Мектеп жасына дейінгі балаларға тән қасиеттер


І. Кіріспе
Мектепке дейінгі баланың іс-әрекеті - ойын
Бүгінгі таңда қазақ елі тәуелсіз мемлекет атанып, өзінің жоғын жақтап елдігінің халықтығының белгісі, биік мәртебесі болып табылатын рухани байлығы -тілінің, тарихы мен мәдениетінің ауыр тағдырын қайта қарауға мүмкіндік алып отыр. Халқымыздың тамырын тереңге жайған дәстүрінен тіршілік ерекшелігінен нәр алып, өзіндік сипатымен ел көңілінен шыққан рухани қазыналардың бірі саналатын ұлттық ойын-сауық түрлері мен сан алуан балалар ойындарыда да ұмыт бола бастаған. Балалар ойындарының көбі еленбей, мән-мағынасы бұрмаланып көрсетілді. Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Осындай құбылыс ірге теппесе, ойын ерексіз болып, тіршілік айналымынан шығып қалады. Яғни, халық ойындары тіршілік қажетінен туады да, психалогиялық жағынан денсаулық сақтау, тіршілік элементі ретінде өркен жаядыХХI - ғасырға байланысты баланың дамуына ойын арқылы өз халқының салт-дәстүрлерін бойына сіңіруге арнайы балалар ойнайтын жас ерекшеліктеріне байланысты ойын ортасын құра отырып, балаларды ойната отырып, дамыту қарапайым дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық құзыреттілігін арттыру өзектілігі туып отыр.
Сондықтан, балаларды өзара сыйластыққа, бауырмалдыққа, татулыққа тәрбиелеу мақсатында. Елімізде білім саласы айрықша даму үстінде. Кеңестік одақ кезінде аты естілмеген өзгерістер 20 жылда өмірімізге енді. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында - мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынды. «Қазақстан халқы бүкіл әлемге пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс» екенін ерекше атады. Ойын - мектеп жасына дейінгі кезеңде басталып, адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі.
Қазақ халқында «баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз бар. Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі шымырланады. Ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлы танымы, түйсігі қалыптасады.
Қандай болмасын ойынның түрі балалардың алуан мәдени рухани талап тілектерін, күш- қайратының тасуына бағытталуы тиіс. Ел арасында ойын-сауықтардың мыңдаған түрі бар. Бірақ кең-байтақ жеріміз, қазақ елінде осы ойындардың, жер шалғайлығына байланысты, ір түрлі ойналуы да ықтимал. Ал бұл ойнаушылардың шығармашылық шарықтауына кең ықпал етеді. Демек, ойынды әркім әрқилы етіп ұйымдастырып бере алады. Ең бастысы ойынды мазмұнды, қызықты ету, тәнге де, ой -санаға да лайықты, пайдалы. Мектеп жасына дейінгі балаларға баланың туғанынан мектепке барғанға дейінгі жас аралығындағы балалар жатады. Олар 2-3 жастан бастап өзара қарым-қатынаста болып, мектепке өзінше тәжірибе жинақтап барады. Бұл кезеңдегі балаларды тек күн тізбегіне байланысты қарамауымыз керек. Оларды әлеуметтік тұрғыдан да қарағанымыз дұрыс. Себебі оның өскен ортасы, денсаулығы, үй-тұрмысы, әлеуметтік-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруына, сол туған күнінен бастап 6-7 жас аралығындағы баланың жалпы дамуына да байланысты. Мектеп жасына дейінгі балаларға тән қасиеттер:
- Осы жастағы балалар өзіне негізгі өмірлік қажеттілікті ересектердің көмегі арқылы қанағаттандырады.
-Материалдық, рухани, қызығушылық қажеттілігін отбасынан алады.
- Бұл жастағы балалар қолайсыз жағдайда өзін-өзі қорғай алмайды.
Сондықтан да, ұстаз осы жастағы баланың психологиялық-педагогикалық дамуының басымдылығын ескергені абзал. Осы жастағы баланың психикасы ойын арқылы өзгеріп қалыптасады, мектепке дайындалады. Өзі басқалардың қылығына баға беруге үйреніп, өмірді тани бастайды. Баланың ойыны арқылы оның қалай өсіп келе жатқанына баға бере аламыз, қисық жерін түзетуге кірісеміз. Қазақ «Баланы жастан» деп тегін айтпайды. Ойын арқылы бала өзінің қалай өсіп, дамып келе жатқанын білдіреді. Ойын -экспериментті құрал.
XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой - өрісі жоғары, жан - жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні - мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек.
ІІ. Негізгі бөлімі
ІІ 1. Балалар іс-әрекеті ретінде ойынның өзіндік ерекшеліктері.
Ойын-бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірбиені менгереді. Өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынын да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселең, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар-құрбыларымен бірлесіп ойнайды. Ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиетерін дамытатын, мұнда да қабілетін белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын А. С. Макаренко өте жақсы көрсетті. «Үлкендер өмірі үшін жұмыс қызмет істеу әрекет ету қандай орын алатын болса»-деп жазды ол-балалар өмірінде ойының да сондай үлкен маңызы бар. Ойында балалар қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекте адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы дамиды.
Ойын-адам әрекетінің бір түрі болғандықтан оныңда өзіне тән матифтері болады. Мәселен, дәрігер ауру адамды емдегенде өзіне жүктелген міндетті сезінеді, осылай істеуді оның мамандығы қажет етеді. Ал, дәрігер болып ойнаған баланы алатын болсақ, ол да айналасындағыларда өзінше емдейді. Бірақ бұл оның жай қызығуынан туған. Ойының қозғаушы күші-баланың нақты тілегімен қызығуы. Еңбек үстінде адамның мақсаты мен мативінің арасында келіспеушілік болуы мүмкін. Ойында бұл жағы болмады. Еңбектің қандай түрі болмасын одан қоғамдық пайдалы өнім шығуы қажет. Бұл айтылғандар ойынан талап етілмейді. Бұдан ойының ешқандай маңызы жоқ деген қортынды тумайды. Ойын арқылы бала өз қажетін, қалай қанағатандыра алатынын қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Кейбір шет ел психологтары ойынды көбінесе санасыз инстинктерге балайды. Мәселен, олардың бірі жануар төлі адам баласын ойынның арасындағы айрмашылықты жоққа шығарса(Н. Просс), екішілері-ойын баланың артық энергиясын сыртқа шығаратын тәсіл дейді. (Г. Спенсер), ал үшінші-біреулері-ойынды жай рақат табудың бір көзі (К. Бюлер) деп қарайды да, оның негізгі мотиві көрсетілмейді. Мұндағы қоғамдық фактордың ролін еске алмайды. Г. В. Тілеханов өз еңбектерінде ойын жөніндегі идиалистік теорияларды сынап, бала ойынын үлкендер еңбегімен байланысын, оның тарихи-әлеументік сипат алатынын дұрыс көрсетті.
Ойын - баланың жан серігі. Қай бала болмасын ойнап өседі. Ойын сырттай қарағанда қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді-мағыналы істер туындап өрбитінің байқаймыз. Өйткені, ең алдымен не нәрсенің болсын жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын - бала бойындағы қандай да болмасын бір өнердің бастауы деп білеміз. Өйткені, болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлерінің нышаны ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарының шыңдай түседі.
Жазушы Е. А. Аркин өз сөзінде былай деген екен: «Балаға қуаныш сыйлай отырып, оқыта тәрбиелеуге міндеттіміз». Балаға білім беруде ойын арқылы жан-жақты дамыту жүйесін құру проблемасы туып отыр. Білім жүйесін жаңаша ұйымдастыру кезінде баланы дамыту, қалыптастыру сапалы білім беру үрдісі дұрыс ұйымдастыру қажеттілігі тууда.
Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде, яғни «Күншуақ» балабақшасы оқу-тәрбие үрдісін іске асырудың бір жолы балаларды ойын арқылы оқыта отырып дамыту. Біздің тобымызда ойын арқылы оқытуды жаңаша ұйымдастыру дәл қазіргі уақытта қажет деп отырмыз.
Ойын - бала үшін оқу да, еңбекте. Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
В. Сухомлинский: “Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес, ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жаңар оты” деген ой айтады.
Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір жағынан бала бірден, осы мезетте қуанышқа бөленеді; екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік дағдылары қалыптасады.
Ойында ең алғаш баланың дүниеге әсер етуді қажетсінуі қалыптасады және көрінеді, ойынның негізгі, жалпы мәні де осында.
Ойын жөнінде айтылған философиялық көзқарастар әлем мәдениетімен тығыз байланысты. Сонау ерте замандағы эллиндік және римдік халықтар өмір сүрген дәуірдің өзінде-ақ ойынды балаларды тәрбиелеу құралына жатқызып, жауынгер ұландарды дайындау үрдісіне қосқан.
Балабақшаның қазіргі заман талабына сай бала тәрбиесінде, балалар ойындарына ерекше мән беріліп отыруы тиіс деп есептейді. Егер, біз осы бағдарлама жазғандай балалармен ойын арқылы жұмыс жасайтын болсақ, онда біз баланың құндылығын, жан-жақты білімді болуын дамыта отырып, мақсатқа жетеріміз сөзсіз.
Ойынмен ұйымдастырылған іс-әрекет балаларға көңілді, жеңіл келеді. Сондықтан ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктерімен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн. С. Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды. Осындай нәтижелердің арқасында үлкен еліміздің білімді ұрпағын тәрбиелеп шығуына көптеген септігін тигізері анық.
Осы бағдарламаны жазуға себепкер болған мынадай әдістемелік құралдар мен әдебиеттердің арқау болды.
«Балаларым-бақытым» атты авторы О. Асқар және «Балалық шақтың ойындары», авторы С. Мәуленовтың әдеби шығармаларды ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепалды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануға ұсынған.
Қ. Ибрагимовтың «Жас дарындар» мектепалды топтарға арналған әдістемелік-құралдың жиынтықтарының ересек балалардың білім деңгейін жоғары көтерудегі бірден-бір құрал екендігіне көз жеткізілді. Осындай әдістемелік құрал жиынтықтарының мектепке дейінгі мекеме балаларының жас ерекшеліктеріне сәйкестендіру арқылы жинақтау себепкер болып отыр.
Бұл жинақта қарастырылған мәселелерге тоқталып өтетін болсақ, балалардың тәлім-тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінген. Мектепке дейінгі жүргізілетін дайындықтар баланы оқу-білімге дайындап қана қоймайды, сонымен бірге оның болашақ өмірінің іргетасын қалайды. Іргетасы берік болған оқу-білімнің болашағы да зор болмақ.
Баланың жасы өсуімен қатар, ойнайтын ойының мазмұны да өзгеріп отыратыны белгілі. Бір жастағы баланың ойыны монигуляциялық (сыртынан ұстап көріп тырсылдату деген мағынада) сипат болса, балалар бақшасындағы балалар сюжеттік ойындармен айналысады. Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезіну мен қатар, айналасындағы адамдармен олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын белгісі келеді. Балалардың қиялын, ойлауын сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дедактикалық мәні бар. Сондықтан тәрбиешілер мен ата-аналар бұл ойындарды белгілі талапқа ұйымдастырып отырулары қажет. Балалардың ойынына үлкендер тарапынан жетекшілік болмайынша, олардың әрекеттік мазмұны өзінің негізгі мақсатына жете қоймайды. Бала әкесіне еліктеп, түрлі заттарды шегелеуді үлкен көреді. Баланың осы тілегін демеу қажет. Осындай ойын арқылы бала еңбек дағдысына үйрене бастайды. Бұл өзінше «Ойын» болып саналғанымен, баланың барлық күш жігерін, зейінін өзіне аударып отыр. Балалар ойынына үнемі дұрыс басшылық етіп отыру ой-өрісінің өмір тәжірбиесінің жан-жақты қалыптасуына байланысты жүргізілетін жұмыстардың басты бір бөлігі. Мектепке түскеннен бала ойынның мазмұны кенейе бастайды. Мәселен, мектепке дейін тұрмыстық ойындарды (семья, магазинге бару т. б) көбірек ойнайтын болса, енді қоғамдық саяси мәні бар, еңбек процесінің сан алуан жақтарын көрсететін сюжеттік ойындарды ойнауға ауысады.
Рольді ойындарда балалар үлкендермен бірге болуға тырысып, ерекше ойын түрінде ересектердің өзара қарым-қатынастары мен еңбектегі қызметін еске түсіреді. Мектептегі дейінгі шақта ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады, алайда бұл қазіргі баланың, әдетте көп уақытын өзіне қызғылықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланың психикасында сапалық өзгерістер туғызатындығынан болады. Мектеп жасына дейінгі бала ойын іс-әрекетінде заттарды ажыратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір рольді алады да, сол рольге сәйкес іс-әрекет жасай бастайды. Бала өзің аттың немесе қорқынышты аңның орнына қоя тұрса да, көбінесе ол ересек адамдарды: анасын, тәрбиешісін, ұшқышты, шоферді бейнелейді. Балаға ойын іс-әрекеті процесінде адамдар арасындағы қарым-қатынастар, олардың құқықтары мен міндеттері біртіндеп ашыла түседі. Айналасындағыларға қатысты міндеттер баланың өз басына алған рольді орындау қажет екендігін сезгендігі.
Сюжетті ойынның мәні рольді орындаушының өзіне қойылған міндеттерді орындауы мен ойынға қатысушы өзгелерге де қатысты құқықтарды іске асыру болып табылады. Ойынның сюжеті мен мазмұны балалар өздерінің рольді ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан, үлкендердің еңбектегі іс-әрекеті мен олардың еңбектегі қарым-қатынастарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын және басқаларды бейнелейді. Балалар ойындарында көрсетілетін шындық рольді ойындардың сюжеті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де соғұрлым кең де сан алуан келеді. Сондықтан да мектепке дейінгі кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуан. Бес - алты жастағы балалар қонақтар, қызы мен анасы, балабақша ойындарын ғана емес, көпір салу, космос кораблін ұшыру сияқты ойындарды да ойнайды. Ойын сюжетінің әр алуандылығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы бар болғаны 10-15 минут болса, төрт-бес жаста балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа мектепке дейінгі ересектерінің ойыны бірнеше сағатқа кейде тіпті бірнеше күнге созыла береді. Балалар ойынының кейбір сюжеттері мектепке дейінгі кішкентайларда да, ересектерінде де қызы мен анасы, балабақша ойындары кездеседі. Бірақ ойын сюжеттері мектепке дейінгі жастағы балалардың бәріне ортақ болғанымен ойындардың ойналу сипаты түрліше: бір тақырып төңірегінің өзінде мектепке дейінгі ересектер ойыны кішкентайлар ойынына қарағанда анағұрлым алуан түрлі. Әрбір жасқа ортақ сюжет төңірегінде болмысты түрлі жақтарынан көрсете білу тән. Сюжетке нұсқау ойынды толықтай сипаттамайды. Сюжетпен қатар рольді ойынның мазмұнын да ажырату қажет. Ересектер іс-әрекетінен бала нені негізгі сәт деп бөліп көрсетсе, ойынның мазмұны сол болып табылады. Әр түрлі жастағы балалар тобы ортақ сюжетті ойынға түрліше мазмұн береді. Айталық кішкентайлар ересектердің қандай да бір істерін еске түсіре отырып, тек белгілі бір заттармен белгілі бір қимылды әлденеше рет қайталайды. Заттар арқылы үлкен адамдардың шынайы істерін қайталап көрсету мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны болып табылады. Мысалы, сәбилер түскі тамақ ішу ойынын ойнағанда қандай да бір қимылды бірнеше рет қайталай отырып нан тіледі, ботқа пісіреді, ыдыс-аяқ жуады. Әйтсе де балалар тілінген нанды үстел басындағы қуыршақтардың алдына қоймайды пісірілген ботқаны тәрелкеге салмайды, таза тұрған ыдыстар жуылады. Мұнда ойын мазмұны тек қана заттар арқылы жүргізілетін қимылдармен көрсетіледі. Мектепке дейінгі кіші жастағы бала рольді ойындағы сияқты ойын сюжетін жоспарламайды ол қолына іліккен затқа байланысты өздігінен пайда болады. Мысалы, баланың қолында түтікболса, олдәрігер, ал термометр болса онда ол медсестра болады. Балалар арасындағы негізгі талас іс әрекет жасайтын заттарды иемденуден пайда болады. Сондықтан да бірмашинаны бір мезгілде екі шофер жүргізіп келе жатады, ауруды бірнеше дәрігер қарайды, түскі тамақты бірнеше ана пісіреді. Міне, сондықтан да рольдер бір заттан екінші затқа ауысуға отырады. Мектепке дейінгі кішкентайлар өз ойындарын датымшағын, тар сюжеттер төңірегінде қарым-қатынастар жасайды. Ойын кезінде адамдар арасындағы қарым- қатынасты толығынан бере білу баланы белгілі ережелерге бағынуға үйретеді. Ойын арқылы балалар үлкендердің қоғамдық өмірімен таныса отырып адамдардың қоғамдық функциясы мен олардың арасындағы қарым-қатынас ережелерін түсінуге де араласады. Мектепке дейінгі ересектердің рольді ойынының мазмұны өзі қалаған рольден туындайтын ережелерге бағыну болып табылады. Сонымен рольді ойын сюжеті мен мазмұнының дамуы айналасындағы үлкендердің өмірін баланың барған сайын тереңірек ұғына түскендігін бейнелейді.
Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оқу іс әректі әлі де дамуды керек ететін деңгейде болады. Оқу іс әрекетіндегі тәртіп сақтаудағы қажетті іс әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада істелінуі тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аздығы түсінікті болады. Оқу іс әрекетіне ерікті түрде назар аударту ол балаға жеңіл тиеді.
Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, баланың алдына оқу іс-әрекетінің шарттарын қойса, бұл баланың шын мәнінде оқу іс-әркетіне тез араласып кетуіне себеп болады немесе өзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдыннда сасқалаптап, бірте-бірте өзіне деген сенімін
Білім алу іс-әрекетіндегі баланың маңызды әрекеті - бұл оның өз өзіне деген рефлекциясы, жаңа жетістіктерін және болған өзгерістерді қадағалай алуы. Бұған дейін қолымнан келмеді енді келеді. Баланың өзін өзі үшін өзгеріс мәні және осы өзгерістерді өзі үшін жүзеге асыратын субъекті бола алуы өте маңызды. Егер бала өзінің өрлеуіндегі оқу іс-әрекетінің өзін өзі дамытудың жетілген түрінің рефлекциясынан қанағат алса, демек, бала оқу іс әрекетіне психологиялық жағынан толықтай кірісті деген сөз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz