Жедел бронхит жəне бронхиолит
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік
университеті
Морфология және физиология кафедрасы
Реферат
Пән : Ішкі аурулар
Тақырыбы: Жедел бронхит
Орындаушы: Бирлесова Аружан
Тексеруші: Турлубеков К.К
Көкшетау қаласы 2022 жыл
Жедел бронхит жəне бронхиолит
Жедел бронхит (ЖБ) - бронхтың кілегей қабығының жедел жайылмалы қабынуы (жедел эндобронхит), сирек жағдайда - бронх қабырғасының басқа қабаттарының да бірге түгел қабынуы (панбронхит).
Жедел бронхиолит - қуысының диаметрі 2 мм-ге дейінгі ұсақ тыныс жолдарының қабынуы.
Жедел бронхит жиі кездесетін ауру, ол барлық аурулардың 1,5% қамтиды, ал тыныс мүшелерінің жедел бейспецификалық ауруларының ішінде жедел бронхиттің үлесіне олардың 30-35% тиеді.
Этиологиясы жəне патогенезі. ЖБ көп себепті ауруларға жатады. Оның себептеріне жататындар:
- инфекциялар (вирустар, бактериялар жəне басқа микроорганизмдер);
- физикалық факторлар (шамадан тыс құрғақ, ыссы немесе салқын ауа);
- химиялық факторлар (қышқылдар мен сілтілердің, күкірттің қостотығының, аммиактың
булары, азот тотықтары, кремний, тұншықпа əсерлі улы заттар жəне басқалары);
- аллергиялық факторлар (органикалық шаң, өсімдік тозаңдары жəне басқалар).
Барлық себеп факторлардың ішіндегі ең жиілері - вирустар (А жəне В грипінің вирустары,
парагрипп вирустары, риновирустар, респираторлы - синцитиальдық вирус). Бактериялық инфекцияның ішінде жедел бронхит дамуы үшін ең маңыздылары - Mycoplasma pneumoniae, Chlamiydia pneumoniae, Bordatella pertusis. 90% жағдайында ЖБ-ң себептері - вирустар мен микоплазма. Бірнеше себептің бірігіп кездесуі де мүмкін.
Жедел бронхиттің дамуында қатерлі факторлардың да маңызы болады, олар организмнің жалпы жəне жергілікті төзімділігін азайтып, ЖБ бой көрсетуіне жағдай жасайды. Ондай қатерлі факторларға жататындар - организмге салқын тию, мұрын арқылы тыныстаудың бұзылуы, шылым шегу, маскүнемдік, қоршаған ортаның ыластануы, жүрек əлсіздігінде өкпеде болатын қан іркілісі жəне басқалар.
ЖБ дамуының бастапқы сатысында себеп факторлар (əдетте вирустар) бронхтар мен бронхиолдардың кілегей қабығының эпителиальды клеткаларының үстіне келіп шөгеді (адгезия), кейін олар кілегей қабық ішіне енеді. Бұл процестің дамуына организм қорғанысының физикалық фактор-ларының тиімділігінің əлсіреуі (ішке алатын ауаның сүзілуінің жəне оның ірі механикалық бөлшектерден тазаруының бұзылуы, ауаның температурасы мен ылғалдылығының өзгеруі, жөтел жəне түшкіру рефлексінің, мукоцилиарлық тасымалдың өзгеруі) жағдай жасайды.
Себеп факторлардың (вирустың) əсері бронхтың кілегей қабығының эпителий клеткаларын зақымдап, олардың ыдырауын тудырады, оның өзі тыныс жолдарының вирустармен зақымдануына 2-3 күннен кейін қосылатын бактериялық флораның бронх тінінің ішіне енуіне қолайлы жағдай туғызады. Бұл процестердің нəтижесінде бронх кілегей қабығы қызарып (гиперемия), ісінеді, цилиндрлік эпителий сылынып түседі, кілегейлі, кілегейлі-іріңді экссудат пайда болады, мукоцилиарлық клиренс бұзылады.
Эпителий клеткаларының сылынуының нəтижесінде ирритативті рецепторлар жалаңаш- танып, жөтел пайда болады.
Эпителий клеткаларының жойылуымен қатар бокал тəрізді клеткалар көбейеді жəне олардың көлемі ұлғаяды, бұлардың өзі кілегей өндіруді көбейтеді.
Аллергиялық қабынуда пайда болатын биологиялық активті заттар (гистамин, цитокиндер, лейкотриендер) тамыр қабырғасының өткізгіштігі мен бронхоспазмды күшейтеді. Бронх қабырғасының ісінуі, бронх ішіндегі экссудаттың көбеюі жəне бронхоспазм бронх ішінің өткізгіштігін бұзады. Бронхтың кілегей қабығындағы қабыну процесінің дамуына микроциркуляторлық бұзылыстар жəне нерв клеткалары мен рецепторлардың зақымдануы да өздерінің əсерін тигізеді. Қабыну өзгерістеріне кейін нервті - трофикалық жəне функциональдық өзгерістер қосылады.
ЖБ-та бронхтың кілегей қабығы əдетте 2-3 аптадан кейін қалпына келеді. Бірақ онымен қатар, кейде бірнеше айға (3 айға дейін) созылатын ұзарған бронхит та кездесуі мүмкін. Кейде процесс созылмалы сипат алады. ЖБ-ің ұзара дамуына жəне оның созылмалы бронхитке көшуіне бронх
обструкциясы мен ұсақ бронхтар мен бронхиолдардың патологиялық процеске қосылуы əсерін тигізеді.
Патоморфологиясы. Эндобронхит белгілері анықталады. Оларға жататындар - бронхтың кілегей қабығының гиперемиясы мен ісінуі, цилиндрлік эпителийдің сылынуы, кілегейлі - іріңді экссудаттың пайда болуы, бокал тəрізді клеткалардың көбеюі. Бронхтың кілегей қабығы зақымданғанда регенерация 2-3 апта ішінде аяқталады, бронх қабырғасының басқа қабаттары зақымданғанда регенерация 3 айға дейін созылады.
Классификациясы.
Этиологиясына қарай:
1. Инфекциялық ЖБ (вирустық, бактериялық, вирусты-бактериялық).
2. Инфекциялық емес ЖБ (физикалық жəне химиялық факторлар тудырған ЖБ).
3. Аралас ЖБ (химиялық, физикалық жəне инфекциялық факторлардың бірігіп кездесуі).
4. Себебі белгісіз ЖБ.
Патогенезіне қарай:
1. Бірінші ретті ЖБ (жеке аурулар).
2. Екінші ретті ЖБ (ЖРВИ нəтижесінде болатын ЖБ, ЖТЖ инфекциясының созылмалы
ошақтарының өршуінен болатын ЖБ).
Орнына қарай:
1. Проксимальды ЖБ (ірі бронхтардың қабынуы).
2. Дистальды немесе обструктивті ЖБ.
Қабыну сипатына қарай:
1. Катаральды ЖБ.
2. Іріңді ЖБ.
Функциональдық ерекшелігіне қарай:
1. Обструкциясыз ЖБ.
2. Обструкциялы ЖБ (патологиялық процеске ұсақ бронхтар мен бронхиолдардың қатысуы). Даму барысына қарай:
1. Жедел даму (2-3 аптадан ұзақ емес).
2. Ұзара даму (бір айға дейін жəне одан да ұзақ).
Клиникасы. Жедел бронхит əдетте жедел респираторлық аурулардан кейін бой көрсетеді
(сирек жағдайда химиялық немесе физикалық факторлар əсерінен кейін). Сондықтан ЖБ клиникасын вирустық интоксикация симптомдары (қалтырап тоңу, гипертермия, бұлшық еттердің ауыруы, фарингит белгілері, жалпы əлсіздік, бас ауыруы, дауыс қарлығуы, тұмау) жəне бронхиттің өз симптомдары құрайды.
ЖБ-та болатын науқас адамның басты шағымы - жөтел, ол ұстама тəрізді болып келеді, науқас адамды азапқа салады. ЖБ-ң басында жөтел құрғақ болады, кейін оған кілегейлі, сирек жағдайда кілегейлі-іріңді қақырық бөлу қосылады. Көмей қоса зақымданғанда жөтел
кезіндегі дыбыс үрген ит дыбысын еске түсіреді. Азапқа түсіретін ұстамалы жөтел нəтижесінде науқас адамның төс артында тырнау сезімі жəне диафрагма тұсының ауырғаны сезіледі.
Бронх өткізгіштігі бұзылған жағдайда (ұсақ бронхтар қабынғанда) экспираторлық ентікпе, кейде тұншығу сезімі пайда болады.
Кеуде торын қарағанда, сипап (пальпация), қағып (перкуссия) тексергенде қалыпты күйден ауытқу болмайды. Бірақ бронх өткізгіштігі бұзылған дистальды ЖБ-те қорап реңді өкпе дыбысы анықталады.
Аускультацияда барлық науқас адамда күшейген везикулалық дыбыс (қатқыл дыбыс) естіледі, басында құрғақ, кейін ылғалды сырыл естіледі. Ірі бронхтар қабынғанда құрғақ, бас тембрлі жəне ылғалды ірі көпіршікті сырылдар, ұсақ бронхтар зақымданғанда - құрғақ, дискант тембрлі жəне ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар анықталады.
Дене қызуы ЖБ-те не қалыпты деңгейде, не 2-3 күнге субфебрильді деңгейге дейін көтеріледі.
Қосымша тексерулер: шеткі қанда не өзгеріс болмайды, не болмашы нейтрофильді лейкоцитоз жəне ЭТЖ аздап өскені анықталады. С - реактивті белоктың пайда болуы, сиал қышқылдары мен қан плазмасының 2 - глобулиндері көбеюі мүмкін.
8
ЖБ-та қақырық əдетте кілегейлі болып келеді, құрамында сылынған эпителий клеткалары, макрофагтар көп болады. Бактериялық инфекция қосылғанда қақырық кілегейлі - іріңді болады, құрамында мөлшері орташа деңгейдегі (40-50%) нейтрофилдер болады, аллергиялық бронхитте қақырықта эозинофильдер пайда болады. Себеп факторды анықтау үшін вирусологиялық, бактериологиялық жəне серологиялық зерттеулер жүргізу керек.
Сыртқы тыныс қызметін (функциясын) тексергенде, ұсақ бронхтар қабынған жағдайда, сыртқы тыныстың обструктивті типті бұзылатыны анықталады.
Рентгенологиялық тексергенде əдетте өкпе тінінде өзгеріс болмайды, кейде өкпе суретінің күшейгені анықталады.
Фибробронхоскопияда катаральды немесе іріңді эндобронхит белгілері анықталады.
Жедел бронхиолитте аз қақырықты азапқа салатын жөтел, ауыр ентігу, дене қызуының 38,5- 39,00С дейін көтерілуі байқалады. Тыныс алу тайыз болып келеді жəне тыныс алуға көмекші тыныс мускулатурасы қатысады. Кейде цианоз анықталады. Тыныс бұлшық еттерінің (оның ішінде диафрагманың да) шамадан тыс жиырылуына байланысты кеуде ауырады. Перкуссияда - қорап дыбысы, аускультацияда - везикула тынысының əлсірегені, ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар (қосалқы бронхит) жəне крепитация естіледі.
Қанда - нейтрофильді лейкоцитоз, оң мəнді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz