Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістері мен түрлері


Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістері мен түрлері.
1. Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістері, оларға сипаттама.
2. Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің түрлері, олардың ерекшеліктері.
Кез келген адамзат баласы өзін қоршаған өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Ал, қарым-қатынас тіл арқылы, сөз арқылы жүзеге асады.
«Амандасу» жаттығуы Қарым-қатынас амандасудан басталады. Білім алушылар дөңгеленіп тұрып, барлығы тақтаға назар аударады. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір-бірімізге күлімдей қараймыз. Қол бейнеленсе - қолымызды қысып амандасамыз. Күн бейнеленсе - жақсы ықыласпен сәлемдесеміз. Жүрек бейнеленсе - құшақтасамыз.
Кез келген адамзат баласы өзін қоршаған өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Ал, қарым-қатынас тіл арқылы, сөз арқылы жүзеге асады. Мектеп жасына дейінгі кішкене балалар сөйлеуді ата-анасының, туған-туыстарының және тәрбиешісінің көмегімен сонымен қатар құрбыларымен тілдесу арқылы үйренеді. Міне, осы кездерде баланы дұрыс дыбыстауға, сөйлемді дұрыс құрастыруға, яғни, дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйрету керек. Ал, байланыстырып сөйлеу дегеніміз айтылған сөздерді игеріп - оның компоненттерін - сөйлемдерді, сөздерді бір бірімен дұрыс байланыстырып сөйлеуді айтамыз, яғни, бұл қатесіз дұрыс сөйлей білу. Балалар, ересектердің байланыстыра айтылған сөздерін түсінуден, естілген дыбыс ағынын ұғудан бұрын жекелеген сөйлемдердің сөз тіркестерін, сөздерді, морфермаларды үйренеді, яғни оларды айтылып жатқан әңгіме ағынынан бөліп ұғынады.
Байланыстыра айтылған сөздерді игертіп үйрету үшін алдымен жекелеген сөздерді дұрыс түсінуге үйреткен жөн, содан соң сол сөздерден сөйлемдер құратқызу керек. Байланыстырып сөйлеу адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлемдегі жүйесі болып табылады немесе ойды жинақы түрде грамматикалық жағынан дұрыс, дәл, анық мазмұндау болып табылады. Сондықтан байланыстырып сөйлеуге үйрету балабақшадағы тіл дамыту жұмысының ең негізгі бөлігі болып табылады. Жалпы байланыстырып сөйлеу ойлаумен біртұтас болып саналады. Байланыстырып сөйлеу баланың ойлауын, көрген- білгенін қорытып айта білу шеберліктерін анықтауға негіз болады. Бала өз ойын қаншалықты жеткізе білсе, оның сөйлеу тілінің қалай дамығандығын содан байқауға болады.
Балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру үшін, ересек адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасауға, заттық және әр түрлі ойын әрекеттерінде, ойлау әрекетінің көрнекі-заттық түріне, естуіне, көруіне, иіс сезуіне, қоршаған ортаны бағдарлауына үлкен назар аудару қажет. Осымен бірге ересек адамның сөйлеу тілі баланың фонематикалық есту қабілетінің, белсенді сөз қорының, сөздің мағынасын түсінуінің дамуына өз үлесін қосады. Басты назарды баланың сөйлеу тілінің негізгі түрі - қарым-қатынас түріне аудару керек. Себебі, ол баланың байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасуының бірден-бір тәсілі. Балалар заттың атын атап айта білуімен қатар, оны сипаттай білулері қажет. Т. А. Фотекованың айтуынша, байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасуында, сөйлеу тілі мен ақыл ойдың дамуын анық көрсететін тығыз байланыс болады. Әрбір жеке адамның сөйлеу тілі, ойлау әрекетінің ерекшелігіне, темпераментіне, жан-жақтылығы мен басқа да психикалық даму жақтарына байланысты ерекшеленеді. Сөйлеу әрекетін әр түрлі танымдық әркеттерімен, әсіресе ойлауымен байланысты қарастыру жөн. Сондықтан да сөйлеу тілі ойлаудың негізгі құралы болып табылады. Сөйлеу тілінің күрделі жағына ауызша байланыстырып сөйлеуді жатқызамыз. Оған мағыналық, құрылымдық сөйлеу тіл бөлімдері тән. Басқаша айтқанда, ауызша байланыстырып сөйлеу - бір немесе бірнеше сөйлемнен тұратын бірғана тақырыпқа бағытталған және нақты күрделі құрылымды иеленетін біртұтас сөйлем жүйесі. Байланыстырып сөйлеу сөйлем сияқты жоғарғы деңгейде комуникация қызметін атқарады. Ауызша байланыстырып сөйлеу екі жақты үрдіс ретінде жүзеге асады: сөйлеу дағдылары (экспресивтті сөйлеу тілі) және өзгелердің сөйлеу тілін түсіну дағдылары (импрессивті сөйлеу тілі) . Экспресивті сөйлеу формалары екі түрге бөлінеді: монологты және диалогты сөйлеу тілі .
ДИАЛОГ Екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы әңгімелесуді диалог деп атайды. Мұндай әңгімелесудің мақсаты бір нәрсе жайында сұрап, соған жауап алу. Байланыстырып сөйлеудің бұл түрін үйретуде алдын-ала әзірленген әңгімелесу әдісін қолданады. Алдын ала әзірленген әңгімелесудің міндеті балаларды өз ойын жеткізе білуіге тәрбиелеу және әңгіме айтушыны тыңдай білуге үйрету.
Диалог екі тұрғыда құрылады
Сұрау
Баяндау
Сұрау тәсілі арқылы жүзеге асатын диалог Мысалы: -Балам бүгін баға алдың ба? - Ия, әже алдым. -Күнделігіңде неше бестік бар? -Міне, әже көріңіз бестіктерімді.
Баяндау арқылы жүзеге асатын диалог Мысалы: Өздеріне қарсы жүргіріп келе жатқан итті көрген Айсұлу, Арманға: - Ит! - деп айғай салды. - Қаш! - деп айғайлады Арман да.
МОНОЛОГ Монолог бұл мүлде реплика емес, қоршаған ортаға әдейі әсер ету болып саналатын ойды жеңілдетіп сөздік формаға келтірілген жүйе. Монолог күнделікті өмірде кездесе бермейді, өйткені ол кітаби стиль. Монологтың өзі әр түрлі болып келеді. Олар суреттеу монологы, баяндау монологы, сонымен қатар пікір айту монологы. Суреттеу монологы - бір мезгілде болатын фактілер туралы айту, ал баяндау монологы бірінің соңынан бірі келетін фактілер туралы айту. Балаларға монологтық тілді үйрету өте қиын, себебі олар монологтық тілі күнделікті өмірдегі ересектер сөзінен өте сирек естиді. Сондықтан тәрбиеші балабақша жасындағы балаларға монологты үйретуге көп көңіл бөлуі керек. Балалар монологтық тілді түсіне алуы және өз хабарын беруде оны пайдалана білуі үшін, олар соған сәйкес синтаксистік құрылымдарды білуі қажет. Монологты үйрету диалогты оқыту сияқты әр топ балаларында әр түрлі жүргізіледі.
СУРЕТТЕУ МОНОЛОГЫ - бір мезгілде болатын фактілер туралы айту
БАЯНДАУ МОНОЛОГЫ - бірінің соңынан бірі келетін фактілер туралы айту.
ПІКІР АЙТУ МОНОЛОГЫ - себеп-салдарлық қатынаста болатын фактілер туралы айту.
Ойды байланыстырып сөйлеу арқылы жеткізе білудің бір түрі, үнсіз іштен сөйлеу болып табылады. Ол да байланыстырып сөйлеу тілінің бір түріне жатады. Бұл механизм психологияда - іштен сөйлеу деп аталады. Осы әрекетті жүзеге асырып барып, дұрыстылығына көз жеткізгеннен кейін ғана, өз ойын ауызша байланыстырып сөйлеу тілі арқылы жеткізуге болады. Сонымен, балалар бақшасының тәрбиешісінің жауапты міндеті - балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету үшін, мақсатқа сәйкес дидактикалық материалдар табуға күш салуы керек, яғни, тәрбиеші баланың байланыстыра сөйлеуін дамыту үшін көптеген әдіс-тәсілдерді қолданғаны жөн. Ал, әдіс-тәсілдерді дұрыс, тиімді пайдалану үшін тәрбиеші шебер, сонымен қатар, ізденгіш болуы керек. Көп ізденген тәрбиеші көптеген жаңа әдіс-тәсілдер ойлап табу арқылы баланың тілін жетілдіреді, олардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын биікке көтере алады. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету барысында олардың психологиясы әр түрлі болып келеді. Мектепке дейінгі ұйымда балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне сай топқа бөлінеді. Байланыстыра сөйлеуге үйретуде жиі қолданылатын диалог осы әр топтағы балаларға әр түрлі әдістермен жүргізіледі. Балаларды байланыстырып сөйлеуге кез келген уақытта үйретуге болады, яғни ойын кезінде, немесе бос уақытты пайдаланып картиналар көрсету, ертегі немесе балаларға таныс әңгімені оқып беріп, сұрақтар қоя отырып балалардан жауап алу арқылы да жүзеге асыра білу тәрбиешінің тәжірибелілігіне байланысты.
Ауызша байланыстырып сөйлеу тілінің мынадай түрлері қолданылады: сұрақтарға толық, кең көлемді жауап беру, оқылған ертегі, мәтінді қысқаша шолып айту, суреттерге қарап өз тәжірибе негізіне сүйене отырып сөйлем құрастыру, бақылаудағы объектіні суреттеу.
Ауызша байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру, дамыту тапсырмалары келесі міндеттерді орындау қажет:
Оқушыларда сөйлеу қажеттілігін туындату. Бұндағы ең басты маңызды фактор, түрткі - қызығушылық. Балалардың игеріліп жатқан материалға қызығушылығы. Басқа сөзбен айтқанда заттар мен құбылыстарды қабылдау баланың тек интеллектуалды ғана емес, эмоционалды сферасын да қамту қажет.
Тұжырымдағы логикалық байланысы мен жұмыс. Тіл дамыту сабақтарында мәтіннің мазмұнының логикалық байланысы сюжетті сурет сериясымен жүзеге асады.
Тұжырымдамаға тән тілдік құрылым. Бұл міндеттердің шешімі балалар ең алдымен өздеріне қажетті сөздік пен синтаксистік құрылымды игереді. Екіншіден, олар арнайы тілдік құралдарды игереді. Бұл талаптар сөздік жұмыс көмегімен орындалады, яғни балалардың сөздік қорын дамыту, молайту жұмыстары. Тұжырымдау мақсатында балалар алдына нақты нұсқау беру және сол нұсқау негізінде әңгіме құралады.
Тұжырымдауды ұйымдастыру. Бұл құрылған зат бөлімдері немесе сурет, сызбалар негізінде жүзеге асады. Сөйлеу тіл іс-әрекетін қажетті деңгейде белсендіруді қысқа мәтін ретінде жүзеге асыруға болады. Сурет кезектілігін айтуда балаларға 3-4 сөйлемді кезегімен айтуға мүмкіндік береді.
Ауызша байланысқан тұжырымдарды көп қайталау, жаттықтыру, сонымен қатар жаттығу түріндегі әр түрлі тақырыптарды қолдану, мәтін мазмұнын айту, заттарды суреттеу және т. б.
Баланың байланыстырып сөйлеуін тексеру үшін төмендегідей әдістерді қолдануға болады:
1. Суреттер бойынша әңгіме құрастыру, сөйлем құрау
2. Сериялы сурет бойынша әңгіме құрастыру
Нұсқау: Суретке қарап, оларды ретімен қойып әңгіме құрастыр
3. Мәтінді тыңдап мазмұнын айту
Нұсқау: Мен қазір әңгіме оқып беремін, сен мұқият тыңдап, есіңе сақтап мазмұнын айтып беруің керек.
Мәтін екі реттен көп оқылмайды.
Арнайы әдебиеттерде байланыстырып сөйлеудің бірнеше критерийлері қарастырылады. Олар: байланыстылығы, кезектілігі, логикалық-мазмұндық жағы, яғни оның тақырыпқа сәйкестілігі, толықтылығы.
Кейінгі әдебиеттерде (Р. И. Лалаева, Т. А. Фотекова) байланыстырып сөйлеудің қалпы төмендегідей критерийлер бойынша бағаланады:
Мазмұндық тұтастығы - мазмұнның негізгі бөліктері дұрыс кезектілікпен, тақырыпқа сай берілген, себеп-салдары толық ашылады.
Әңгіменің лексикалық-грамматикалық өңделуі, дұрыс қолдануы, сөздерді мағынасы, ұқсастығы бойынша шатастыру, алмастырудың байқалмауы, аграмматизмнің болмауы.
Тапсырманы өзбетімен орындауы - әңгімені өз бетімен бірден орындауы.
Осы аталған критерийлер бойынша баланың байланыстырып сөйлеуінің даму деңгейі қорытындыланады.
Балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда төмендегі әдістерді, тәсілдерді қолдануға болады:
«Сурет бойынша әңгіме құрастыру, сөйлем құрау»
Мақсаты: балалардың сөздік қорын анықтау, сөз байланысын қалыптастырып, дамыту.
Қажетті көрнекіліктер: сюжетті суреттер
Өткізу тәсілі: Балаға әртүрлі әрекетті білдіретін сюжетті суреттер ұсынылады.
Нұсқау: «Суреттен не көріп тұрсың?»
«Суретте кім бейнеленген?»
«Қыз/бала не істеді немесе не істеп жатыр?».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz