Жамбыл Жабаев - жүз жасаған бәйтерек



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жамбыл Жабаев - жүз жасаған бәйтерек
Жамбыл Жабаев- жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең-жырмен өткізген қазақ халқының ұлы ақыны, өлең сөздің дүлдүлі, қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы. Ұлт мақтанышы Жамбыл тауынының маңында, қазіргі Отар станциясының солтүстік-шығысында, Шу өзенінің жоғарғы жағында дүниеге келген. Сөйтіп, баланы таудың құрметіне орай Жамбыл деп атапты.
"Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей - көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым содан", - дейді Жамбыл ақын.
Жамбылдың бойындағы ерекше дарыны, тым өзгеше таланты қыстың күні ерте бүршік атқан бәйшешектей жас кезінен ақ таныла бастаған екен. Ал жас ақынның бойындағы талантын әрі қарай ашқан, бала ақынға көптеген ақыл беріп, сөз өнерін сүйе білуге баулыған айтыс өнерінің майталманы - Сүйінбай Аронұлы болды. Яғни, Жамбыл жасынан өлең жырға қанып өскен, өз анасы Ұлданның ақындық талантын бойына сіңірген, менің пірім - Сүйінбай, -деп Жамбылдың өзі жырға қосқандай, Сүйінбай Аронұлы ақынның талантын көріп, Балам,өз өлеңінді шығар, бірақ оны жұрт жаттап алатын, ешкім ұмытпайтын өлең болсын, сенің өлеңін жеке адамдардың көңілін көтеріп, солардың сүйініп отыратын өлеңі болмасын, бүкіл халықтың сүйіп тыңдайтын өлеңі болсын. Көмекейің емес, жүрегің сөйлейтін болсын. Шындықты айт, әділдікті жырла, көне тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, тың жолға, даңғыл жолға түс, төңірегіңде не болып жатыр, соны аңғар, соны біл, - депті. Жамбыл бабамыз қолынан қаламы түскенше осы өсиетті өлеңдеріне серік қылды. Бұған дәлел Жамбыл атамыздың шындық пен әділдікті басты жалау еткен, халықтың мұңын мұңдап, жоғын түгендеп, сөзін сөйлеген өлең-жырлары. Жыраудың өз замандастарынан ерекше бір қасиеті шындықты бетің бар, жүзің бар демей, әрқашан тура айтқан. Ақын өтірікті, жағымпаздықты өлердей жек көрді, адамгершілік ар-намысты бәрінен жоғары қойды. Ақындық өнерді сән үшін емес, қарапайым халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтау үшін пайдалану қажет екенін түсінеді. Ақынның көп жырлаған тақырыбы - жарлы мен жалшының, кедей-кепшіктің азапты өмірі, аянышты күйі. Ақын Жылқышыға өлеңінде:
Сары түнде сарылып кірпік ілмей,
Салқын күзде бір жылы үйді білмей.
Сахарада салақтап күндіз-түні,
Бұралқы ит пен малшының сиқы бірдей, -
десе, Сараң бай мен жомарт кедей өлеңінде:
Малы көп бай ертемен жейді қаймақ,
Қой шығарып, кедей жүр қозыны айдап
Ең болмаса айранға тойғызса деп,
Жатса-тұрса тілейді А, Құдайлап,-
деп, бай мен кедейдің арақатынасын шыншылдықпен суреттеген.
Жүрегі жүз жыл жырлап өткен ақынның өмір бойғы мұрасын жинап, жазып алып, кейінгі ұрпаққа жеткізе алғанда не болар еді? Ал, заты қазақ жырауларының байтақ мұрасы хатқа түсіп, сақталғанда ше? Неше том болар еді? Кітапханаларға сияр ма еді, симас па еді? Осындайда Әбділда Тәжібаевтың: Қазақ жыраулары миллиондаған жыр шумақтарын жатқа білген. Эпосты жырлаудың алдында сан түрлі тақырыптарды шолып, толғысқа түскен. Содан соң барып эпостың өзіне көшкен. Қазақ жырауларының желісінің өзі бірнеше күнге созылған,-деген сөзі еске түседі.Бабамыздың артынан қалған дүниелер мен мұралар біз үшін,болашақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыр алабы - Жамбыл
Ж. Жабаев творчествосын зерттеудің қазіргі жай-күйі мен маңызды мәселелері
Жамбылдың Жабаевтың дастандары
Жамбылдың ұстазы еді майкөт ақын
Ж.Жабаевтың өмірі мен өнер жолы жайлы
Ж.Жабаевтың өмірі мен өнер жолы
Жамбыл және оның ақындық ортасы
Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің тарихы мен қызметі
Ж. Жабаев поэзиясындағы азаматтық сарын, елшілдік сана мен рухтың көрінісі. Омар Шипин поэзиясы және азаттық рух
Мектепте Жамбыл Жабаев өлеңдерін оқыту жолдары
Пәндер