Сүйек - бұлшықет аурулары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Сүйек- бұлшықет аурулары

Артрит - буынның синовий қабатының, буын шеміршегі мен буын маңы тіндерінің қабынуы, кейде буын құысында қабынған сүйектің пайда болуы (ревматоидтық артрит).
Артроз - бұл аурудың негізіне алмасу дистрофиялық процесс жатады, шеміршек атрофиясы, сүйек тінінің бұзылуы (остеопороз), сүйек тінінің ісіктері, буын маңы тіндеріне кальций тұздарының жиналуы (деформациялаушы остеоартроз).

Тізе буын қалыпты жағдайда

Синовиалды қабығы

Сүйек Шеміршек

Ревматоидтық артрит (РА)
- буындардың деформациясына, қозғалыс қызметінің бұзылуына әкеліп соқтыратын созылмалы аутоиммунды қабынуы.
Этиологиясы. Ревматоидтық артриттің даму себептері белгісіз, бірақ қазіргі заманда келесі факторлар осы аурудың себебі болуы мүмкін - салқын тию, ылғалды климат, ылғалды жерде ауыр жұмыс істеу, ангина, вирусты инфекциялар (тұмау вирустары, қызылша, микоплазма, герпес вирустары, цитомегаловирус) және генетикалық факторлар (тұқымқуалаушылық).
Патогенезі. Патогенезі толық анықталмаған, жоғарыда аталған әсерлер келесі жобамен тіндерді зақымдауы мүмкін. Иммундық жүйеге бөгде боп танылатын иммуноглобулиндерге қарсы түзілген антиденелердің қосындысы ревматоидтық фактор (РФ) деп аталады. Синовиялық қабық пен синовиялық сұйықтықта иммундық комплекстер түзіледі. Сол комплекстерді жою мақсатпен синовий қабығына нейтрофилдер, макрофагтар жиналады, әр түрлі қабыну медиаторлары - лимфокиндер, простагландиндер, лизасомалық ферменттер, бос оттегі радикалдары т.б. бөлінеді. Аталмыш заттар, әсіресе, бос радикалдар сіңір мен сүйекті зақымдайды. Организм иммундық комплекстерден жөнді тазартылмайды, сондықтан буын қуысында бір басталған қабыну процесі созылмалыға айналып, тоқтаусыз өрістейді.
Клиникасы:
Буынды синдром: РА-ке тән белгі - екі жақты симметриялық буындардың зақымдалуы. Аурудың бастапқы кезінде буындары, бұлшықеттері өткір түрде ауырады, қызба және таңертеңгілік буын сіресуі байқалады, буындар қозғалысы шектеледі, бірақ түске-кешке дейін орнына келеді, қозғалыс ұзақ уақытқа созылса - ауру ағымы ауырлайды. Ең жиі зақымданатын буындар: алақан-саусақ, проксимальді фалангааралық, кейінрек - табан-бақай және тілерсек, білек, шынтақ, тізе. Сирек зақымданады: иық, жамбас буындары. Пациенттер сіресуді әртүрлі суреттейді: тар перчатка (жұдырықты жұма алмау), корсет белгісі (төсектен тұра алмау). Буын үсті терісі қызарып, сипағанда ыстық болады. Буын деформациясы, шығуы және контрактурасы дамуы мүмкін. Буын қимылы шектеледі, кейін қозғалысы мүлдем жоғалады (анкилоз). Қол саусақтары аққу мойыны тәрізді деформацияланады, шынтақ сүйегіне сыртқа қарай қисаяды, морждың жүзу қанаттарына ұқсас болады. Ал, 2,3,4 аяқ саусақтары және табан сүйектерінің пішіні балға тәрізді өзгеріп, шығуы мүмкін.
Жалпы белгілері пайда болады: әлсіздік, дене қызуының шамалы көтерілуі, тәбеттің нашарлауы, астения. Қарағанда - бұлшықеттерінің атрофиясы байқалады, олардың тонусы мен күші төмендейді. Тері жұқарады, құрғайды, тырнақ астындағы жұмсақ тіндердің майда ошақты өлі еттенуі гангренаға дейін байқалады.
Буындар қайтымсыз зақымданады, жуандайды, буын қабының тіні қалыңдайды. Ревматоидтық артриттің бір ерекшелігі - омыртқа жотасының буындарына тиіспеуі.

Ревматоидтық артриттің висцеральді түрінде буынмен қатар ішкі ағзалар - өкпе, жүрек, бүйрек, нерв жүйесі зақымданады. Кейде ревматоидтық артрит өзге жүйелі аурулармен (ревматизммен, остеоартрозбен) жұптасады. Висцеральді зақымданулардан ең жиі байқалатыны - полисерозит (құрғақ плеврит, перикардит, миокардит, эндокардит, жүрек ақаулары, коронарлы артерит).
Ревматоидтық артрит 10 жылдан кейін бүйрек амилоидозына әкелуі мүмкін. Бүйрек амилоидозынан болатын протеинурия, біртіндеп нефротикалық синдромға ұласады, иммунды-комплекстік гломерулонефрит, дәрмектік нефропатия дамуы мүмкін. Содан кейін бүйрек шамасыздығы дамиды.
Ревматоидтық артриттің бірінші рентгендік белгісі - сүйек эпифизінің остеопорозы. Остеопороз вегетативтік нерв жүйесінің трофикалық функциясының бұзылуынан болуы мүмкін. Сонымен бірге, аурудың ерте сатасында сүйек маңы тіндерінің қалыңдауы және тығыздалуы анықталады. Жүре келе шеміршектің жұқаруынан және жойылуынан буынның жігі тарылады, сүйектің беті тышқан кеміргендей болады.
Шеміршек толық жойыла келе сүйектердің беті бір-біріне тақалады, сүйек бағаналары бір сүйектен екінші сүйекке өсіп, сүйектерді тұтастырады. Осылайша сүйектік анкилоз қалыптасады.
Ревматоидтық артриттің лабораториялық белгілері:
Қанда - гипохромдық анемия, лейкоцитоз, сосын лейкопения, ЭТЖ жоғарлайды.
БҚА - диспротеинемия (альбумин төмен, глобулиндер жоғары), фибриноген көбейеді, аурудың активті кезеңінде СРБ және сиал қышқылы жоғарылайды.

Бехтерев ауруы (анкилоздаушы спондилоартрит) - омыртқа жотасының (омыртқа бағанасының) ұсақ буындарының зақымдауы. Зақымдау процессі белгілі реттілікпен төменнен жоғары қарай таралады. Сегізкөз-мықын буындарынан бастап, содан кейін омыртқа жотасының бел, кеуде, мойын бөлігіне жетеді. Бұл ауруда әлсіздік пайда болады, пациент жүдейді (кахексия), буындары деформацияланады, омыртқа жотасы (бағанасы) үнемі сіресіп ауырады, бамбук ағашына ұқсас болады және төсектегі қалпы мәжбүр, кейде толық қимылсыздық дамиды.
Этиологиясы: тұқымқуалаушылық. Көбіне жас ер адамдар ауырады.
Емі: кортикостероидтар(преднизолон, кортизон, кеналог).
Ауру болжамы қолайсыз - пациент жиі қосарланған инфекциядан қайтыс болады.

Деформациялаушы остеоартроз (ДОА) - буындардың созылмалы дегенеративті ауруы. Остеоартрозбен халықтың 10% сырқаттанады,
жиі 40-60 жастағы әйелдерде кездеседі.
Этиологиясы:
буын жарақаттары, артриттер, тірек-қимыл аппараты құрылымының ақаулары, омыртқа сколиозы ;
буынға шектен тыс күш түсу - кәсіптік, спорттық, тұрмыстық;
вирусты инфекциялар;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардағы сүйек және бұлшықет жүйелерінің ерекшеліктері
Мүсін бұзылуы (бастауыш сынып балалары)
Жануардың ас қорыту мүшелерінің аурулары
Адам қаңқасының негізі сүйек
Ас қорыту мүшелерінің аурулары. Ауыз қуысының аурулары, стоматит, фарингит, өңештің бітелуі, гастриттер, асқазан және 6, 12-елі ішек аурулары, өт жолдарының дискенезиясы, холециститтер, гельминтоздар
Адам буындарының биомеханикасы
Тірек-қимыл жүйесін оқытудың әдістемесі
Гипокинезияның жүрек қан тамырына әсері
Қозғалыс үйлесімінің бұзылуы
Омыртқаның остеохондрозында қолданылатын классикалық массаж
Пәндер