Өсімдіктер - автотрофты организмдер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ДС 9 Өсімдіктер - автотрофты организмдер
Жоспар:
1. Өсімдіктердің морфологиялық құрылысы
2. Жынысты, жыныссыз және өсімді көбею
3. Фотосинтез
Өсімдіктер дегеніміз эукариоттарға жатқызылатын фотосинтездеуші тірі ағзалар. Олардың жасушалық целлюлозды қабықшасы, қорға жиналған крахмал түріндегі қор заттары болады және аздап қозғалады немесе тіршілігінің барысында қозғалыссыз өседі.
Құрамында болатын хлорофилл пигменті өсімдіктерге жасыл түс береді. Жарықта фотосинтез жүреді. Өсімдіктер өсу мерзіміне қарай біржылдық, екі жылдық және көпжылдық болып бөлінеді.
Өсімдіктің вегетативті мүшелері: тамыр, сабақ, жапырақ.
Тамыр - өсімдіктің негізгі және жер асты мүшесі. Ол өсімдіктің өстік, симметриялы жер асты органы. Ол ұзақ уақыттар бойы ұзындыққа шексіз өсіп отырады. Тамырдың ұшын тамыр оймақшасы қорғап тұрады. Тамыр еш уақытта жапырақ түзбейді. Оның бұтақтануы, бүршіктенуі ішкі жағынан басталады. Қызметі: 1) тамыр арқылы топырақтан сіңірілген суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді; 2) өсімдікті топыраққа берік орнықтырады; 3) кейбір тамырлар қоректік заттарды қорға жинайды (сәбіз, қызылша, шалқан, шомыр және т.б.); көбеюге қатысады.
Әр түрлі жерде өскен өсімдіктердің тамырлары да әр түрлі орналасады. Орман ағаштарының тамырлары көбінесе тереңге кетеді. Таулы жердегі өсімдіктердегі құзжартастардың арасына бойлай еніп, олардың бұзылуына дейін әкеліп соқтырады.
Сонымен, өсімдік минералды заттар мен суды тамыр түкшелері арқылы сіңіреді. Олар алдымен өткізу аймағына келіп, содан соң сабаққа және жапыраққа өтеді. Кез келген өсімдіктің барлық тамырлары бір-бірімен байланысты және олар тамыр жүйесін құрайды. Тамырлар шығу тегіне қарай негізгі, жанама, қосалқы деп бөлінеді. Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды. Ол төмен қарай бағытталып, топыраққа тереңдей береді. Негізгі тамырдың жан-жағынан жанама тамырлар таралады. Олар көбінесе сору аймағында пайда болады. Топырақтан қоректік заттарды соруға қатысады. Қосалқы тамырлар сабақ пен жапырақтан өсіп шығады. Олар тамыр жүйесінің жаңаруынан немесе зақымдалудан, кесілуден кейін пайда болады. Өсімдіктің топыраққа берік орнығып, қоректенуін күшейтеді. Өсімдіктің негізгі тамрылары әр түрлі болады. Тамыр жүйесі деп бір өсімдікте болатын әртүрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығын айтады. Тамыр жүйесі кіндік және шашақ тамыр болып екіге бөлінеді. Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр өте жақсы жетіледі. Одан жан-жағына жанама тамырлар тарайды. Дамуының алғашқы сатысында тамыр сабаққа қарағанда тез ұзарады. Себебі суды топырақтың терең қабатынан соруға тура келеді. Шашақ тамыр жүйесінде негізгі тамыр болмайды. Болған күнде де өте нашар дамып, жуандамай, басқа тамырлармен бірге өседі. Жуандығы біркелкі жанама немесе қосалқы тамырлар шашаққа ұқсап топталып тұрады. Мысалы, пияз, бидай, жүгері, арпа, сұлы, сарымсақ және т.б. Тамырдың мөлшері өсімдіктің өмірлік формасына (ағаш, бұта, шөптесін өсімдік) және сыртқы ортаға (экологияға) байланысты. Суда және батпақта өсетін өсімдіктердің тамыр жүйесі үлкен болмайды. Құрғақ жерде өсетін өсімдіктердің тамыр жүйесі аса жақсы болады. Табиғатта тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуін түрөзгеріс дейді. Тамырдың өзгерген түрлері сүректік және тіндік паренхималарға артық қор заттарының жиналуына байланысты болады. Шығу тегіне және құрылысына қарай қорлық тамырлардың екі типі болады - тамыр жемістер және тамырдың түйнектері. Тамыр жемістер кіндік тамырдан пайда болады. Жемтамырлар. Әр түрлі органикалық заттар өсімдіктердің негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналып, жуандап, түрін өзгертеді. Мысалы, сәбіз, қызылша, т.б.
Өркен - бұл бүршіктен, сабақтан және жапырақтан тұратын, күрделі вегетативті мүше.
Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек.
Қызметі: 1) сабаққа - бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді; 2) қоректік заттар сабақ арқылы қозғалады; 3) органикалық заттар қорға жиналады; 4) көбеюге қатысады.
Сабақ түрлері өсу бағытына байланысты тік, жатаған, шырмалғыш, өрмелегіш, қысқарған сабақ деп бөлінеді. Тік сабақтар өте мықты болады. Тік сабақты өсімдіктерге жүгері, бидай, терек, емен, қарағай, қайың және т.б. жатады. Жатаған сабақтар (желі сабақтар) өте әлсіз, жұмсақ. Жер бауырлап жатады. Мұртшалары арқылы ұзарып, топыраққа тиген жерінен қосалқы тамырлар дамиды (құлпынай, асқабақ, қияр, қауын, қарбыз). Мұртша желі сабақ тобына жатады. Мұртшаның желі сабаққа қарағанда буынаралықтары ұзын. Желі сабақтың буынаралықтары қысқа болады. Шырмалғыш сабақтар нәзік, әлсіз болғандықтан айналасындағы өсімдіктерге шырмалып өседі (шырмауық, құлмақ), мұртшалары болмайды. Өрмелегіш сабақтардың - мұртшасы, емізікше өсінділері, жабысқақ түктері арқылы басқа өсімдікке жабысып, өрмелеп өседі (асбұршақ, жабайы бұршақ және т.б.). Шырмалғыш, өрмелегіш сабақты өсімдіктерді лианалар дейді, себебі - сабағы жіңішке, жеңіл және ұзын. Қысқарған сабақты өсімдіктердің сабағы өте қысқа.
Жапырақ - өсімдіктің өсу мүшесі. Атқаратын қызметтері:
1) ауадан көмірқышқыл газы мен су буын сіңіріп, жарықтың әсерінен органикалық зат түзу; 2) жасушадағы артық суды буландыру; 3) газ алмастыру; 4) органикалық заттарды қорға жинау; 5) өсімдіктің көбеюіне қатысу. Өркен мен жапырақ бірге дамиды. Алдымен жапырақ тақтасының ұшы, содан соң негізі, соңында сағағы өседі.
Жапырақтың сыртқы құрылысы жапырақ тақтадан (алақаны) және сағақтан тұрады. Жапырақтың кеңейген (жалпақ) бөлімі - тақтасы, сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі сағағы деп аталады. Сағағы болмайтын жапырақтарды сағақсыз жапырақ дейді. Фотосинтез, су булану, газ алмасу, органикалық заттарды қорға жинау жапырақ тақтасында жүреді. Сағағы жапырақты жұлынып түсуден сақтайтын берік тірек қызметін атқарады. Сағақ жапырақ тақтасын жарыққа қарай бағыттап, бұрып қозғалту қызметтерін атқарады. Сабақтан сағақ арқылы қоректік заттар жапырақ тақтасына өтеді. Асбұршақ, итмұрын, раушан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экожүйелер экологиясы
Экожүйе құрылымы
АДАМ ЖӘНЕ БИОСФЕРА
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы
ДЕМЭКОЛОГИЯ (Популяциялар экологиясы). ПОПУЛЯЦИЯ. ПОПУЛЯЦИЯ НЫШАНДАРЫ
Экологиялық сукцессиялар
Экожүйелер туралы негізгі түсініктер
Биогеоценотикалық жүйелер
Биоценоза, биогеоценоза және экожүйе түсініктері
Гетеротрофты организмдер. Бактериялар және олардың қоректенуі, көбеюі және табиғатта, адамм өміріндегі маңызы
Пәндер