Топырақтың морфологиясы


ҰМазмұны
Кіріспе3
- Фитоклимат. 4
- Ауыл шаруашылығының климаттын бақылау……… . . . 5
- Агроклиматтық аудандастыру . . .
Қорытынды. 11
Пайдаланған әдебиеттер тізімі12
Кіріспе
Топырақтың пайда болу процесіндегі өзіне тән құрылымының бірі - пішін түзуі, яғни топырақтың морфологиясының қалыптасуы. Осы арқылы топырақтар бір - бірімен және өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады. Морфологиялық құрылым - топырақтың сыртқы пішіні. Топырақ - әртүрлі морфологиялық көріністерден құрылған табиғи дене. Сондықтан да бұл көріністерді сыртқы пішіндері мен айырмашылығы бар генетикалық қабаттардан іздестіреді.
Топырақтың негізгі морфологиялық сипаттамаларына топырақтың түсі, құрылымы, нығыздығы, механикалық құрамы, әртүрлі қосылыстардың бары немесе жоғы, HCI- мен әрекеті т. б жатады.
Топырақтың морфологиялық белгілерін зерттеу кезінде оның құрамын, топырақтың қабаттары мен олардың қалыңдығын, түсін, түрін, кесектерінің мөлшерін, нығыздығын, әрқилы бөгде заттар мен түзілімдерін, сонымен бірге топырақтың механикалық құрамын және топырақ түзуші негіздердің тектерін, ылғалдылығын, органикалық заттар мен өсімдік тамырларының мөлшерін, әртүрлі тереңдіктегі топырақ қабаттарының тұз қышқылымен әсерін т. т баяндап жазады.
Топырақтың қазылғандағы тік қабаттары топырақтың профилі (пішіні) деп аталады. Топырақ негізінен 3 генетикалық тектік қабаттардан тұрады. Олар: қара шірікті-қоректік (А-қабат), өтпелі (В-қабат) және топырақ түзуші аналық жыныстар (С-қабат) қабаттары.
Топырақтың тектік генетикалық қабаттарының қалыңдағы бірнеше санти- метрден 1 метрге және одан да көпке жетуі мүмкін. Топырақ қабаттарының қалындығын бейнелеу үшін әр қабат пен қабатшалардың үстіңгі және астыңғы тегін анықтайды. Мысалы: қара топырақ үшін бұл сипаттама төмендегідей болады: А (0-25 см), Б (25-50см), ВС (50-80 см) .
Демек, жоғарыдағы сипаттама топырақтың қабаттарының қалыңдығы жайлы ғана емес, олардың орналасу тереңдігі туралы да мәлімет береді.
Топырақтың морфологиясы
Топырақтың пайда болу процесінде өзіне тән белгілі бір морфологиялык құрылым, пішін түзіледі. Топырақ осы құрылымына қарай өзі түзілген тау жыныстарынан, сондай-ак бір-бірінен жақсы ажыратылады.
Далалық жағдайда топырақтың морфологиялык құрамын зерттеген кезде тік қазылған шұнқырлар пайдаланылады. Бұл әдісті алғаш рет топырактану ғылымының негізін салушы Докучаев қолданды, ол қазірге дейін іс жүзінде топырақты далалық жағдайда зерттеудің негізгі әдісі болып келеді. Докучаев топырақты негізгі үш кабатка бөлген. Бірінші кабат А - негізгі қарашірікке боялған, топырақтын, құнарлы қабаты; екінші өтпелі қабат В-түсі ашығырақ, бірте-бірте тау жынысына ауысады; үшінші қабат С - топырак түзуші аналық жыныс қабаты. Топырақ қабаттарын бөлудің, бұл жүйесі осы күнге дейін сакталып келеді, оларды А 1 , А 2 , В 1 , В 2 , С 1 , С 2 т. б. етіп белгілейді.
Т - торфты горизонт; А орман төсеніші қабаты; G - глейлі горизонт; D - төсеніш қабат; С - қабаттардың астында жататын, одан қасиеттері ерекше келетін тау жынысы қабаты; L - өте қатты, темір қосылыстары көп қабат.
Топырақтың морфологиялык көріністерінің ішінде оның түсі негізгі орын алады, өйткені оның аттары осы түсіне қарай қойылған. Топырақтың түсіне катты әсер ететін нәрсе - оның құрамындағы қарашіріктің мөлшері. Бұлардан басқа топырақтың морфологиясына оның, құрылымы, кеуектілігі, құрамындағы әр түрлі тұздар, механикалық құрамы, өсімдік тамырларының таралуы т. б. енеді. Темір оксидтері топыраққа қызыл түс береді. Топырақтың құрамынды кварц, каолинит, әк, гипс көп мөлшерде болса, онда түсі ақ немесе ақшыл келеді. Темір гидрооксидтері көптігінен топырақсары түстес болады. Марганец оксидтері күлгін және қою көк түс береді. Ылғал топырақтарда темір (ІІ) қосылыстары көп болса, көкшіл, жасылдау түс беріп тұрады.
Топырақтың морфологиялық белгілері
Топырақ түзілуі құбылыстарының әсерінен тау жынысынан пайда болған топырақта оған тән құрылыс, пішін, ерекше белгілер, қасиеттер мен жаңа қосылыстар пайда болады. Сөйтіп топырақ тау жынысынан өзінің құнарлылығымен ғана емес, құрылысымен және сыртқы морфологиялық белгілерімен ерекшеленеді. Осы морфологиялық белгілер арқылы топырақ түрлері бір-бірінен ажыратылады, топырақ түрлерге жіктеліп, оларға атау беріледі.
Басты морфологиялық белгілерге топырақтың құрылысы, топырақтың және оның қабаттарының қалыңдығы, түсі, түйіртпектілігі, жайласуы, гранулометриялық құрамы, жаңа жарандылар мен кірме заттар жатады.
Далалық жағдайда топырақтың морфологиялық белгілерін зерттегенде тік қазылған шұңқырлар пайдаланылады (1-сурет) . Бұл әдісті алғаш рет топырақтанудың ғылыми негізін салушы В. В. Докучаев қолданды. Осы әдіс іс жүзінде топырақты далалық жағдайда зерттеуде осы күнге дейін қолданылып келеді.
![]()
1-сурет. Топырақ кескінін сипаттау шұңқыры
Топырақтың кескіні - оның тік кескінінде кезектесіп орналасқан әр түрлі қабаттары. Бұл қабаттар бір-бірінен түсімен, түйіртпектілігімен, тығыздылығымен, химиялық құрамымен, кейде гранулометриялық құрамымен ерекшеленеді. Топырақтың кескіні құрылысы пайда болып, қабаттардың ерекшеленуі топырақ түзілу процесінің және топырақты өндірісте пайдаланудың ықпалынан болады. Әр топырақ типінің өзіне тән кескін құрылысы болады, яғни кескін құрылысына қарап топырақтардың типін, түрін анықтай аламыз. Топырақ түзілу үрдістері біртекті болған жағдайда топырақтың кескін құрылысы ұқсас болып түзіледі. Топырақ кескіні ерекшелігіне байланысты бірнеше типтерге бөлінеді (2-сурет) .
Қарапайым - бұл кескін топырақ құралуының алғашқы сатыларында қалыптасады, топырақ құралуы жыныстардың беткі қабатында ғана өтеді. Кескін қабаттарға әлсіз жіктелген, қалыңдығы бірнеше сантиметр ғана.
Толық дамымаған (жетілмеген) - тығыз кристальды-массивті жыныстарда немесе құлама беткейлерде қалыптасады (кескіннің қалыңдығы бірнеше сантиметр, бірақ генетикалық қабаттары түгел) - көбіне таулы жерлерде болады.
Кәдімгі кескін. Топырақ кескінінде генетикалық қабаттары толық және жақсы дамыған топырақ кескінің кең тараған түрі.
Әлсіз жіктелген кескін. Тез бұзылатын минералдары аз топырақтарда қалыптасады (кварцті құмдар, көне-ферралитті) . Жалпы кескін қабаттарға нашар бөлінген.
Бұзылған кескін - жерді жыртқаннан, су немесе жел эрозиясына әр дәрежеде шалдыққан топырақтар .
Қалдықты кескін - күрделі, осы кескінде генезисы әр түрлі көмілген қабаттар (немесе кескін түгел) кездеседі. Олар алдындағы топырақ құралу үрдістерінде пайда болып, кейіннен көміліп үстіне жаңа топырақ кескіні пайда болған.
Көп мүшелі кескін. Әртүрлі құрылысты топырақ түзуші жыныстары көбіне 100 см тереңдікке дейін кездескенде қалыптасады.
Полициклді кескін. Топырақ түзуші материалдарды кезеңді шөгілу жағдайында қалыптасатын топырақтарға сай кескін. Мысалы, жайылма топырақтар кескіні.
Аударылған кескін - кескіндерде астыңғы топырақ қабаттар жасанды түрде жоғарыға шығарылып, жоғарғы қабаттар астына түсірілген.
Мозайка тәрізді кескін. Кеңістіктері әр түрлі болып үйлескен қабаттардың қабысуынан пайда болған кескін.
Одан басқа, топырақ кескіндері заттарды тарату ерекшеліктеріне қарай жіктеледі. Заттарды топырақтың жоғарғы қабатынан бастап максималды жинайтын топырақтар аккумулятивті кескінге сай (қарашірінді-аккумулятивті кескін), ал элювиалды кескіндер - заттардың кескінінен шайылуымен сипатталады.
2 -сурет. Топырақ кескіндерінің (құрылысының) типтері:
1-қарапайым; 2-толық дамымаған; 3-кәдімгі; 4-әлсіз жіктелген; 5-бұзылған; 6-қалдықты кескін; 7-көп мүшелі кескін; 8-полициклді; 9-аударылған; 10-мозайкалы.
Топырақт бірнеше қабаттардан тұрады. Осы қабаттарға атау қойылып, әріппен (индекс) белгіленеді. Әдетте топырақтың келесідей генетикалық қабаттары ажыратылады:
А - қарашірінді жиналған қабат;
В - иллювиальді немесе аралық қабат;
Ģ - глей қабаты
С - аналық тау жынысы
Д - төсеніш жыныс (төсенішті қабат)
А1 (АЕ) - қарашірінділі элювиальды қабаты
А2 (Е) - элювиальды қабат
Ао - орман төсеніші, Аш - шымды қабат дала кигізі
Т - шымтезек қабаты
Ао немесе Аш органогенді қабат, орман ішінде түскен, қураған жапырақтардан, ал далалық аймақта шөптесін өсімдіктерінің қалдықтарынан құралған, тың жерде болатын топырақтың ең үстіңгі қабаты.
А - қарашірінді және қоректік заттар жиналатын топырақтың жоғарғы жағында қалыптасқан қабат. Минералды заттардың бұзылуы мен сілтісізденуі байқалмайды. Түсі басқа қабаттарға қарағанда күңгірт болады.
А1 - қарашірінділі элювиальды қабатта қарашірінді жиналуымен қатар минералдардың бұзылуы және ыдыраған заттардың төменгі қабаттарға шайылып жылжуы байқалады.
А2 - элювиальды қабатта топырақ түзілу процесі кезінде бірқатар заттар төменгі қабатқа немесе топырақ кескіні астына шайылады. Сондықтан қабатта балшықты минералдар азайып кремний негізді заттар көбейеді.
В - иллювиальды қабатта жоғарғы қабаттан шайылған заттар, кей жағдайда жер асты сулары арқылы келген заттар жиналады. Топырақ кескінімен жылжушы заттарға байланысты иллювиальды қабат әр түрлі қосындылармен байытылуы мүмкін. Мысалы: қарашіріндімен (Вh), карбонаттармен (Вк), темір қосындыларымен (ВFe) . Егер топырақта мұндай заттардың жылжуы байқалмаса онда В қабатын аралық қабат, бір қабаттан екінші қабатқа алмасу қабаты деп атайды.
С - аналық тау жынысы, топырақ түзілу процесінің әсері тимеген немесе оның сәл әсері болған тау жынысы қабаты.
Топырақты қабаттарға бөлгенде олардың бір қабаттан екінші қабатқа алмасуы сипатына көңіл аударады. Егер бір қабат түсі екінші қабат түсіне алмасуы 5 см -ге созылса, ол біртіндеп алмасу, ал ол 2-5 см болса анық, ал 2 см - ге дейін болса бірден алмасу деп сипатталады.
Топырақтың және әр қабаттың қалыңдылығы оның тік кескінін өлшеу арқылы анықталады. Топырақтың жалпы қалыңдығы оның үстінен бастап топырақ түзілу процестерінің әсері тимеген не аз болған тау жынысына дейінгі аралық жатады. Топырақтың қалыңдығы 40-50 ден 100-150 см-ге дейін болады. Қабаттардың қалыңдылығын сипаттағанда олардың үстіңгі басталатын және астынғы аяқталатын шекаралары және қалыңдығы есептелініп көрсетіледі.
Топырақтың механикалық құрамы
Топырақтын катты минералдық бөлігі, негізінен әр турлі өзгерістерге ушыраған топырак қурушы аналық жыныстардан турады
Топырактың механикалык кұрамы деп, әр турлі деңгейдегік бөлшектерден туратын топырақ көлемін айтады. Түйіршіктер көлемінің әр турліділігіне карай топырактың механикалык кұрамы да әр түрлі болып келеді.
Топырақ түйіршіктері неғұрлым майда болса, топы¬рактар да солғурлым ауыр, балшыкты болып келеді. Ал түйіршіктері ірілеу топырактар женілдеу, кумдакты, кумды болады. Егер топырақ құрамында майда түйіршіктер мен ірілеу туйіршіктер аралас кездессе, мұндай топырактар кұм-балшықты топырактар деп саналады. Әдетте, топырақ майда ұнтакталған туйіршіктерден туратындыктан, туйіршік көлемі оның диаметрінің қалындығымен өлшенеді, ал диаметр ұзындығы миллиметрмен есептеледі. Топырактану саласындағы ірі ғалым. профессор Н. А. Качинскийдің зерттеуі бойынша, топырак курамындағы туйіршікіср келеміне қарай бы-лаіниа бөлінелі: диаметр/ 3 мм-ден /іріректер/ - тастар, 1 м. м-ден 3 мм-ге дейіні - ірі кұм, 0, 15-тен I мм-re дейіні орташа кум, 0, 25-тен 0, 05 мм-ге дейіні - ұсак кұм, 0, 01 -лі-н 0, 05 мм-ге дейіні - ірілсу шаң, 0, 001-ден 0, 005 мм-п дейіні - майда шан, ал днаметрі 0, 001 мм-ден кішіс\і - тозак .
Топырактың механикалык курамы топырак тузуде, оны ауыл шаруашылығы мен баска да мақсаттарға пайдаланғанда зор маңыз атқарады. Топырактьщ кеуек-тілігі, су сыйымдылығы, ылғал өткізгіштігі, ылғалды буландыруы, қоректі заттарды жинау мумкіндігі, ауа мен жылу устау режимдері оның механикалық курамы-мен тығыз байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz