Өзіндік туризмді дамыту


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Жұмыстың жaлпы сипaттaмaсы. Тaңдaп aлынғaн бітіру жұмысының тaқырыбы: «Отандық туризмдегі PR-технологиялардың қолданылуы» деп аталады. Еліміздегі туризмнің қазіргі жағдайы, даму тенденциясы және онда PR-технологиялардың қолданылуы жайына талдау жасалады. Зерттеу жұмысы отандық туризм саласында қолданылатын PR-технологияларға арналған. Туризм - мемлекеттің экономикасына тікелей әсер ететін бірден бір құрал. Оны мемлекеттің айнасы десек те болады. Туризм саласы асқан жылдамдықпен дамып келе жатқан сала болғандықтан, оның мағынасы әр түрлі ассоциация туғызады. Көбінесе демалу, жаңа әсер алу немесе рахаттану сөздерімен байланысты. Ал келесі топтың ойынша туризм - мәселесі көп, ауыр жұмыс. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған туризм саласы тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарихтың, өркениет пен мәдениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығымен ерекшеленеді. Осындай қасиеттері арқылы біздің еліміз де болашақта туристік шаңыраққа айналуы әбден мүмкін. Еліміздің әсем табиғаты мен көз тартар сұлу қалалары бүгінгі күннің өзінде туристердің әр түрлі деңгейдегі сұрaныстарын қaнағаттандыра aлуға қaбілетті әрі кең көлемдeгі туристік потенциaлы бaр мемлекет ретінде танылғандығын көрсетіп отыр. Статистикалық зерттеулердің көрсеткіштеріне сүйенсек әлемдегі туристердің белгілі бір жаққа саяхаттауды жоспарлау алдында сол елдің шoу-бизнестен өткізілетін мәдeни іс-шарaларын немесе тарихи-мәдени ерекшеліктерін зерттеуді емес, сол елдің табиғи көрнекті жерлерін тамашалауды бірінші кезекке қоятындығы анықталып отыр. Осыған байланысты шетелдік туристерге еліміздің табиғи көрнекті жерлерін көптеп танылту үшін PR-технологияларды орнымен әрі ыңғайлы пайдалана алу керек.

Тaқырыптың өзектілігі. Әрқашан уақытылы құрастырылып, сол жоспарға сай жүзеге асырылатын іс-әрекеттер PR-технологиялар деп аталады. Республикамыздағы туризм саласының қарқынды дамып, еліміздің әлемге танылып, туризм арқылы пайда түсіруі үшін аталған PR-технологияларды тиімді пайдалана отырып, іске асыруымыз қажет. Елімізде PR-технологиялар қолданылады, бірақ жеткілікті деңгейде емес. Соның әсерінен Қазақстандағы көптеген табиғаты керемет жерлерге сырттан келуші туристер саны өте аз. Сырттан келетін туристер қоя тұрғанда, өз қандастарымыздың да еліміздегі демалуға таптырмас орындарды бірі білсе, бірі біле бермейді. Себебі, насихаттау жұмыстары жүргізілмейді. Жүргізілген күннің өзінде өте төменгі дәрежеде. Сондықтан насихаттау жұмыстары мен ұлттық жарнаманы және PR-технологиялардың туризм саласында тиімді қолданылмауы өзекті болып отыр.

Тaқырыптың зерттелу деңгейі. Ғылыми жұмысымызда Қазақстандағы туризм саласының қаншалықты дәрежеде дамып жатқандығы мен танымал шетелдік озық тәжірибелер қaрaстырылып салыстарымалы түрдe талдау жасалады. Негізгі дерек көздері ретінде бүгінгі күнге дейінгі туризм саласындағы шетелдік және отандық зерттеушілердің еңбектері, Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудағы 2020 жылға дейінгі тұжырымдама, түрлі әдістемелік нұсқаулар мен ҚР Cтатистика агенттігінің ақпараттары, газет-журналдар және басқа да мәліметтік ақпараттар алынды. Бұған қoсымша, oтaндық жәнe шeтeлдік бaспaсөз бeттeріндe жaрық көргeн мaтeриaлдaр мeн түрлі әдeбиeттeр ғылыми жұмыс тұжырымдамасына қoлданылды.

Зерттеудің мaқсaты мен міндеттері. Бүгінгі тaңда туpизм әлeмдік эконoмиканың бeлсенді түрде дaмып келе жатқан салаcы ретінде кeңінен танылып отыр. Яғни, әлемдік экономикада басты рольдің бірін атқарады. Егер cандық мәліметтерге тоқталар болсақ, басқа салалармен салыстырмалы түрде туризм саласының табысы қомақты әрі салмағы басым екендігін аңғаруға болады. Мамандардың зерттеуі бойынша туризм саласы 2005 жылдан бастап жеңіл автокөлік пен мұнай экспорттауды артта қалдырып кіріc кіру тұрғысынан бірінші орынға шыққан. Көбінесе туризм саласының дамуы халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешуге көптеген септігін тигізеді. Сондықтан да еліміздегі туризмнің дамуы барысында PR-технологияларды тиімді пайдалана білу керек. Бітіру жұмысының міндeттeрін төмeндeгідeй:

  1. ҚР туризм жағдайына талдау, туризмнің қалыптасуы мен дамуының теориялық негіздерін зерттеу;
  2. PR-технологиялардың туризм саласында тиімді пайдалану жолдарын көрсету;
  3. Туристік салада PR-технологиялар мен маркетингтік технологиялардың қолданылу мүмкіндіктері мен деңгейлерін анықтау;

Зерттеудің болжамы: Отандық туризмнің нарықтағы қазіргі жағдайы маркетингтің қағидаттары мен тәсілдерін және PR-технологияларды қолдануды, жаңа тұтынушылардың негізгі белгілерін зерттеуді, сондай-ақ туристік қызметтерді тұтынушылардың мативациялары мен мінез-құлықтың ерекшеліктерін зерттеуді қажет етеді.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы. Жұмысты жазу барысында көрсетілген теориялық бағалау негізінде еліміздегі туризмді дамыту жолында қолданылатын PR-технологиялар жөнінде мәліметтер алынды. Қол жеткізілген нәтижелер мен әдістер PR-мамандарының жұмыстарын жақсартуға көмек көрсете алады.

Бітіру жұмысының нысaны. Зерттеу жұмысының нысaны oтaндық туризмдегі қолданылатын PR-технологиялар ҚР туристік саласын дамытудағы 2020 жылға дейінгі тұжырымдама және түрлі әдістемелік нұсқаулар.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қoрытындыдaн және пaйдaлaнылғaн әдебиеттер мен сілтемелер тізімінен тұрaды.

1 Қазақстан Республикасы туризм саласының қалыптасуы мен дамуы

1. 1 Отандық туризмнің қалыптасуы және қазіргі жағдайы

Қазіргі дамыған, ақпараттық заманда туризмнің алатын орны өте зор. Туризм-қоғамдық, шаруашылық, кеңістіктік құбылысқа, көне дәуірлерден басталған ұзақ және бай салт-дәстүрлерге сонымен қатар экономика мен саясаттың ықпалына ие. Осындай қасиеттері мен түрлі қырларын тиімді пайдалана білу арқылы туризм саласын дамытып, осы сала арқылы тұтастай бір мемлекетті әлемге танытып отырған көптеген елдерді мысал ретінде айтуға болады. Туризм саласы ХХ ғасырдың феномені бола отырып, оның дамуы кез келген мемлекеттің экономикалық ахуалына белсенді әсер етіп, оны жақсартуға, шектес салалардың қалыптасуына жағдай жасауға мүмкіндік туғызады.

Қазіргі таңда туризм Қазақстанда да қарқынды дамып келе жатыр. Отандық туризм тарихының даму алғышарттары сонау XIX ғасырдан пайда бола бастаған деп айтуға болады. Оған ҚР географиясын зерттеген көптеген ғaлымдaр: П. П. Семенов-Тянь-Шанский, Н. М. Пржевaльский, И. В. Мушкетов және т. б өз үлестерін қосқaн. Алғaшқы ғылыми зерттеушілердің қaтaрынан ұлы қaзaқ сaяхaтшысы Ш. Уәлихaновты aйта кеткен жөн.

Ш. Уәлиханов әскери қызметін атқара жүріп, патша өкіметінің қисапсыз қорлығы мен зорлығына қарсы тұруға күш жұмсайды. Сонымен қатар ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен географиясын зерттеуде көп еңбек сіңірді. Ғалым Қазақстан табиғатын, халқын зерттеуде де өз қолтаңбасын қалдырған. Оған мысал ретінде, 1855 жылы Омбыдан Семей, Аякөз, Қапал арқылы, Іле Алатауынан өтіп, Жоңғар қақпасына дейінгі сапарын айтсақ болады. Сондай-ақ, Алакөл, Тарбағатай жерлерін аралап, Орталық Қазақстан - Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау арқылы Омбыға оралады. Ш. Уәлиханов өз сапарында қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында біраз мағұлматтар жинақтап, өзі болған аймақтардың тарихы, ескі қалалардың орны, шың-тастардағы жазу, белгілерін, көне ескерткіштер, аңыз-әңгімелер, ертегілер мен өлеңдерді жазып алады. Осы сапарының нәтижесінде «Тәңірі», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» сияқты еңбектерін жазып шығады.

Ш. Уәлихановтың жүргізген зерттеу жұмыстары мен сапарлары көптеген ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Мысалы, С. Р. Ердәулетов А. Р. Жұмаділов «Туризм тарихы» атты еңбегінде былайша келтіреді:
«1856 жылы Шоқан полковник М. М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспидицияға қатысады. Қырғыз елін жете зерттеуге, Ыстықкөл аймағының картасын түсіруге тиіс болған бұл экспидицияға қатысу Шоқанның зерттеу жұмысын ойдағыдай жүргізуіне мүмкіндіктер туғызған. Ыстықкөлге, Қытай империясының Құлжа қаласына саяхаты және 1856-1857 жылдары Жетісу, Тянь-Шань сапарларында П. П. Семенов-Тянь-Шанскиймен бірге болуы, Қырғыз Алатауына екінші рет сапарының нәтижелері оның «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазуға септігін
тигізеді» [2, 212] . Ш. Уәлихановтың осы сынды көптеген ғылыми зерттеулері отандық туризмнің дамуына зор үлесін тигізген.

Жалпы туризм танымдық, экскурсиялық, ғылыми және сауықтыру секілді топтарға бөлінеді. Біздің елімізде танымдық туризм мен ғылыми туризмге деген сұраныс жоғары деуге болады. Сонымен қатар белгілі қазақстандық туризм зерттеушісі В. Н. Вуколов: «Қазақстандағы туризм саласының дамуы өлкетану негізінде дамыған» деп атап көрсетеді. Расымен де, отанымыз табиғи байлықтарға өте бай, сонымен қатар көз тартар табиғатымыз да жоқ емес. Қазақстан Республикасындағы өлкетанулық зерттеулер XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында іске асырыла бастаған. Сол уақытта өлкемізді зерттеу мақсатында ресейлік мемлекеттік және қоғамдық ғылыми ұйымдарының алғашқы экспедициялары ұйымдастырылған. XIX ғасырда жергілікті және сырттан келген әуесқойлар жеке түрде немесе топ-топ болып экскурсиялар, саяхаттар мен серуендер жасай бастаған. Ал, аталмыш жерлер көбінесе республикамыздың таулы аймақтарда кездеседі. Таулар Қазақстанның 10 %-ын ғана алып жатқанымен, ең бірінші болып саяхатшылардың назарын аудартады. XX ғасырдың басында Верный қаласында Орыс тау қоғамының бөлімшесі ашылған. Бөлімше 1927 жылға дейін жұмысын жасаған. Жетісудың алғашқы турисі деп казак жасауылы А. В. Хорошинді есептеуге болады. Себебі, ол Іле Алатауы бөктерін аралап шығып, 1875 жылы Алатаудың ең биік шыңы болып саналатын Талғарға шыққан, дегенмен 4 мың биіктігіне ғана жете алған.

1929 жылы тау туризм әуесқойлары Г. И. Белоглазов, Ф. Л. Савин, В. М. Зимин Іле Алатау өңірінде бірнеше туристік жорық ұйымдастырды. Оның ішінде осы жылдың жаз айларында Есік көліне алғашқы туристік жорық жасады. Оған Алматы мектептерінің он жеті мұғалімі қатысқан [1] .

1930 жылы Ф. Л. Савинның басқаруымен Алматы қаласының пошта және телеграф қызметкерлері Алматы - Медеу - Көкжайлау - Үлкен Алматы көлі жағалауына дейін жеңіл саяхатын ұйымдастырған. 1931 жылдың қаңтарында В. М. Зимин Алматы - Ұзынағаш - Қордай асуы жоспары бойынша алғашқы қысқы шаңғы жорығын жасаған. Осы жылы еліміздің астанасы болған Жетісу губерниялық музейі жанынан «Бүкілодақтық пролетарлық туризм және саяхат еріктілер» қоғамының бірінші бөлімі құрылды. Оның құрамына он адам кірген. Горельник шатқалында туристік қызығушылық пен ықыластың арқасында, Алматы қаласының жанынан туристерге арналған шағын үй болып саналатын тау шатыры салынды. Ең алғашқы кең көлемді туристік іс шара 1933 жылы өткізілді. Ол туристердің слеті деп аталды. Туристердің слеті деп аталған туристік шараға 200-ге тарта адамдар жиналып, ол Көкжайлау шатқалында өткізілді. Қазақстандағы туризм саласының дамуына турбаздардың және демалыс орындарының ашылуы өз пайдасын тигізді.

1941 жылғы сұрапыл Ұлы Отан Соғысы қарсаңында «Бүкілодақтық пролетарлық туризм және саяхат ерікті» қоғамының Қазақстандағы Кеңесі өз жұмысын тоқтатуына тура келді. Оның басты себебі Қазақстандағы ТЭБ-ның қызметкерлері мен белсенді мүшелерінің майданға аттануы еді. 1943 жылдың басында Кеңес әскерінің тау атқыштар тобының жаттықтырушыларын дайындау ісі бойынша Бүкілодақтық мектептер орналасты. 1945 жылы, яғни Ұлы Отан Соғысынан кейін Қазақстанда альпинистер мен тау шаңғышыларының спортшы кадрларын даярлау жұмысы жүргізіле бастады. Кеңес әскерінің тау атқыштар бөлімінің нұсқаушыларын дайындау ісі бойынша ашылған Бүкілодақтық мектептер 2 жыл уақыт аралығында Ұлы Отан соғысының бірнеше шайқасында майдандасқан 1500 жаттықтырушы мен 12 мың тау атқыштарын даярлаған.

Алматы қаласында 1945 жылдың күзінде Дене шынықтыру институты ашылған. Осы институт жанынан 1946 жылы қаңтарда туризм-альпинизм кафедрасы ашылған. Туризм-альпинизм кафедрасының басқарушысы болып академик В. Зимин тағайындалды. Бірақ туризм-альпинизм кафедрасы бір жылдан кейін өз жұмысын тоқтатты. Қазіргі таңдағы Алматы облысына қарасты Есік көлінің жанында 1955 жылы «Есік» атты туристер базасы ашылды. Біршама уақыт өткеннен кейін «Есік» турбазасы сел көшкіні қаупіне байланысты өз жұмысын тоқтатқан.

Қазақстанда 1952 жылы Туристік- экскурсиялық басқарма (ТЭУ) ашылды. Бұл Туристік-экскурсиялық басқарманың атауы 1958 жылдан бастап Орта Азиялық Туристік- саяхат басқармасы деп аталатын болды. 1956 жылдың 12 мамырында Алматы қаласына 25 шетелдік азаматтар турист ретінде келген, келесі жылы олардың саны 157-ге жеткен, ал 1971 жылы Қазақстан 8 мың шетел туристерін қабылдаған. 1995 жылы шетелдік туристер саны 28 мыңға жетсе, 2001 жылы - 2507 адам ғана елімізге келген [2, 217] .

«Интурист» Бүкілодақтық акционерлік қоғамының Қазақ бөлімшесі 1955 жылы Алматыда ашылды. 36 жыл жұмыс нәтижесінде, яғни 1991 жылы бұл қоғам «Интурист Казахстана» ұлттық компаниясы деген атауға өзгертілді. Осындай атқарылған көптеген істердің арқасында Алматы қаласы өзінің ең алғашқы шетелдік туристерін 1956 жылы қабылдады. 1959 жылы Алматыда қалалық «Алма-Атинская» туристік базасы ашылды. 1960 жылы кәсіподақтардың Қазақ Республикасы кеңесі жанынан Республикалық туризм басқармасы құрылған.

1961 жылы Қазақ КСР Ағарту министрлігі Жасөспірім туристердің республикалық станциясын ашқан. Бұл республикалық станциясының басшысы болып И. И. Самойленко келді. Қазақстанның ең атақты туристерінің бірі, жасөспірімдер туризмінің негізін қалаушы Жездібаев Төкеш Қабалаұлы осы станцияда әдістемеші болып қызмет атқарған. Ол Қазақстан Республикасы және КСРО-ның білім беру ісінің үздігі, тау туризмінің үздік инструкторы, Москва Халықаралық балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану академиясының академигі және «Алтын компас» иегері. Т. К. Жездібаев 1961 жылдан 1997 жылға дейін республикалық балалар туристік - экскурсия станциясында директордың орынбасары болып қызмет атқарған. Ұзақ жылғы ұстаздық-тәрбиешілік жұмысы барысында 70-тен астам оқу-әдістемелік нұсқаулар: «КСРО мектептеріндегі туризм және өлкетану», «Үйірме және клубтарда туристік-өлкетану жұмысын ұйымдастыру», «Туризм және өлкетану негіздері» т. б жазды. Жасөспірім туристердің рупубликалық станциясының директоры И. И. Смойленко дүниеден өткен соң, оның орнына директор болып 1973 жылы қазақстандық альпинист С. С. Абдамбаев тағайындалды. Ол станция жұмысының алға жылжуына, дамуына бар күшін салып, өз борышын абыроймен атқарған. С. С. Абдамбаев 1994 жылы 4 маусымда жүрек ауруынан бақилық сапарға аттанған соң, орнына педагог, саяхатшы О. Б. Мазбаев директор болды. Ол Қазақстан жерінде жаспөспірімдермен көптеген паходтар ұйымдастырды. Мазбаевтың балалар мен туризмге деген сүйіспеншілігінің арқасында қазіргі таңда көптеген қыздар мен жігіттер өмірден өз орындарын тауып, отанымыздың дамуына, өркендеуіне үлестерін қосып жатқан азаматтар мен азаматшалар болды.

1961 жылдан бастап Қарағанды облысындағы «Қарқаралы» туристік базасы туристерді қабылдай бастады. 1952 жылы ашылған Туристік экскурсиялық басқарма (ТЭБ) 1962 жылдан бастап Туризм және саяхат кеңесі болып қайта құрылды. Сол жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Бадаш өзені жанынан «Южная», ал Павлодар облысы Жасыбай көлінің бойында «Баянауыл» деп аталатын туристік базалары ашылды. 1962 жылы Зырянов қорғасын комбинаты Бұқтырма теңізінің жанынан балықшыларға арналған екі үй салдырды. Екі балықшылар үйі 1963 жылы «Алтайская бухта» атты туристік базасына өзгертілді. Осы жылы Ыстықкөлдегі Бозтери жанындағы туристердің шатыр лагері туристік базаға айналып, «Қазақстан» атауына ие болды. 1962 жылы 20 мaусымда БОКОК-тің «Туризмнің одaн әрі дaмуы турaлы» қaулысы шықты. Қаулы бойынша туристік жорықтар мен саяхаттарға 10 миллион адам қатысады деген. БОКОК Президиумы Орталық, республикалық және облыстық туристік-экскурсиялық басқармаларын Орталық, республикалық, өлкелік және oблыстық туризм бoйыншa кеңестеpіне aуыстыpу шешімін қaбылдaды. Осыған орай, облыстық ТЭБ туризм және экскурсиялар бойынша кеңестерге айналды. Oблыстық кеңес қaрaмaғында Aлмaты қалалық туристеp клубы жұмыc істeй бaстaды. Oның бірінші төрағасы Н. Лaпшин болды.

1965 жылы Қазақстанда республикалық және 5 облыстық туризм бойынша кеңестері және әр облыста экскурсиялық бюролар ашылды. 5 облысқа Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Орал және Шымкент қалалары жатты. Сонымен қатар туристік клубтар да ашылып, тиімді жұмыс істей бастады. Сөзімізге дәлел ретінде сол 1965 жылы Еліміздің туризм және экскурсия Кеңесі, сондай-ақ Алматы облыстық туризм кеңесі және Алматылық экскурсия бюросы құрылып, жұмыс жасай бастады

Еліміздегі туризм саласын дамытуға күшті екпін берген 1969 жылы қабылданған «Елдeгі туpизм мeн экскуpсиялaрдың aры қaрaй дaмуына aрнaлғaн шaрaлaры турaлы» қаулысы болатын. Бұл қаулының туризм дамуына, алға жылжуына тигізген ықпалы өте зор болды. Қазақстанда туpизм және сaяхaттың жaңа облыс opтaлықтaры пайдa болa бастaды, сондай-ақ экскурсиялық бюролар, саяхат және экскурсия бюролары, облыстық кеңестер пайда болды. Ерекше көңіл бөлетін жағдай Республикамызда туризмнің материалдық базасын нығайту үшін жаңа туристік базалар салу, кинотеатрлар, мейрамханалары бар қонақүйлер мен басқа да тұрмыстық қызметтері бар туристік базалар салу болды. Сонымен қатар, Республикамызда туристерге қажетті заттарды жалға беру пункттері, яғни маторлы қайық станциялары және арнайы мамандандырылған автобазалар қызмет етті.

1968 жылы «Алма-тау» деген атпен жаңадан туристік базасы ашылды. Бұл туристік база Алматы облысы Талғар ауданы маңындағы Таулы Боқташы ауылында орналасты. «Алма-тау» өз қызметін ойдағыдай орындап, демалушылардың көңілінен шыға білді. 1970 жылы Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша демалушыларға, туристік ұйымдарға Алматы автобазасы қызмет көрсетіп, жұмыс істей бастады.

1971-1972 жылдары Қазақ Мемлекеттік дене шынықтыру институтынан тау туризмінің спортшы кадрларын оқыту бойынша факультативтік курсы ашылды. Бұл курсты КСРО спорт мастеры, атақты альпинист А. Вододохов басқарды. Ал, 1974 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесі жанынан шетелдік туризм жөніндегі басқарма құрылып, еліміздің көз тартар әсем табиғаты мен табиғи байлығының молдығы шетелдік туристерді қызықтырып, оларға үлкен әсер етті.

1970 жылы 6 қаңтарда КСРО Министрлер Кеңесінің арнайы қаулысымен Алматыда мұз айдынның құрылыс жұмыстары басталды. «Медеу» мұз айдыны небәрі 2 жыл ішінде салынып бітіп, 1972 жылдың 28 желтоқсанында пайдалануға берілген. Үлкен де әдемі мұз айдынының архитекторы - Владимир Кацев болған. Алғашқы әлемдік рекордтардың бірі ретінде тіркелген «Медеу» мұз айдынын бастапқыда Қырғызстан елінде бой көтеруі тиіс деп жоспарланған екен. Кейіннен бұл іске Дінмұхамед Қонаевтың араласуымен Алматыда салынады деген шешім қабылданған. Мұз айдынын салуға 300-ден астам құрылысшы күші жұмылдырылған. «Медеу» мұз айдыны теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан, оның географиялық орналасуы, ауасы, самал желі бәрі-бәрі ерекше. Сондықтанда, «Медеу» адамзат тарихында мәңгі қалатын, қайталанбас ерекше туынды болып табылады. Бұл алып мұз айдынында түрлі коньки, хоккей, мәнерлеп сырғанау сынды спорт түрлерінен жарыстар өтіп тұрады. Осындай алып мұз айдыны салынған кейін жанынан 1975 жылы «Медеу» және «Алатау» атты туристік қонақүйлері ашылды. Осы уақыт аралығында туризм саласы бойынша жасалған жұмыстардың барлығы еліміздегі туризмнің дамуына жеткілікті емес еді.

Алматы қалалық туристер клубының мәліметі бойынша, 1979 жылы Алматы қаласында 100-ге жуық секция, 7 туристер клубы жұмыс істеген. Алматының 2100 тұрғыны «КСРО турисі» белгісінің нормаларын орындаған, туризм бойынша 134 дәрежелі спортшы, 3 спорт шебері, 100-ден астам төреші даярланған. 1978 жылы өзіндік жорықтар мен саяхаттарға 500 топ шамамен 7 мың адам қатысқан. Қалалық клуб үлкен жұмыс атқарған. Олар жүйелі түрде тау-туристік техникасы бойынша жарыстар, жыл сайын туристердің қалалық слеттері, турис кештері және Горький атындағы Орталық саябақта «Туристер күні» мерекесін атап өтуді әдетке айналдырған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы туризм экономикасының жағдайын заманауи бақылау
Туристік ресурстарды дамыту
Мәдени туризмді дамытудың әлеуметтік ұйымдастырылу әлеуметі
Туризм бағдарламасындағы туристік жерлер
Zhan Travel турфирмасы негізінде тұрақты туризмді дамыту жолдарын талдау
Туризмді дамытуға әр елдердің және Қазақстандағы туризм түрлерін дамытуға арналған перспективті бағдарламаларды талдау
Қар жамылғысы туралы зерттеулер қысқы туризм дамытуға себеп
Антропология
Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту
Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz