Инвестициялық жобаның тиімділігі мен қаржылығын іске асырылуын бағалау

Нурмагамбетова Айдана
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Кәсіпорындағы инвестициялық жоба тиімділігі мен қаржылық іс-әрекеттің экономикалық негіздемесі
1.1Кәсіпорындағы инвестицияның түрлері және инвестицияның талаптары
1.2 Кәсіпорындағы инвестициялық процестің алдына қойылған мақсаттары
1.3Кәсіпорындағы инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
1.4Бизнес-жоспар - болашақ жобаның негізгі аспектілерін сипаттайтын құжат
2 Санабан и К ЖШС-ң тұрғын үй құрылысын нысандарын инвестициялық жобаның тиімділігі мен қаржылық экономикалық тиімділігін бағалау
2.1 Санабан и К ЖШС-ң тұрғын үй құрылысы нысандарын инвестициялық жобалауды бағалау
2.2 Тұрғын үй құрылысының инвестициялық жобасын қаржылық тиімді жүзеге асыру мәселелері
2.3 Тұрғын үй құрылысы бойынша инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін талдау
2.4 Санабан и К ЖШС-ң негізінде инвестициялық жобаның қаржылық тиімділігін бағалау
3 Құрылыс саласында инвестициялық жобасының шетелдік тәжірибелерінің тиімділігін арттыру жолдары
3.1 Құрылыс саласында инвестициялық жобаларының шетелдік тәжірибесі
3.2Құрылысы саласында инвестициялық жобаның тиімділігін мен қаржылығын арттыру жолдары
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Қазақстан Республикасының инвестициялық жобасы -- ол қаражатты іске асыру және оларды инвестициялық нысанға: ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, құрылыс-құрастыру, сынау, іске қосу-реттеу, қабылдау-тапсыру, ұйымдастырушылық-құқықтық, жарнамалық-рәсімдеушілік және ақпараттық жұмыстар мен қызметтер түрінде айналдыру, ойға алған әлеуметтік-экономикалық тиімділікке қол жеткізу мақсатында іс жүзіне асыру бойынша техникалық-экономикалық шешімдер мен үйымдастырушылық-қаржылық іс-әрекеттердің жиынтығы болып табылады.
Осыдан, зерттеу тақырыбымның өзектілігі Жаңа жаһандық нақты ахуалдың мәні тек әртараптандырылған экономиканың ғана жаһандық дағдарыс салдарына тиімді қарсы тұра алатынында болып табылады. Сондықтан да біз индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру үстіндеміз. Бізге жаңа инвестициялық саясат керек. Біріншіден, трансұлттық корпорацияларға екпін түсіре отырып, жеке инвестициялар тарту маңызды. Біз күрделі инвестициялар тарту үшін оңтайлы орта қалыптастыруымыз керек. .Екіншіден, экономикалық өсімнің өңірлік драйверлерін қалыптастыру маңызды. Барлық инвестициялық жобалар тікелей өңірлерде жүзеге асырыладыдеп жаңа инвестициялық саясаттың негіздерін Елбасы Н.Ә.Назарбаев айқындап берді.
Инвестиция жалпыұлттық мазмұндағы маңызды міндеттерінің қатарында Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының басым бағыттарының бірі болып саналады [2] .
Инвестицияның өсуі өндіріс пен табыстың жоғары деңгейңн қамтамасыз етеді.Табыстың тұтыыну мен жинақтауға бөлінетіні белгілі.Табыстың тұтынуға бағытталған бөлігі өндірушілер үшін табыс көзі болып табылады.алынған табыс одан әрі тағы да тұтыну мен жинақтауға бөлінеді жіне т.с.с.Соңында инвестицияның бастапқы өсуі табыстың бірнеше рет өсуіне әкеледі.
Жоғарыда көрсетілген мәселелер таңдалып алынған тақырыптың өзектілігін айқындай түседі.
Мемлекеттік меншік нысанындағы инвестициялар мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруды сипаттайды, оның жұмсалу бағыты жекеменшік капитал нысанындағы инвестициялар кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұлттық шаруашылық субъектілерінің өз қаражаттары мен тартылған қаражаттарының жиынтығын сипаттайды.Кәсіпорынның инвестициялық саясаты оның шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бөлігі. Кәсіпорын экономикасында инвестиция маңыздылығын анықтап, бағалау қиын.
Дипломдық жұмысымның теориялық маңыздылығы- зерттеу нәтижелері тұрғын үй құрылыс нысандарын жобалауды бағалау тиімділігін арттырудағы мәселелерді, оларды бағалау бойынша шаралар кешенін, өңдеу және басқару тәсілдерін жасақтау арқылы шешуге мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыста негізделген ұсыныстарды қолдану жобаларды тиімді бағалау мәселесінің теориялық және әдістемелік базасын, тұрғын үй саласын дамытудың стратегиялық мүмкіндіктерін жетілдіреді.
Қорғауға шығарылған жұмыстың ғылыми жаңалығы :
- инвестициялық жобаның қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері мен шетелдік үлгілерін зерттеу негізінде дағдарыс жағдайында отандық тәжірибеде қолдану үшін оның теориялық және әдістемелік негіздері анықталды;
- инвестициялық қызметтерінің тиімділігін бағалаудың көрсеткіштер жүйесі мен факторлары айқындалды;
- инвестициялық жобаның экономикалық тиімділік жолдары ұсыну;
- тұрғын үй құрылыс нысандарын жобалаудың экономикалық тиімділігін бағалаудағы әдістемелік бағыттар;
- Қазақстандағы тұрғын үй нарығының қазіргі жағдайын талдау негізінде тұрғын үй құрылысының даму келешегіне қатысты жасалған тұжырымдар;
- арнайы критерийлер мен тиімділік көрсеткіштерін пайдалана отырып, тұрғын үй құрылыс нысандары жобасының тиімділігін бағалау әдістемесі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты - инвестициялық жобалау тиімділігін бағалаудың ұйымдастырушылық-әдістемелі к негіздерін жасақтау және тұрғын үй саласындағы жобалау мен құрылыс тиімділігін бағалау жүйесі элементтерін жетілдірудің теориялық және ғылыми-тәжірибелік ұсыныстарын негіздеу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсатына және тұрғын үй саласындағы инвестициялық жобалық шешімдердің тиімділігін бағалаудың ұйымдық-әдістемелік бағыттарына сәйкес, келесі міндеттер қойылды:
- тұрғын үй саласында жобалық шешімдердің тиімділігін бағалаудың теориялық және әдістемелік ережелерін зерттеу;
- тұрғын үй құрылысы нысандары инвестициялық жобалау жүйесі мен жобалық шешімдердің қазіргі заманғы даму үрдістерін талдау;
- жобаларды бағалаудың әдістемелік бағыттарын негіздеу және тұрғын үй саласы дамуының шет елдік тәжірибесін нақтылау;
- тұрғын үй нысандары құрылысын жобалаудың экономикалық тиімділігін айқындау;
- инвестициялық жоба және оны одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар жасау.
Зерттеу нысаны (объектісі) - Атырау қаласындағы Санабан и К жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі болып экономикалық ғылымда тұрғын үй саласындағы инвестициялық жобалық бағалаудың негізгі тұжырымдары келесі шетелдік ғалымдардың еңбектерінде талданған: Дж. Дэниелл, Джек У., Самуэльсон Т., Фридман Д., Харбергер А., Эрланг А. және т.б.
Инвестициялық жоба мәселелерін зерттеуде ТМД елдерінің экономист-ғалымдарының еңбектері қомақты үлес қосты, мұндай ғалымдарды атап айтсақ: Арсланова З., Бузова И.А., Довдиенко И.В., Зайнуллина Т.Г., Корнай Я.И., Лукьянова Н.Г., Масянова Н.Н., Мелкумов Я.С., Пустоваров Э.А., Рахман И.А., Стулов А.В., Черняк В.З., Яско В.Л. және бірқатар басқа да ғалымдар.
Шет елдік және отандық экономист-ғалымдардың инвестициялық жоба және құрылыс саласындағы іргелі еңбектері, Қазақстаннның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы, тұрғын үй саласының қызмет етуінің негізгі шарттарын анықтаушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актілері мен қаулылары, ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері, басқарушы және ғылыми-зерттеу және жобалық мекемелердің ақпараттары құрады.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік базасы - өндіріс саласында тиімді инвестициялық жобаларды қабылдаудың экономикалық тәсілдері мен ғылыми әдістерінің жиынтығы.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы кіріспе, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан, оның ішінде: 7 сурет, 15 кестеден тұрады. Жалпы көлемі - 84 бет.

Инвестицияға анықтама берген кезде оның тек мағыналық сипатына ғана көңіл бөлмей, мақсатты түрде бағытталуын да көрсету маңызды. Осы тұрғыдан қарағанда, инвестициялар жалпы ұлттық өнім өндірісіне жұмсалатын табыстардың маңызды бөлігін құрайтын жаңа технологияны, материалдарды және басқа да еңбек кұралдарын енгізумен байланысты өндірісті кеңейту және жұмыс жағдайын жақсарту мақсатында жұмсалатын қаражаттардың активтерге салынуы болып табылады. Бірақ осы кезге дейін экономикалық тақырыптағы әдебиеттерде инвестиция деген ұғымға алуан-түрлі түсініктер беру орын алып келді. Көптеген авторлар күрделі қаржы мен инвестициялардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деп көрсетсе, ал кейбіреулері инвестицияны мақсатты бағытталуына байланыссыз салынған қаражат салымыньң кезкелген түрі деп есептейді. Мәселен, Ресей ғалымдары Г.П. Журавлева, И.Ю. Малышева инвестицияны жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да кұрал-жабдықтарды өндіріске енгізе отырып, өндірісті кеңейту және жаңарту ісіне жұмсалатын шығындар деп есептейді. Бұл жерде негізгі және айналым қорлары аралығындағы айырмашылықтар, сондай-ақ, ғылыми-техникалық прогресс, еңбек ресурстары тағы да басқа факторлар есепке алынбады. Осыған дейін белгілі болғандай инвестиция бүгінгі күнде халықаралық кәсіпкерлік құрамында маңызды рөл атқарады.
Экономикалық тұрғыдан инвестиция деп негізгі капиталды құру,кеңейту,қайта жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру шығындарын,сондай-ақ олардың әсерінен айналым капиталының құрамы мен көлемінің өзгерісін айтса,ал қаржылық тұрғыда оны болашақта пайда алу үмітімен ұзақ уақытқа ресурстарды шығындау деп анықтайды.Тікелей инвестицияның ерекшелігі болып оның басқа кәсіпорындық әдістерге қарағанда өзіндік тұрақтылығында болмақ.Тікелей шетелдік инвестициялар экономикалық реформаға әсер етуде экономикалық басқа нысаналармен салыстырғанда бірсыпыра маңызды, үстемдігі бар: тауар өндіру мен қызметтер атқаруға, күрделі қаржы тауып салудың қайнар көзі, жаңа технологияны пайдаланылған етуде, ноу-хау, басқарудың алдыңғы қатарлы әдістері және маркетингті дамытуға қолайлы.Онымен бірге қ кәсіпорынның капиталы- қосылған құнның бөлігі түріндегі капитализация ретінде түсіндіріледі.Ол екіге бөлінеді:Тікелей инвестициялар- елдің экономикасына инвестордың жеке тәуекелімен салынған шетел капиталы. Портфельдік инвестиция - қаржылық құралдардың тиімді капитал түрінде салынуы.Мысалы акция және облигация сол сияқты бағалы қағаздар. Оспанов М.Т және Мұхамбетов Т.И өзінің жұмыстарында былай деп жазады.Шетелден келетін капитал ағымы 3 канал бойынша жүзеге асырылады: Дамуға ресми көмек; экспорттық кредиттер; кәсіпорынның капиталы.Дамуға ресми көмек ол мемлекеттің құзырына тиелі және 2-ге бөлінеді:техникалық және қаржылықЭкспорттық кредиттер бір немесе бірнеше жобалармен байланысты.Бұл тауарды немесе қызметті экспорттаушы елден сатып алу шартымен берілген кредиттер. Шетелдік инвестициялар өз еркімен әртүрлі формада бір мемлекеттен екінші мемлекет территориясындағы кәсіпорынға салынған шетел капиталы Қарастырылған инвестициялардың барлық түрлерін төмендегі (Қосымша А) бойынша жүйелеп топтастырып көрсетуге болады. Сонымен қатар, инвестицияларды меншік нысанына байланысты келесідей түрде бөліп қарайды.
"Инвестиция"ұғымы латын сөзінен аударғанда "investire"-жұмылдыру,яғни қаржы салу,қаржыландыру деген мағынаны береді. Инвестицияны "күрделі қаржы салымы"деп те сипаттайды.Өйткені жоспарлы экономикада "инветиция"түсінігінің орнына "күрделі қаржы салымы"ұғымы қолданылады. Күрделі қаржы салымы деп құрамына ағымдағы жөндеу шығындары кіретін негізгі қорларды ұдайы өндіру шығындарын айтады.Күрделі қаржы салымдарына: барлық құрылыс жұмыстарының шығындары; құрылыс сметасына кіретін өндірістік және шаруашылық құрал-саймандарын сатып алу шығындары жатады.Ал күрделі жөндеу жұмыстарының шығыны күрделі қаржы салымына кірмейді [ 3] .
Мұнда күрделі қаржы салымы екі тұрғыда қарастырылады: біріншіден ақша құралдырының қозғалысымен байланысты экономикалық үдеріс,ал екіншіден ол негізгі қорларды алу және жаңарту үшін ұзақ мерзімге салынған құн қозғалысына байланысты экономикалық санат ретінде көрінді.
Мемлекеттік меншік нысанындағы инвестициялар мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруды сипаттайды, оның жұмсалу бағыты жекеменшік капитал нысанындағы инвестициялар кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұлттық шаруашылық субъектілерінің өз қаражаттары мен тартылған қаражаттарының жиынтығын сипаттайды.
Мұндай мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы инвестицияларды
шетелдік капитал нысанындағы инвестициялар шет мемлекеттерден, оның ішінде халықаралық қаржы ұйымдарынан таратылатын қаражаттар болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты оның шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бөлігі.Кәсіпорын экономикасында инвестиция маңыздылығын анықтап, бағалау қиын.
Қазіргі заманғы өндірістің сипаты ол үнемі өсіп отыратын капитал сыйымдылығы мен ұзақ мерзімді факғторлар болмақ. Кәсіпорын өзінің өнімінің сапасын жақсарту үшін шығындарын төмендету, өндіріс күштерін ұлғайту, бәсекелестік жағдайында нарықтан өз орнын табу үшін үнемі капитал салып отыруы тиіс.
Сондықтан да оған үнемі өте жақсы жасалған инвестициялық стратегия жасап, оған жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы тиіс.Салынған қаржылының тиімділігін жоғарылату үшін фирма басшылығы инвестициялаудың принциптерін есепке алады.Оларды нақтылап қарастыратын болсақ,инвестициялық тиімділіктің шекті принципі- кезкелген кәсіпорын өндірісті жүзеге асырғанда шығынды азайтып, мол пайда табу мақсатымен жұмыс жүргізеді.
Кәсіпорын өзінің жеткен жетістігі жағдайында оның кірісі шығынды арттырған күннің өзінде ол жұмысын жалғастыра бермек. Ал егер тауар өткізуден түскен кіріс сомасы өндіріс шығындарын жоғарылатпайтын болса, онда ол өндірісті тоқтатады. Егер бір тауар бірлігінен табыс түсіп және ол шығындарды көбейтетін болса, яғни, оны жасау үшін ондакәсіпорын ол өнімнің көлемін арттыру керек.Соңғы өнім бірлігін өткізуден түскен пайда өндіріс шығындарыментең болса кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтпайды. Егер кәсіпорын қандай жағдай болмасын өндірісті жалғастыруға ұмтылса, онда ол шекті табыспен шекті шығын тең болатындай өнім көлемін шығаруы тиіс.Бұл екі шарт жан-жақты сиптта және рыноктың кез келген құрылымында, меншіктің кез келген формасында қолданыла береді [4] .
Инвестициялау да тура осылай жүзеге асады.Кәсіпорын қандай станок сатып алу керек, әлде арендаға алу керек пе, осы жұмыс барысында қаншалықты сомада несие алу керек, қанша уақытқа, қандай пайызбен, еркін яғни еркін отырып шешім қабылдай алады.Егер осы іс-әрекеттің бәрін жасап қойған болсаңыз артқа шегінуге жол жоқ, яғни, еркіндік жоқ шектелген. Еркіндік іс-әрекеттің нөлге тең деп айтуға болмайды әрине.Сіз сатып алған станогыңызды немесе акцияыңызды қайта сатуыңызға болады.Бірақ оған көп уақытың, күш қуатың әскер әріптестеріңмен байланысыңа бәріне нұқсан келеді. Бұған бір кірсеңіз шығыуыңыз өте қиын болмақ, әсіресе кәсіпорын 3-4 инвестициялық жобасымен жұмыс бастаған болса.Сондықтан да инвестициялауды жүзеге асыру үшін оның тиімділігін бірнеше рет есептеп алу керек. Капитал салымдарының тиімділігін бағалауда материалды және қаржылық байланысының принципі. Тиімділікті бағалаудың 3 тәсілі бар:
- Салыстырмалы шығындармен шығарылым бағасы арқылы салыстырылады, яғни, қаржылық талдау; Әлемдік тәжірибе бойынша инвестициялау тиімділігін бағалауда қаржылық жағдайды ғана ескеру аздық етеді. Мысалға болжанбаған инфляция жағдайы орын алса құрдымға алып келеді;
- Тиімділікті қаржылық-техникалық критериі бойынша да есептейді.Дұрыстап қарайтын болсақ инвестициялық жобаға салынған салымдар сол технологияның өзіне тәуелді.Технология арқылы біз кәсіпорынның күштілігін байқаймыз және технология инвестициялық мақсатқа қол жеткізуде тікелей әсер етеді;
- Тиімділікті бағалаудың техникалық әдісі.
Экономикадағы инвестицияның рөлі екіге бөлінеді.Олар: макродеңгейдегі инвестициялар және микродеңгейдегі инвестиицялар. Макродеңгейдегі инвестициялардың рөлі мынадай:
кеңейтілген ұдайы өндіріс саясатын жүзеге асыруға;
ҒТП-ті жеделдету,отандық өнімдердің сапасын жақсарту және бәсекеге қаблеттілігін қамтамасыз етуге;
қоғамдық өндірісті құрылымдық қайта құру,халық шаруашылығы салаларының бірыңғай дамуын қолдау;
өнеркәсіптің қажетті шикізаттық базасын құруға;
білім беру,денсаулық сақтау және т.б.әлеуметтік салалрды қолдауда азаматтық құрылысты дамытуға;
жұмыссыздық мәселесін шешуге+;
қоршаған ортаны қорғауға;
әскери-өнеркәсіп кешенін конверсиялауға;
мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтуға мүмкіндік береді.
Ал микродеңгейдегі инвестициялар болса:
өндірістік кеңейту және дамытуды;
қызмет ететін кәсіпорындарды техникалық қайта қаржыландыру,негізгі өндірістік қорларды жаңғырту,жаңа техникалар мен технологияларды енгізуді;
нақты кәсіпорын өнімінің сапасын көтеру және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуді;
басқа кәсіпорындардың активтеріне қаржы салу және бағалы қағаздар сатып алуды;
кәсіпорын шығындарын төмендетуді қамтамасыз етеді.
Инвестициялар экономикалық өсу факторына байланысты жалпы және таза инвестициялар болып бөлінеді:
Жалпы инвестициялар белгіленген уақыт кезеңінде негізгі өндіріс құралдарын алу,жаңадан құрылыстар салу,тауарлы-материалдық құндылықтарды арттыруға бағытталған инвестицияның жалпы көлемі;
Таза инвестициялар амортизациялқық аударымдар мөлшеріне азайтылған жалпы инвестиицялар көлемін білдіреді;
Егер жалпы инвестиция көлемі амортизациялы аударымдар сомасынан асып түссе,онда таза инвестициялар мәні оң,яғни өндірістік әлеует қсімі ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз етеді.Мұнда экономика өрлеу сатысына өтеді және іскерлік белсенділік арта түседі [5].

Кәсіпорын деңгейіндегі инвестициялық қызмет шаруашылық субъектісінің экономикалық әлеуетін кеңейтуге бағытталған қаржы салымының неғұрлым тиімді нысандарын жүзеге асыру үрдісін сипаттайды.
Инвестициялық үдеріс-деп заңды және жеке тұлғалардың жинақтарын өндірістік негізгі және айналым капиталдарын қалыптастыру жолымен оларды кәсіпкерлік пайда алу мақсатымен уақытша тартудағы іс-әрекеттер жиынын айтады. Инвестициялық үдерістің іс-әрекетін 1- суреттен көруге болады.
Коммерциялық қызметтің материалдық алғы шартын құру үшін бастапқы инвестициялық ресурстар мен құндылықтарды инвестициялық шығындарға айналдыру.
Инвестициялық
Үдеріс-бұл капитал нысанының өзгеру серпіні
Салынған қаржыны табыс немесе әлеуметтік оң нәтиже нысанындағы капитал құнының өсіміне айналдыру.
Сурет 1. Инвестициялық іс-әрекет
Инвестициялық үдерісте барлық жүйе секілді өзара байланысқа субъектілері мен объектілері ,олардың қызмет ететін инвестициялық ортасы болады. Мұнда инвестициялық орта деп инвестициялық үдерістің ерекшеліктері мен мазмұнын басымырақ анықтайтын жеке немесе күрделі қызмет саласы. Кәсіпорын деңгейіндегі инвестициялық үдеріс кезеңдері:
- инвестициялық қызметті ынталандыру;
- кәсіпорынның даму бағдарламасын жасау және оны жүзеге асырудың мақсаттылығын негіздеу;
- инвестицияны жоспарлау;
- нвестициялық қызметті қаржылық қамтамсыз ету;
- нақты инвестицияларды сақтандыру;
- инвестициялық үдерісті бақылау және реттеу;
- нвестициялау нәтижелерін бағалау.
Инвестициялық үдерістің негізгі кезеңі ретінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:
1. Инвестициялау жөнінде шешім қабылдау;
2. Инвестицияны жүзеге асыру және пайдалану.
Нарық жәй-күйі (конъюктура) - инвестициялық нарық пен оның жекелеген сегменттеріндегі сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын,баға мен бәсекенің деңгейін айқындайтын факторлар әсерінің нәтижесі.Инвестициялық нарықтың жәй-күйінің өзгерісі төрт кезеңнен тұрады:жәй-күйдің көтерілуі,бум (жарылыс),әлсіреу және құлдырау [5].
Тиімді инвестициялық стратегияны қалыптастыру және экономикалық негізделген шешімдерді қабылдау үшін инвестициялық нарықтың циклдік дамуына және оның үнемі өзгеріске ұшырауына байланысты нарықтың жәй-күйін жүйелі түрде зерттеу қажет. Инвестициялық нарықтың жәй-күйін зерттеу: жәй-күйді бақылау (мониторинг),талдау және болжаудан тұрады.
Инвестициялық нарықтың жәй-күйін зерттеу сатыларын 2- суреттен көруге болады.
Инвестициялық нарық жәй-күйін зерттеу кезеңдері
1.Инвестициялық белсенділікті ағымдағы бақылау,ең алдымен нарықтың инвестициялық қызмет жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылған сегменттерін белсенділікті бақылау.
2.Инвестициялық нарықтың ағымдағы жәй-күйін және оның даму бағыттарын талдау
Бірінші кезең-инвестициялық нарықтың ағымдағы жәй-күйін сипаттайтын талданатын көрсеткіштер жүйесін есептеу
Екінші кезең-инвестициялық нарықтың ағымдағы жәй-күйі өзгерісінің алғышарттарын көрсету
3.Инвестициялық қызмет стратегиясының негізгі бағыттарын таңдау үшін инвестициялық нарықтың жәй-күйін болжау.Болжам жасаудағы негізгі мақсат - инвестициялық ахуалды құрайтын және болашақта инвестициялық нарық жағдайына әсер ететін факторларды анықтау.
Сурет 2.Инвестициялық нарықтың жәй-күйін зерттеу сатылары
Мониторинг - инвестициялық белсенділікті,яғни сұраныс,ұсыныс,баға мен бәсекені сипаттайтын көрсеткіштер жүйесінің өзгерісін ағымдағы бақылау.Инвестициялық нарықтың ағымдағы жәй-күйін талдау-инвестициялық нарықтың жекелеген сегменттеріндегі өзгерістерді өткен кезеңдегі өзгерістермен салыстырып талдау арқылы нарықтың даму бағыттарын анықтау.Нарықтың жәй-күйін болжау инвестициялық қызмет стратегиясының бағыттарын таңдау және инвестициялық қоржынды қалыптастыру үшін қажет.Болжаудың басты мақсаты-болашақта нарықтың жәй-күйін анықтайтын факторлардың даму бағыттарын ашып көрсету.
Ұзақ мерзімді болжам-нақты инвестициялаудың ірі көлемді капиталсыйымды объектілерін қамтитын инвестициялық стратегияны жасаумен және инвестициялық қоржынды құрумен байланысты.
Орташа мерзімді болжамдар тым капиталсыйымды емес нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолымен инвестициялық қоржынды құру және кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын түзету үшін қажет. Мұндай болжам 1-3 жыл аралығына жасалады. Ал қысқа мерзімді болжам-әртүрлі қысқа мерзімді қаржы құралдарының есебінен инвестициялық қоржынды құру және инвестициялау тактикасын жасау үшін қажет. Қазіргі кезде инвестициялық нарықтың жәй-күйін болжау мынадай екі негізгі әдіспен жүзеге асырылады: негізгі (фундаменттік) және техникалық.
Негізгі әдіс нарықтағы сұраныс, ұсыныс, баға мен бәсеке деңгейіне әсер ететін жалпы экономикалық және ішкі нарықтық факторларды зерттеуге және болжанатын кезең ішінде осы факторларды өзгерту мүмкіндігін анықтауға негізделеді.Техникалық әдіс-болжанатын кезеңдегі талдау үдерісінде анықталынған жәй-күйдің даму бағыттарын таратуға негізделеді.Негізгі әдіс ұзақ және орта мерзімді болжамдар үшін, ал техникалық әдіс қысқа мерзімді болжамдарды жасауда қолданылады. Бұл әдістер тәжірибе жүзінде эксперттік бағалау әдісімен толықтырылады. Инвестициялық қызметтің негізгі объектісі айналым қаражаты деп түсінетін кейбір қазақстандық экономистер. Бұл экономистер инвестицияның күрделі қаржыдан басты айырмашылығы инвестицияларды қамту негізгі капиталға салынған қаражат салымдарымен қатар, айналым қаражаттарын толықтыруға бағытталғандығында деп есеп Егер ағымдағы өндірістің белгілі-бір бөлігі негізгі капитал көлемін көбейту ісінде пайдаланылатын болса, инвестициялар кеңінен орын алады. Біздің пікірімізше, жеткілікті түрде толық әрі айқын болмағанымен де, мына келесі анықтаманы негізге алуға болады. Инвестиция дегеніміз -- капиталды толассыз түрде, ұдайы жаңартып, оны қолдап-сүйемелдеп, көлемін ұлғайтып отыруға жұмсалатын ақша қаражатының шығындары деген мәнге ие.
Оның үстіне, анықтама пайда табуға мүмкіндік беретін кәсіпкерлік объектілерге бағытталған салымдарды ғана камтиды. Шетелдерде теория және тәжірибе жүзінде кеңінен танымал болғанындай, инвестиция тиімділігіне баға беру кезінде оның тек қаржылық тиімділігі ғана емес, материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтары және оларға жұмсалатын қаражат шығындары (мәселен, денсаулық. сақтау, білім беру,
экологиялық жағдайды жақсарту, халықтың әл-ауқатын көтеру және баскалары), сондай-ақ, қоғамымыздың жалпы ұлттық мақсат-мүдделерін көздеп, ескеріп отыратын экономикалық тиімділік сияқты маңызды көрсеткіштері де анықталады.Осыған орай, ҚР-ның "Шетел инвестициялары туралы"Заңында инвестициялардың барлық түрлері бірдей қамтып көрсетілмегендіктен, біздің ойымызша, ағымдағы шығындардьң инвестицияға қатысы жоқ және өндіріске қатыстырылатын инвестицияларды қарастырғанда, біз негізгі өндірістік және өндірістік емес қорларға салынатын бір жолғы салымдар мен материалдық запастарды ғана ескеретін боламыз. Сонымен қатар, инвестиция ұғымыньң күрделі қаржы ұғымына қарағанда анағұрлым терең екендігін атап өткен жөн. Өйткені күрделі қаржы -- негізгі капиталды қайта құру мақсатында жұмсалатын шығындар, ал инвестициялар болса, материалдық активтерге, портфельдік инвестицияларға, материалдық, емес активтерге салынған қаражат салымдары. Бұл салымдар, біріншіден, жанама түрде қаржылық аспаптар арқылы материалдық байлықты молайтады, екіншіден, материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтардың мейлінше өсе түсуіне ықпал етеді. Инвестицияның ақшалай капиталдан ерекшелігі - инвестиция капиталды құрылуымен, нақты физикалық ұғымдағы физикалық капиталдың ұлғаюымен байланысты. Материалдық байлық, құрып және оны молайта түсу, коғамымыздың тұрмыс халін жақсарту,инвестициялаудың негізгі мақсаты болғандықтан, күрделі қаржыларды негізгі қорға айналдыру процесі инвестицияның классикалық, анықтамасына сай келетіндіктен, "инвестиция" ұғымын қолдану кезінде оған жан-жақты түсініктеме беріп отырған орынды. Инвестициялау процесі инвестициялық ресурстардың материалдық, байлықтарға және материалдық емес кұндылыктарға айналу процесі [6].
Тек нарықтық экономика жағдайына өту жоспарлы экономикаға ғана тең "күрделі қаржы" ұғымы санатында құнды қағаздары және басқа да қаржылық активтері бар "инвестиция" ұғымына алмастырып қойған жоқ, сондай-ақ, өндіргіш күштердің ғылыми-техникалық тұрғыда өркендеуі жалпы мәдениеттің алға басып, өркен жаюы жағдайында олардың жоғары индустриялық жүйелерінің қалыптасуы және де қоғамымыздьң жалпы ұлтгық мақсат-мүдделерінің ролі мен мағынасының күшеюі ғылыми-техникалық және әлеуметтік салаларды қаржыландырудың еліміздің материалдық байлықтары мен қоғамдық құндылықтарына салынатын салым екендігін танытып мойындатуға ықпалды әсерін тигізді. Сонымен, біз "инвестиция" деген ұғымда қаржылык аспаптар, инновациялық салалар арқылы материалдық байлықтарға және қоғамымыздьң материалдық емес құндылықтарына тікелей немесе жанама түрде салынған инвестициялық, ресурстарды түсінеміз. Негізгі капиталға салынатын инвестициялық ресурстардың белгілі-бір бөлігі күрделі қаржының көлемімен бірдей. Осыған орай, біз ол көрсеткішті бұдан былайғы уақытта негізгі капиталға салынған инвестиция немесе күрделі қаржы деп атайтын боламыз. Инвестициялардың қандай түрлері болмасын капитал көлемінде әркайсысының атқарар рөлі әрқилы болға нымен де, олардың еліміздің экономикасын өркендетудегі маңызы зор.
Оның үстіне, анықтама пайда табуға мүмкіндік беретін кәсіпкерлік объектілерге бағытталған салымдарды ғана камтиды. Шетелдерде теория және тәжірибе жүзінде кеңінен танымал болғанындай, инвестиция тиімділігіне баға беру кезінде оның тек қаржылық тиімділігі ғана емес, материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтары және оларға жұмсалатын қаражат шығындары мәселен, денсаулық. сақтау, білім беру. Негізгі капиталды қайта жаңарту ісіндегі алатын орны тұғысынан қарағанда, инвестициялардың атқарар рөлдері мына төмендегідей қалыппен сараланып бөлінеді: жалпы және бүтіндей инвестициялар; негізгі капиталды көбейтуге бағытталған таза инвестиция; істен шықанның орнын толтыруға бағытталған инвестиция. Экономикалық әдебиеттерде инвестициялардың қалыптасуына әсер ететін факторларға сәйкес оларды туынды және индукциялы, автономдыТуынды инвестициялардың динамикасы, әдетте, экономикалық жүйенің ішкі (эндогенді) факторларына, яғни, ұлттық табыс пен тұтынушылық сұраныстағы өзгерістерге байланысты болады. Автономды инвестициялардың өсуіне экзогенді факторлар ғылыми-техникалық прогресс Халықаралық және отандық тәжірибеде инвестицияларды мақсатты бағытталуына байланысты келесі түрлерге бөліп карайды [7] .
Заттай активтерге жұмсалған инвестициялар өндіріс ғимараттарын, құрылғыларды, сондай-ақ қызмет ету мерізімі бір жылдан жоғары болып келетін активтерге қаражат жұмсалуын сипаттайды.Қаржылық активтерге жұмсалған инвестициялар бұл басқадай заңды және жеке тұлғалардың құрылтайшылық, қызметіне араласуы негізінде, яғни, үлесті бағалы қағаздарды немесе қарызды міндеттемелерді сатып алу арқылы ақшалай сома алу құқығын сипаттайды.Материалды емес активтерге жұмсалған инвестициялар бұл қандай да бір кәсіпкерлікпен айналысатын шаруашылық субъектілерінің қызмет етуіне, сондай-ақ сауда белгілерін даярлауға, лицензия алуға және тағы басқаларға жұмсалған қаражаттарды білдіреді. Заттай активтерге жұмсалған инвестициялар озінің пайдалану аясы бойынша келесідей, өнідіріс тиімділігін арттыруға жұмсалған қаражаттар, яғни, өндірістегі құрал-жабықтарды, құрылғыларды және т. 6. ауыстыру нәтижесінде өндіріс шығындарының төмендігін қамтамасыз етуді сипаттайды;өндірісті кеңейтуге жұмсалңан инвестициялар.Оның басты міндеті:
- тауарлар шығару, мүліктерін кеңейту болып табылады;
- жаңа өндіріс орнын салуға жұмсалған инвестициялар, яғни, жаңа тауарлар өндіруге немесе жаңа қызмет түрлерін көрсетуге бағытталған кәсіпорындарды салуды қамтамасыз етуді сипаттайды.
Экономикалық, түрлендірулерді жүзеге асыруда, сондай-ақ, жаңа кәсіпкерлік қызмет түрлерін дамытуға пайдаланатын инвестицияларды олардың экономикалық, мазмұнына қарай әртүрлі нысанда бөліп қарастырады. Оның ішінде бізге танымалы Мыналар: Ссудалық капитал нысанындағы инвестициялар -- инвестицияның ссудалық қарыз немесе әртүрлі несие нысандарында пайдалануын сипаттайды. Кәсіпкерлік нысанындағы инвестициялар кәсіпкерлік капиталдың тікелей және жанама нысанында пайдаланылуын білдіреді. Кәсіпкерлік капиталдың тікелей нысанында пайдаланылуы тікелей инвестицияларды білдірсе, ал жанама нысандарында пайдаланылуы портфелдік инвестицияларды сипаттайды. Тікелей инвестициялар өндірістік кәсіпорындарға тікелей қаражат жұмсаумен байланысты экономикалық қатынастар жиынын білдірсе, ал портфелдік инвестициялар - бұл инвестициялық процеске қатысушы банктердің, әртүрлі қорлардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың немесе мекемелердің бағалы қағаздарын, акция, облигацияларын, сертификаттарын сатып алу негізінде қаржы жұмсаумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді. Қазақстанның экономикалық, дамуына жұмсалған инвестициялардың нысандарына байланысты үлес салмағын талдау нәтижесі портфельдік инвестициялардың пайдалануы өте төмен көрсеткішке ие
болуын сипаттайды [8].
Әрине, бұл жағдай еліміздегі бағалы қағаздар нарығының аса дамымауымен байланысты. Сонымен қатар, инвестицияларды меншік нысанына байланысты келесідей түрде бөліп қарауға болады:
- мемлекеттік меншік нысанындағы инвестициялар мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруды сипаттайды, оның жұмсалу бағыты;
- жекеменшік капитал нысанындағы инвестициялар кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұлттық шаруашылық субъектілерінің өз қаражаттары мен тартылған қаражаттарының жиынтығын сипаттайды.
Мұндай мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы инвестицияларды бір сөзбен отандық инвестициялар деп те атайды. Шетелдік капитал нысанындағы инвестициялар шет мемлекеттерден, оның ішінде халықаралық қаржы ұйымдарынан таратылатын қаражаттар болып табылады. Сондықтан да осындай сараптаулар алуан-түрлі салымдардың қозғалыс дәрежелерін, олардың сұраныстың төлем қабілеттілігіне тәуелділік деңгейін, сондай-ақ, өсу шегі мен динамикасының өздеріне тән ерекшеліктерін атап көрсету мақсатында инвестициялық қызметтің теориялық үлгілерінде кеңінен қолданылады. Инвестициялық процестерді талдау инвестициялардың өсуі жалпы ұлттық өнімнің мультипликативті түрде өсуіне ықпал ететіндігін көрсетеді.
Басқаша айтқанда, инвестицияға жұмсалған қаражат -- "жоғары қуатты ақша". Мемлекеттік инвестициялардың көбеюі осындай нәтижелерге қол жеткізеді. Экономикалық теорияда мұндай құбылысты инвестицияның және мемлекеттік шығындардың жалпы ұлттық өнімге мулътипликативті әсері деп атайды.Инвестицияның қозғалыс қарқынын пайда, кіріс және экономикалық дамудың қозғалыс қарқынымен байланыстырып отырған осы тәуелділік ең алғаш рет Дж. М. Кейнстің концепцияларында мазмұндалып, тұжырымдалған, Кейнсиандықтардың пайымдаулары бойынша, осы тәуелділік ақша қаражатын құру тұрғысында қаралады. Бұл теорияның басты мазмұны сол, алғашқы инвестицияланған ақша сомасы бастапқы кірістерге айналады. Бұдан соң ол қаражаттың белгілі бөлігі жеке және инвестициялы тұтыну қажеттіліктеріне жұмсалады да, екінші тараптағы кірістерге айналып отырады, яғни, тұтыну көлемін ұлғайту арқылы кіріс көлемін ұлгайтуға инвестициялардың өсуі ықпал етеді. Мультипликаторлардың шамасына сәйкес, мультипликативтік процестердің ұзақтығы мен жалпы тиімділігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кірістің басым көп бөлігі тұтынуға жаратылатын болады. Мультипликатор теориясы бойынша инвестициялар жинақ салымы деңгейіне және басқа да көптеген факторларға тәуелді екенін көреміз. Мультипликатор дегенді барлық жиынтық кіріс (∆В) көлемінің өзгеруі, инвестицияның (∆И) өзгеруі аралығындағы тәуелділікті анықтайтын коэффициент (К) деп түсінеміз. Бұл коэффициент инвестиция көлемініц өзгеруі салдарынан туындаған барлық жиынтық кіріс көлемі өзгерісінің инвестиция көлемі өзгерісіне қатынасы арқылы анықталады [9].
Кәсіпкерлік қызметке салынған инвестициялар әртүрлі нысанда жүзеге асырылады. Есептеу,талдау және жоспарлау жұмыстарын жүргізу үшін инвестициялар жекелеген белгілер бойынша жіктеледі. Кәсіпорын инвестицияларының негізгі белгілері бойынша:
1. Капитал салу обьектілеріне қарай: нақты инвестициялар ,қаржылық инвестициялар;
2. Инвестициялауға қатысу сипатына қарай: тікелей инвестициялар, жанама инвестициялар;
3. Инвестициялаудың ұйымдық нысанына қарай: инвестициялық жоба,инвестициялық қоржын;
4. Инвестициялау кезеңіне қарай: қысқа мерзімді инвестициялар,орта мерзімді инвестициялар;ұзақ мерзімді инвестициялар;
5. Инвестицияланатын капиталдың меншік нысанына қарай: жеке инвестициялар;мемлкеттік инвестициялар;
6. Инвестициялардың өңірлерге бөлінуіне байланысты: ұлттық (ішкі) инвестициялар;шетелдік инвестициялар;
7. Тәуекелінің дәрежесі бойынша: тәуекелі төмен(сенімді),тәуекелі жоғары;
8. Әрекет етуіне қарай: алғашқы инвестициялар,кеңейтуге бағытталған инвестициялар, реинвестициялар,негізгі қорларды алмастыруға арналған инвестициялар,әртараптанды руға бағытталған.
Ал жанама инвестициялар деп бағалы қағаздарды шығару және сату арқылы азаматтардың , кәсіпорындардың бос ақша қаражаттарын тартуды айтады. Инвестициялар ұйымдық нысанына қарай инвестициялық жоба және инвестициялық қоржын деп екіге бөлінеді. Инвестициялық жоба- бұл жаңадан құрылатын немесе жаңартылатын материалдық обьектілерге жұмсалынатын қаржы салымдары бойынша жүргізілетін шаралар жүйесі. Шаруашылық жүргізушінің инвестициялық қоржыны бір инвестордың қаржылық инвестициялардың әртүрін біріктіруі. Инвестициялардың жіктеудің келесі белгісі - инвестициялау мерзімі. Бұл белгі бойынша инвестициялар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі:
Қысқа мерзімді инвестициялар - бір жылға дейінгі мерзімге салынған ақша салымдары.Әдетте қаржылық инвестициялар қысқа мерзімді болып келеді;
Орташа мерзімді инвестициялар - кәсіпорынға бір жылдан жоғары бірақ бес жылға дейінгі мерзім ішінде қалыпты табыс көзін қамтамасыз ететін жобаларды жүзеге асыруға салынған ақша қаражаттарын айтады;
Ұзақ мерзімді инвестициялар деп бес жылдан жоғары мерзімге салынған қоржыны айтады.Ұзақ мерзімді инвестициялардың негізгі түріне кәсіпорынның негізгі құралдарын ,өндіріс барысын кеңейтуге жұмсалған капитал салымдарын жатқызуға болады.
Қаржыландыру көзіне байланысты инвестициялар төмендегідей болып бөлінеді:
1. Мемлекеттік инвестициялар- бюджет есебінен,яғни мемлекеттік қаржы көзінен қаржыландырылады;
2. Шетелдік инвестициялар - шетелдік мемлекеттер мен банкілер халықаралық қаржы ұйымдарымен салынады.
3. Жеке инвестициялар- заңды және жеке тұлғалардан тартылады.
Әрекет ету жағынан қарастырғанда инвестициялар мына түрлерге бөлінеді:
1.Алғашқы инвестициялар;
2.Кеңейтуге бағытталған инвестициялар;
3.Реинвестициялар- кәсірпорынның бос қаражатын жаңа құралдарды сатып алуға бағыттау;
4.Негізгі қорларды алмастыруға арналған инвестициялар;
5.Әртараптандыруға бағытталған инвестициялар.
Кәсіпорында инновациялық қызметті жүзеге асыру мақсатында тартылған инвестицияларды инновациялық деп атайды. Кәсіпорында инновациялық инвестицияларды жүзеге асыру екі негізгі формада көрініс табады:
1. Дайын ғылыми - техникалық өнімді сатып алу(жаңалықтарды ойлап табу мен оларды ,ноу-хау);
2. Кәсіпорынның тапсырысы мен немесе ондағы жаңа ғылыми - техникалық өнімді жасақтау.
Инвестициялық қызметті жүзеге асырудағы заңды немесе жеке тұлғалардың қабылдайтын шешімдері инвестициялық шешімдер деп аталады.
1.3 Кәсіпорындағы инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
Жоба түсінігі ағылшын тілінен аударғанда project сөзі-ойдың тууынан бастап оны жүзеге асырып нәтиже алғанға дейінгі толық үдерісті білдіреді. Жоба деп жаңа өндірістік қорларды құру немесе оларды жаңарту,жаңа технологиялық үдерістерді өндіріске енгізу мақсаттарына жетелейтін шаралар жиынын,сондай-ақ осы шараларды жүзеге асыру үшін қажетті техникалық-экономикалық және ұйымдық-қаржылық құжаттар жүйесін айтады [10] .
Инвестициялық жоба- бұл жаңадан құрылатын немесе жаңартылатын материалдық обьектілерге жұмсалынатын қаржы салымдары бойынша жүргізілетін шаралар жүйесі. Шаруашылық жүргізушінің инвестициялық қоржыны бір инвестордың қаржылық инвестициялардың әртүрін біріктіруі. Қазіргі отандық экономика үшін жоба түсінігі тым жаңа ұғым емес. Жоспарлы экономикада жоба деп құрылыстың құжатпен жасақталған жоспарын айтты. Нарықтық қатынастарға өту экономикалық өмірде жаңа терминдер мен түсініктерді қалыптастырады Сонда инвестициялық жоба терминінің екі түсінігі бар:
- біріншіден, инвестициялық жоба-бұл жаңа өндіріс қорларын құру немесе жаңарту,жаңа технологиялық үдерістерді енгізу мақсаттарына жетуге бағытталған шаралар кешені;
- екіншіден, инвестициялық жоба-белгіленген мақсаттарға жетелейтін шаралар кешенін жүзеге асыру үшін қажетті жобаны жүзеге асырудың тиімділігі мен мүмкіншілігін негіздейтін ұйымдық-құқықтық,техникалық -экономикалық құжаттар жүйесі.
Инвестициялық жобалар төмендегідей бірнеше белгілер бойынша жіктеледі:
1. Инвестициялау мақсаттары бойынша:
oo өндіріс көлемінің өсімін қамтамасыз ететін ИЖ;
oo өнімнің ассортиментін кеңейтетін ИЖ;
oo өнім сапасын арттыратын ИЖ;
oo өнімнің өзіндік құнын төмендететін ИЖ;
oo әлеуметтік,экологиялық және т.б. міндеттерді шешуге мүмкінік беретін ИЖ болып бөлінеді.
2. Инвестициялық жобалар ауқымына қарай:
oo шағын;
oo орташа;
oo мегажобалар болып бөлінеді.
3. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мерзіміне қарай:
oo қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі);
oo орта мерзімді (1-5 жыл);
oo ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) жобалар деп ажыратады.
4. Сапасына қарай:
oo қарапайым ИЖ;
oo ақаусыз ИЖ деп бөледі.
Ақаусыз жобалар құны тым қымбат және стандарт талаптарынан сәл ауытқуы апаттық салдарға ұрындыратын салаларға тән (мысалы,атом энергетикасы) болады.
5. Инвестициялық жобалар мақсаттары мен қызмет ету аумағының анықталуы бойынша мынадай екі түрге бөлінеді:
oo мультижобалар;
oo моножобалар.
Мультижобалар деп тапсырыс берушінің инвестициялық бағдарламасының аясында бірнеше тапсырыстарды орындауды айтады.Егер кәсіпорын қандай да бір себептермен бірнеше шұғыл жобаларды жүзеге асырса,онда олардың жиынтығы кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасын құрайды.
Моножоба-бұл әртүрлі типтегі,түрдегі және ауқымдағы жекелеген жоба.
Мегажобалар-бұл құрамына моно және мультижобаларды қамтитын жекелеген өңірлерді,салаларды дамытудың мақсатты бағдарламалары.
6. Қаржыландыру көздеріне қарай:
oo ішкі көздерден қаржыландырылатын ИЖ;
oo акция шығару арқылы қаржыландырылатын ИЖ;
oo несие алу жолымен қаржыландырылатын ИЖ;
oo аралас қаржыландыру нысанындағы ИЖ.
Шетелдік тәжірибеде кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі типтеріне мыналар жатады:
1. Ескірген құрал-жабдықтарды ауыстыру жобасы. Әдетте мұндай
жобалар ескірген құрал-жабдықтарды ауыстыру жөнінде ұзақ уақыт бойына шешім қабылдауды талап етпейді.Егер ескірген құрал-жабдықтардың бірнеше типтері болса,онда оларды ауыстыру үшін ішінен артықшылығы барларын таңдап алады;
2. Ағымдағы өндіріс шығындарды төмендету мақсатында құрал-
жабдықтарды ауыстыру жобасы. Мұндай жобаның мақсаты-жұмыс істеп жатқан құрал-жабдықты неғұрлым жетілдірілген түріне ауыстыру арқылы жоғары тиімділікті қамтамасыз ету.Жобаның бұл түрі әрбәр құрал-жабдықтың тиімділігін жете талдауды талап етеді.Өйткені техникалық жағынан жетілдірілген деп саналатын құрал-жабдықтар қаржылық тұрғыдан тиімсіз болуы әбден мүмкін;
3. Өнім шығару көлемін арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңейту жобасы. Жобалардың бұл түрі кәсіпорын басшысы тарапынан
дұрыс жауапты шешім қабылдауды талап етеді.Мұнда өнімді сату көлемін арттырудың табыстың өсуіне алып келу-келмеуін анықтауға мүмкіндік беретін жобаның қаржылық тиімділігі мен жобаның нарықтағы ауқымын ұлғайтудағы оның коммерциялық орындалуын тиянақты етіп талдау маңызды;
4. Жаңа өнім түрлерін шығару мақсатымен кәсіпорынды кеңейту жобасы.Бұл жобалар-бизнестің мәнін түбегейлі өзгертетін,жаңа
стратегиялық шешімдер нәтижесі болып табылады.Мұндай жобаларды жасауда жіберілген қандай да бір қателік кәсіпорынды қалайда сәтсіздіктерге ұрындырады;
5. Экологиялық салдары бар жобалар. Экологиялық талдау инвестициялық жобалаудың аса қажет элементі болып табылады.Экологиялық салдары бар жобалар өздерінің табиғаты жағынан қоршаған ортаның ластануымен байланысты болғандықтан,мұндай талдау барынша қиынырақ болады.
Мұндағы басты диллема (екеуінің бірін таңдау) - қаржылық белгілердің көмегімен жобаның төмендегі қай нұсқасына тоқтау керектігін шешу және дәлелдеу қажет,яғни:
1) Құрал-жабдықтың аса жетілген және қымбат түрін қолданып,капитал шығындарын көбейту;
2) Құрал-жабдықтың аса қымбат емес түрін қолданып,ағымдағы шығындарды көбейту;
3) Шешім қабылдауда жауаптылығы аса маңызды емес жобалар.
Мұндай жобаларға жаңа кеңселер салу,жаңа автокөліктер сатып алу және т.с.с. жатады.
Кез келген құбылыстың өмірлік циклы деп оның басталғаннан аяқталғанына дейінгі уақыт аралығын айтады.Жобаны жүзеге асырудағы алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудің белгіленген кезеңі инвестициялық жобаның өмірлік циклы деп аталады. Инвестициялық жобалардың даму негізгі 5 кезеңнен тұрады [11]:
1. Жобаны тұжырымдау.Бұл кезеңде кәсіпорын басшылығы
кәсіпорынның ағымдағы жағдайын талдап,кәсіпорынның ары қарай дамуының басым бағыттарын анықтайды.Талдау нәтижесі-бизнес-идея ретінде рәсімделіп,кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады;
2. Жобаны дайындау.Жобаның биснес-идеясы бастапқы тексеруден
өтеді,оны дұрыс,не бұрыс деп тиянақты шешім қабылдағанға дейін жобаны жетілдіру қажет.Бұл кезеңде жоба комерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық тұрғыдан нақтылауды және жетілдіруді талап етеді;
3. Жобаны сараптау.Жобаны іске асыру алдында оған сапалы,білікті
сараптама жүргізіледі.Егер жобаны стратегиялық инвестор қаржыландыратын (нақты және қоржындыинвестиция) болса,онда инвестор өзіне қызмет ететін консалтингтік фирманың көмегімен өзі сараптама жүргізеді;
4. Жобаны жүзеге асыру кезеңі бизнес-идеяның дамуынан бастап объектіні пайдалануға бергенге дейінгі уақытты қамтиды.Мұнда барлық қызмет түрлерінің орындалуын қадағалауды мемлекеттік реттеуші органдар,шетелдік немесе отандық инвесторлар жүргізеді.Жобаны жүзеге асыру кезеңі-негізгі кезең болып табылады,оның негізгі мақсаты-бастапқы инвестицияны өтеу және инвестордың жұмсаған қаражатын қайтару үшін жобадан түсетін ақша ағындарының жеткіліктілігін анықтау;
5. Нәтижелерді бағалау кезеңі жобаның соңында,оны орындау барысында жүргізіледі.Оның мақсаты болып жобаға салынған бизнес-идеяныңоны нақты іске асыру арасындағы нақты байланысты алу табылады.Мұндай салыстырулардың нәтижесінде жобаны жасаушылар аса құнды тәжірибе жинақтайды және оны басқа жобаларды жүзеге асыруда қолданады.
Инвестициялық жобаның (ИЖ) өмірлік циклы экономикалық мазмұнына қарай 4 фазадан өтеді (Қосымша Б).Инвестициялық жобаның өмірлік циклы фазалары:
-ИЖ-ның инвестиция алды фазасы;
-ИЖ-ның инвестициялық фазасы;
-ИЖ-ны пайдалану фазасы;
-ИЖ-ны жою фазасы .
Жобаны жасаудың келесі кезеңдерінде алдын-ала жасалынған есептеулер бизнес-жоспардың немесе жобаның техникалық-экономикалық дәлелдемесінің негізін құрайды.Инвестициялық жобалауда бизнес-жоспар мен техникалық-экономикалық негіздеме терминдері синонимдер болып табылады.
Қазіргі кездегі отандық тәжірибедегі инвестициялық жобаның өмірлік циклының әрбір фазасын толығырақ қарастырайық. Инвестициялық жобаның инвестиция алды фазасы мыналарды қамтиды:
- Инвестициялық бизнес-идеяларды алдын ала дәлелдеу және таңдау;
- Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарын жүргізу;
- Инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу;
- Жобаны алдын-ала техника-экономикалық негіздеу.
Инвестициялық бизнесидеялардың қалыптасуы мыналарды қарастырады:
- Техникалық-ғылыми шешімді инновациялық, патенттік, экологиялық талдау;
- Сертификаттық талаптарды орындау қажеттігін тексеру;
- Қалыптасқан бизнес-идеяларды жергілікті басқару органдарымен алдын ала келісу.
Инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу мыналардан құралады:
- Экспорт пен импортты есепке ала отырып өнімге сұранысты алдын ала зерттеу;
- Өнімнің (тауар,қызмет) базалық,ағымдағы және болжанатын бағасының деңгейін бағалау;
- Жобаны жүзеге асырудың ұйымдық-құқықтық нысаны мен оның қатысушыларының құрамы бойынша ұсыныстар дайындау;
- Инвестициялық жобаның экономикалық,қоғамдық және коммерциялық тиімділігін алдын ала бағалау;
- Жобалау-іздестіру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz