Биохимия лабораториясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Лабораториялық сабақтардың мазмұны

№ Мазмұны Сағат Орындау
мөлшері мерзімі,
1. Қауіпсіздік техникасы. Биохимия практикумында 2 1
жұмыс істеу
2. Ақуыздарға тән сапалық және түсті реакциялар 2 2
3. Ақуыздарды диализ арқылы тазалау 2 3
4. Витаминдерге тән сапалық реакциялар 2 4
5. Ортаның рН-ының амилаза фарментіне әсері 2 5
6. Гормондарға тән сапалық реакциялар 2 6
7 Лактозаны (сүт қантын) рефрактометрия әдісімен 2 7
анықтау
8 Коллоквиум 2 8
9 Майдағы йод санын Маргошес әдісімен анықтау 2 9
10 Нуклеопротеидтер гидролизін зерттеу 2 10

11 Дише және Шварц әдісімен РНҚ мөлшерін анықтау 2 11
12 Қан сарысуындағы кальцийдің сандық мөлшерін 2 12
анықтау
13 Қан сарысуындағы бейорганикалық фосфорды анықтау2 13
14 Қан сарысуындағы темірді анықтау 2 14
15 Коллоквиум 2 15
Небәрі: 30 сағат 15 апта

Тақырыбы: Кіріспе. Биохимия лабораториясында жұмыс жасау ережелері.
Тірі организмнің химиялық қүрамын зерттеу.
Химия лабораториясында жұмыс жасау ережелері.

Химия лабораториясында жұмыс жасағанда қауіпсіздік техникасы мен ішкі
тәртіп ережелерін қатаң сақтау қажет. Жұмыс кезінде тыныштық сақтау керек,
ал жұмыс орнында тазалық пен тәртіп сақтау керек. Жұмыс столында артық зат
болмауы кажет.
Тәжірибе жүргізу үшін реагенттің тәжірибені дәл жүргізуге жеткілікті
минимальді мөлшерін ғана алу кажет. Тәжірибеге тек оның теориялық
негіздерін игеріп және оқытушының келісімін алғаннан соң ғана кірісуге
болады.
Жұмыс кезінде реактивтермен ластанбаған таза ыдыстарды ғана пайдалану
керек. Сондықтан тәжірибенің артынша ыдыстарды жуып, ал әрбір аспап пен
реактивті пайдаланғаннан кейін өз орнына қою керек.
Жұмысты жөнсіз асығыстыққа берілмей, реактивтерді төкпей-шашпай істеу
керек. Солай бола қалған жағдайда жұмыс орны мен киімді сол сәтте-ақ жуып
кетіру қажет.
Аспаптар мен реактивтерді құнттап ұстау керек. Қымбат тұратын және улы
реактивтерді: сынаптың, мышьяктың, фосфордың қосылыстарын және т.б.суағарға
төгуге болмайды, оларды арнайы сауыттарға төгу қажет.
Пробиркаларға ертінділерді қыздырған кезде сұйықтың шашырауын болдармау
үшін, пробирканы өз өсінен айналдыра тұрып немесе ыстық суға ("су моншасы")
салып қойып, қызудың біркелкілігін қамтамасыз ету керек.
Жеңіл тұтанатын заттармен жанып тұрған шамның қасында жұмыс жасауға
болмайды. Улы және жағымсыз иісті заттармен жеңілдеткіш шкафтарда жұмыс
жасау қажет.
Химия лабораториясында тамақ жеуге және реактивтер мен ерітінділердің дәмін
татып көруге тыйым салынады. Көптеген химиялық реактивтер улы заттар болып
табылады!
Егер сілтілерден уланса, онда лимон қышқылының немесе сірке қышқылының 2%-
ды ертіндісін пайдаланады. Егер қышқылдардан уланса, онда натрий
гидрокарбонатының 2%-ды ертіндісін пайдаланады. Газдардан уланған жағдайда,
бөлмеге таза ауаның кіруін қамтамасыз етіп жедел жәрдем шақырту қажет.
Концентрлі қышқылдармен, сілтілермен жұмыс жасағанда ерекше сақ болу қажет.
Денеге тиген концентрлі сілтіні (немесе қышқылды) тез арада судың күшті
ағынының астында жуып, егер қажет болса, лаборанттан көмек сұрау қажет.
Күшті қышқылдарды сұйылту үшін қышқылды суға құю қажет, ал керсінше еш
уақытта істеуге болмайды. Қатты сілтілермен жұмыс кезінде қорғаныш
көзілдірігін киіп алу қажет.
Қышқылдан күйіп қалған жағдайда, сумен жақсылап жуғаннан кейін,
жарақаттанған жерді натрий гидрокарбонатының 2 %-ды ертіндісімен жуады, ал
сілтіден күйген жағдайда, сумен жақсылап жуып, жарақаттанған жерді сірке
немесе бор қышқылының 2 %-ды ертіндісімен жуады. Егер әбден қызған
заттардан күйіп қалса, онда жарақаттанған жерді спиртпен, вазелин немесе
глицеринмен жуады!
Тіліп алған жағдайда жараны сумен шайып, шыны сынықтарының қалып
қоймағанын тексеріп, сосын оны йодтың спиртті ертіндісімен немесе сутек
перексидінің 3 % - ды ертіндісімен жуады.
Жеңіл тұтанатын заттармен (бензол, спирт, эфир және т.б.) өрт шыққан
жағдайда, оны сөндіруге өрт сөндіргіш, құм, киізді қолданды.
Суды суда еритін заттар өртенген жағдайда пайдаланады. Киімге от тиіп
тұтанған жағдайда еш уақытта жүгіріп қашуға болмайды. Мұндайда еденде
домалап немесе киіз не ылғал матаға оранып, отты сөндіруге тырысу қажет.
14. Электр тоғы ұрған жағдайда, біріншіден, кернеу көзін сөндіру
қажет. Бұл мүмкін болмаған жағдайда, зардап шегушіні қүрғақ ток өткізбейтін
заттың көмегімен зақымдану аймағынан алып кетеді.

1. Лабораториялық жұмыстарды орындау тәртібі.

Студент әрбір сабақтың тақырыбы бойынша оның теориялық негізін білуге
міндетті.
Әрбір лабораториялық жұмыстың алдында студент тәжірибенің мазмұны және оны
орындау техникасымен танысуға міндетті. Оқытушы студенттің берілген жұмысқа
дайындығының деңгейін тексереді.
Лабораториялық жұмысқа жіберілгеннен кейін, студент жұмыс орнының
дайындығын тексереді және барлық жұмыс ережелері мен қауіпсіздік техникасын
сақтай отырып, оны орындайды.
Жұмысты аяқтағаннан кейін, оқытушыға жасалған жұмыстың нәтижелерін
көрсетеді, жұмыс орнын ретке келтіріп, берілгендер мен бақылау нәтижелерін
лабораториялық журналға енгізеді.

Лабораториялық журнал. Оны жүргізу.

Әрбір студент орындаған жұмыстарының есебі болып табылатын өзінің
жұмыстық лабораториялық журналын жүргізуге міндетті.
Лабораториялық журналды жүргізу бойынша ұсыныстар:
Сабақтың датасы және оның нөмірі.
Лабораториялық жұмыс сабағының тақырыбы.
Жұмыс барысының қысқаша мазмұны.
Аспаптың кескіні, реакциялар теңдеулері, кестелер, есептеулер, графиктер,
көзбен шалып бақылау.
Сапалық реакцияның орындалуы жазу кестесі
№ Бастапқы заттар Не істейміз Не Реакция Қорытынды
бақылаймыз


Жұмыс кезінде тыныштық сақтау қажет, ал жұмыс орнында тазалық пен тәртіп
сақтау қажет.
Жұмыс столында артық зат жатпау керек.
5. Қортындылар.
Лабораториялық журналды ұқыпты жүргізеді және жұмыстың орындалу
барысында толтырады. Орындалған лабораториялық жұмысты және толтырылған
лабораториялық журналды оқытушы қабылдайды. Егер жасалған жұмыс барлық
қойылған талаптарға сай болса, оқытушы өзінің қолын қояды.

Химиялық ыдыстар, құрал-жабдықтар.

Химия лабораториясында жұмыс кезінде әртүрлі ыдыстар мен құрал-
жабдықтар қолданылады. Негізінен шыны ыдыстар қолданылады. Сондай-ақ
металл, фарфор және пластмасса ыдыстар да болады.
Кіші көлемдегі ертінділермен жұмыс жасағанда (жартылай микро анализ) әр
түрлі пішіндегі (конус, цилиндр) пробиркалар қолданылады. Пробиркалар
арнайы ағаш, пластмасса штативтерге бекітіледі. Пробиркаларды қыздырған
кезде арнайы ұстағыштар қолданылады.
Ертінділерді дайындағанда, сұйылтқанда, титрлегенде пішіні және
сыйымдылығы әртүрлі химиялық стакандар және колбалар қолданылады. Колбалар
конусты және дөңгелек түпті болады.
Ертінділерді құйғанда және сүзгенде құйғыны қолданады. Қатты және
сусымалы заттардың аз мөлшерімен жұмыс жасағанда сағат шынысын немесе
ойықтары бар фарфор пластинка қолданылады. Ертінділерді араластыру үшін
шыны таяқшалар мен түтікшелер қолданылады.
Ертінділердің белгілі-бір көлемін таңдап алу үшін және көлемдерін өлшеу
үшін өлшегіш ыдыстарды: өлшегіш колба, пипетка, бюретка, өлшегіш цилиндр,
мензурка қолданылады. Ертінділердің нақты көлемдерін таңдау үшін пішіні мен
сыйымдылығы әртүрлі пипеткалар қолданылады.
Жұмысшы ертіндінің көлемін өлшеу үшін жоғарғы жағынан нөмірленген
шкаласы бар бюретка қолданылады. Нақты концентрлі ертінділерді дайындау
үшін сыйымдылығы әртүрлі өлшегіш колбаларды қолданады. Ертінділер өлшегіш
колбаның мойнындағы белгіге дейін толтырылады. Жуық көлемдегі ертінділерді
таңдап алу үшін цилиндрлер, мензуркалар, стакандар қолданылады.
Қатты және сусымалы заттарды құрғату үшін және ылғалдан сақтау үшін
эксикаторларды қолданады.
Қыздыру және булау үшін әртүрлі фарфор стакандар мен табақшалар
қолданылады. Қатты және сусымалы заттармен жұмыс жасағанда қысқыштар мен
қалақшаларды қолданады.
Қатты және сусымалы заттардың салмағын өлшеу үшін әртүрлі типтегі
таразыларды (техникалық, аналитикалық) пайдаланады.

1– жұмыс

Ақуыздарға тән сапалық реакциялар

1. Сабақтың мақсаты:
Студенттерді ақуыздардың қасиеттерімен таныстыру.
Тұнбаға түсу реакциясы.
Тұнба түзілу реакциясы қайтымды және қайтымсыз болып бөлінеді.
Қайтымды реакциялар кезінде тұнбаға түскен ақуыздың молекуласы аса үлкен
өзгеріске ұшырамайды, сондықтан пайда болған ақуыз тұнбасын бастапқы
еріткішке қайта ерітуге болады.
Қайтымсыз реакция кезінде түсірілген ақуыздың конформациясы өзгеріп,
ерімейтін күйге көшеді. Бұл процесс денатурация деп аталады.
Реактивтер мен құралдар.
1. Ақуыз ерітіндісі.
2. Қаныққан (NH4)2SO4 тұзының ерітіндісі.
3. Концентрлі НNО3.
4. 20 % NаОН ерітіндісі.
5. 1 % - күкірт қышқылының мыс тұзы.
1. Қайтымды реакциялар.
Пробиркадағы 1 мл ақуыз ерітіндісіне сондай көлемде күкірт қышқыл
аммоний тұзын (NH4)2SO4 қосып, шайқайды. Ақуыз ұйып, тұнбаға түседі. Пайда
болған тұнбаға сондай мөлшерлі дистилденген су қосып араластырса тұнба
қайтадан ериді.
2. Қайтымсыз реакциялар.
Концентрлі минералды қышқылдар фосфор қышқылынан басқасы ақуызбен
әрекеттескенде қайтымсыз тұнба пайда болады. Пробирканы сәл еңкейтіп ондағы
1 мл ақуыз ерітіндісіне 1 мл концентрлі азот қышқылын қосады. Азот қышқылын
ақуызбен араласпайтындай етіп құю қажет. Екі ерітіндінің шекарасында
жіңішке сақина секілді ақ түсті тұнба пайда болады.
ІІ. Ақуыздарға тән түсті реакциялар
Ақуыздардың структуралық элементтерін пептид байланысын, ақуыздың
құрамындағы әртүрлі амин қышқылдарын анықтауда бірқатар түсті реакциялар
қолданылады.
1. Биурет реакциясы. Бұл реакция пептид байланысы бар заттарға
тән. 1 мл ақуыз ерітіндісіне сондай мөлшерлі 20 % - ті NаОН ерітіндісін
және 3-4 тамшы 1 % - ті күкірт қышқыл мыс тұзын қосып араластырады. Пептид
байланыстарының санына сәйкес қанықтығы әртүрлі көгілдір түс пайда болады.
Бұл рекция барлық ақуыздарға тән.
2. Ксантопротеин реакциясы. Бұл реакция арқылы ақуыздың құрамындағы
ароматты амин қышқылдары – тирозин, триптофан және фенилаланиннің барын
анықтайды. 1 мл ақуыз ерітіндісіне 0,5 мл концентрленген азот қышқылын
қосып 1-2 минуттай жылытып, қайнатуға дейін жеткізеді. Пайда болған ақуыз
тұнбасы сары түске боялады (бұл реакция кезінде ақуыз құрамындағы ароматты
амин қышқылдарының құрамындағы бензол сақинасын нитрлеу реакциясы жүреді).
Қосымша нұсқау
Жіңішке сақина секілді ақуыз тұнбасы түзілу үшін азот қышқылына ақуыз
ерітіндісін абайлап қосу қажет.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма
Ақуыздардың жалпы қасиеттерімен танысу.

2– жұмыс
Ақуызды диализ арқылы тазарту

Жұмыстың мақсаты.
Студенттерді ақуыздардың физика-химиялық қасиеттерімен және диализ
әдісімен таныстыру.
Әдістің принципі.
Диализ әдісі жартылай өткізетін қабықшаның молекулалық массасы аз
қосылыстарды кішкентай көзшелерден өткізіп, ал молекулалық массасы үлкен
қосылыстарды өткізбеуіне байланысты. Диализ әдісі арқылы ақуыздардың
ерітіндісін оларға араласқан тұздардан, көмірсулардан және тағы басқа
молекулалық массасы төмен қосылыстардан тазартады.
Реактивтер мен құралдар
NaCl қосылған ақуыз ерітіндісі.
0,5 % - ті AgNO3 ерітіндісі.
10 % - ті HNO3 ерітіндісі.
1 % - ті CuSO4 ерітіндісі.
10 % - ті NaOH ерітіндісі
Целлофан қағаздары.
Стакан.
Шыны таяқша.
Пробирка
Жұмысты орындау тәртібі.
NaCl араласқан 5 мл ақуыз ерітіндісін целлофан қалтаға құйып,
дистилденген су құйылған стаканға батырады. Диализді бөлме температурасында
20-30 минут жүргізеді. Диализ барысында дистилденген сумен Cl- ионына және
ақуызға сапалық реакция жасау қажет. Диализ біткеннен кейін осы сапалық
реакцияларды целлофандағы ақуызбен және стакандағы сумен жасайды.
а) Cl- ионына сапалық реакция. Екі пробирка алып, біріншісіне 1-2 мл
ақуыз ертіндісін целлофон қалтадан, екінші пробиркаға 1-2 мл стакандағы
судан құяды. Екеуіне де 2-3 тамшы AgNO3 ертіндісін қосады. Не пайда болады?
Неге олай?
б) Биурет реакциясы арқылы ақуызды анықтау. Бірінші пробиркаға 1-2 мл
целлофан қалтадағы ақуыз ертіндісін, екінші пробиркаға диализ жүрген
стакандағы судан 1-2 мл құяды. Екі пробиркаға да 1-2 мл NaOH ертіндісін
және 3-5 тамшы CuSO4 ертіндісін қосады. Не байқалады? Неліктен?
Қосымша нұсқау
Целлофан қалтаға ақуыз ертіндісін құйған кезде, осы қалтаның сыртына
ақуыз құйылып кетпегенін байқау керек.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма
Оқулық пен лекция конспектісін пайдалана отырып Ақуыз тақырыбына
әзірлену керек.

3-жұмыс
Витаминдерге тән сапалық реакциялар

Сабақтың мақсаты: А, Д және С витаминдеріне тән сапалық реакциялармен
танысу.
Әдістің принципі: Сапалық реакциялар витаминдердің химиялық
құрылыстарының айырмашылықтарына негізделген.
Реактивтер мен құралдар:
1. Балық майы
2. Үшхлорлы сурьманың хлорформдағы ерітіндісі
3. Концентрлі күкірт қышқылы
4. Тұз қышқылы мен анилин қоспасы (анилиннің 15 бөлігі және концентрлі
тұз қышқылының 1 бөлігі)
5. Аскорбин қышқылының ертіндісі
6. Калий ферроцианидінің K3[Fe (CN)6] қаныққан ерітіндісі
7. Хлорлы темірдің 1 %-ті ерітіндісі
8. Спирт шамы
9. Пробиркалар
Жұмыстың орындалу тәртібі:
А витамині
1. Үшхлорлы сурьмамен реакция
Құрғақ пробиркаға 1 мл балық майын, 10-12 тамшы үшхлорлы сурьманың қанық
хлороформды ерітіндісін құйып, жақсылап араластырады. Егер А витамині
болса, бірте-бірте қызыл түске ауысатын көгілдір түс пайда болады.
2. Күкірт қышқылымен реакция.
Құрғақ пробиркаға 1 мл балық майын, 1 мл концентрлі күкірт қышқылын құйып,
жайлап араластырады.
Егер А витамині болса, алғашқыда күлгін, сосын бірте-бірте қызыл-қоңыр түс
пайда болады.
Д витамині
1. Анилинмен реакция.
Құрғақ пробиркаға 1 мл балық майын, 1 мл анилин мен тұз қышқылы қоспасын
құйып, араластырады. Араластыра отырып қыздырады. Сөйтіп қайнағанға дейін
жеткізіп, жарты минут қайнатады. Егер Д витамині болса, сары түсті эмульсия
алғашында жасыл түске боялып, сосын қызыл түске ауысады.
С витамині
Берлин лазурі түзілу реакциясы.
Пробиркаға 1-2 мл аскорбин қышқылының, 1-2 тамшы калий феррицианидінің және
1 тамшы 1 % хлорлы темірдің ертінділерін құяды. Көгілдір немесе жасыл түс
пайда болып, біраз тұрғаннан кейін берлин көгінің тұнбасына айналады.
Бұл реакция аскорбин қышқылының тотыға келе калий феррицианидін
тотықсыздандырып, оны калий феррицианидіне айналдыру процесіне негізделген.
Калий феррицианиді хлорлы темірмен реакцияға түсіп, берлин көгінің көк
түсті тұнбасын түзеді.
3К4[Fe(CN)6] +4FeCl3→Fe4[Fe(CN6)]6+12KCl
калий феррицианиді берлин лазурі
Егер аскорбин қышқылы болмаса, калий феррицианиді мен хлорлы темір қоңырқай
түсті ертінді береді.
Қосымша нұсқаулар
1. Калий феррицианиді ертіндісі жаңадан дайындалып, суықта қанығуы керек.
2. Үшхлорлы сурьмамен реакция жүргізгенде құрғақ пробиркаларды пайдалану
қажет, ал пробикалар ылғал болса, онда үшхлорлы сурьмадан сурьманың
хлороксиді пайда болып, ол А витаминімен реакцияға түспейді.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма
Суда және майда еритін витаминдердің толық сипаттамасын бейнелейтін
кесте сүлбе сызу. Оқулық пен лекция конспектілері бойынша Витаминдер
тарауына дайындалу.

4- жұмыс
Өсімдік пигменттерін хроматография әдісімен бөлу

Сабақтың мақсаты:
Студенттерді өсімдік пигменттерін қағаздағы хроматография әдісімен
бөлу және пигменттердің таралу коэффициентін Rf анықтау жолымен
таныстыру.
Әдіс принципі:
Жапырақтың жасыл түсі оның құрамындағы әртүрлі пигменттердің болуына
байланысты. Оларды бөлу үшін қағаздағы хроматография әдісін пайдалануға
болады.
Реактивтер мен құралдар.
1. Жаңа жұлынған жапырақ.
2. Фарфор табақшасы.
3. Құм.
4. Сүзгі қағаз.
5. Ацетон.
6. Химиялық стакан.
7. Бор.
8. Сүзгі қағаз қиығы.
9. Шыны таяқша.
Жұмыс орындау тәртібі:
Ұсақталған 2 г жаңа жұлынған жапырақты фарфор табақшасына салып 2-3 г
құм және 0,5-1,0 г бор қосып, ұнтақтайды. Алынған қоспаға аз-аздан 10 мл
ацетон құйып, шыны таяқшамен араластырады. Табақшада біртекті қоспа пайда
болған кезде оны құрғақ сүзгі қағазы арқылы химиялық стаканға сүзеді.
Сүзілген ацетон экстрактысына сүзгі қағаз қиығын 2х11 см батырып, оның
бір ұшын таяқшаға бекітіп қояды. Қағаз қиығы стаканның бүйіріне жанаспауы
керек. 20-30 минуттан кейін сүзгі қағаз қиығынан түрлі бояулы өсімдік
пигменттерінің бөлінуін байқауға болады. Әр пигменттің Rf жылдамдықтарының
қатынасын Rf(lnlp формуласы бойынша анықтайды, ондағы
ln – пигменттің старттан кейінгі өткен жолы, мм
lp – еріткіштің старттан кейінгі өткен жолы, мм

5-жұмыс
Қандағы каталазаның активтілігін анықтау

Жұмыстың мақсаты: Ферменттердің қасиеттерімен студенттерді таныстыру.
Әдістің принципі: Каталаза ферменттердің оксиредуктаза класына жатады және
сутек асқын тотығын мына теңдеумен ыдыратады:
каталаза
2Н2О2 2Н2О + О2

Каталазаның активтілігін білу үшін каталаза санын анықтайды. Каталаза
саны – бір микролитр (мкл) қан ыдырататын сутек асқын тотығының мг мөлшері
(саны).
Реактивтер мен құралдар
1. Дистилденген су
2. Зерттелетін қан
3. 1 %-ті сутек асқын тотығының ерітіндісі
4. Н2SO4 10 %-ті ерітіндісі
5. 0,1 N ерітіндісі
6. Конус тәріздес колбалар – 3 дана
7. Пипеткалар 1,5 және 10 мл
8. Микропипетка -1 дана
9. Титрлеуге арналған бюретка
10. Электрплиткасы
11. Термостат

Жұмыстың орындалу тәртібі
Конус тәрізді колбаға 20 мл дистилденген су құйылады. Сол суға
микропипеткамен 20 мкл қан қосып, араластырады. Бұл қанның негізгі
ерітіндісі ( сұйылту дәрежесі 1:100). Алынған ерітіндінің бір бөлігін (2-3
мл) пробиркаға құйып алып, 2 мин. қайнатады. Екі конус тәрізді колбаға 7 мл
дистилденген су құяды, оның үстіне: біріншісіне 1 мл қайнатылмаған қан
ерітіндісін, ал екіншісіне 1 мл қайнатылған қан ерітіндісін қосады. Екі
колбаға 2 мл сутек асқын тотығының 1 % ерітіндісін құйып, оны 30 мин.
термостатқа 37-40 0С қояды. 30 мин. өткен соң екі колбаға да 3 мл H2SO4 10
% ерітіндісін қосып, әрбір колбадағы қоспаны тұрақты қызғылт түске
боялғанша KMnO4 0,1 Н ертіндісімен титрлейді. Қайнатылмаған және
қайнатылған қан құйылған колбалардың титрлеу айырмасын анықтайды. Бұл
айырманы 1,7 көбейтіп, каталаза санын табады. 1,7 – H2O2 1 мл KMnO4 0,1 Н
ерітіндісіне сәйкес келетін, мг мөлшері.
Қосымша нұсқау
2 мл сутек асқын тотығының ерітіндісін алу қажет.
Проблемалық сұрақтар
1. Ауылшаруашылық малдарының өнімділігіне каталаза ферменті қалай әсер
етеді?
2. Жоғары және төменгі температуралардың әсерімен ферменттер қандай
өзгеріске ұшырайды?
Өз бетінші дайындалуға араналған тапсырма
Оқулық пен лекция конспектілері бойынша Ферменттер классификациясы
және олардың биологиялық маңызы тарауын дайындау.

6-жұмыс
рН-тың амилаза ферментіне әсері

Жұмыстың мақсаты. Амилаза ферментінің рН-қа байланысты активтілігін анықтау
және оның физика-химиялық қасиеттерін зерттеу.
Әдістің принципі. Сілекейде крахмалды мына сүлбе бойынша ыдырататын амилаза
ферменті бар.
амилаза
С6Н10О5 + nH2O декстриндер
12n С12 Н22О11
крахмал
мальтоза
Амилазаның активтілігіне ортаның рН-ы әсер етеді, өте жоғары активтілік
көрсететін ортаның рН-ы оптималды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңдағы биофизикалық зерттеулердің жетістіктері
Молекулалық генетика
Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы
Биофизика саласындағы отандық және шетелдік ғалымдар
Қазақстандағы биофизикалық зерттеулердің тарихы және қазіргі жағдайы
Глютаматтың алмасуындағы негізгі белсенді ферментке цитокинин медиаторының әсері
Ультрадыбыстық зерттеу аппаратының түрлері,құрылысы,жұмыс істеу принциптері жайлы
Биосорбенттердің микроорганизмдердің антибиотикке сезімталдығына әсері
Мұнай тотықтырғыш бактериялардың коллекциялық штамдарының антибиотикрезистенттілігін зерттеу
Қазақстан Республикасының химиялық өндірістері
Пәндер