Ұжымдық келісім шарт



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Ұжымдық келісім шарт
Еңбек ұжымының жалпы жиналысында қабылданды.
07 Желтоқсан 2021 жыл

І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1.1 Осы ұжымдық шарт Алматы қалалық әкімдігінің білім бөліміне қарасты МКК №7 орта мектебі мен (жұмыс беруші) және осы мекеменің еңбек ұжымы (жұмыскерлер) арасында жасалды. Бұл құқықтық күші бар құжат бұдан әрі тараптар деп аталатын жақтар арасында қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, мекеме қызметіне қалыпты жағдайлар туғызуды реттеуге арналған.
Ұжымдық шарттың тараптары болып:
жұмыс беруші білім мекемесінің өкілі:Али Әбілхайвр Ақылбекұлы
ҚР білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мүшесі болып табылатын
еңбек ұжымының өкілі:Алиев Ақылбек Орынбекұлы

1.2. Ұжымдық шарт Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің нормаларына, Қазақстан Республикасының Білім туралы, Кәсіптік одақтар туралы заңдарына, заңда көзделген жеңілдіктер көлемінен де жоғары жеңілдіктердің берілуін қамту мақсатында Әлеуметтік әріптестік туралы Бас Салалық келісімге, облыстық, аудандық (қалалық) Салалық келісімге сәйкес жасалынды.
1.3. Тараптардың келісіміне сәйкес ұжымдық келісім шарттың мазмұны қол қойылғаннан кейін 5 күн мерзім ішінде әрбір жұмысшыға таныстыру мекеме басшысына жүктеледі. Кәсіподақ комитеті жұмыскерлерге ұжымдық шарттың ережелерін түсіндіруді және орындалуына ықпал жасауды міндетіне алады.
1.4. Жұмыс беруші және кәсіподақ комитеті осы келісім шарттың бұлжытпай орындалуына, бір-бірінің мүдделерін құрметтеуге, туындаған мәселелерді шешуде бірігіп шара қолданады, міндетіне алады;
1.5. Ұжымдық шарт тараптар айқындайтын мерзімге жасалынады,ол қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және келесі ұжымдық шарт қабылданғанша күшінде болады;
1.6. Ұжымдық шарттың күші жұмыс берушіге және солардың атынан ұжымдық шарт жасалған ұйым жұмыскерлеріне және оған қосылған жұмыскерлерге қолданылады;
1.7.Ұйым таратылған, ол банкрот деп жарияланған кезде ұжымдық шарттың қолданылуы барлық жұмыскерлермен еңбек шарты тоқтатылған күннен бастап тоқтатылады. (ҚР ЕК 158 бабы 4 тармағы)
1.8. Ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың өзара келісуі бойынша ғана жүргізіледі.(ҚР ЕК 156 бабының 8 тармағына)
1.9. Тараптар ҚР Еңбек заңына сәйкес еңбек дауларын шешу үшін міндетті түрде келісім комиссиясын құруға келісті;
1.10.Тараптар жұмыс берушінің төмендегі шешімдерінің тек қана кәсіподақ комитетімен келісе отырып қабылдануы жөнінде келісті:
- ішкі еңбек тәртібі жөніндегі Ереже;
- сабақ кестесі
- жұмыс кестесі;
- еңбек демалысының кестесі;
- педагог қызметкерлердің оқу жүктемесі;
- педагог қызметкердің біліктілік санатын төмендету жөніндегі кезектен тыс аттестация өткізу жөніндегі шешім қабылдау кезінде;
- еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулық;
Жұмыс берушінің төмендегі бұйрықтары мекеменің бастауыш кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін ескере отырып шығарылады:
Еңбек жағдайының өзгеруі жөніндегі бұйрықтар;
Жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу жөніндегі бұйрықтар;
Мереке және демалыс күндерін жұмыс күні деп жариялау жөніндегі бұйрықтар;
Штаттық кестенің қысқаруы және өзгеруі жөніндегі бұйрықтар;
Марапаттау және тәртіптік жаза қолдану жөніндегі бұйрықтар;
Сыйақы, қосымша ақы және материалдық көмек беру жөніндегі бұйрықтар;
Толық емес жұмыс уақытын белгілеу жөніндегі бұйрықтар;
Күнделікті жұмысты бөліктерге бөлу жөніндегі бұйрықтар;
Жұмыс уақытының жиынтық есебін жүргізу туралы бұйрықтар.
1.11. Тараптар жұмыс берушінің төмендегі шешімдерінің кәсіподақ комитетінің келісімінен кейін ғана қабылданатыны жөнінде келісімге келді:
1) мекеменің қызметі тоқтатылған және бір мезгілде жаппай жұмыстан босатылған жұмыс күші туралы актілер
2) кәсіби дайындығының түрін ,жұмыскерлердің біліктілігін арттыру мен қайта дайындау, қажетті мамандардың тізімін және әр бір жылы білім алушылардың санын анықтау.
1.12.кәсіподақ ұйымының келісімі кәсіподақ комитеті төрағасының қойылған қолы арқылы анықталады. Кәсіподак комитетінің келісімі мен дәлелді пікірі тараптар келіскен осы ұжымдық шарт тәртібіне сәйкес сұралады және талқылауға ұсынылады.

ІІ. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ШАРТЫ

2.1. Еңбек шартының мазмұны, оны жасау тәртібі, өзгерістер мен бұзу ҚР Еңбек кодексіне, басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге, сала ұйымдарының жарғыларына (ережелеріне) сәйкес анықталады және қолданыстағы еңбек заңнамасымен, сондай-ақ салалық, ұжымдық келісім шартпен салыстырғанда, қызметкерлердің жағдайын төмендете алмайды.
2.2. Еңбек шарты жұмыскермен жазбаша түрде екі данада жасалынады, әр данасына жұмыс беруші мен жұмыскер тарапынан қол қойылады. Еңбек шарты еңбек шартын есепке алу кітабында тіркеледі. Тараптар қол қойған және білім беру ұйымының мөрімен бекітілген шарттың бір данасы жұмыскердің қолына беріледі. Еңбек шартын жұмыскерге бергені туралы дерек еңбек шарттарын есепке алу кітаптарында жұмыскердің қол қоюымен расталады. Еңбек шарты жұмысқа қабылданған туралы бұйрық шығаруға негіз болып табылады.
2.3. Тұрақты жұмысқа қабылданатын жұмыскермен еңбек шарты белгісіз мерзімге немесе бір жылдан кем емес мерзімге жасалады. Осы жағдай қоса атқарушы жұмыскерге де қатысты. Бір жылдан аз уақытқа жасалатын еңбек шарты нақты бір жұмысты атқару уақытына, уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына және маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалады. Еңбек шартының мерзімі өткен кезде тараптар оны белгіленбеген немесе бір жылдан кем емес белгілі мерзімге ұзартуға құқылы. Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда тараптардың ешқайсысы соңғы жұмыс күні ішінде еңбек қатынастарын тоқтату туралы жазбаша хабардар етпесе, ол бұрын жасалған дәл сол мерзімге ұзартылған деп есептеледі. Бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімін ұзартудың саны екі реттен аспайды.Еңбек қатынастары жалғастырылған кезде еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі.
2.4. Егер жүкті әйел бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталған күні мерзімі он екі және одан көп апта жүктілігі туралы медициналық қорытынды ұсынса, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баласы бар, бала асырап алған және бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысқа өз құқығын пайдалануға ниет білдірген жұмыскер (уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру жағдайынан басқа) еңбек шартының мерзімін ұзарту туралы жазбаша өтініш берсе, онда жұмыс беруші еңбек

шартының мерзімін бала күтімі бойынша демалыс аяқталған күнді қоса алып ұзартуға міндетті.
2.5.Оқу жылының ішінде зейнеткерлік жасқа толған мұғалімге оқу жылының соңына дейін жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі. Зейнеткерлік жасқа толған кәсіби және біліктілік деңгейі жоғары қызметкермен еңбек шарты оның еңбекке қабілеттілігі ескеріле отырып жыл сайын ұзартылуы мүмкін.
2.6. Зейнеткерлік жасқа толған жұмыскерлермен еңбек шартын бұзуға бір ай бұрын жазбаша түрде хабардар ете отырып, бір айлық еңбек ақысы мөлшерінде өтемақы төлену арқылы жол беріледі.
2.7. Еңбек шартында ҚР ЕК 28 бабында қарастырылған еңбек жағдайлары, оның ішінде оқу жүктемесінің көлемі, тәртібі мен ұзақтығы, жеңілдіктер, өтемақылар және т.б келісіледі. Еңбек шартын өзгерту тек тараптардың келісімімен ғана және ҚР ЕК көрсетілген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін.
Еңбек шартының өзгергені туралы білім беру ұйымының басшысы жұмыскерді және бастауыш кәсіподақ комитетін өзгеріс енгізілгенге дейін бір жарым айдан кем емес уақытта жазбаша түрде ескертуге міндетті.
2.8. Педагог қызметкерлерге оқу жүктемесінің көлемі (педагогикалық жұмыстың) оқу жоспары, оқу бағдарламасы бойынша сағаттар санына, кадрлармен қамтамасыз етуге, кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып, сол ұйымдағы басқа да нақты жағдайларға орай бекітіледі.
2.8.1. Педагог қызметкерге толық жүктеме, яғни он сегіз сағат беріледі. Тараптар аз сағатпен жүрген мұғалімдердің жүктемесін толықтырмайынша сырттан маман алмауға келісті;
2.9. Педагог қызметкердің оқу жүктемесінің көлемі еңбек шартында көрсетіледі және тек қызметкердің жазбаша келісімімен ғана тараптар өзгерте алады. Оқу жүктемесін алдын ала бөлу оқу жылы аяқталғанға дейін және жаңа оқу жылында сыныптарды, топтарды және оқу жүктемесін анықтау үшін қызметкерлер еңбек демалысына шықпай тұрып аяқталады
2.10. Жұмыс беруші педагог қызметкерлерді кезекті еңбек демалысына шыққанға дейін, олардың жаңа оқу жылына арналған алдын ала оқу жүктемесімен жазбаша түрде таныстыруы қажет. Оқу жылының басталуымен нақты оқу жүктемесі, білім алушылар контингентін жинақтау нәтижелеріне, оқу жоспарларының өзгеруіне байланысты алдын ала бөлінген жүктемемен білім беру ұйымындағы штаттық кестенің өзгеру себебі бойынша сәйкес келмеуі мүмкін.
2.11. Аталған ұйым негізгі жұмыс орны болып табылатын педагог қызметкерлерге жаңа оқу жылына оқу жүктемесін белгілеу кезінде, ереже бойынша, оның көлемі мен сыныптарда, топтарда пәндерді оқытуды жалғастыруы сақталады. Оқу жылының басында педагог қызметкерлерге белгіленген оқу жүктемесінің көлемі, (оқу жылы ішінде әкімшіліктің бастамасымен оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша сағат санын азайту, сыныптар сағатын қысқарту жағдайларын ескермегенде), оны келесі оқу жылына белгілеу кезінде де азайтыла алмайды.
2.12. Оқу жоспарымен қарастырылған сағаттар санына байланысты, педагог қызметкерлердің оқу жүктемесі бірінші және екінші оқу жартыжылдықтарында әр түрлі болуы мүмкін. Педагог қызметкерлердің оқу жүктемесінің көлемі заңнамамен нормативтік анықталған көп немесе аз көлемде тек олардың жазбаша келісімімен белгіленеді.
2.13. Аталған ұйым педагог қызметкерлер үшін негізгі жұмыс орны болып, оқу жүктемесімен кемінде бір жалақылық ставкамен қамтамасыз етілген жағдайда ғана, сол ұйымда негізгі жұмысымен қатар қосымша жұмыс атқаратын тұлғаларға, сондай-ақ басқа білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне (білім басқармалары органдарының және оқу-әдістемелік кабинеттердің, орталықтардың қызметкерлерін қосқанда) оқытушылық жұмыс беріледі.

2.14. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты еңбек демалысындағы педагог қызметкерлерге оқу жүктемесі жалпы негіздемеде белгіленеді және осы мерзімде

оны орындау үшін басқа қызметкерлерге беріледі.
2.15. Оқу жүктемесі демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс жасамайтын күндерге жоспарланбайды.
2.16. Оқу жылы ішінде педагог қызметкердің оқу жүктемесін еңбек шартында немесе ұйым басшысының бұйрығында келісілген оқу жүктемесімен салыстырғанда азайту немесе көбейту:
а) тараптардың өзара келісімі бойынша;
б) мына жағдайларда жұмыс берушінің бастамасымен:
- оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша сағат санын азайту, сыныптар, топтар санын қысқартуы;
- өндірістік қажеттілікке байланысты, уақытша орнында жоқ қызметкерді алмастыру үшін оқу жүктемесінің көлемін уақытша көбейтуі (мұндай жағдайда қызметкердің келісімінсіз көбейтілген оқу жүктемесін орындау ұзақтылығы күнтізбелік жыл ішінде бір айдан аспауы қажет);
- қызметкерлерге олардың мамандығы мен біліктілігін ескере отырып, бос тұрып қалған жағдайдың барлық уақытына сол ұйымнан немесе сол жердегі басқа ұйымнан кемінде бір айға басқа жұмыс тапсырылуы (ауа райы жағдайларына, карантинге және бөгде жағдайларға байланысты сабақтарды тоқтату);
- бұрын осы оқу жүктемесін орындаған педагог қызметкердің жұмысын да еңбек дауын қарайтын органмен қалпына келтіруі;
- бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты еңбек демалысын үзген немесе осы демалыс аяқталғаннан кейінгі әйелдің жұмысқа түсуі.
2.17. Қызметкер еңбек функциясын өзгертпей өз жұмысын жалғастыру кезінде (белгілі мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы) жаңа оқу жылында ұйымдастырушылық және технологиялық еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты, педагог қызметкерлердің маңызды еңбек жағдайлары жұмыс берушінің бастамасымен ереже бойынша өзгертілуі мүмкін (сынып-жинақтардың, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) топтары мен сандарының өзгертілуі, оқу жоспары бойынша жұмыс сағаттарының саны және ұйымның ауысым жұмысының өзгеруі, тәжірибе жүргізу, сондай-ақ, білім беру бағдарламаларының және т.б. өзгеруі).
2.18. Оқу жылы ішінде еңбек келісімінің маңызды шарттары тараптардың еркінен тыс ерекше жағдайларда ғана өзгертілуі мүмкін.
Еңбек шартының жағдайларын өзгерту туралы жұмыс беруші қызметкерге кемінде бір ай бұрын жазбаша түрде хабарлауы тиіс.
Егер қызметкер жаңа жағдайдағы жұмысты жалғастыруға келіспесе, онда жұмыс беруші оған біліктілігіне және денсаулық жағдайына сәйкес келетін ұйымдағы басқа жұмысты, ал мұндай жұмыс болмаған жағдайда - қызметкердің біліктілігі мен денсаулығына байланысты төменгі дәрежелі бос қызмет орнын немесе ақысы аз жұмысты жазбаша түрде ұсынуға міндетті.
2.19. Жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі қызметкермен еңбек шартын жасасқан кезде, оны осы келісіммен, ұжымдық шартпен, білім беру ұйымының Жарғысымен (Ережесімен), ұйымның қолданысындағы ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен және басқа да еңбек мәселелері жөніндегі актілермен қолын қойғызып таныстыруы тиіс.
2.20. Қызметкермен еңбек шартын тоқтату тек ҚР Еңбек кодексімен қарастырылған негіздер және Қазақстан Республикасының басқа да заңдары бойынша жүзеге асырылады. ҚР Еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес, жұмыс берушінің бастамасымен кез-келген негіздеме бойынша еңбек шартын бұзу кезінде, Жұмыс беруші алдын ала бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін алуға міндетті.
Білім беру ұйымдарының басшылары өздеріне қызметкерлердің жеке деректерін сақтау тәртібін белгілейтін бұйрықтар шығаруға міндеттеме алады.
Жұмыс берушілер қызметкердің жеке деректерін беру кезінде мынадай талаптарды қадағалауға міндетті:
1) қызметкердің жеке деректерін үшінші тарапқа қызметкердің жазбаша келісімінсіз
хабарламауға;
2) қызметкердің жеке деректерін алуға тек арнайы уәкілетті тұлғаларға рұқсат етуге. Бұл ретте, аталған тұлғалар қызметкердің тек нақты функцияларды орындау үшін қажетті жеке деректерін ғана алуға құқылы және құпиялылық режимін сақтауға міндетті;
3) қызметкердің жеке деректерін, қызметкер таныс болуға тиіс жұмыс берушінің актісіне сәйкес, ұйым ішінде ғана беруді жүзеге асыруға.
2.21.лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны, бастамашылдығы, шығармашылық белсенділігі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін мадақтаудың мына түрлерін қолдану:
- алғыс жариялау
- ақшалай сыйақы
- бағалы сыйлық
- құрмет грамотасымен мадақтау
- қызметте жоғарылату
2.22.Мекеме атынан түрлі деңгейдегі жарыс, сайыстарға (кәсіби сайыстар, спорттық жарыс, Наурыз шапағаты, КТК т.б.) жіберілген білім қызметкерлеріне сол күндерге жалақысы толық төленеді.
2.23. Кәсіподақ комитетінің төрайымына 10 % жалақы түскен ақшаның есебінен төленсін

ІІІ. ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУ

3.1. Тараптар мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған білім және ғылым қызметкерлерінің еңбектеріне ақы төлеуді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылдың 31 желтоқсанындағы Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы № 1193 қаулысы негізінде жүзеге асырады. Шаруашылық басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда, еңбекке ақы төлеудің мерзімді-сыйлықақы нысаны қолданылады. Бұл кәсіпорындардағы еңбекке ақы төлеу мәселесі, кәсіпорынның кәсіподақ комитетімен келісілген еңбекке ақы төлеудің Ережелерімен реттеледі.
3.2. Меншік түріне қарамастан қызметкерлеріне тарифтік ставканың (айлықтың) ең төменгі мөлшері, ҚР Үкіметінің жоғарыда көрсетілген қаулысымен және осы Келісіммен белгіленген еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандартынан кем болмауы тиіс.
3.3. Қызметкерлерге жалақы жұмысты орындағаны үшін ай сайын ақшалай түрде төленеді. Жалақы қызметкерлерге келесі айдың 10-нан кешіктірілмей төленуі тиіс.
3.4. Жалақы еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес есептеледі және өзіне мыналарды қосады:
- лауазымдық айлық (тарифтік ставка);
-мемлекеттік бюджет қаражатының есебіндегі ұйымдардың қызметкерлеріне, азаматтық қызметшілерге, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбек жағдайы үшін көтерме, үстеме ақылар және қосымша ақылар;
-ұйымның локальдық нормативтік актілерімен, қолданыстағы заңнамамен көзделген басқа да төлемдер.
3.5. Жұмыс берушілер өздеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылдың 31-желтоқсанындағы Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы №1193 қаулысымен белгіленген мөлшерде, мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне қосымша және үстеме ақылар тағайындауға және төлеуге міндеттеме қабылдайды, қосымша және үстеме ақылардың жекеленген түрлері базалық лауазымдық айлықтан:
3.5.1. Сынып жетекшілігі үшін 1-4 сыныптар -25% БЛА, 5-11 (12) сыныптар- 30% БЛА;
3.5.2. 1-4 сыныптардың мұғалімдеріне дәптерлер мен жазбаша жұмыстарды тексергені үшін 20 % БЛА, оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілі мен басқа да ұлттық тілдердің және оқу ұлттық тілде жүретін мектептердегі орыс тілінің осы пәндерді 1-4 сыныптарда жүргізетін мұғалімдеріне 25% БЛА және 5-11 сынып мұғалімдеріне жазбаша жұмыстарды тексергені үшін 25% БЛА;

3.5.3. Оқулықтардың кітапханалық қорымен жұмыс істегені үшін кітапханашыларға-30%БЛА
3.5.4.Ауылдық жерде жұмыс істегені үшін мұғалімдерге жіне оған теңестірілген лауазымдарға, медбике, кітапханашыларға 25% кем емес айлықақылар белгіленеді
3.5.5. Қарауылдар мен маусымдық от жағушыларға түнгі жұмысына (кешкі сағат 22.00. ден азанғы 06.00.дейін)әр сағат үшін 50%, мереке немесе демалыс күндерінің әр сағаты үшін 50%;
3.5.6. Мерзімнен тыс жұмыстың әр сағаты үшін 50%;
3.5.7. Экологиялық дағдарыс аймағында тұрған үшін белгіленген коэффицент-30 % (1992 жылғы 30 маусымдағы Арал өңіріндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңы)
3.5.8.Өндірістік және қызметтік үй жайларды дезинфекциялық құралдарды пайдаланатын тазалықшыларға - 20 %, дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып дәретханаларды тазалаған кезде - 30%;
3.5.9. Аспазшыларға, мекеме ғимаратындағы жылыту пештері қатты отын (көмір) пайдаланатын бу қазандықтарында жұмыс істейтін от жағушыларға 30%;
3.6. Тараптар қызметтерді қоса атқаратын немесе қызмет көрсету аймағының кеңеюі ретінде сабақ беретін мұғалімдердің, оқытушылардың және басқа педагог қызметкерлердің оқу жүктемесін көбейтуді қарастырмайтын болып келісті. Аталған тұлғалардың нақты оқу жүктемесін көбейту, барлық құқықтық салдарымен жұмысты қоса атқару ретінде қаралады.
3.7. Тараптар кабинеттерді (зертханалар, шеберханалар) меңгеру үшін төленетін қосымша ақыны, білім беру ұйымдарының комиссиялары жыл сайын тамыздың 20-нан 30-ы аралығында оларды аттестаттау нәтижесі бойынша тағайындайды деп келісті. Кабинеттерді (зертханаларды, шеберханаларды) аттестаттау нәтижелері білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен рәсімделеді. Егер, оқу жылының басында аттестаттау өткізілмеген болса, онда қосымша ақыны тағайындау өткен аттестаттау нәтижесі бойынша жүзеге асырылады;.
3.8. Тараптар оқушылардың күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы каникулдары кезінде жұмыс уақыты үшін педагог қызметкерлерге еңбектеріне ақы төлеу, каникул басталғанға дейін болған тарифтеу кезінде белгіленген жалақы есебінен төленеді деп ұйғарды.
3.9. Штаттық лауазымсыз педагогикалық жұмысты атқаратын педагог қызметкерлерге (мұғалімдер, оқытушылар, тәрбиешілер және т.б.) жаңа оқу жылының басында тарифтеу тізімі құрылып бекітіледі. Тарифтеу тізімдері білім беру ұйымдары басшыларының бұйрықтарымен, оларға бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің өкілі міндетті түрде қосылып құрылған тарифтеу комиссияларымен дайындалады.
3.10. Жұмыс берушілер өздеріне ай сайын қызметкерлерге жалақы төлеу күні, әрбір қызметкерге оған тиесілі жалақының негізгі құрамы, ұсталынған ақшаның мөлшері мен
негіздеменің, оның ішінде аударылатын міндетті зейнетақы жарналары, төленуге тиісті жалпы сома туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті. (ҚР ЕК 113 бабы 2 тармағы);
Мектеп есепшісі әр айдың бір күнінде ашық есік күнін белгілеп, қызметкерлерді сұрақтар бойынша қабылдап, жауап беруі тиіс.
3.11. Жұмыс берушілер тарапынан өздеріне қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені қамтамасыз етуге көзделген қаражаттарды үнемдеу есебінен немесе салалық келісіммен, ұжымдық шартпен белгіленген тәртіпте, қазыналық кәсіпорындар үшін бекітілген смета бойынша материалдық көмек көрсетуге, жеке қосымша ақыларды тағайындауға, қызметкерлерге сыйақы беру көзделеді;
3.12. Еңбекке ақы төлеуді өзгерту мынадай жағдайларда: - тиісті өтілге жеткен күннен бастап, егер құжаттар ұйымда болса, немесе жалақы ставкасының (айлықтың) мөлшерін көбейтуге құқық беретін өтіл туралы құжатты ұсынған күннен бастап - мамандығы бойынша жұмыс өтілін көбейткенде;
- тиісті құжатты ұсынған күннен бастап - білім туралы құжатты қалпына келтіру немесе білім алғанда;
- келесі оқу жылының басталуымен - біліктілік санатын алғанда;
- Назарбаев зияткерлік мектептері ААҚ оқу бағдарламалары бойынша біліктілік курстарын жетістікпен аяқтап, тиісті деңгейдегі бағдарлама бойынша сертификат алған күннен бастап жүзеге асырылады, мекемеде арнайы комиссияның шешімі басшылыққа алынады;
3.13. Қызметкер жыл сайынғы немесе басқа еңбек демалысында болған мерзімде, сондай-ақ оның уақытша еңбекке жарамсыздығы мерзімінде, оның еңбекке төленетін ақысын және (немесе) жалақының ставкасын өзгертуге құқығы келген кезде, еңбекке ақы төлеудің анағұрлым жоғары разряды ставкасының мөлшерінен шығатын жалақыны төлеу, еңбек демалысы немесе уақытша еңбекке жарамсыздық демалысы аяқталған күннен бастап жүргізіледі.
3.14.Тараптар жалақылары нормативтік оқу жүктемесімен белгіленетін мұғалімдердің, тәрбиешілердің, басқа қызметкерлердің тарифтеу тізімдері мен оқу жүктемесі, нормативтік құқықтық актілер және білім беру стандарттарына сәйкес сыныптардың (топтардың) белгіленген шегіне толуын ескере отырып құрылады деген шешімге келді.
3.15. Жұмыс берушінің бастамасымен күнделікті жұмысты бөліктерге бөлген жағдайда, жұмыс уақыты сабақтар кестесімен белгіленетін қызметкерлерді қоспағанда, қызметкерге базалық лауазымдық айлықтан 50% мөлшерінен кем емес төленеді (ҚР ЕК 72-бап 3-т.);
3.16. Толық жеке және ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілік жөніндегі шарттар, сондай-ақ толық материалдық жауапкершілік туралы типтік шарт жасалынатын қызметтерді атқаратын немесе орындайтын лауазымдар мен жұмыстар тізіміне кіретін: шаруашылық меңгерушілері, медбике, қойма меңгерушісі, компьютермен жұмыс жасайтын қызметкер, операторлар, қарауылдар мүлікті қорғауды және қызметкерге берілген басқа құндылықтарды қамтамасыз ете алмағаны үшін жауаптылыққа тартылады;
3.17. Тараптар, қызметкердің кінәсінен емес бос тұрып қалған жағдайда, қосымша ақылар, үстеме және көтерме ақыларды есептемей, ағымдағы жалақы мөлшерінде төлеуге келісті.
3.18. Қызметкердің стажы, аттестациядан өтіп куәлікке бұйрық шыққан күннен бастап, қыркүйекке қарамай жалақы сол күннен бастап төленуі тиіс.
ІV ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ТЫНЫҒУ УАҚЫТЫ
Тараптар төмендегі жағдайлар туралы келісімге келді:
4.1. Ұйым қызметкерлерінің жұмыс уақыты бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің келісімі бойынша жұмыс берушімен бекітілген ауысым кестесі, оқу кестесі, жылдық күнтізбелік оқу кестесі, сабақ кестесі, ішкі еңбек тәртібінің Ережелерімен, сондай-ақ еңбек шартының жағдайларымен, қызметкерлердің лауазымдық нұсқауларымен және оларға ұйымның Жарғысымен (Ережемен) жүктелген міндеттемелермен белгіленеді.
4.2. Толық емес жұмыс уақыты - толық емес жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы келесі жағдайларда белгіленеді:
- қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша;
- жүкті әйелдің, 14 жасқа дейінгі баласы бар (18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар) ата-ананың біреуінің (қамқоршының, тәрбиешінің, заңды өкілдің), сондай-ақ медициналық ұйғарымға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұжымдық келісім шартының маңызы
Келісім шарт туралы ақпарат
Жай астықты барлық келісім шарт жасасу КСРО ішкі және сыртқы сауда
Ұжымдық шарттың ұғымы және қағидалары
Ұжымдық шарт институтының құқықтық реттелуі
Ұжымдық шарттын тараптары
Еңбек қатынастарын реттеу құралы ретінде әлеуметтік әріптестік қалыптастыру мен дамытудың жағымды тәжірибесін зерттеу
Еңбек дауларына түсінік, оның түрлері
Еңбек дауларын қарау бойынша құқықтық қатынастар
Еңбек дауы
Пәндер