Жеті қайқы, бес жүйрік әнші, жыршы, күйші, ақын, композитор - бойына бірнеше өнер тоғыстырған жеті өнерпаз, бес жүйрік туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
БЕКІТЕМІН
МКҚК Музей кешені
меңгерушісі
___________Қ.Ходжаева
______________2021 ж.

Жеті қайқы, бес жүйрік әнші, жыршы, күйші, ақын,
композитор - бойына бірнеше өнер тоғыстырған жеті өнерпаз,
бес жүйрік туралы
дәріс

Дайындаған: А.Балабаева



Форт - Шевченко
"Адайдың жеті қайқысы" -- 19 ғасырдың 2- жартысы мен 20 ғасырдың бас кезінде Маңғыстау түбегінде өмір сүрген халық өнерпаздары, сал-серілер.
Жеті қайқы - әнші, жыршы, күйші, ақын, компазитор - бойына бірнеше өнер тоғыстырған жеті өнерпаз. Осы жеті мықтының әрқайсысына жеке-жеке түсінік беріп, тоқталып өтсек, олар: Әділ Өтеғұлұлы(1869-1931), Жылкелді Теңізбайұлы(1855-1938), Өскенбай Қалмамбетұлы(1860-1925), Шолтаман Байсарыұлы, Тастемір Шыршығұлұлы, Тұрсын Алдашұлы, Досат Бәймембетұлы секілді дүлдүлдер. Бұлардың бастары тоғысып, қайқы атануының себебін көнекөздер төмендегіше түсіндіреді: Тесіктам (Маңғыстау облысы) деген жерде үлкен ас өтіп, сол аста дуылдаған өнер сайысы болады. Атақты би Иса Тілембайұлы төрелік етеді. Сайыс қорытындысы бойынша қомақты сыйлықтар таратылады. Бас бәйге Жылкелдіге беріледі. Би шешіміне көңілі бітпеген біреулер: - Иса дұрыс шешім қабылдамады, бірінші жүлдені ағайыны Жылкелдіге берді, біздің Өскенбай да сегіз қырлы өнерпаз. Би әділ билік етпеді, - деп күңкілдеседі. Сол кезде ас иесі: Араларыңда реніш болмасын, Өскенбайға да бірінші орын береміз деп ақ боз атты көлденең тартады. Асқа келген, өнер тамашалаған халық риза көңілмен тарасып, жоғарыдағы жеті өнерпазға Адайдың жеті қайқысы атағын беріп, жетеуін құрметпен аттандырыпты (бұл уақиғаның тағы бір-екі нұсқасы бар, біз осыны жөн көрдік). Осы жиыннан оралып келе жатып, жетеуі өздерін:
Жиылып жеті дүлдүл желе жеттік,
Жұп жазбай серілікпен елге жеттік.
Әншінің айдап жүрген еш малы жоқ,
Өнер мен мерекені ермек еттік.
Ерітіп соңымызға көпшілікті,
Өнерді жасымыздан өрнек еттік.
Кең ойып шаршы топтан орын алып,
Қара өлең төрттен салып дөңгелеттік, - деп таныстырған көрінеді. Осынау әнді Өскенбай шығарып айтқан деседі.
Бұлардың ішіндегі Өскенбай туралы деректер молырақ. Қалған алтауының жайы көп қозғала бермейді. Өскенбай 1860 жылы Маңғыстауда Жетібай деген жерде дүниеге келіп, 1925 жылы ажал құшады. Зираты Маңғыстаудағы Қарақия жотасының Доңаза мекенінде. Әкесі Қалманбет мергендігімен танылған шаруа, әншілік, күйшілік дарыны байқалмаған. Қалманбеттен өрген ұлдары Өскінбай, Үлкенбай, қыздары Көркей, Шырай, Ақжандар да шетінен домбырашы болған деседі. Оның жолын баласы Мұрат жалғастырып, мұрасының кейінге жетуіне үлкен үлес қосады. Қайқының таланты Мұраттың ұлы Әзірбайға да дариды. Әзірбай да үлкен күйші.
Қайқылардың белді мүшесінің бірі - Жылкелді Теңізбайұлы. Маңғыстау жеріндегі Шайыр ауылы маңындағы Сарыойда туылған. Жастайынан ән салып елге танылып, жұртының құмарын қандырар қуатты әншілік деңгейіне жетеді. Әттеген-айы: 1930-31 жылдардағы зобалаңнан бас сауғалап ірге көтерген елмен бірге түбі бір түрікмен жеріне, Шағадам (Красноводск) аймағына қоныс аударып, 1938 жылы сол жақта көз жұмады. Көшерінде Қарауылқұмбет жұртында отырған серіге замандас, туыстары амандаса келіп, отырыс үстінде ән айтуын сұрап, қолқалайды. Сонда: Сексенге келген селкіл баста не қалды дейсің, көңілдерің қалмасын, - деп қайран қайқы байырғы әдетінше:
Бұл әнді сатып алдым құнан нарға,
Беремін өз бәсіне құмарларға.
Ит дауыс бұрынғыдай аңқымайды,
Қартайып жас жеткен соң амал бар ма?, - деп басталатын Құнан нар әнін орындап береді.
Әділ Өтеғұлұлы - белгілі өнер иесі Жеті қайқының бірі. Әділ сөзге салса жорға, әнге салса дүлдүл өнерпаз болыпты. Нағыз бабына келіп, еті қызған сәтінде құйрығымен жорғалап, сырғанап жүреді екен. Әнді төгіп-төгіп, төпеп айтады дейді. Әбден шырқау шегіне жетіп, арқасы қозған мезгілде екі көзіне тер құйылып, алқымы ісініп, ала су болғанда барып, өзінің Жайма қоңырына салатын көрінеді. Соңында қалған мұраларынан біздің білетініміз Жайма қоңыр, Қара ән, Бес Өрдек әндері.
Шежіреші Алшын Меңдалыұлы жас уағында жолаушылап жүріп бір ауылдан Әділді кезіктіреді. Әлгі ауыл адамдары төбесіне көтере құрметтеп, таңсәріге дейін ән салдырып, құмарлана тыңдасады. Әділ ірі тұлғалы, кеудесі көріктей қара кісі көрінеді. Зобалаң жылдары шатылып, Текеге (Орал) айдалады. Сол жердегі ОГПУ қызметкері Төленов Шоқан: Сендердің іздеп жүргендерің бұл Әділ емес, мынау басқа Әділ, деп сендіріп, құтқарып жібереді. Қайқы содан көп ұзамай көз жұмады. Жем бойындағы Қаратоғай деген жерге қойылады.
Өмірінің соңын қудалауда өткізген оның, қара әнінің мәтіні:
Түйемді ойпаң жерге шөгергенмін,
Соңына сылқымдықтың көп ергенмін.
Жарты құрт жаңқалтада жарып жеген,
Құрбыдан сөйтіп жүрген не көргенмін, - болып келеді.
Мәтіні де, әуені де мұңды. Қайран жүйрік шабысынан қалдырған дәуіріне, әйтпесе, ноқталаған қоғамына өкпелі. Әділдің тұяғы Кемал ағамыз көзі тірі, 1929 жылы туылған, қазір Сағыз бекетінде (Атырау облысы) тұрады.
Өнерімен қатар желген жетеудің бірі - Тұрсын Алдашұлы. Ел ішінде Адайдың ілме қағысы деген домбыра қағысымен бірге, Тұрсын қағыс деген де қағыс түрі бар, - деп жазады Абыл Келімбердиев.
Өнердің өзенінен жүзіп өттім,
Халқының өкпесі жоқ бұл Тұрсынға, - деп шалқыған қайқының қадірі биік кеткен. Қарақамыс, Көкжар жәрмеңкелеріне базаршылап көп табан тіреген. Өнер сайыстарына түсіп даңқы аспандаған. Көл Қайнар, Оймауыт, Тасастау сынды әндері кең тараған. Асқан дарынының арқасында асқақтаған дүлдүлдің ғұмырының соңы сергелдеңмен өткен. 1930-31 жылдары басталған зобалаңда ұсталып, хабарсыз кеткен.
Қайқылар құрамының бірі - Шолтаман Байсарыұлының да атақ-даңқы алысқа тараған. Оның кең тынысты әнші екендігін дәлелдейтін деректер баршылық.
Шолтаманның ауылы Маңғыстаудағы Мастөк маңында отырса керек. Ол кезгі серілердің ел аралай бір шыққанда айлап кететіні белгілі. Ұлының осындай ұзақ сапарынан оралуын күтіп жүрген үйдегі анасы таңсәріде талып жеткен ән сазын естіп: Шолтаманның даусы болар ма?, - деп ойлап қояды. Ана жүрегі алдасын ба, кешқұрым Шолтаман да жетеді. Жарығым, таңертеңгі естілген ән сенің айтқан әнің бе, қай жерде келе жатып айтып едің? - деп сұрайды қайран ана. Ат үсті, жол соқты болып зерігіп кеткен соң Қаратүйенің құлауында айтқан едім - деп жауап қатыпты баласы. Ал Қаратүйе мен Мастөк арасы қазіргі өлшеммен елу шақырымдай жер екен.
Шолтаманның жүзге тарта әні бар көрінеді. Шығармаларынан қолымызға түскені:
Барады ауылым көшіп Көлтабанға,
Салайын Сарыөзенге Шолтаманға, - деп басталатын Сарыөзен әні мен Талкеме әні.
Қайқылардың қатарында Жаманадай Тастемір Шыршығұлұлы да бар. Аты айтып тұрғандай Тастемір әйгілі бес жүйріктің бірі - Нұрым Шыршығұлұлының інісі. Кәріқұлақ қарттардан бұл дүлдүлдердің туыстығы туралы екі ұшты пікірлер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақтан Керейұлы
Біржан сал және оның ақындық айналасы
Сыр бойының жыраулық мектебі
Біржан Қожағұлұлы және Сарыарқадағы сал – серілік мектебі
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы музыка мәдениеті
КӨКШЕ ӨҢІРІ АҚЫНДАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы музыка мәдениеті
Қазақ прозасындағы қазақтың сал - серілері жайында жазылған шығармаларға тоқталу
Қазақ тарихының ұлы ойшылдары
Ақан сері өлеңдері
Пәндер