Физикалық есептер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Физикалық есеп дегеніміз - ол оқушының алдына қойылатын қандай да бір проблема. Оны шешуде белгілі бір логикалық ақыл- ой қызметі, жүзеге асып, физикалық эксперимент жасалынып, математикалық аппарат қолданылады.
Есеп шығару физиканы оқыту үрдісінің ұдайы бөлінбес құрамды бөлігі болып саналады, өйткені ол физика сабақтарының түгелдей барлық түрлері мен кезеңдеріне және сыныптан тыс жұмыстарында орындалынады. Есеп шығару, физиканы оқытудың әдістері, тәсілдері, амалдары ретінде әр жақты мағынада қол- данылады. Физикалық есептерді шығарудың мынадай маңызы бар:
оқушылардың логикалық және физикалық ойлауын дамытады, математикалық амалдар мен түрлендірулерді орындауға жаттықтырады, физикалық заңдар мен эксперименттің сандық және сапалық мағыналарын ашады;
физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың практикалық маңызына және өмірмен байланыстылығына көз жеткізеді.
мектеп оқушыларын тапқырлыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, еңбек сүйгіштікке қиындықты жеңу төзімділігіне үйретеді, еңбек-жігерлерін қайрайды;
физикалық ұғымдарды, оқушылардың практикалық іскер- ліктері мен дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалып- тастырады;
оқушылардың алған білімдерінің тереңдігі мен беріктігін тексереді;
сабақта проблемалық жағдаяттар қойып, оны шешуге жәрдемдеседі;
физикалық құбылыстар мен заңдарды және теорияларды талдауға, қорытындылауға, олардың арасындаға өзара байла- ныстарды анықтауға жәрдемдеседі;
оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын жүйеге келтіріп, оларды дамытады, тереңдетеді;
пәнаралық байланысты күшейтуге ықпал жасайды;
оқушылардың физикаға деген қызығушылығын арттырады.
Физикалық есептер мазмұнына (тараулар, абстрактылы және нақты), зерттеу мақсатына және зерттеу тереңдігіне, шығарылу тәсіліне, күрделілігіне қарай жіктелінеді.
Физикалық есептерді шығару субъектінің ойлау қарекетінің негізгі түрлеріне байланысты жіктелінуі

синтетикалық
аналитикалық- синтетикалық
аналитикалық
Физика есептерін шығарудың әдістері
синтетикалық
аналитикалық- синтетикалық
аналитикалық
Физика есептерін шығарудың әдістері
синтез
синтез

Ойлау қарекетінің түрі
Ойлау қарекетінің түрі

Талдау (анализ)
Талдау (анализ)
Физикалық есептерді шығару жолдары: Есеп шығару
Есеп шығару
геометриялық
экспериментальдық
геометриялық
экспериментальдық

алгебралық
алгебралық
арифметикалық
математикалық
логикалық
арифметикалық
математикалық
логикалық
графиктік
графиктік

Есепті шығарудың логикалық әдісі берілген есептің шешуін сапалық деңгейде орындауды талап етеді.
Математикалық әдісті қолдану арқылы есеп шығарылғанда физикалық шамалардың арасындағы байланыстар сандық деңгейде анықталынады. Физикалық шамалардың арасындағы байланысты тәжірибе қою арқылы анықтау эксперименттік әдіс арқылы жүзеге асады.
Есеп шығарудағы іс-әрекет есепті шығару жоспарын анықтаудан, осы жоспарды жүзеге асыруын, жауабын табудан тұрады.
Есепті талдау нәтижесі есеп шығаратын субъектінің біліміне, тәжірибесіне байланысты. Л.М. Фридман есеп шығарудағы мынадый іс-әрекеттерді көрсетеді:
есептің мазмұнын талдау;
шығару жолын іздеу;шығару жоспарын жүзеге асыру

шығару жоспарын жүзеге асыру есептің шығарылуының дұрыстығын тексеру.

Мектепте физикалық есептерді шығаруда алгоритмді қолдану кең орын алған.
Физикалық есептердді шығарудың жалпы алгоритмі:
есептің шартын мұқият оқып, онда сөз болып отырған процесті, не құбылысты анықтау;
есептің негізгі талабын орындау үшін қажетті қандай шамалар берілген немесе қосымша қандай шамалар қажет екенін анықтау;
шартты белгілер арқылы есептің шартын қысқаша жазу;
қажет болса, есептің мазмұнына сәйкес сурет салу;
есепті қандай әдіспен және қалай шығару керек екенін анықтау (жоспар құру);
есеп мазмұнында сөз болып тұрған процесті сипаттайтын теңдеулерді жазу;
есепті жалпы түрде шығару яғни есептің талабына сәйкес белгісіз шаманы анықтайтын теңдеуді қорытып шығару;
есептің шығарылуының дұрыстығын тексеру (өлшем бірліктер арқылы);
белгісіз шаманың мәнін есептеп, анықтап алынған мәннің дұрыстығына көз жеткізу;
есептің жауабын жазу.
Есеп шығару ойлау қабілетін дамытудың негізгі бір әдісі болып табылады. Ойлау қабілетінің дамуы сыныпта есеп шығаруды ұйымдастыруға байланысты. Әзір формулаға физикалық шамалардың сан мәнін қойып есептеу немесе сынып оқушылараның көпшілігінің шығара алмайтындай есептер беру, бір оқушының тақтаға шығып есеп шығаруы, ал қалғандары оны көшіруі оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытпайды. Тәжірибе көрсеткендей көптеген оқушылар есепті шығаруға қиналады. Оқушыларда физикалық есептерді шығару дағдылары мен іскерліктері қалыптаспаса олардың пәнге деген қызығушылығы, өз күштеріне деген сенімдері жойылады.
Оқушылардың есеп шығара алмауларының себептері көп. Оның бірі оқушыларға шығаруға берілетін есептердің белгілі бір жүйеде жинақталмауы және неғұрлым көп есеп шығарса, соғұрлым автоматты түрде есеп шығару ептіліктері қалыптасады деп ойлап, үйге көп есеп берілуі. Негізгі басты себеп оқушыларды физикалық есептерді шығару әдістеріне үйретпеу.

Кейбір есептерді шығару әдісі алгоритмдік әдіске жатады. Мощанский В.Н. мен Гутман В.И. есептерді шығарудың алгоритмдік әдісін оқушыларға үйретуді ұйымдастыруды былай ұсынады: сынып оқушылары 2-3 есеп шығарғаннан кейін оқытушының басшылығымен осы есептерді шығарудың әдісін құрайтын қадамдарды оқушылар өздері анықтап, осындай типті есептерді шығарудың алгоритмін құрайды. Содан кейін оқушылар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физиканың оқыту әдістемесі
Физикалық есептер шығару үрдісінің кезеңдері
Физикадан есептер шығару әдістемесі
Физика есептерін шығару әдістері
Физикадан шығармашылық есептер
Физикалық есептер, олардың классификациясы және шығару тәсілдері
Ток күші
Физикадан есептер шығару
Физикалық есептерді шығарудың әдістемесі мен тәсілдері
Механика бөлімінен есептер шығару әдістемесі
Пәндер