Жүсіп Қуандық Пазылұлы


Жүсіп Қуандық Пазылұлы.
Жүсіп Қуандық Пазылұлы - 02. 11. 1941 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, қазіргі Мәшһүр - Жүсіп аулында ( бұрын «Жаңа жол » колхозы атанған ) туған.
1959 жылы Баян қазақ орта мектебін бітірген.
1959- 1964 жылдары Алматыдағы Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институтының тарих - филология факультетінде оқып, қазақ тілі, әдебиеті және тарих мұғалімі мамандығын алды.
01. 11. 1964 - 31. 12. 1967 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты аспирантурасында оқыды.
01. 01. 1968 жылдан бастап Қазақ ССР Жоғары және арнаулы орта білім министрлігі жолдамасымкен Семейдің Н. К. Крупская атындағы педагогикалық институтындағы қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы болып қызметке орналасты.
11. 06. 1969 жылы Қазақ ССР - ға М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ғылыми кеңесінде « Қазақ прозасындағы тартыс және жаңа адам » - тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
1973 жылдан соң кафедраның доценті және кафедра меңгерушісі болып істеді. (1978 жылға дейін) .
08. 04. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясындағы М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д. 53. 34. 01. мамандандырылған кеңесінде « Қазіргі қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік » тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
22. 11. 1996 жылы Қазақстан Республикасының министрлер кабинеті жанындағы жоғары аттестациялық комиссиясы шешімімен оған әдебиеттану мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
01. 09. 1995 - 31. 07. 1997 жылдар аралығында Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік - техникалық институтында « Филологиялық пәндер » кафедрасының меңгерушісі және Екібастұз жоғары педагогикалық колледжінде қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарады.
1997 жылдан бастап 2008 жылға дейін С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіндегі қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, қазіргі уақытта қазақ филологиясы кафедрасының Құрметті кафедра меңгерушісі болып істейді.
Қуандық Пазылұлы 2003 жылдан бастап шыға бастаған Мәшһүр Жүсіп шығармаларының 20 томдығының жауапты редакторы ретінде еңбек атқарады.
01. 01. 1968 жылдан күні бүгінгіге дейін, яғни 47 жыл бойы жоғары оқу орнында дәріс оқып келеді.
Марапаттары:
1991 жылы Қазақстан Жоғарғы білім министрлігі «Қазақстанның ағарту ісінің үздігі » (« Отличник просвещения Казахстана ») белгісін алды.
2001 жылдың 29 қазанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі « Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін » белгісімен марапатталды.
1979 жылдан СССР Жазушылар Одағының, 1992 жылдан - Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
2008 жылы « 10 жыл Астана » белгісімен,
2011 жылы « Тәуелсіздіктің 20 жылдығы » медалінің иегері.
2012 жылы « Құрмет » орденімен марапатталды.
2014 жылы Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін « Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды.
Еңбектері:
Қ. П. Жүсіп әдістеме саласында 60 жылдардың соңынан бері жүйелі әрі табанды түрде ғылыми зерттеулер жүргізіп келген.
Ғалымның « Өлең - сөздің патшасы » (1991)
« Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік » (1999)
« Көркем сөздің құдіреті » (2000) атты іргелі зерттеу кітаптары мен республикалық басылымдарда жарияланған 150- ге жуық ғылыми мақаласы ғалымдар тарапынан жақсы бағаланған.
Ғалым Қ. П. Жүсіп мектепте әдебиетті оқыту мәселелеріне ерекше көңіл бөліп келген. « Мектепте қазақ әдебиетін оқыту » (2003) атты еңбегі жарық көрген.
Автор мақалалары 1983 - 2009 жылдары республикалық журналдарда үзбей басылып келді. Бұған дейін осы мәселелерді қамтыған оның
« Көркем сөздің құдіреті » және « Мектепке қазақ әдебиетін оқыту » кітаптары жарық көрді. Бұл еңбектің үшінші нұсқасындағы бірінші бөлім мектепте өлең оқыту ерекшеліктеріне арналса, екіншіден эпостық шығарманы оқыту ізденістері сарапталады. Атап айтқанда, С. Торайғыровтың « Кім жазықты », М. Жұмабаевтың « Батыр Баян », С. Сейфуллиннің « Көкшетау », І. Жансүгіровтың « Құлагер », М. Мақатаевтың « Аққулар ұйықтағанда » шығармаларын оқыту мәселелері кең қарастырылған.
« Көркем шығарма тілін таныту » деп аталатын еңбектің үшінші бөлімі мемлекеттік тілге мән берудің не бір озық үлгілерін ұсынып, дәлелдеуге құрылған.
Шығармалары: « Үлкен өмір », « Жоғары кластағылар ».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz