Әміре Қашаубаев



Әміре сахнада. Ол халық сыймай отырған залды бір шолып өтіп, домбырасына қарады.Әміре залдағылардың құлағын жарып кететіндей бір-екі айқай дыбыстар алды, бірақ тек бастауы екен.Онысы залдың дыбыс ерекшелігін байқауы дегені болу керек.Енді аз ғана уақыт өткенде әнші залды да, онда құлаққа ұрған танадай болып тыңдап отырған көрерменді де ұмытып кеткендей болды. Әміренің даусы күннің күркірегеніндей кейде аспанды жерге түсіріп дүрілдеп, кейде баяу соққан желмен қозғалған бидайықтың шашағындай сусылдап,сыбырлап кетеді,-дейді.1927жылы сәуір айында Мәскеуде болған бүкілодақтық кеңестер құрылтайында шыққан концертке жазылған бір мақалада.Әміренің аты тек Қазақстан емес,бүкіл Одаққа,бүкіл Еуропаға әйгі болды. Әміре арқылы қазақтың әншілік өнері мемлекттік шекраны сонау жиырмасыншы жылдардың ортасында-ақ аттап өтті, орыстың, батыстың ұлы мәдениет қайраткерлерінің ауыздарына түсті.Әміре-қазақтың қалай мақтасада,қалай мақтансада, сия беретін асқан өнерпазы.
Әміре 1888жылы Семей облысы,Абралы ауданына қарасты Дегелең тауының етегінде туды.Әкесі Қашаубай кедей болып, күнбе-күнгі өмірді қуып жүрді.Қашаубай көп ұзамай Семейге көшіп барады.Қалада да кәсіп істеу оңай болған жоқ.Қашаубай әрең дегенде үй ішін асырап отырды. Бірақ жасынан бейнет шегіп,иықбасты болып қалған Қашаубай денесі нашарлап,қажып,бара-бара қара жұмысқа жарамайтын халге келді.Ал Әміренің шешесі Тойған да үй-ішінің ұсақ-түйегі болмаса білекпен келетін ауыр жұмысқа о да жармай қалды.Мұның бәрі келіп,ақыры жас Әміренің мойнына үлкен ауыр бейнет қамытын кигізудің басы болды. Басқа амал болмаған соң жас Әміре Жаңа Семей жағында тұратын Исабек деген байдың көлік айдаушысы болады. Әміре ыңылдап әндетіп жүретін болды.Бара-бара
Әміре дауыстап ,өзінің үн қабілетінің барлығын сезіп,кей кездерде ат айдаушы екенің ұмытып кетіп,әннің қызығына түсіп, қожасынан, біздің

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Әміре Қашаубаев
Әміре сахнада. Ол халық сыймай отырған залды бір шолып өтіп, домбырасына
қарады.Әміре залдағылардың құлағын жарып кететіндей бір-екі айқай дыбыстар
алды, бірақ тек бастауы екен.Онысы залдың дыбыс ерекшелігін байқауы дегені
болу керек.Енді аз ғана уақыт өткенде әнші залды да, онда құлаққа ұрған
танадай болып тыңдап отырған көрерменді де ұмытып кеткендей болды. Әміренің
даусы күннің күркірегеніндей кейде аспанды жерге түсіріп дүрілдеп, кейде
баяу соққан желмен қозғалған бидайықтың шашағындай сусылдап,сыбырлап
кетеді,-дейді.1927жылы сәуір айында Мәскеуде болған бүкілодақтық кеңестер
құрылтайында шыққан концертке жазылған бір мақалада.Әміренің аты тек
Қазақстан емес,бүкіл Одаққа,бүкіл Еуропаға әйгі болды. Әміре арқылы
қазақтың әншілік өнері мемлекттік шекраны сонау жиырмасыншы жылдардың
ортасында-ақ аттап өтті, орыстың, батыстың ұлы мәдениет қайраткерлерінің
ауыздарына түсті.Әміре-қазақтың қалай мақтасада,қалай мақтансада, сия
беретін асқан өнерпазы.
Әміре 1888жылы Семей облысы,Абралы ауданына қарасты Дегелең тауының
етегінде туды.Әкесі Қашаубай кедей болып, күнбе-күнгі өмірді қуып
жүрді.Қашаубай көп ұзамай Семейге көшіп барады.Қалада да кәсіп істеу оңай
болған жоқ.Қашаубай әрең дегенде үй ішін асырап отырды. Бірақ жасынан
бейнет шегіп,иықбасты болып қалған Қашаубай денесі нашарлап,қажып,бара-бара
қара жұмысқа жарамайтын халге келді.Ал Әміренің шешесі Тойған да үй-ішінің
ұсақ-түйегі болмаса білекпен келетін ауыр жұмысқа о да жармай қалды.Мұның
бәрі келіп,ақыры жас Әміренің мойнына үлкен ауыр бейнет қамытын кигізудің
басы болды. Басқа амал болмаған соң жас Әміре Жаңа Семей жағында тұратын
Исабек деген байдың көлік айдаушысы болады. Әміре ыңылдап әндетіп жүретін
болды.Бара-бара
Әміре дауыстап ,өзінің үн қабілетінің барлығын сезіп,кей кездерде ат
айдаушы екенің ұмытып кетіп,әннің қызығына түсіп, қожасынан, біздің
тілімізбен айтқанда, қатаң сөгістер алып қалып жүрді.Бірақ оның бәрі де
Әміре үшін мәнді нәрсе емес, әйтеуір аузының бостығы да әбиір болып, осы
алған бетінен қайтпайды.
Әкесінің айта қалғандай өнері жоқ болса да жаман Қашаубайдың баласының
музыкаға деген қабілеті оның атшылығынан бұрын әнші бала, бері келе әнші
жігіт деген атағын шығарды.Көшенің екі жағында тұрған, ашық қақпаның ішінде
самауыр қайып жүген қыз-келіншек, кешкі тұрым әңгіме дүкен құрып отыратын
үлкендер тобы, ойында жүрген бозбала фаетонның ешкісінде отырып, арбаның
доңғалығының айналған ырғағымен қосылып, кешкі Ертісті жаңғыртып салып бара
жатқан Әміренің әнің сілтідей тынып тыңдап тұрысты.Бүкіл Жаңа Семей болып
Әмірені жақсы білетін болды.Ол арада болған ойын-сауық Әміресіз өтпейтін
болды. Әншілігінің үстіне әсем мінезді, ақ көңіл жігіт халықтың назарын
үнемі өзіне тез аударып алатын. Осындай екі бірдей қасиетінің арқасында
Әміренің атағы көп ұзамай Ертісті кесіп өтіп, Семейдің қаласына жетуге
айналды. Бұрынғы, бұрынғы ма, енді Қашаубайдың баласы бүкіл қаланы аузына
қаратуға айналды. Мұның бәрі де Исабек байға ұнамай, ол қалайда Әміренің
мына бір кедейге келіспейтін қылығын тоқтатқысы келді. Сондықтан бір жерге
қадап қою мақсатымен, Әмірені тері күзеттіріп қояды.Ондағысы Әміренің
жолын кесіп тастау әншіні сүйген халықтан айыру еді. Бірақ ол мақсатына
Исабек жете алмады.Әміренің даусы түнгі Семейді тегіс аралап көше бойы
қыдырып, сайрандаған жастар терезесін ашып қойған ән құмар үлкендер
құлақтарын тосып тыңдап ләззат алды.Жаратылыстан күшті дауыс кешкітұрым
салқынмен бұрынғыдан да дүрілдеп,мына байлаудан құтқар, еркіндікке жібер,
қанатымды бір қарыштайын, аспанға бір шырқайын деген сияқты болып, Әміренің
даусы өзінен бұрын Исабектің сасық иісті тері қоймасынан іргені аулақ сұрап
тұрғандай, Арқаның жазығына, Ертістің еркін ағысына шыққысы келгендей кейіп
білдіреді.
Бұл кездерде Әміре аз да болса бірқатар ақылай табысқа ие болып, оларын
үйіне беріп, өзі Семейден сыртқа шыққысы келеді. Қаншама қиын болғанмен,
мейірімді әке-шеше өнерлі баланың алған маңдайын қақпайды.Әміре енді әніне
бостандық алатын болды.Исабекпен есеп айырысып, Арқа әншілерінің Мекесі
болған Қояндыға жол тартты.Бұл Әміре үшін үлкен игі сапар болды.Өйткені осы
күнге дейін өзінің ғана білгенің айтып келген Әміре, не бір саңлақ, топтан
озған ән иелеріне кездеседі.Жасы келіп қалса да, әлі қунақ, күлдіргі
қалпынан таймаған, қарт дауысымен әлі де әннің нақысын бұзбай айтатын аға
әнші Жаяу Мұсаны көрді. Семейде жүргенде оның Ақ сисасын, Гауһар қызын,
Хаулауын, айтып, Жаяу Мұсаның өзің көрмеседе шығармашылық жүзіне қанық
болатын.Енді міне, құлақ естігенді, көз көредіболып,қарт әншінің өзің де
көрді.Жас талапкер үшін бұл үлкен рухани олжа болды. Ал тап осы кезде нағыз
бабында тұрған Бәпидің Мәдиі, Ғаббастың Айтпайы, Байжанның Қалиын естігенде
Әміренің бұл күнге дейінгі орындап жүрген әндерінде көптеген күнәләр болып
шықты. Ол бір дүниені сындырып алған жазықты баладай, үндемей құламенде,
көзіменде бірге тыңдады.Мынау әннің базары Әмірені еліттіріп,енді қайтып
Исабектің терісінің иісіне оралмастай іштей уәде айтты.Қандай жолмен болса
да Әміре бұдан былай өзін бүтіндей ән өнеріне бағыштауға бел байлады.
Жоғарыда айтылған әншілерден жаңа ән үйреніп,біраз репертуарын байытады.Әр
әнді өзінің стилінде айтуға тырысты. Қабілетті әнші ол мақсатына жетіп
қалды. Ол үш жасынан ән салып, Жаңа Семейдің шала қазақ, татарлар арасында
әнші бала атанып, жасы он сегізге енді таянғанда мына Қондыға келуі,
Әміре үшін ән дүниесін ашуын былай қойғанда басқа да, дүниелік, өмірлік
үлкен жаңалықтар көрген жүрісі болды. Әміре қойын-қолтығын әнге толтырып
қайтып Семейге келеді.Енді бұрынғы жәмшік, күзетші Әміре емес, ысылған өмір
көрген жақсылардың қасында болған тәжірибелі Әміре болып келді.Семей оны
бұрынғыдан да қызу қарсы алды.Әмірені енді жиі шақыратын болды.Оның үстіне
бұл кезде Семейге келіп жатқан атақты Майрамен кездесіп екі ән алыбы біресе
домбырамен, біресе гармонға қосылып Семейдің ән базарын қыздыра
түсті.Қазақтың кешегі заманда еңсесін бейнет басып, кеудесін көтере алмаған
Әміре сияқты әншісі, қараңғылықты жарып шыққан Майра
сынды өнершісі шүйделерін көтеріп, дауыстары бұрыңғыданда
сыңғырлады.Әміренің күшті үні төңкерістің дүбіріне қосылғандай аңқылдап
аспанға шығып,бір күні Мәскеуге де жетіпті.
Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев Парижде болатын жержүзілік көрмеде
қойылатын этнографиялық концертке қатысуға бара ме екен? Соның хабарын тез
білдіруіңізді сұраймын. Жол қаражаты қалам ақысы төленеді. Мерзімі маусым,
шілде айлары. РКФСР Халық Ағарту Комиссары-Луначарский деген Семейдің
губерниялық бөліміне телеграмма келеді Халық ағарту бөліміде, Әміреде сасып
қалады.Бұлар осылай жүргендерінде Мәскеуден тағы:Әнші қазақ Әміре Қашаубаев
туралы менің берген телеграммама жауапты тездетулеріңізді сұраймын.
Парижде болатын біздің концерт мәселенің мемлекеттік маңызы бар деген
Луначарскийдің қолымен телеграмма келді.Енді ойланатын кеңесетін уақыт жоқ.
Телеграммадағыны тек орындау керек. Әміре Мәскеуге жол тартты.Қояндыға
барғаның Меккеге барғандай ұзақ сапар көрген Әміреге енді мына жол тіпті
қызық сияқты көрінді. Парижде болатын коцертке қатысу үшін Мәкеуде
Қазақстаннан басқа ұлт республикаларынан белгілі өнерпаздар келді. Бұл
шеберлердің оның ішінде Әміренің Париж концертіне дайындық есебінде өткен
Үлкен Театрдағы концертке шығуы үлкен табыс болды. Бұл жөнінде Правданың
1925 жылғы 26июнь күнгі номерінде жазылған. Олардың жабайы өнерлері
шығармашылығының көркемдік сатысы жағынан орындаушылықтан еуропалық
шеберлердің тәуір деген нөмірлерінен кем түспейді, қолдарындағы аспаптарын
салыстырсақ олар тағы бірінші орын алады: тыңдаушыларға эмоционалдық,
эстетикалық әсер етуде олардың қолдарындағы қандай жұпыны құрал десеңізші
деп жазды. Айтушылар Әміре Ағаш аяқтың басындағы жоғарғы нотасын шырқап
алғанда, партердің алдынғы қатарында отырған бір әйел Мынау не деген күшті
дауыс деп шошып кетіп барып айтыпты деседі. Әміре этнографиялық
ансамбільмен Парижге барады.
Көздерімен көріп,есіткеннің жаңсақ жерлерін түзетіп алғысы келеді. Сонымен
қатар олар бұл келе жатқан кеңес елің жайлайтың халықтың бірқатарының ғана
өкілдері екенің жиылған жарнамалардан есітеді.Кеңес өнершілері Париждің
залдарында 11 концерт береді. Сол концерттерде Әміре өзінің сүйікті әндері:
Ағаш аяқ, Үш дос, Екі жирен, Дудар, Қос барабан, Қызыл бидай тағы
басқаларын айтады. Ансамбільдің концерті бұрын-сонды ондай музыканы
тыңдамаған Париж халқыны қатты ұнайды.Неше түрлі ұлттардың әндері,олардың
сан алуан түрлі аспаптары, неше түрлі түсті киімдері, орындау шеберліктері
кеңес өкілдерін үлкен табысқа бөлейді. Әсіресе бұрын аттары шықпаған
Ресейді жайлайтын аз ұлттардыңаз мерзім ішінде мұндай табысқа жетуіне дос
сүйініп, дұшпан күйінеді. Бір кезде Ертістің асау толқынының
аккомпанементімен ән шырқаған Әміренің енді Сена өзенінің сылдырап аққан
дыбысына сиқырлы үнің қосуы тек ән өнеріндегі емес, халықтар достастығын
нығайтуда өнердің үлкен рухани құралға айналғаны көрінді.
Париждің газеттері өнершілердің концерттері жәйлі үзбей жазып отырды.
Париж апталығы атты газеті өзінің 1925 ж. 31шілдедегі нөмірінде: Париждің
Комедия залында өтіп жатқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әміре Қашаубаев өмірі
Әміре Қашаубаев. Әміре - ұлы әнші, азамат
Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы
Жүсіпбек Елебеков
Қаныш Имантайұлы Сәтпаев-қазақтың ұлы данасы
Күй өнері (қалыптасуы, дамуы). Қазақ күйшілері
Василий Васильевич Верещагин (1842-1904)
Түркі халықтарының қазіргі замандағы ОртаАзиялық интеграциясы
ОРТА АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ӨРКЕНДЕУІ
Мәдениет ұғымы
Пәндер