Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы: зерттеу, жүйелеу, насихаттау атты ғылыми конференциясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
15 наурызда Алматыдағы Ұлттық кітапханада өткен Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы: зерттеу, жүйелеу, насихаттау атты ғылыми конференцияда ғұмырын қазақ тілі тарихы мен грамматикасы, тіл мәдениеті мәселелеріне арнаған ҚР ҰҒА академигі, филол. ғ.д., профессор Рәбиға Сыздықтың жасаған баяндамасы.
Оқу-ағарту идеясы - А.Байтұрсынұлының қоғамдық қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі, идеологиялық платформасының тіреуі болды. Бұл платформаны мықтап ұстауға алып келген - оның өз халқының тағдырын ойлаған қам-қарекеті. А.Байтұрсынұлы - ұлттық рухымыздың ұлы тіні. Ұлттық рух деген - ұлттық намыс қой, қазақ екенін сезіну. Соны бастап берген, сары маса болып ызыңдап, бүкіл халықты қазақпын деп көтерілуге шақырған - Ахмет Байтұрсынұлы.
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың ұлттық ғылымының көшбасшысы, ұлттық ғылымының арқауы дер едім. Неге? Басқа ұлттың ғалымдары (орыс ғалымдары): Қалайша мектеп оқулықтарын ғылымның басы дейсіз? - деп таңғалады. Әрине, бұрыннан оқу-жазуы бар, ғылымы бар, университеттері осыдан үш жүз, төрт жүз жыл бұрын ашылған халықтар үшін ғылымның бастауын мектептен бастау оғаш көрінетін шығар. Шындығында, қазақтың ұлттық ғылымы - қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тарихы. Физика - қазақтың ұлттың ғылымы емес, биология - ұлттық ғылым емес. Әрине, ондай ғылым салалары қазақ үшін керек, қазақтар зерттеп жатқан ғылымдар. Бірақ қазақтың нағыз ұлттық ғылымы - қазақ тілі туралы ғылым, қазақтың әдебиеті, қазақтың тарихы туралы ғылым.
Бұл пікірді бүгін ғана айтып отырған жоқпын. 60-жылдары Душанбеде конференция болды. Онда одақ бойынша түрлі ғалымдар бас қосып, коммунизм кезіндегі тілдер туралы сөз етті. Сонда сөйлеген сөзімде осы ойды айттым. А.Байтұрсынұлын атай алмадым, бірақ: Қазақ тіл білімі - қазақ ғылымының басы болды. Қазақ лингвистикасы бастауыш мектептің оқулықтарынан басталды, - дедім. Кейін Ермахан Бекмахановтың жұбайы - Халима Адамовнамен кездескенімде: Ерекең сіздің сол тұжырымыңызға қатты риза болып қайтты: Рәбиға Сыздықова ғажап нәрсе айтты, жаңа, ешкім айтпаған, тың пікір айтты: Қазақтың ұлттық ғылымы мектеп оқулықтарынан басталады - деді. Ғаламат пікір, дұрыс пікір! - деп сүйсінгенін жеткізгенде көтеріліп қалдым.
Осы тұста тағы бір пікір таласына тоқталуға тура келеді: мектеп оқулықтары жай ғана білім бе әлде ғылым ба, дәлірек айтсақ, белгілі бір тілдің құрылымын таныстырған алғашқы мағлұматтар сол тіл туралы ғылым саласының бастапқы көрінісі бола ма, жоқ па? деген пікірсайыс жөнінде. Әрине, тіл туралы ғылымның мазмұны мен сипаты барлық кезеңде бірдей болмақ емес, оның тіл таныту мақсаты, зерттеу ұстанымдары, әдістері тұрғысынан қарағанда, алғашқы кезеңі мен қазіргі кезеңінде, тіпті орта тұсында айтарлықтай өзгешеліктердің болуы заңды әрі даусыз. Қазіргі кезеңде нағыз лингвистикалық талдауларды ғана ғылым деп танысақ, сол талдаулардың көзі, бастауы болу керек қой. Осы орайда біз тіл туралы ілім тілдің жалпы және тұрақты белгілерін суреттеуден бастап қалыптасады деген тұжырымды ұстанамыз, яғни мектеп грамматикаларында ғылыми сипат жоқ деген пікірді қостамаймыз.
Ғылым деген сөздің негізгі мағынасы - наука емес. Ұлы Абайда бірнеше рет кездесетін ғылым сөзі оқу-ағарту, білім мағынасында қолданылған наука мағынасында емес. Ғылым таппай мақтанба дегенде ол: Ғылыммен айналысып, Эйнштейн сияқты ғалым бол! - деп тұрған жоқ қазаққа, оқып алмай, сауаттанып алмай, хат танымай тұрып, мақтанба! деген ой айтады. Сол ғылымды бастаған, білімді ғылым түрінде бастаған Ахмет Байтұрсынұлы болды.
А.Байтұрсынұлының қазақ тілі туралы білім-ғылымның негізін салуына ағартушылық идеясын ұсынуы басты себеп болды. Ол ағартушылықты өзінің азаматтық міндеті, дүниетанымының кредосы (негізі) деп санаған. Бұл ұлттық сананы көтерудің, өз сөзімен айтсақ, қазақты өзге жұрттар өрге қадам басқанда қатарынан қалыспайтын халық етіп ілгері бастырудың алғашқы арнасы - оқу-ағарту деп білді. Қазақтың қалың бұқарасының сауатсыз қараңғылығы оның рухани-мәдени дамуының бірден-бір кедергісі екенін бейнелі тілмен қазақтың намысына тигізе: надандық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз - бәрі надандық кесапаты, - деп ашып айтты. Ағартушылықты үгіттеген өзге қайраткерлерден Ахаңның үлкен айырмасы - ол тек өнер-білімге шақырумен танып қойған жоқ, осы жолда нақты іске көшті: оқулықтар жазды, оқыту әдістерін көрсетті, 1913-1928 жылдары газет-журнал беттерінде, мәслихат- жиындарда қазақ даласындағы оқу-ағарту жайын кеңінен сөз етті, ұсыныстар жасады, 13-14 жыл бойы (1895-1909 жылдары) бала оқытты. Міне, бұл - ағартушы Байтұрсынұлының бейнесін танытатын нақты іс-әрекеттер.
А.Байтұрсынұлы еңбек жолын ағартушылықтан бастағанын білеміз. Ол 1895 жылдардан бастап бала оқытуға кіріседі, қазақ балаларының тілін сындырып, сауатын ашуда бұрынғы ескі сүрлеу, тар соқпақпен жүрудің ендігі жерде XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамына, оның тарих көшіне қол еместігін көреді. Қазақ баласы енді сауатын бөгде тілде емес, яғни араб, татар, орыс тілдерінде емес, ана тілінде ашуы керек, білім-ғылыммен қазақ тілінде сусындауы тиіс деп табады. Қазақ мектептерінің болуы, бүкіл оқу-тәрбие жұмысы қазақ тіліне жүруі қажет екенін ашып айтып, күн тәртібіне кояды, өзі де қазақ мектептерінің болуы, ана тілінде оқытылуы үшін күреседі. А.Байтұрсынұлының бұл тұжырымдарын қазіргі кезде де жадымызда ұстауымыз керек. А.Байтұрсынұлы: Сөзі жоғалған халықтың өзі де жоғалады, - дейді. Тіл - алты-жеті қамалдың ішіндегі ең соңғы құлайтын қамал. Тіл құласа, ол тіл қызмет еткен, сол тілмен бірге аталып келген халық та құриды. Адамдар болғанмен, олар қазақ болмайды. Сол халықтың аты жойылады. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде, - дейді. Шынында, қазақ халқының сақталуы тілінің сақталуына байланысты. Қазақ тілін сақталуы қазақ мектептерінің сақталуына байланысты. Мектеп табалдырығын аттаған баланың сөйлеген тілі ана тілі болады. Баланың ең алғашқы көбірек сөйлейтіні, үй ішінде сөйлейтіні, ойлайтыны, түс көретіні бір тілде болуы керек, үш тілде емес. Сол - ана тілі болуы керек.
Мектепте ең болмағанда бастауышта орыс тілінде де емес, ағылшын тілінде де емес, тек қана ана тілінде оқыту керек. Бала ана тілін бастауыш мектептен меңгеріп, кейін басқа тілді қосу керек. Айналасын ана тілінде танып, әр заттың қазақша атауын білген соң ғана оның орысшасын, ағылшыншасын үйренуі оңай болады. Ана тілі болмаған адамнан ешқандай ақын да, жазушы да, суретші де шықпайды. Ғалым шығар, маман шығар, тіпті атақты адам да шығар. Бірақ онда ешқандай мәдени азық болмайды. Ағылшын тілінде тамаша жазсын, орыс тілінде өлең шығарсын, бірақ ол - ана тілі емес. Сондықтан үкімет, басшылар, оқу-ағарту саласындағылар қазақ мектебін қолға алып, қамқорлық көрсетуі керек. Қазақ мектебіне немқұрайдылықпен қарайтын болсақ, үш ұрпақтан кейін ол тіл құриды...
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ мектептерін ашып, оқуды қазақ тілінде жүргізу үшін, ең алдымен, ұлттық жазуы (ғылым тілімен айтсақ, графикасы, сол кездегі терминмен айтсақ, әліпбиі) болуы қажет деп біледі. ХХ ғасырдың 10-жылдарына дейін қазақтың өз жазуы болмаған еді. Бұл кезге дейін өзге көршілес түркі халықтары сияқты, қазақтар да араб таңбаларын қолданып келді, бірақ ол - қазақ жазуы емес, араб жазуы-тын. Халқымыздың әрі қарайғы мәдени-рухани дүниесінде жат жұрттық жазуды қолдана берудің өмір талабына сай еместігін, яғни араб алфавиті сол күйінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сай келмейтіндігін, бұл таңбалармен қазақ сөздерін дұрыс, сауатты жазуға мүмкіндіктің аздығын, оқыту ісінде келтіретін қиындығын анық байқаған қазақ зиялылары ана тіліміздің өз жазуын жасау керектігін сөз ете бастайды. Бұл әңгіме әсіресе ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында күшейе түседі. Әлеуметтік пікірге Айқап журналы мен Қазақ газеті де үн қосып, мақалалар жариялайды.
Әрине, ешбір құбылыс, оның ішінде ұлттық жазу сияқты ауқымды әрекет бірер жылда жүзеге аса қоймайтыны белгілі. Ұлттық әліпбиді жасау қолдан келгенмен, бұған ғалымның (түзушінің) білім-танымы жеткенмен, оның қажеттігін, жөн-жосығын, дұрыстық, түзулігін дәлелдеу, өзгелерге түсіндіру сияқты қыруар шаруа жасау керек. Сондықтан Ахаң 1912 жылдан бастап ғалым, зерттеуші ретінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен таңбалайтын әріптер жайындағы пікірлерін білдіре бастайды. Айқаптың 1912 жылғы 9-10-нөмірлерінде Шаһзаман мырзаға атты үлкен мақала жазып, онда қазақ дыбыстарын білдірмейтін кейбір араб таңбаларын қазақ алфавитіне енгізбеу керектігін, сөздің тұтас жіңішкелігін білдіру үшін алдына дәйекші дейтін таңба қою қажеттігін дәлелдейді. Осы мақалада дыбыс, әріп, дәйекші, жуан дыбыс, жіңішке дыбыс, қағида т.с.с. деген қазақша лингвистикалық терминдерді тұңғыш рет кездестіреміз. Ахаңның үлкен жаңалығы - әліпбиіне дәйекшіні енгізгені. Сөздің оң жақ шекесіне қойылатын дәйекші белгісі сол сөздің тұтас жіңішке оқылатынын көрсетеді, ал бұл - алфавитті қазақ тілінің ерекшелігі болып саналатын үндестік заңы - сингармонизмге икемдеу амалы екенін көреміз. Мұндай икемдестіру өте қажет, өйткені қазақтың төл сөздері тұтасымен не жуан, не жіңішке дауысты дыбыстармен келетіндігін осы дәйекші арқылы көрсетуге болады. Дәйекші тұрса, сөз ішіндегі дауыстылар жіңішке болғаны. Бұл ретте Ахаң әр тілдің ұлттық ерекшелігі болатынын жақсы білген нағыз фонетист ғалым болып көрінеді, қазақ тіліндегі 43 түрлі дыбысты 25 әріппен таңбалауға болатынын дәлелдейді.
Қазақ газетінің 1913 жылғы 34-інші және әрі қарайғы сандарында Жазу мәселесі деген көлемді мақала жариялап, кейбір дауысты дыбыстарды таңбалау жайындағы өзінің пікірлерін айтады. Сөйтіп, әрі қарайғы ізденістерінде араб графикасын пайдаланған қазақ жазуы үшін мынадай ұсыныс-пікірлер айтады: 1) қазақ жазуы үшін араб алфавитіндегі жуан Т, С, 3, Д, Ғ, X дыбыстарының таңбаларын алмау, 2) қазақ тіліндегі Ы, І, И, Ұ, Ү, У дыбыстарының әрқайсысына таңба белгілеу, 3) К, Г дыбыстарынан басқа дауыссыз дыбыстармен келген сөздердің жіңішкелігін (яғни қазіргі Ә, I, Ү дыбыстарымен айтылатындығын) білдіру үшін сөздің алдынан дәйекші таңба қою. Бұлайша түзілген алфавит сауат ашудың дыбыс жүйесіне сай келетіндігі байқалады. Ғалым өзгелермен айтысып, өз жобасын ұсынады, оны түсіндіреді.
Кезінде мұны өзге түркі халықтарының, орыстың білімпаздары мен қазақ қауымы Байтұрсынұлы жазуы деп атаған еді, ал Ахаңның өзі оған қазақ жазуы деген айдар тақты. Қазақ жазуы деуінің орны бар еді. Бұл әліпбидің негізі араб таңбалары болғанымен, ол араб жазуы деп атала алмайды, өйткені қазақтың жазба дүниесіне арналған бұл алфавит қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріліп, жаңаша түзілген, яғни қазақ тілінде жоқ дыбыстардың таңбалары шығарылып тасталған, ал араб алфавитінде жоқ кейбір таңбалар қосылған, мүлде жаңа әліпби болды, қазақ әліпбиі (алфавиті) болып шықты. Демек, көрсетілген екі атаудың екеуі де дұрыс еді: Байтұрсынұлы жазуы деп аталуы ғалымның осы әліпбиді түзуде, қазақ тіліне икемдеуде, оның дұрыстығын дәлелдеуде сіңірген қыруар еңбегін, маңдай терін бағалау болса, қазақ жазуы деп аталуынан оның ұлттық мәдениеттің көрсеткіші екендігі танылады. Байтұрсынұлы жазуы 1912 жылдардан бастап қолданыла бастады.
А.Байтұрсынұлы түзген әліпбиді оның алғашқы ұсынылған кезінен бастап қазақ жұртшылығы, әсіресе сол кезеңдегі мұғалімдер қауымы еш талассыз, бірден қабылдады, оны іс жүзінде қолдана бастады. Мысалы, 1915 жылдың бір өзінде бұл жазумен (және емле тәртібімен) 15-тей кітап басылып шығыпты. Сондай-ақ Ахаң ұсынған жаңа емле (жаңа қазақ әліпбиін кезінде осылайша да атаған) 1913 жылдардан бастап мұсылман медреселерінде де, қазақ-орыс мектептерінде де қолданыла бастайды. Бұған оңды ықпал еткен жайттардың бірі - А. Байтұрсынов 1910 жылдары жазу таңбаларын түсіндіретін Баяншы атты құрал мен кейінірек Әліпби астары атты әдістемелік еңбектерді жарыққа шығаруы және 1914-1915 жылдардан бастап қазақ мектептері үшін Оқу құралы (қазіргі Әліппе), Тіл - құрал (қазіргі грамматика оқулықтары) атты құралдарды қоса ұсынуы болды.
Ахмет Байтұрсынұлы өзі түзген әліпбиін әрі қарай да қырнап, түзете түзеді, оның полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқыту барысындағы тиімді-тиімсіз тұстарға салмақтайды. Сөйтіп, араб таңбалары негізінде түзіліп, қазақ тіліне лайықталған жазу 1924 жылы Орынборда өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде талқыланып, ресми түрде қабылданады.
А.Байтұрсынұлының бұл тәжірибесін өзге түркі халықтары сол кезде үлгі тұтып, олар да өз жазуларына өзгерістер жасай бастайды. 1929 жылы жаңа дәуірдің, советтік мәдениеттің, қысқасы, коммунистік саясаттың текпінімен латын жазуына алмастырылған қазақ әліпбиінің тарихы қалың жұртшылыққа аян. Ол әліпби (графика) араб таңбаларын пайдаланған, бірақ араб жазуы емес, ұлттық қазақ жазуы болатын.
Ресейдің қол астындағы түркі халықтары жаппай латынға
көшкенде, оны қабылдау барысындағы жиын-жиналыстарда
А.Байтұрсынұлы, М.Дулатовтардың араб таңбалы қазақтың ұлттық
жазуын сақтап қалуға күш салғанын, айтыстарда дәлелдеп шыққандарын білеміз, бірақ саясат тоқпағы күшті болып, ұлттық дербестік, ұлттық мәдениет сияқты киіз қазықтар жерге кіргенін де ұмытқанымыз жоқ. Түркі халықтардың жазуын латындандыру сияқты қып-қызыл саясатқа сүйенген күрестің салдарынан қазақтың араб таңбалы тұңғыш ұлттық жазуы тарих төрінен кетті. КСРО-ны мекендеген аз ұлттардың өздерінің сан ғасырлардан бері қолданып келген жазуларын тастап, латынға көшу керек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесімен Ахмет еңбегінің сабақтастығы
Ахмет Байтұрсынов туралы
Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде
Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілі ғылымының дамуына қосқан үлесі
А. Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары жайлы
Әліпби тақырыбының қазақ баспасөзінде жазылу мәселелері
Шәкәрім Қ. мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде
Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық көзқарастары
Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми - педагогикалық мұралары
Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде. "Әдебиет танытқыш" - ұлттық әдебиет туралы ғылымның алғашқы қарлығашы
Пәндер