ҚАНТТЫ ДИАБЕТ - инсулин жетіспеушілігімен сипатталатын ауру


ҚАНТТЫ ДИАБЕТ - инсулин жетіспеушілігімен сипатталатын ауру.
Қантты диабеттің түрлері:
- инсулинге тәуелді типі (І тип)
- инсулинге тәуелді емес қантты диабет (ІІ тип) .
Инсулинге тәуелді қантты диабетінде инсулиннің секрециясы төмендейді, ал инсулинге тәуелді емес түрінде инсулиннің әсері төмендейді.
Этиологиясы:
- Вирустық инфекция (краснуха, коксаки вирусы, В гепатит вирусы, эпидемиялық паротит, инфекциялық мононуклеоз, тұмау вирусы)
- Генетикалық фактор (тұқым қуалаушылық) .
- Психикалылық жарақаттар
- Ұйқы бездің аурулары (панкреатиттер, ұйқы без артериялардың атеросклерозы, рагі)
- Семіздік
Патогенезінің негізінде Лангерганс аралышықтарының β-клетканың деструкциясы жатады.
Клиникасы : Шөл (күніне 3-5л сұйықтық ішеді), ауызы құрғайды, полиурия, полибулия (тәбеті жоғарлайды), пациент арықтайды (инсулинге тәуелді түрінде) немесе толығады (инсулинге тәуелді емес түрінде), қышыма (әйелдерде жыныс мүшелерінде болады) .
Жалпы қарағанда - тері құрғайды, серпімділігі төмендейді. Жиі фурункулез, гидроаденит, табанның эпидермофитиясы (саңырауқұлақ ауруы) дамиды, көз қабақта ксантелазмдар (сары липидті дақтар) болады. Тырнақтары сыңғыш, сарғыш, көлденен сызықтармен, пациент азады, бұлшықеттің атрофиясы және бұлшықеттің күші төмендейді.
Асқынулары:
- Қантамырлардың диабетикалық ангиопатиялар(қөз, бүйрек, жүрек, қол, аяқ)
- Гипогликемия- қанда қанттың мөлшері 3ммоль/л төмен болуы.
Себептері : енгізілген инсулин дозасы көп болса, көмірсутегі организмге аз барса, пациент тамақты кеш немесе мүлдем ішпесе, ауыр жұмыс істесе, арақ көп ішсе.
Белгілері: қалтырау, терлеу, жүрегінің қатты соғуы, аштық сезім болуы, ашуланшақтық, тырысқақ, бас ауыру, бас айналу, жалпы әлсіздік, кейін кома дамиды.
Гипогликемиялық кома ның белгілері : ес-түссіз болады, тері ылғал, бұлшықет тонусы жоғарылайды, тырысқақ дамиды, көз қарашығы кеңейеді, аузынан ацетон иісі шықпайды (жоқ), пульс және қан қысымы қалыпты, кома үдей түссе ми ісінуі дамуы мүмкін.
Көмек : қант, кәмпит, тәтті шай, 40% глюкоза-20-40мл көк тамырға енгізу.
- Гипергликемиялық кома(диабеттік, кетоацидоздық) - қанда қанттың көбеюі. Бұл кома инсулинге тәуелді қантты диабеттің түрінде кездеседі.
Себептері: инсулин иньекциясын уақытылы алмаса, қант диабетімен ауыратынын білмесе, жедел инфекциялар (тұмау) .
Белгілері: Ұйқышылдық, тәбеттің төмендеуі, лоқсу, шөл, аузының құрғауы байқалады, басы ауырады, құлағы шулайды, гиперемия, терісі құрғайды, аузынан ацетон иісі шығады , бұлшықет тонусы төмендейді, тахикардия, қанда гипергликемия 18-20 ммоль/л, кейін ес-түссіз қалып, Куссмауль тынысы дамиды, пульс жіп тәрізді, қан қысымы төмендейді, зәрін ұстамайды, кейде анурия болады.
Көмегі : қарапайы инсулин.
Диагностикасы:
Лабораториялық тексерулер :
- Қанның жалпы анализі - анемия
- Зәрдің жалпы анализі - глюкозурия
- Глюкозуриялық профиль - зәрдегі қант мөлшерін анықтау:
8ºº-14ºº, 14ºº-19ºº, 19ºº-8ºº
- Гликемиялық профиль - әр 2-3сағ сайын қандағы қант мөлшерін бір тәулік бойы анықтау. Бұл тәсіл бойынша инсулинотерапияның нәтижесін бақылайды.
Инструментальдық тексерулер :
- Көз түбін тексеру - диабеттік ретинопатия байқалады.
- Ұйқы безін УДЗ-бен зерттеу.
Емі:
1. Диета № 9 - тамақты күніне 4-5 рет ішу, көмірсутегіні, майды, белокты шектеу.
Науқасқа жеуге болмайды : қант, кәмпит, варенье, бал, торт, пирожные, тәтті сусындар, жүзім шырыны, манная, күріш ботқасы, қанттың орнына сорбит, ксилит, фруктоза қолдануға болады. Арақ ішуге болмайды.
2. Қозғалу режимі - егер гипергликемия 15ммоль/л көп болса организмге күш түсіруге болмайды. Қанда қант 10ммоль/л аз болса таңертең гимнастика 10-15мин, жүгіру, велосипед тебу, жүзуге болады.
3. Инсулин қолдану . Инсулин үш топқа бөлінеді:
а) тез және қысқа уақыт әсер ететін инсулиндер ( моноинсулин актропид, инсулрап, хумулин ) -әсер ұзақтығы 5-8 сағ, әсері салғаннан кейін 15-30мин соң басталады. Қысқа уақыт әсер ететін инсулиндер күніне 5-6 рет тері астына, бұлшықетке салынады. Тәулік дозасы 0, 9-1ЕД/кг
б) орташа уақыт әсер ететін инсулиндер , әсер ету ұзақтығы 12-22сағ, әсерінің басталуы 1, 5-3сағ.
в) ұзақ әсер ететін инсулиндер ( ультра-ультра-ленте, ультратард ) -әсер
ұзақтығы 22-36сағ, әсерінің басталуы 4-6сағ.
Инсулин флаконда шығарылады - 5мл, 10мл, әр 1мл-де 40 Б инсулин болады (импорт препараттарында 1мл 100 Б болады) .
Қысқа әсер ететін инсулиндер тері астына және бұлшықетке енгізіледі, ал ұзақ әсер ететін инсулиндер тек тері астына салынады.
Қазіргі заманда инсулинді шприц-ручка арқылы енгізуге болады (Нова-нордикс, Новапен-1, хемопен) .
Инсулин енгізетін жерлер : иық, сан, кіндік айналасы, жауырын асты. Инсулинді үнемі бір жерге салуға болмайды, өйткені сол жерде тері асты май қабатында 10-12см көлемінде шұңқыр пайда болады. Оны липодистрофия деп атайды.
4. Пероральды қантты төмендететін препараттар . Олар екі топқа бөлінеді:
а) сульфанилмочевина тобы (әсері - инсулин секрециясын жақсартады) . Бұл препараттар инсулинге тәуелді емес қант диабетінде қолданылады (ІІтип) - бутамид, букарбан, хлорпропамид, манинил (глибенкламид), глюренорм, гликлазид, минидиаб, диабетон, предиаб .
б) бигуанидтер (әсері - глюкозаның бұлшықеттерімен сіңіруін күшейтеді, инсулиннің әсерін жақсартады) - глибутид (силубин, адебит, буформин), глиформин (глюкофаг) .
5. Фитотерапия - женьшень, лимонник, сұйық радиоланың экстрактысы, элеутерококк, черника, фасоль, бақбақ (одуванчик), брусника, крапива, грек жаңғағы, лавр жапырағы, капуста шырыны, сыра дрожасы.
6. Физиотерапия - УФО, плазмаферез, гомеосорбция.
7. Психотерапия.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz