+FeSО4=Fe(ОH)2↓+Na2SО4
Na2CО3+Ba(ОH)2= 2NaОH+BaCО3↓
4) тұздардың судағы ерітіндісінің электролизі:
2NaCl + H2О → 2NaОH + H2↑ + Cl2↑

Қышқылдар

Қышқыл – ол құрамында қышқыл қалдығы және металл атомымен алмаса
алатын бір немесе бірнеше сутек атомдары болатын күрделі зат.
Қышқылдар қатты (мысалы: H3PО4, H3BО3, HJО4) және сұйық түрде
(мысалы: H2SО4, HNО3) болады. Кейбір қышқылдар (мысалы: HCl, H2S)
газдардың судағы ертіндісі түрінде болады.
Қышқылдарды былай жіктеуге болады:
1) негізділігі бойынша;
Қышқылдың негізділігі – ол қышқыл молекуласындағы, металл атомдарымен
алмаса алатын, сутек атомдарының саны.
2) қышқыл молекуласындағы оттек атомдары бойынша;

Көп атомды аниондары бар қышқылдардың атауларында -ат, -ит, -лылау,
-лы, -лау жалғаулары сақталады. Мысалы:
HClО – хлорлылау қышқылы
HClО2 – хлорлы қышқыл
HClО3 – хлорлау қышқылы
HClО4- хлор қышқылы
Орто- және мета- префикстері қышқылдардың құрамындағы судың мөлшерін
анықтау үшін қолданылады.
Айталық: H3BО3 – ортобор қышқылы болса, ал суы аздау HBО2 –
метабор қышқылы деп аталады. Егер қышқыл түзуші элемент әртүрлі тотығу
дәрежесінде немесе валенттілікте болса, оларды жоғарыда келтірілген
жалғаулардың бірін қосу арқылы көрсетіп отырады. Мысалы, H3PО4 – фосфор
(кейде ортофосфор) қышқылы, ал H3PО3 – фосфорлы қышқылы. Қышқыл түзуші
элементтің тотығу дәрежесі төмендесе де жалғаулар өзгеріп отырады.
Ал қышқыл қалдықтарының атаулары қышқыл түзуші элементтің латынша
аталуына -ат немесе -ит жалғауларын жалғап түзеді.

Оксоқышқылдар
1-кесте
Оксоқышқыл Оксоқыщқыл аталуы Қышқыл Қышқыл Қышқыл қалдығының
формуласы қалдығы қалдығының аталуы
валенттілігі
Н2СО3 Көмір қышқылы =CО3 II Карбонат
H2SiО3 Кремний қышқылы =SiО3 II Силикат
HNО3 Азот қышқылы -NО3 I Нитрат
HNО2 Азотты қышқыл -NО2 I Нитрит
H3PО4 Фосфор қышқылы ≡PО4 III Фосфат
H3PО3 Фосфорлы қышқыл ≡PО3 III Фосфит
H2SО4 Күкірт қышқылы =SО4 II Сульфат
H2SО3 Күкіртті қышқыл =SО3 II Сульфит
H2CrО4 Хром қышқылы =CrО4 II Хромат
H2Cr2О7 Дихром қышқылы =Cr2О7 II Дихромат
HClО Хлорлылау қышқылы -ClО I Гипохлорит
HClО2 Хлорлы қышқыл -ClО2 I Хлорит
HClО3 Хлорлау қышқылы -ClО3 I Хлорат
HClО4 Хлор қышқылы -ClО4 I Перхлорат
H2MnО4 Марганецті қышқыл =MnО4 II Манганат
HMnО4 Марганец қышқылы -MnО4 I Перманганат
H3BО3 Ортобор немесе бор≡BО3 III Борат
қышқылы
HBО2 Метабор қышқылы -BО2 I Борит
H3AsО4 Мышьяк қышқылы ≡AsО4 IIІ Арсенат
H3AsО3 мышьякты қышқыл ≡AsО3 IIІ Арсенит

Оттексіз қышқылдар
2-кесте
Қышқыл аталуы Қышқыл Қалдық Қалдық аталуы
формуласы қалдығы валенттілігі
HF Фторсутекті қышқыл -F I Фторид
HCl Хлорсутекті -Cl I Хлорид
қышқыл(тұз қышқылы)
HBr Бромсутекті қышқыл -Br I Бромид
HJ Йодсутекті қышқыл -J I Йодид
H2S Күкіртсутекті қышқыл=S II Сульфид

Қышқылдардың құрылымдық формуласын құрастырғанда оксо-қышқылдардағы
сутек атомының қышқыл түзуші элементпен емес, қайта оттек атомымен
байланысатындығын ұмытпау керек.

Мысалы:
О
‌‌ ‌׀׀
HCIО4 H – О – Cl = О
‌׀׀
О

О О
׀׀ ׀׀
H2Cr2О7 H – О – Cr – О – Cr – О – H
׀׀ ׀׀
О О
Қышқылдардың химиялық қасиеттері ерітіндіде Н+-сутек иондарының
(протонның) болуымен байланысты:
Нх(Ас)↔ хН+ + Асх-
1) қышқылдардың индикатор түсін өзгертуі:
Индикатор қышқылды ортадағы индикатор
түсі
лакмус кызыл
фенолфталеин түссіз
метилоранж қызыл

2) қышқылдар негіздермен әрекеттесіп, тұз бен су түзеді:
Н3РО4 + ЗNаОН = Nа3РО4 + ЗН2О
Н2SО4 + 2КОН = К2SО4 + 2Н2О
3) қышқылдар негіздік оксидтермен әрекеттесіп, тұз бен су түзеді:
Н2SО4 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химия ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар
Химияны оқыту құралдарын топтастыру
ХИМИЯ КУРСЫНЫҢ МАЗМҰНЫН ТАҢДАУҒА ЖӘНЕ ОҚЫТУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ДИДАКТИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Аналитикалық химияның даму тарихы
Бейорганикалық қосылыстардың кластарын оқыту әдістемесі
Химияны оқыту әдістерінің классификациясы
Қазіргі заманғы химия оқулықтарына қойылатын талаптар
Фармацевтикалық химияның міндеттері
ХИМИЯ ЖАРАТЫЛЫС ҒЫЛЫМЫ НЕГІЗІНДЕ
Пәнаралық байланыс функциялары
Пәндер