Балықтардың қаңқасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ

М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова

ЗООЛОГИЯ - 2

Алматы, 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ

М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова

ЗООЛОГИЯ -2

Омыртқалылар зоологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Алматы, 2018

ӘОЖ 596

Рецензенттер:

ҚазҰАУ-нің биологиялық қауіпсіздік кафедрасының профессоры,

в. ғ. д. Ильгекбаева Г. Д.

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің биология кафедрасының профессоры, б. ғ. д. Айдарбаева Д. К.

Жақсыбаев М. Б., Батырова К. И., Сексенова Д. У.

Зоология- 2: Омыртқалылар зоологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. - Алматы: «Ұлағат» баспасы, 2018. - 105 б.

Зертханалық-тәжірибелік сабақтар студенттердің зоология курсын меңгеруінің ажырамас бөлігі болып табылады. Зоология-2 бойынша әдістемелік нұсқаулар омыртқалылардың негізгі жүйелі топтарының морфологиясы, анатомиясы бойынша білімдерін тереңдетуге және кеңейтуге ықпал етеді.

Ал келтірілген сызбалар, кестелер, олардың кейбіреулері өз бетінше толтыруды талап етеді, студенттердің логикалық ойлауын дамытады.

Зоология - 2 «5В011300-Биология» бағыты бойынша бакалаврларды даярлаудың кәсіптік цикліне кіреді, сонымен қатар бакалавр - биологтарды дайындаудың басты кезеңдерінің бірі болып табылады.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, 2018

Кіріспе. Хордалылар типі ( Chordata)

Хордалылар типіне жататын жануарлардың энтодермадан пайда болған серпімді, бунақталмаған арқа желісі - хорда түріндегі өстік қаңқасы болады. Жоғары сатыдағы хордалыларда омыртқа бағанын түзетін омыртқалармен алмасады.

Өстік қаңқаның үстінде эктодермадан пайда болған жүйке түтікшесі орналасады. Жоғары сатыдағы хордалыларда ол омыртқаның астымен немесе ішімен өтіп жұлынды құрайды. Жүйке түтікшесінің алдыңғы бөлімі миды түзеді.

Ас қорыту жүйесі өзінің алдыңғы бөлімі арқылы сыртқы ортамен екі қатар тесіктер арқылы қатынасып желбезек қуыстарын түзеді. Төменгі сатыдағы сулық омыртқалыларда ол өмір бойы сақталады, ал жоғары сатыдағы хордалыларда ұрықтық даму кезеңінде ғана қызмет атқарады.

Хордалылар үшін гаструла қабырғасын тесу арқылы пайда болған екінші ауыздылық тән.

Барлық хордалылар - тек екінші дене қуысты (целомдық) жануарлар.

Хордалылар - денесі екі жақты симметриялы жануарлар.

Ішкі мүшелердің метамерлі орналасуы төменгі хордалыларда анық байқалады. Дененің сыртқы сегменттері болмайды.

Хордалылардың систематикасы:

Басқаңқасыздар тип тармағы (Acrania)

Басхордалылар класы (Cephalochordata) ;

Қабыршақтылар тип тармағы (Urochordata или Tunicata )

Асцидиялар класы (Ascidiae)

Сальпылар класы (Salpae)

Аппендикулярлар класы (Appendiculariae)

Басқаңқалылар (Craniata), немесе Омыртқалылар тип тармағы (Vertebrata)

Бөлім I . Жақсыздар (Agnatha)

Дөңгелекауыздылар класы (Cyclostomata)

Бөлім II. Жақауыздылылар (Gnatostomata)

Балықтар класс тобы (Pisces)

Шеміршекті балықтар класы (Chondrichthyes)

Сүйекті балықтар класы (Osteichthyes)

Төртаяқтылар класс тобы (Tetrapoda)

Қосмекенділер, немесе Амфибилер класы (Amphibia)

Бауырымен жорғалаушылар, немесе Рептилилер класы (Reptilia)

Құстар класы (Aves)

Сүтқоректілер (Mammalia), немесе Аңдар (Theria) класы

:

1-тақырып. Басхордалылар класы (Cephalochordata)

Басқаңқасыздар өте қарапайым хордалы жануарлар. Хордалылар типінің барлық негізгі белгілері басқаңқасыздарда жақсы байқалады, әрі өмір бойы сақталады.

Оларда өстік қаңқа ретінде хорда қызмет атқарады, жүйке жүйесі түтікше ретінде болады, жұтқыншақ желіден қуыстармен жалғасқан.

Басқаңқасыздардың екінші ауызы және екінші дене қуысы - целомы болады. Кейбір мүшелерінде метамерия сақталған.

Басқаңқасыз жануарларға дененің екі жақты (билатеральды) симметриялылығы тән.

Бұдан басқа басқаңқасыздар бірқатар ерекше қарапайым белгілерінің болуымен сипатталады. Басқаңқасыздарда эпидермис бірқабатты, жұқа кутикуламен қапталған. Эпидермис жасушаларының арасында жекеленген сезгіш және безді жасушалар орналасқан. Кутис нашар байқалады және де жұқа қабатты іркілдек ұлпа түрінде болады.

Орталық жүйке жүйесі миға және жұлынға жіктелмеген. Мидың жоқтығына байланысты басқаңқасы да болмайды.

Сезім мүшелері нашар дамыған: дененің үстіңгі бетінде шашыраңқы орналасқан сезгіш жасушалар бар. Жүйке түтігінің қабырғасында орналасқан жарық сезгіш түзінділер - Гессе көзшелері және дененің алдыңғы бөлігінің үстіңгі бетінде жатқан иіс сезу шұңқыры болады.

Желбезек қуыстары сыртқа емес терінің бүйір қатпарларының қалыңдауынан пайда болған атриалды немесе желбезек маңындағы қуысқа ашылады.

Ас қорыту жүйесі әлсіз жіктелеген түтікшеден тұрады, онда тек екі бөлім - жұтқыншақ пен ішек айқындалған. Жұтқыншақтың түбінде ұзына бойы созылған, кірпікшелі эпителий және безді жасушалармен астарланған - эндостиль болады. Эндостильдің қызметі судан қоректік түйірлерді бөліп алу.

Ланцетниктің қаны түссіз, жүрегі болмайды.

Зәр шығару мүшелері қысқа түтік түріндегі - нефридиялар түрінде болады. Олар 90 жұп болып метамерлі түрде жұтқыншақтың астында орналасады.

Көбею мүшелері - дөңгелекше дене түріндегі тұқым бездері мен аналық бездер. Жыныс өнімдері атриалды қуыс арқылы шығады.

Сабақ . Ланцетник мысалында басхордалылардың құрылыс ерекшеліктері

Мақсаты: Хордалы жануарларға тән белгілерді тауып көрсету.

Керекті құрал - жабдықтар: формалиндегі ланцетник, ланцетниктің бекітілген препараттары, микроскоптар, интерактивті тақта.

Зертханалық сабақты орындау тәртібі:

1. Ланцетниктің сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерді қарап көру (дене пішіні, жабыны, дененің алдыңғы бөлігі, арқа-бүйір қатпары) ;

2. Ланцетниктің негізгі мүшелерін қарап көру: жұтқыншақ, ішек, желбезек қуыстары, атриопор, ас қорыту түтікшесі, жыныс гонадалары (кестелер) ;

3. Микроскоптың көмегімен ланцетниктің жұтқыншақ тұсындағы

көлденең кесіндісін қарап көру;

4. Микроскоптың көмегімен ланцетниктің ішек тұсындағы көлденең

кесіндісін қарап көру.

Систематикасы

Хордалылар типі (Chordata)

Басқаңқасыздар тип тармағы (Acrania)

Басхордалылар класы ( Cephalochordata)

Ланцетниктәрізділер отряды (Amphioxiformes)

Өкілі ланцетник (Branchiostoma lanceolatum Pall)

Жұмысқа түсініктеме:

Ланцетниктің денесі екі бүйірінен қысыңқы, балық пішінді, дене ұзындығы 5-8 см мөлдір жануар. Дененің алдыңғы бөлігінде қармалауыштары бар ауыз алды түтікшесі, одан әрі арқа қанаты орналасып, құйрықпен аяқталады (сурет 1) .

http://evoluts.ru/images/stories/kon8/004.jpg

Сурет 1. Ланцетник (Br. Lanceolatum)

Құрсақ жағынан ерекше тесік атриопор және анальдық тесіктер орналасып, олардан алға қарай метаплевральдық қатпар шығады.

Ланцетниктің сыртқы көрінісімен лупа арқылы, сондай-ақ сурет бойынша зерттеп біліңіздер (сурет 2) .

Тері жабыны - бірқабатты эпидермис және ішкі - кутис (іркілдек, борпылдақ дәнекер ұлпа) .

Бұлшық еттер гомономды сегменттелген (миомерлер, миосепталар) .

Қаңқасы хорда түрінде (өстік желі) .

Ас қорыту мүшелері ауыз алды түтікшенің түбінде орналасқан ауыз тесігі, әрі қарай кеңейген жұтқыншақ қысқа ішекке жалғасады.

Сурет 2. Ланцетниктің сыртқы және ішкі құрылысы

1 - арқа жүзбе қанаты; 2 - құйрық жүзбе қанаты; 3 - құрсақ жүзбе қанаты; 4 - атриопор; 5 - метаплевральдық қатпар; 6 - сезгіш қармалауыштары бар ауыз воронкасы, 7 - миосепталар; 8 - миомерлер; 9 - хорда, 10 - жүйке түтігі; 11 - Гессе көзшелері; 12 - желбезек саңылаулары; 13 - жыныс гонадалары; 14 - ішек; 15 - бауырлық өсінді.

Тыныс алу мүшелері жұтқыншақ тұсындағы желбезек қуыстары (ланцетниктің жқтқыншақ тұсындағы көлденең кесіндісінен жақсы көрінеді) (сурет 3) .

Сурет 3. Ланцетниктің жұтқыншақ тұсынан көлденең кесіндісі

1 - арқа жүзбе қанаты; 2 - метаплевральдық қатпар, 3 - эпидермис; 4- миомерлер, 5 - миосепталар; 6 - хорда, 7 - жүйке түтігі; 8 - желбезек саңылаулары; 9 - артриаль қуысы; 10 - жыныс бездері; 11 - бауырлық өсінді; 12 - эндостиль.

Ланцетниктің жұтқыншақ тұсынан көлденең кесіндісі микропрепаратынан негізгі мүшелерді көріп танысыңыздар: жабыны, миосепталары бар миомерлер, жүйке түтікшесі, хорда, желбезек қуыстары, жыныс гонадалары, бауырлық өсінді, сондай-ақ сыртқы құрылысындағы метаплевралды қатпарлы бірқабатты эпителий.

Ішек тұсындағы көлденең кесіндінің суретінен жоғарыда аталған мүшелерден басқа ішек анық көрінеді (сурет 4) .

Сурет 4. Ланцетниктің ішек тұсынан көлденең кесіндісі

1 - арқа жүзбе қанаты, 2 - құрсақ жүзбе қанаты; 3 - эпидермис; 4- миомерлер; 5 - миосепталар; 6 - хорда; 7 - жүйке түтігі; 8 - ішек; 9 - целом.

Ланцетниктің қан айналу жүйесі тұйық, жүрегі болмағандықтан екі негізгі тамырлар: арқа және құрсақ қолқасы түрінде болады (кесте бойынша көріп танысу) .

Зәр шығару мүшелері нефриядиялар түрінде, олар көзге көрінбейтіндіктен кесте бойынша қарап танысуға болады.

Ланцетниктер дара жынысты жануарлар.

Жыныс жүйесі: 25 жұп дөңгелекше жыныс бездері жұтқыншақ маңында орналасқан және препараттан жақсы көрінеді.

Дене қуысы екіншілік (целом) және ол дене қабырғасы мен ішек аралық кеңістікті түгел алып жатыр.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Хордалылар типінің жалпы сипаттамасы;

2. Басқаңқасыздардың систематикасы;

3. Ланцетниктің сыртқы құрылысы;

4. Ланцетниктің тері жабыны мен бұлшық ет жүйесінің құрылысы;

5. Ланцетниктің өстік қаңқасының, жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің

морфологиясы;

6. Ланцетниктің ас қорыту және тыныс алу жүйелерінің құрылыс

ерекшеліктері;

7. Ланцетниктің қан айналым жүйесі;

8. Ланцетниктің зәр шығару және жыныс жүйелері;

9. Ланцетниктің дамуы;

10. Хордалылардың эволюциясы.

- ланцетниктің сыртқы және ішкі құрылысын зерттеп білу бекітілген препараттар және кестелер бойынша іске асырылады;

- белгіленген сұрақтар оқытушының қатысуымен өткізілетін студенттердің өзіндік жұмыстарында қарастырылады.

2 тақырып. Дөңгелекауыздылар класы (Сyclostomata)

Дөңгелекауыздылар - қазіргі кезде тіршілік жануарлар тобының ішіндегі ең қарапайымдылары: жақтарының, жұп аяқтарының болмауы, аузы сорғыш типті, бір танау тесігі бар иіс сезу мүшесі, ішкі құлақта екі жарты шеңберлі канал.

Тыныс алу мүшесі желбезек қапшықтары түрінде, олардың қабырғасында энтодермадан пайда болған желбезек жапырақшалары орналасқан. Жартылай паразиттік тіршілік етуге бейімделушілік белгілері анық байқалады: сорғыш варонка, мүйізді тістер, жалаң, бездерге бай тері.

Сабақ. Миноганың мысалында дөңгелекауыздылардың құрылысының морфологиялық ерекшеліктері

Мақсаты: Дөңгелекауыздылардың тіршілік ету тәсіліне байланысты құрылыс ерекшеліктерін ашып көрсету.

Керекті құрал-жабдықтар: консервіленген миногалар, астауша, пинцет, мақта, препараттаушы инелер, ұлғайтқыш әйнек, кестелер, интерактивті тақта.

Зертханалық сабақты орындау тәртібі:

1. Өзен миногасының сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерді көріп танысу (дене пішіні, арқа және құйрық жүзбе қанаттар, ауыз алды воронка, дара танау тесігі, көз, сыртқы желбезек қуысы, анальдық және зәр-жыныс тесіктері) ;

  1. Ішкі мүшелерді оқып үйрену (кестелер) ;
  2. Миноганың желбезек қапшықтары тұсындағы көлденең кесіндісін

көріп танысу (кестелер) ;

  1. Миноганың ішек тұсындағы көлденең кесіндісін көріп танысу.

Систематикасы

Хордалылар типі (Chordata)

Омыртқалылар немесе Басқаңқалылар тип тармағы (Vertebratа, немесе

Craniata)

Жақсыздар бөлімі ( Agnatha )

Дөңгелекауыздылар класы (Cyclostomata)

Миногатәрізділер отряды (Petromyzoniformes)

Өкілі минога (Lampetra sp, L, )

Жұмысқа түсініктеме:

Миногалардың денесі ұзарған, угр пішінді болып келеді (сурет 5) .

Сурет 5. Миноганың сыртқы құрылысы

1- арқа жүзбе қанаты; 2 - құйрық жүзбе қанаты; 3 - сорғыш түтік; 4 - көз; 5 - танау тесігі; 6 - төбе тесігі; 7 - сыртқы желбезек саңылаулары; 8 - бүйір сызығы; 9 - зәр-жыныс емізікшесі, 10 - аналь тесігі.

Дененің алдыңғы бөлігінде мүйізді тісті тақташасы бар ауыз тесігі, дара танау тесігі, жұп көздері және дененің екі бүйірінде жеті жұп желбезек қуыстары орналасқан. Денені бойлай бүйір сызық мүшелері өтеді, олар қатарлап ұсақ сыртқы тесіктер түрінде болып теріге терең еніп жатқан каналға апарады. Онда судың тербелісін қабылдайтын рецепторлар орналасқан.

Терісі тығыз, жалаң, көптеген безді жасушалы. Арқасын бойлай орналасқан екі арқа жүзбе қанаты құйрықтың протоцеркальды жүзбе қанатпен аяқталады.

Миногалардың жартылай паразиттік тіршілік ету тәсіліне байланысты сорғыш түтікшесі болады (сурет 6) .

Сурет 6. Миноганың ауыз алды сорғыш ойығы

1- терілі күлтелер; 2 - ауыз тесігі; 3 - «тістері» бар тілі, 4 - «тістері» бар мүйізді тақталар; 5 - ішкі еріндік «тістері».

Түтікшенің жиегін бойлай терілі күлтешелер орналасқан. Ортасында «тісті» тілі бар ауыз тесігі орналасады.

Одан әрі тістері бар мүйізді тақташа және түтікшенің жиегін бойлай - ішкі еріндік тістер орналасады.

Миногалардың бұлшық еттерінің гомономды сегменттелуі миосепталарымен бөлінген миомерлер түрінде болады.

Ас қорыту жүйесі: өңештің қалыптасуы, қарын дамымаған, ішекте сору беткейін ұлғайтатын иірімді қақпақшалар орналасқан. Бауыр дамиды, бірақ ұйқы безінің нұсқасы ғана болады.

Тыныс алу жүйесі - бұл тыныс алу түтікшесімен байланысатын және желбезек қуыстары арқылы дененің үстіңгі бетіне ашылатын энтодермальды желбезек қапшықтары (сурет 7) .

Сурет 7. Миноганың желбезек аппараты

1- ауыз тесігі; 2 - тыныс алу түтікшесі; 3 - желбезек қапшықтары; 4 - сыртқы желбезек тесіктері.

Қан айналу жүйесі: екі камералы жүрек, қарыншадан шыққан құрсақ қолқасы алып келуші желбезек артерияларына тарамдалады. Артериялық қан алып кетуші тамырлар бойымен құрсақ қолқасына жиналады. Осы тамырдан дененің алдыңғы бөлігіне баратын ұйқы артериялары шығады (сурет 8) .

Сурет 8. Миноганың қан айналу жүйесінің сызбасы

1 - жүрекше, 2 - құрсақ қолқасы, 3 - алып келгіш желбезек артериялары; 4 - алып кеткіш желбезек артериялары, 5 - арқа қолқасы; 6 - ұйқы артериялары; 7 - артқы кардиналдық вена; 8 - алдыңғы кардиналдық вена, 9 - веноздық синус; 10 - қарынша; 11 - бауырдың қақпа жүйесі.

Барлық мүшелерге қан жеткізетін артерияларды бөлуші арқа қолқасы да аталған тамырдан шығады. Веналық қан дененің алдыңғы бөлігінен шығатын жұп алдыңғы кардиналдық веналарға жиналады. Дененің қалған бөлігіндегі веналық қан артқы кардиналдық веналарға құяды. Осылайша алдыңғыларымен бірігіп жүрекшеге жалғасқан веноздық қуысқа құйылады. Бауырда қан айналымның қақпа жүйесі бар.

Мезонефросты бүйректерден несепағарлар (вольфов каналдары) шығып зәр - жыныс синусына құйылады.

Дөңгелекауыздалардың жыныс жүйесі дара жыныс бездер түрінде болады. Жыныс жолдары жоқ және жыныс өнімдері дене қуысына түседі, кейін зәр-жыныс емізікшелері арқылы сыртқа шығарылады.

Дөңгелекауыздылардың жүйке жүйесі мидан және жұлыннан тұрады. Мидың келесі бөлімдері бар: алдыңғы, аралық, орта, сопақша (сурет 9) .

Сурет 9. Миноганың миы (үстінен)

1 - алдыңғы ми; 2 - иіс бөлімдері; 3 - аралық ми; 4 - төбе органы; 5 - орта ми; 6 - мишық; 7 - сопақша ми.

Мишық нашар дамыған. Мидың барлық бөлімдері бір жазықтықта орналасқан. Мидан 10 жұп жүйкелер шығады.

Қаңқасы басқаңқасынан және хордадан тұрады. Басқаңқасы ми сауыты мен висцеральдық бөлімдерден тұрады (сурет 10) .

Сурет 10. Теңіз миногасының басқаңқасы

1 - тақ шеміршекті капсула; 2 - есту қапшығы; 3 - иіс қапшығы; 4 - ерін шеміртшектері; 5 - сақиналы шеміршек; 6 - жүрек маңы қапшығы; 7 - желбезек торы.

Ми сауыты шеміршекті тақташа түрінде, әрі қарай есту қапшығы және алдында иіс сезу капсуласы орналасады.

Ми сауытының бүйір қабырғалары көз шұңқырын түзеді.

Басқаңқасының висцеральдық бөлімінің құрамына желбезек қапшықтарының тірегі болатын желбезек торы және жүрек маңындағы қалта кіреді. Сонымен қатар ауыз түтікшесі мен тілге тіреніш болатын шеміршектерде кіреді.

Миногалардың өстік қаңқасы өмір бойы сақталатын хорда түрінде болады. Дөңгелекауыздыларда ішінде жұлын орналасқан канал түзетін омыртқалардың жоғарғы доғаларының нұсқасы пайда болады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. «Миноганың сыртқы құрылысы» суреті бойынша сыртқы

құрылысының ерекшеліктерін сипаттап жазыңдар;

2. Дөңгелекауыздылардың қоректену тәсіліне байланысты

морфофизиологиялық ерекшеліктері;

3. Кестені толтырыңдар;

дөңгелекауыздылардың отряды
сипаттамасы
өкілдері
№: 1
дөңгелекауыздылардың отряды: Миногатәрізділер (Petromyzoniformes)
сипаттамасы:
өкілдері:
№: 2
дөңгелекауыздылардың отряды: Миксинтәрізділер (Myxiniformes)
сипаттамасы:
өкілдері:

4. Дөңгелекауыздылардың биологиялық алуантүрлілігі;

  1. Дөңгелекауыздылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
  • миногалардың сыртқы құрылысының ерекшеліктері консервіленген

жануарлардан қарастырылады;

  • ми жүйкелерінің құрылысы, қызметі жеке сабақтарда қарастырады.

3 тақырып. Шеміршекті балықтар класы ( Сhondrichthyes)

Шеміршектілер - теңіз балықтарының аздаған ( 700-ден астам) тобы. Белсенді қоректенуге байланысты шеміршекті балықтарда прогрессивті құрылыстың белгілері дамыған. Мысалы, шеміршекті балықтарда жұп көкірек және құрсақ жүзбе қанаттары түріндегі қозғалыс мүшелері едәуір жетілген, бұл олардың жүзу кезіндегі түрлі қозғалысын арттырады.

Хорда түгелге жуық сегменттелген шеміршекті омыртқалармен алмасқан, бұл олардың қозғалғыштығын арттырады.

Қозғалыс шапшаңдығының артуына күшті дамыған еттер арқылы қозғалысқа келетін құйрық жүзбе қанаттары мүмкіндік береді.

Висцеральдық қаңқада жіктелген желбезек доғалары пайда болған. Алдыңғы доғалары қармағыш типтегі жақтарға айналған. Тіласты доғасы жақ доғасының ми сауытына қозғалмалы бекіну қызметін атқарады. Желбезек доғалары тыныс алу аппаратына тірек бола отырып тыныс алу қозғалысының біршама тиімділігін қамтамасыз етеді. Прогрессивті белгілеріне іштей ұрықтанумен қатар және кейбір балықтардағы тірі туу да жатады.

Дегенмен де өмір бойы шеміршек күйінде қалатын қаңқа сияқты қарапайым белгілері сақталып қалған.

Терісі қарапайым плакоидты қабыршақтармен қапталған.

Желбезек саңылаулары 5-7-ге дейін, олардың әрқайсысы жеке тесік түрінде ашылады.

Шеміршекті балықтар класы ( Сhondrichthyes) екі класс тармағына бөлінеді: Тақтажелбезектілер (Elasmobranchii) және Химералар (Holocephali) .

1 сабақ. Тікенді акула мысалында шеміршекті балықтар құрылысының морфологиялық ерекшеліктері

Мақсаты: Шеміршекті балықтардың құрылыс ерекшеліктерін ашып көрсету.

Керекті құрал-жабдықтар: консервіленген тікенді акула, табақша, пинцет, кестелер, интерактивті тақта.

Зертханалық сабақты орындау тәртібі:

  1. Тікенді акуланың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерді көріп

танысу (дене пішіні, басы, танау тесігі, көз, қабыршақ, арқа-бүйір қыртысы, жүзбе қанаттары, клоака тесігі) ;

2. Негізгі мүшелер жүйесін көріп танысу: ас қорыту, тыныс алу, қан айналу, жыныстық, зәр шығару (кестелер) ;

3. Шеміршекті балықтарға тән құрылыстық белгілерді тауып көрсетіңіздер.

Систематикасы

Хордалылар типі (Chordata)

Омыртқалылар тип тармағы (Vertebratа)

Жақауыздылар бөлімі (Cnathostomata)

Балықтар класс тобы (Pisces)

Шеміршекті балықтар класы (Chondrichthyes)

Тақтажелбезектілер класс тармағы (Elasmobranchii)

Акулалар отряд тобы (Selachomorpha)

Өкілі тікенді акула немесе катран (Squalus acanthias L, )

Жұмысқа түсініктеме:

Дене пішіні ұзарған, торпеда тәрізді, басында ұзарған тұмсық-рострум, екі бүйірінде ірі көздері, жұп танау тесігі, 5 жұп желбезек саңылаулары орналасқан.

Ауыз бастың төменгі жағында көлденең саңылау түрінде болады (сурет 11) .

Сурет 11. Шеміршекті балықтардың сыртқы құрылысы

1 - рострум, 2 - ауыз тесігі; 3 - көз; 4 - танау тесігі; 5 - бүріккіш; 6 - желбезек тесіктері, 7 - арқа жүзбе қанаттары; 8 - құйрық жүзбе қанаты; 9 - көкірек жүзбе қанаты; 10 - құрсақ жүзбе қанаты, 11 - бүйір сызығы; 12 - клоака.

Көздің артында жұп кішігірім тесіктер - бүріккіштер (рудименттік желбезек қуыстары) орналасқан.

Тұлға бөлімі соңғы желбезек қуысынан басталады, клоака тесігімен аяқталады. Жұп көкірек және құрсақ жүзбе қанаттары горизонталь бағытта орналасқан. Арқа жағында екі арқа жүзбе қанаттары болады. Құйрық қанаты гетероцеркальды.

Акуланың терісі тесікшелері бар көптеген плакоидты қабыршақтармен жабылған. Бас, тұлға, құйрық бүйірлерінде сулық омыртқаларға тән мүше - бүйір сызығы орналасқан.

Жұп жүзбе қанаттарының бұлшық еттерінен басқа еттер ет сегменттерінен тұрады.

Ас қорыту жүйесінде: ауыз қозғалмалы шеміршекті жақтармен қаруланған, тіл нашар дамыған, қарын көлемді, әрі созылмалы, ішек аш, тоқ және тік ішектерге жіктелген (сурет 12) .

Тоқ ішекте иірімді қатпарлар болады. Тік ішек клоакаға ашылады. Тік ішектің ортаңғы бөлігінен тұз алмасу мүшесі - саусақ тәрізді өсінді - ректальды без шығады.

Тыныс алу жүйесі желбезектер түрінде (желбезек күлтелері, желбезек доғалары және желбезек аралық перделер) . Акулаларда тыныс алу ауыздың жұтыну қозғалысы кезіндегі судың жұтқыншақ арқылы желбезектерге өтіп, оларды шайғаннан соң сыртқы желбезек тесіктері арқылы шығу нәтижесінде жүреді.

Сурет 12. Шеміршекті балықтардың ішкі құрылысы

1 - жүрекше, 2 - қарынша; 3 - артериальдық конус; 4 - құрсақ қолқасы; 5 - алып келгіш желбезек артериялары; 6 - веноздық синус; 7 -желбезектер; 8 - қарын; 9 - аш ішек; 10 - өт жолы; 11 - өт қабы; 12 - бауыр; 13 - ұйқы безі; 14 - тоқ ішек; 15 - тік ішек; 16 - клоака, 17 - бүйрек; 18 - көкбауыр.

Шеміршекті балықтардың қан айналу жүйесі дөңгелекауыздылармен салыстырғанда бірқатар ерекшеліктерге ие: қарыншада көлденең жолақты етті артериалдық конус шығады, әрі қарай құрсақ қолқасы одан 5 жұп алып келуші желбезек артериялары тарап, оларда газ алмасу өтеді. Оттегін сіңірген қан алып келуші артериялар арқылы арқа қолқасына барып, одан барлық мүшелерге таралады.

Веноздық жүйеде бүйректің қақпа жүйесі түзіледі, вена қаны кардинальдық веналар бойымен веноздық қуысқа, одан әрі жүрекшеге құйылады (сурет 13) .

Сурет 13. Шеміршекті балықтардың қан айналу жүйесінің сызбасы

1 - қарынша; 2 - артериальдық конус; 3 - құрсақ қолқасы, 4 - алып келгіш артериялары; 5 - алып кеткіш желбезек артериялары; 6 -ұйқы артериясы; 7 - арқа қолқасы; 8 - бүйректің қақпа жүйесі; 9 - бауырдың қақпа жүйесі; 10 - алдыңғы кардинальдық вена; 11 - артқы кардинальдық вена; 12 - веноздық қуыс; 13 - жүрекше.

Зәр шығару жүйесінде қызметтік вольфов каналдары атқаратын несепағарлары бар жұп тұлғалық немесе мезонефростық бүйректер (сурет 14) .

Аталықтарында бүйректің алдыңғы бөлігі арқылы тұқым шығарғыш

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шеміршекті балықтар класына қысқаша сипаттама
Шеміршекті балықтардың шығу тегі мен эволюциясы
Сүйекті балықтар класы. Олардың сыртқы және ішкі құрылысы. Сүйекті балықтардың таралуы, тіршілік әркеттері. Басты отрядтары және олардың көптүрлілігі
Шеміршекті балықтар
Сүйекті балыктардын ішкі құрылысы
Қазақстандағы балық шаруашылығы
Аквариумдық балықтардың биологиялық ерекшеліктері
Омыртқалы жануарлар жайлы
БАЛЫҚТАР КЛАС ҮСТIНIҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Омыртқалылар тип тармағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz