ЭНДОКРИНДІ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ
ЭНДОКРИНДІ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ
Ішкі секреция бездеріне жатады: қалқанша без, қалқанша маңы бездер, гипофиз, бүйрек үсті бездер, ұйқы безі, жыныс бездері. Гормондар әр түрлі алмасу процестеріне әсер етеді: жүйке, жүрек-тамыр, асқорыту және тағы басқа жүйелер қызметтерінің реттеуіне қатысады.
Қалқанша без аурулары
Қалқанша без екі бөліктен және қылташадан тұрады. Бөліктер кеңірдіктің 6-шы сақинасы деңгейінде, ал қылташасы 2-4 сақиналар деңгейінде орналасқан. Мөлшері 15-30г. Қалқанша без гормондары - тироксин, үшйодтиронин, тиреокальцитонин. Бұл гормондар қан арқылы мүшелерге және тіндерге жетіп, әр түрлі алмасу процестеріне әсер етеді: негізгі зат алмасуға және жылудың түзілуіне, жас ағзаның өсуіне және дамуына қажет, әсіресе жүйке және сүйек жүйелеріне.
Диффузды-токсикалық зоб (ДТЗ)
Диффузды-токсикалық зоб (ДТЗ) - қалқанша бездің аутоиммунды ауруы, генетикалық бейімділігі бар адамдарда дамиды. Қалқанша бездің ұлғаюымен және қызметі жоғарылауымен, мүшелер мен жүйелерде токсикалық өзгерістермен сипатталады. Жиі 20-50 жас аралығында дамиды. Әйелдер 5-7 есе жиі ауырады.
Этиологиясы: тұқымқуалаушылық, психикалық жарақаттар, инфекциялық қабыну аурулары, қолқа-ми жарақаттары, мұрын-жұтқыншақ аурулары.
Патогенезі: Аутоиммунды реакциялар нәтижесінде қалқанша безі диффузды ұлғайып, көп мөлшерде гормондар бөле бастайды. Тиреоидті гормондар әсерінен катехоламиндердің түзілуі жоғарылайды (тахикардия, қан қысымы көтеріледі), офтальмопатия дамиды.
Клиникасы: ашуланшақтық, психикалық қозғыш болуы,назарын бір нәрсеге қадай алмауы, мойында қысылу сезімі болуы, жұтыну қиындайды, демікпе, дененің қызуы, қолдарының дірілдеуі, тәбетінің жақсы болуына қарамастан үдемелі арықтауы, іштің өтуі, жалпы бұлшықет әлсіздігі, жарықтан қорқу, көзінен жас ағу.
Жалпы қарау: керексіз қимылдар көп жасау, эмоциальды тұрақсыздық (көңіл күйі тез өзгереді), жылауық, тез сөйлеу.
Мойын жуан, қалқанша безі ұлғайған, жұмсақ, кейде тығыз-эластикалық. Тері жамылғылары жұқарады, сипағанда ыстық, ылғалды, қызарған, аяқ-қолдары жылы. Дене салмағы азаяды. Бұлшық еттері семген, күші және тонусы төмендейді. Зат алмасу процесі жоғары +35-60 (N═ +-10);
Қолдарын алдына созған кезінде саусақтар дірілі байқалады (поза Ромберга);
Жүрек - тамыр жүйесі - үнемі тахикардия, аритмия (экстрасистолия, жыбыр аритмиясы), артериалдық гипертензия, жүрек шекаралары солға қарай ұлғайған; тиротоксикалық жүрек дамиды.
Бездің ұлғаю мөлшеріне қарай зоб 5 дәрежеге бөлінеді:
І дәрежесі - бездің екі бөлігін қосатын қылташа ғана үлкейіп, сипап зерттегенде анықталады;
ІІ дәрежесі - бездің бүйірлік бөліктері мен қылташа үлкейеді, бездің ұлғайғаны жұтынғанда байқалып, сипағанда сезіледі.
ІІІ дәрежесі- қалқанша без біршама ұлғайып, мойын жуандайды, жай көзбен қарағанда байқалады.
ІҮ және Ү дәрежесі - без тым үлкейеді, мойынның сыртқы пішіні өзгереді,
өңеш пен кеңірдек қысылып, жұтыну, дем алу қиындайды.
Көз симптомдары:
экзофтальм (көздің шарасынан шығуы);
көздің жылтырауы;
көз жарығының кеңейуі (таңғалып қарау);
Грефе симптомы - жоғарғы қабақ және нұрлы қабығы (радужка) арасында склера аймағы анықталады;
Розенбах симптомы - жабық көз кезінде қабақтар дірілдейді;
Мебиус симптомы - біртіндеп жақындатқан затқа көзін қадап қарағанда көз алмасының сыртқа ығысып кетуі;
Штельваг симптомы - сирек көзді ашып-жабу (кірпік қақпау);
көз іші қысымының көтерілуі (глаукома);
Диагностикасы:
+ Қалқанша безін УДЗ - қалқанша без диффузды ұлғаяды.
+ Қалқанша безді радиоизотопты сканерлеу - түйіндердің болуы және белсенді тіндер анықталады.
+ Қанда - қалқанша без гормондарының мөлшері көбейеді.
Емі:
1. Диета - калориясы жоғары және витаминге бай диета (құрамында жеңіл сіңірілетін май, белок, кальций көзі - сүт тағамдары, йодқа бай теңіз тағамдары). Жеуге болмайды: майлы ет, балық сорпалары, шоколад, кофе, қызыл шай - өйткені бұлар жүрек және жүйке жүйелерін қоздырады.
2. Тиреостатикалық препараттар - мерказолил, метилтиоурацин, пентоксил, дийодтирозин, калия перхлорат; микройод препараттары - Люголь ерітіндісі, микройод.
3. Глюкокортикоидтар - преднизолон.
4. Иммуномодульдық терапия - Т- активин, тимоген, декарис (левамизол), тималин, гемосорбция, плазмаферез.
5. β - адреноблокаторлар - жүрекке симпатикалық жүйке жүйесінің әсерін және қан қысымын төмендетеді (тахикардия азаяды), антиаритмиялық және седативтік әсері бар - пропранолол (анаприлин), тразикор, обзидан,спесикор, корданум
6. Радиоактивті йодпен емдеу.
7. Хирургиялық ем: қалқанша безінің субтотальды резекциясы.
8. Симптоматикалық ем:
а) седативтік препараттар - валериана, пустырник, новопассид
б) транквилизаторлар - сибазон (седуксен), феназепам, мезепам, мебикор.
в) жүрек гликозидтер - корглюкон, строфантин, дигоксин.
9. Гипотензивтік препараттар (егер қан қысымы 160 мм сын. бағ. жоғары болса):
АПФ (ангиотензинді айналдырғыш ферменттің ингибиторы) - капотен, энап (эналаприл), спироплир, лизиноприл.
кальций антагонистері - нифедипин, дилтиазем (кардил).
Диуретиктер - гипотиазид, фуросемид, альдактон, бритомар.
1. Гепатопротекторлар (егер бауырдың қызметі бұзылса) - эссенциале, карсил, гептрал, гепабене.
2. Поливитаминотерапия.
3. Офтальмопатияны емдеу:
қара көзілдірік кию;
басын жоғары көтеріп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz