Корея - Жапония отары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Корея - Жапония отары

Корея 1910 жылдан 1945 жылға дейін Жапония империясының отары болған. Бұл кезеңде оның егемендігі болмады, түбектегі басшылық жапондық генерал-губернатордың қолында болды.

Аталуы

Бұл кезеңмен байланысты Жапонияда «Кореядағы жапондық билеудің дәуірі» (жапон. Нихон то:ти дзидай-но Тё:сэн) . Кореяда бұл кезең әр түрлі аталады. Төменде көбінесе кездесетін атаулары көрсетілген.

Түп нұсқа
Аударма
Түп нұсқа: 일제시대
Аударма: Жапондық империялық кезең
Түп нұсқа: 식민지 시대
Аударма: Отарлық кезең
Түп нұсқа: 일제 강점기
Аударма: Жапонияның озбырлы басқыншылық кезеңі
Түп нұсқа: 일본 통치 시대
Аударма: Жапондық билеу кезеңі

Тарихы

Кореяның Жапония отары болғандағы тарихын 3 кезеңге бөліп қарастырады.

Бірінші кезең (1910-1919)

Кореяның алғашқы генерал-губернаторы Тэраути Масатакэ болды. Ол түбектің жаңғартылуына көптген үлестер қоса бастады. Осы арқылы оның бұйрығымен Кореяда мыңдаған жапония және жапония әдебиеті тереңдетіліп оқытатын мектептер ашылды.

1916 жылы жаңа генерал-гебернатор Хасэгава Ёсимити болды. Ёсимити де өзінің ізашарының саясатын қолдап ары қарай жалғастырды. Оның саясаты 2 млн. корейлер қатысқан 1919 жылдың 1 наурызында болған көтеріліске жол ашты.

Екінші кезең (1919 - 1930)

1910 жылдардың соңында "сабель саясаты" (жапон. サベル統治) деген атқа ие болған Кореяның қатал саясаты сын мен метрополияны туғызды. Бірінш наурыз көтерілісінен кейін Хасэгава Ёсимити қызметінен кетті, ал Жапония ммператоры генерал-губернаторлыққа азаматтық тұлғаларда тағайындалуының мүмкіндігі туралы қаулы шығарды.

Либералды түрде бағытталған премьер-министрт Хара Такаси жаңа генерел-губернатор қылып Сайто Макотоны тағайындады. Сайто Кореяға байланысты Токионың саясатын өзгертуге тырысты. Оның бұйрығы бойынша жандарм корпусы бұзылып жай полициялар болды, денелік жазаларға шектеу қойды, корей тіліндегі газеттер шығарды. Сайтоның тұсында Кэйдзёде (Сеулде) императорлық университеттер ашылды және корейлік шаруаларға деген қатаң қатынастар саясатын жұмсартты. [1] . Сондай-ақ Корея генерал-губернаторының үйі салынып бітті. [2] .

Сайтоның басқару стильін "мәдени басқарудың саясаты" (жапон. 文化統治, кор. 문화통치) деп атаған[3] .

Үшінші кезең (1930 - 1945)

Жапония билігіне әскерлер келгеннен кейін, яғни, 1930 жылдардың ортасынан бастап Токио «Найсэн иттай» (жапон. 內鮮一體[4] ) деген атқа ие болған Кореяның ассимиляциясының саясатын бастады.

1939 жылы генерал-губернатор Минами Дзиро корейлерге жапондық есімдеді алуға рұқсат ететін есімдерді ауыстыру Қаулысын (жапон. 創氏改名 Со:си каймэй?) жариялады. [5] [6] .

Жапондық биліктің аяқталуы

1945 жылдың тамызында Жапонияның Екінші дүниежүзілік соғыста жеңбейтіндігі анық болды. 8 тамызды соғысқа Кеңес Одағы қосылды; Қызыл армия Квантун армиясын жойқындап Корей түбегінің Солтүстік бөлігін басып алды. 6 және 9 тамызда американдық әскерлер жапондық қалаларға атом бомбасын тастады. Бұдан кейін Жапония империясы Потсдамдық конференцияға қол қойып АҚШ-тың шартарына мойын сұнуға мәжбүр болды. Шарт бойынша ол түгелімен американдық және кеңестік болып 38 паралеллден бөлініп жатқан Корей түбегінен бас тарту керек болған. 1945 жылды қыкүйек айында американдық әскер Джон Ходжтың басқаруымен Оңтүстік Кореяға ұшып келді. 1945 жылдың 8 қыркүйегінде соңғы Корея генерал-губернаторы Абэ Нобуюки одақтастарының алдында капитуляция туралы актісіне қол қойды, ал келесі күні отарлық үкімет ресми түрде жойылды. Сөйтіп 35 жылдық Кореядаға Жапонияның отарлау саясаты тарих сахынасынан жойылды.

Капитуляциядан кейін көптеген жапондықтар Корей түьегінен кетіп қалды. [7] .

Дереккөздер

Robert E. Buswell, Timothy S. Lee Christianity in Korea - University of Hawaii Press. - Б. 104-107. - ISBN 9780824832063.

김석만 舊 朝鮮總督府廳舍의 空間과 形態分析에 관한 研究. - 서울: 大韓建築學舍論文集, 1997. - Т. 13. - № 4. - б. 53-64.

Kim Brandt Kingdom of beauty: mingei and the politics of folk art in Imperial Japan - Durham: Duke University Press, 2007. - Б. 25.

Аудармасы - ішкі жерлер (яғни, Жапон аралдары) және корея - бірге

1911 жылы генерал-губернаторлық бұған тыйым салған.

미즈노 나오키 창씨개명 = 創氏改名 - 서울: 산처럼, 2002. - 331 б. - ISBN 978-89-90062-26-0.

Chapter 6: Overseas Repatriation Movements (ағыл. ) . U. S. Army Institute of Military History (11 желтоқсан 2006) . Тексерілді, 7 қаңтар 2011.

Перминова В. А. Жапон отаршылдығы: басқару ерекшеліктері

Жапон империясы өзінің отаршылдық саясатын тек 19 ғасырдың аяғынан бастап, дүниежүзінде халықаралық тәртіп пен саяси ықпал ету салаларына бөліну Батыс елдерімен қалыптасып үлгерген кезде ғана жүзеге асыра бастады. 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап батыстық бағыт бойынша жаңару жолына түскен Жапония отарларды басқаруда батыс елдерінің тәжірибесін пайдаланды. Сонымен, жапондық отарлау саясаты, ең алдымен, «еліктеушілік» сипатқа ие болды. Батыс үлгісі бойынша құрылған әкімшілік-саяси институттар елдің ішкі жаңаруына ғана емес, оның отарларына да тән болды. Жаңа әкімшілік құрылымдар, қылмыстық және азаматтық құқық, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заманауи өнеркәсіптік өндіріс, жетілдірілген білім беру жүйесі - мұның бәрі еуропалық және жапон отарларына тән болды. Сонымен қатар, еуропалық тарихнамада жапон отаршылдығы ешқашан батыс отаршылдығымен бір қатарға қойылмаған, өйткені ол еуропалық басқаруға тән емес бірқатар ерекшеліктерге ие болды.

Маньчжуриядан айырмашылығы Корея мен Тайваньдағы өнеркәсіп экономиканың негізгі саласы болған жоқ және 1930 жылдардың ортасында ғана маңызды рөл атқара бастады. Жапонияның соғысқа дайындығы кезінде. Бұл кезеңде Кореяда тау-кен өнеркәсібі (алтын, күміс, темір, мыс өндіру), машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсіп қарқынды дамыды15. Тайваньда түсті металлургия, машина жасау және химия өндірісі 1930 жылдардың аяғында ғана дами бастады, мұнда өңдеуші өнеркәсіпке (еңбекті көп қажет ететін) көңіл бөлінді, ал 40-жылдардың басынан бастап. ХХ ғасыр билік импортты алмастыру және ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру саясатын жүргізе бастады. Отаршылдық кезеңнің соңына қарай импортқа қатысты экспорттың өсу тенденциясы байқалды: 1911-1938 жж. оның экспорты жылына 6, 7%-ға, импорты - 4, 9%-ға өсті. Кореямен бірге 1930 жылдардың бірінші жартысында. Тайвань Жапонияның импортының 30%-ға дейінін және экспортының 35%-ын қамтамасыз етті.

Соғыс кезінде жапон әскерін қажетті құрал-жабдықтармен және азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін отарлардың барлық ресурстары жұмылдырылды. Корея мен Маньчжурия географиялық және табиғи ерекшеліктеріне байланысты өнеркәсіптік база қызметін атқарды (Корея сонымен қатар азық-түлікпен қамтамасыз етті), ал бай табиғи ресурстары жоқ Тайвань Жапония империясының экономикасын, негізінен, үлкенірек болуына байланысты қамтамасыз ете алды. нарықта сатылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі. Соғысқа дайындық кезінде әскери-өнеркәсіп кешенін жеделдетуге бағытталған Маньчжурияның экономикасы бұрынғыдан да біржақты дамыды. Тайваньда экспорттың белсенді дамуына және тауарлық өнімдер тізімін кеңейтуге дәл осындай жағдайлар себеп болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Америка - Жапон шарттары. Кеңес - Жапон соғысы
Азия елдеріне жалпы шолу
Жапония (Таң шапағы елі)
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның жағдайы
ХҮІІ ғ. екінші жартысы-ХХ ғ. Жапония
Жапония мемлекеті туралы ақпарат
Жапония мемлекеті туралы
Азия және Африка елдерінің 2000-2015 жылдарындағы халықаралық аренадағы орнына сипаттама
Жапония — күн-шығыс елі
Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуы және мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz