Үздіксіз педагогикалық білім беру және кәсіби мұғалімді жетілдіру жолдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Үздіксіз педагогикалық білім беру және кәсіби мұғалімді жетілдіру жолдары

Бүгінде ғылым мен білімге қояр талап артып, білім беру жүйесі күрделенген заманда қоғамдағы мұғалімдер алдына жүктелер міндет еселене түсуде. Ұстаздардың алдында жай ғана білім беру емес, өркениет көшіне жол бастайтын, ұлттық рухты бойына сіңірген саналы да білімді ұрпақты тәрбиелеу міндеті тұр. Бұл жолда мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру сынды мәселелер мектеп пен қоғам алдында тұрған жауапты іс болмақ. Мұғалімнің кәсіби даму шеберлігі алған дипломнан кейін әрі қарай тоқтап қалмауы тиіс. Себебі, қазіргі жаңалығы мен өзгерістері қарыштап дамыған заманда мұғалім жаһандану көшінен қалып қоймай, заман ағымына ілесіп отыруы керек. Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған негізгі мәселенің бірі - білім беру, ғылымды дамыту екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұр. Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі - деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, қазіргі оқу орындары алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті басты шарт екендігі аян. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепте, ойшыл, зерттеуші, жаттандылықтан аулақ практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер, шығармашыл ұстаз керек. Елбасының өзі білім мен ғылым қызметкерлерінің кезекті съезінде сөйлеген сөзінде: Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер -бүгінгі жастар. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады -деген болатын. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Қазақстан - 2030 Жолдауында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуына бағытталған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттігін атап көрсеткен еді.
Осы орайда үздіксіз білім алу мәселесі осы заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың, саяси және әлеуметтік экономикалық өзгерістердің әсерінен туындаған мәселе. Халықпен халықты, адаммен адамды теңестіретін нәрсе білім, - деп ұлы жазушымыз М.Әуезов айтқандай, еліміздің басқа мемлекеттермен экономика, мәдениет, саясат жағынан тең дәрежеде тұрып, олармен бәсекеге түсе алуы адамдардың білімді де білікті болуын талап етеді. XXI ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда, ол өз мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады және солай болуға тиіс. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады,-деп Елбасымыз өзінің Жолдауында үздіксіз білім алуға ерекше мән беруі, оның даму үрдісін үнемі қадағалап отыруы, оның нақты дәлелі.
Ғалымдардың үздіксіз білім беру - ол адамның бүкіл ғұмыр жолында жеке тұлға ретінде дамып отыруы деген қағидасы қазіргі кезде өз жалғасын табуда. Үздіксіз білім беру бұл үздіксіз оқыту мен тәрбиелеу емес немесе бекітілген оқу мерзімімен және оқу орнының қабырғасымен шектелмейді, ол - адамға білімнің белгілі бір көлемін беруге бағытталған білім түріне ауысу болып табылады. Тек жеке тұлғаға, субьектіге бағытталған білім ғана адамның жылдам өзгеріп жатқан қоғамдық және экономикалық өмір талаптарына сай жауап бере алуын қамтамасыз ете алады. Бүгінгі таңда заман талабына сай ұлттық білім беру жүйелерінде көптеген өзгерістер болып жатыр, оқу тәсілдерімен құралдарының бүкіл әлемдегі білім жүйесіне ортақ жалпы элементтері қарастырылуда. Сондықтан да Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен еліміздің түкпір- түкпірінде үш айлық жаңа форматты курстар ұйымдастырылуда. Бұл курс оқытуда Кембридж тәсілінің теориялық негіздерін өзіміздің ұлттық педагогикамызбен астастыра, оқытудың жаңаша әдіс- тәсілдерін үйретуде. Өзім жақында "Өрлеу" ҚР ПКБАД АОФ ұйымдастырылған курстың ІІІ (базалық) деңгейін аяқтадым. Бұл курстан мен мұғалімдік жолыма азық болар көптеген дүниелерді көрдім, жаңа нәрселер үйрендім және өзімнің педагогикалық "қоржынымды" толықтырдым. Оқытудағы жаңаша әдіс- тәсілдер "сындарлы оқыту теориясына" негізделеді. Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең тұсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда пайдалана білуін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл орайда мұғалім "көшбасшы" болып табылады. Олай болса, біз бұл орайда "Шульманның көмекщілерін" басты назарда ұстауымыз тиіс. Шульман мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамытуда өзінің "көмекшілерін" шақырады.
Бас- кәсіби түсінік. Оқыту мен оқу, сондай-ақ жеке тұлға ретінде оқушылар туралы тұғырлы теориялық базаға негізделген, жеткілікті білімнің болуын талап етеді.
Қол- оқытудың тәжірибелік дағдылары. Бұл оқытуды іске асыру, түзету және бағалау барысында түйінді кәсіби идеяларды түсіндіре білудің техникалық және тәжірибелік дағдыларын, әр түрлі әдістер мен тәсілдерді білуді талап етеді.
Жүрек- кәсіби- өнегелілік тұтастық. Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанады. Демек, олар шыншыл, оқушыларға мейірім мен құрмет көрсете білетін әділ адамдар. Мұғалімдер- өз мамандығын сүйетін, балаға білім беру құнды қызмет екенін түсініп, осыған қатысты нақты ұстанымдары қалыптасқан жандар.
Білім беру жүйесінде мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін түрлі сайыстар, конкурстар, семинарлар мен конференциялар арқылы да көтеріп отырады. Мұғалімнің кәсіби біліктілігін көрсететін тұсы - өз сабағын шебер де ұтымды, нәтижелі ұйымдастыра білуі. Сабақ - біртұтас жүйе және педагогикалық шығарма, сондықтан да ол бір тұтастығымен, бөлімдерінің ішкі өзара байланысымен, мұғалім мен оқушының қызметтерін кеңейтудің бірыңғай логикасымен ерешеленуі керек. Педагогикалық тәжірибені бүгінгі даму деңгейінде белгілі болып отырғандай оқытудың озық әдіс тәсілдерінің бәрін еркін игеріп, әрбір нақты жағдайларға орай ең тиімді әдісін таңдап алу, олардың жиынтығын түрлендіре отырып пайдалану, әрі шығармашылықпен өзіндік білімді жетілдіре отыру негізінде ғана жүзеге асатын іс. Өз білімін көтеру негізінде - оқу-тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалім басты тұлға. Осындай талапқа сай қызмет атқару үшін мұғалім бірінші кезекте өзінің әдістемелік, саяси-экономикалық, экологиялық, психологиялық, дидактикалық білімін ұдайы толықтырып үздіксіз іздену үстінде өз мамандығы бойынша білімін жетілдіріп отыруы керек.
Сонымен қатар психология мен педагогика ғылымдары жайындағы жаңалықтар мен озық тәжірибелерді үнемі пайдаланып отыруы шарт. Олай болса кәсіби мұғалім мына қасиеттерге ие болуы шарт.
қазіргі заманғы педагогикалық ғылымның өзгерістерін, жеке тұлғаға бағытталған технологияны толық меңгерген;
өз мамандығының әлеуметтік ортадағы ролін түсінген;
оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдап, жеке даму ерекшелігін білетін;
ұйымдастырушылық қабілеті жоғары;
танымдық қызығушылығы мен жұмысқа деген ынтасы жоғары;
сөйлеу мәдениеті жоғары және өз ойын ауызша да, жазбаша да толық, мәдениетті жеткізе алатын;
оқу-тәрбие үрдісінде педагогика ғылымының жаңа тенденцияларын пайдалана алатын;
оқыту барысында оқушылардың өздік жұмыс жасауына жағдай жасай алатын;
оқу үрдісінің нәтижелі болуына әр түрлі әдіс-тәсілдерді дұрыс пайдалана алатын;
оқушылардың алған білімдерінің диагностикасы мен мониторингін жүргізе алатын;
жоғары деңгейде компьютерлік және ақпараттық сауатты;
оқушылардың өздігінен дамуына, білім алуына, өзін-өзі бағалауына жағдай жасай алатын болуы керек.
Мұғалімнің кәсібилігі алдымен мұғалімнің адамды сан қилы етіп қалыптастыратын кәсіби іс-әрекетінің жан-жақтылығымен байланысты. Мұғалімнің кәсібилігін анықтайтын өлшемдердің арасында ең басты орынды, ұстаздық қызметтің қорытындысы - оқушылардың тәрбиелілігі мен дүниеге көзқарас деңгейі алуы керек. Мұғалімнің кәсіби деңгейін оның оқушыларға тиісті дәрежеде білім беру, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру тұрғысынан бағалау қажет. Педагогтың ең маңызды кәсіби қасиетінің бірі - көшбасшылық қабілетінде. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгітаңда мектептегі жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеруді жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. Күнделікті сабақтарымызда жаңа форматтағы курстың жаңаша әдіс- тәсілдерін енгізіп, оқушылардың сабаққа қызығушылықпен, аса белсенділікпен қатынасып, бұрын "сөйлемейтін" оқушыларымыздың өз ойын айтып жатқанын көргенде, аз да болса жасап жатырған жұмысымыздың септігі тигенін көріп қуанатынымыз жасырын емес. Қазіргі интернет желісі қарқынды дамыған қоғамда деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің желілік қоғамдастықтары құрылуда. Осы қоғамдастықта білімді де білікті мұғалімдердің тәжірибе алмасуы, ашық сабақтарын жариялауы, түрлі әдіс- тәсілдерімен бөлісуі өзіміздің кәсіби қоржынымызды толықтыруға көп көмегін тигізеді. Жаңа ғасыр мұғалімдері талапқа сай болып, сапалы әрі сан алуан салиқалы тәрбиелік-білімділік қызметтерді ойдағыдай атқара білгенде ғана мақсатына жетпек.
Жаңашыл мұғалімдер педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқылы шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл, әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі.
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол тек нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Әрине ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат - қуатын, жоғары адами қасиеттерін салу керектігі айтпаса да түсінікті. Оқушыларға саналы білім, сапалы тәрбие беруді жүзеге асыру үшін ұжымның әрбір мүшесі мектептің жаны болып саналатын ұстаздар қауымы үнемі шығармашылық ізденісте, жаңа педагогикалық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып, өздерінің кәсіби шеберлігін дамытуды кезек күттірмес мақсатым деп есептеуі керек.
Әрбір күн өзгеріске толы қазіргі жауапты кезеңде заман көшінен қалмай, уақыт талабына сай болу, білімді өз бетінше үйрену, оны оқушыларға үйрету ұстаздықты мұрат еткен әрбір кәсіп иесінің ең қасиетті борышы, абзал парызы. Қазақ санасының шамшырағы Ахмет Байтұрсыновтың Мектептің жаны - мұғалім деген қанатты сөзінің мағынасы бүгінгі күн талабын күшейтіп отыр. Оқушыларды Отанды сүюге, адамдыққа, адалдыққа ізгілікке баулу - ұрпақ тәрбиешілерінің абыройлы парызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білімін беру ісінде рухани, парасатты шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технологияны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттары
Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және өздігінен білімін жетілдіру туралы
Мұғалімнің тұлғалық бейнесі
Жаңа тұрпатты мұғалімді даярлаудың психологиялық және педагогикалық негіздері
Мұғалім және оның педагогикалық процесті ұйымдастырудағы рөлі
Мұғалімнің кәсіби мамандығына қойылатын негізгі талаптар арқылы өзінің мамандығына деген жауапкершілікті күшейту
Біліктілікті арттыру жүйесінде шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытуды теориялық – әдіснамалық тұрғыда негіздеп, мәселені тиімді шешудің педагогикалық шарттарын анықтау
Педагогтың кәсіби мәдениетін қалыптастыру жолдары
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық жағдайлары
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПАРАДИГМА НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер