Машина бөлшектерінің беріктігі және оны арттырудың технологиялық әдістері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Алматы технологиялық университеті

Тақырыбы: Машина бөлшектерінің беріктігі және оны арттырудың технологиялық әдістері

Орындаған: Жамалбай Байқуат тмо -19-11
Қабылдаған: Ангарбеков Улан

Алматы, 2021ж
Машина бөлшектерінің беріктігі және оны арттырудың технологиялық әдістері

Машина детальдары, яғни тетіктері деп біртұтас жасалған, бұзбайынша ажыратуға келмейтін машина бөлшектерін айтамыз. Қандай машинаны алсақ та, олар әр түрлі детальдардан құралады, ал детальдардың саны машинаның күрделілігіне байланысты. Ал енді әр түрлі машиналарда қолданылатын детальдарды бір-бірімен салыстырсақ, олардың ұқсастығы байқалады. Машиналарда кездесетін сан алуан детальдарды екі түрге жіктеуге болады: Машина бөлшектері Негізгі жағдайлар

Бөлшектер: бір типтес детальдар Яғни барлық машиналарға тән жалпы детальдар. Бір типтес детальдарды әр түрлі машиналардың құрамынан кездестіруге болады, арнаулы детальдар тек қана белгілі бір машиналардан кездестіреміз.

Сонымен, машина детальдары курсы барлық машиналарға тән бір типтес жалпы детальдардың конструкциясын, жобалау жолдарын, қандай материалдан жасауға болатынын және оларды беріктікке, төзімділікке есептеу жолдарын үйрететін ғылым. Бұйымның техникалық құжатында көрсетілген параметрлеріне сәйкес өзіне тән функцияларды орындауын жұмыс істеу қабілеттілігі деп атайды. Машина бөлшектерінде жұмыс істеу қабілеттілігінің сапалық көрсеткіштері ретінде беріктік, қатаңдық, орнықтылық, сонымен қатар тозуға, дірілге және ыстыққа төзімділігі қарастырылады. Беріктік - деп күш түскенде бөлшектердің сынуға немесе пластикалық деформацияға төзімділігін айтады.

Қатаңдық - деп күш түскенде бөлшектің өзінің пішіні мен өлшемін өзгертпей сақтап қалу қасиетін айтады. Мысалы, тісті дөңгелектер орналасқан біліктерге күш түскенде, біліктің шамадан артық иілуінен (жылжуы) тістердің ілінісуі бұзылады және подшипниктер түпкілікті істен шығуы мүмкін. Бөлшектердің қатаңдығы оларды жасағанда қолданылатын материалдардың серпімділік модуліне байланысты анықталады. Жылуға төзімділік - деп бөлшектердің белгіленген уақыт аралығында, белгілі бір төменгі және жоғарғы температура бойынша жұмыс атқару қабілеттілігін айтады. Бөлшектің шамадан тыс жылу бөлуі: Бөлшектердің беріктігінің кемуі Май қабаттарының қорғалуының төмендеуі Қозғалмалы қосылыстарда саңылаудың үлкеюі Үйкеліс коэффициентінің төмендеуі Аталған теріс құбылыстарды болдырмас үшін машина бөлшектерін қызуға есептейді. Қосымша жасанды суыту жұмысын енгізеді.

Дірілге төзімділік - деп бөлшектің немесе жүйенің зиянды тербеліссіз қажетті айналым жиілігінде жұмыс атқару қабілеттілігін айтады. Тозу - деп бөлшек беттерінің тегіс болмағанынан немесе жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бәсеңдеткішті құрастыру
Берілістердің тозу
Машиналардағы үйкелу және тозу
Тозу және оның түрлері
Наноматериялдар
Пісірудің даму тарихы
ҚОРАП БӨЛШЕГІНІҢ ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ
Көлік техникасының сенімділігі пәні бойынша лекциялық кешен
Машина құрастыру негіздері пәнінен жоғарғы және орта кәсіптік мамандар дайындайтын техникалық оқу орындарының студенттері үшін арналған дәрістік конспект
Дәнді қоспалардың компоненттерін жою әдістері
Пәндер