LESSON STUDY: TEOPИЯСЫ MEH ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

LESSON STUDY:

TEOPИЯСЫ MEH ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ

LESSON STUDY:

TEOPИЯ И ПРАКТИКА ПРИМЕНЕНИЯ

LESSON STUDY:

A HANDBOOK

Астана, 2013

Lesson Study:

теориясы мен қолдану тәсілдері

Пит Дадли (Ұлыбритания) Lesson Study UK www. lessonstudy. uk

Астана, 2013

Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Әдістемелік кеңесі ұсынған

Рекомендовано Методическим советом Центра педагогического мастерства

АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы»

Recommended for publishing byMethodological Council of Center of Excellence

AEO «Nazarbayev Intellectual Schools»

Пит Дадли (Ұлыбритания = Великобритания = Great Britain) Lesson Study: те- ориясы мен қолдану тәсілдері = Lesson Study: теория и практика применения = Lesson Study: a handbook - Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Педагогикалық шеберлік орталығы, 2013, - Астана: Центр педагогического мастерства АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2013, - Astana: Center of Excellence AEO

«Nazarbayev Intellectual Schools», 2013.

Мектеп мұғалімдеріне, педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сондай-ақ жалпы оқырман қауымға арналған әдістемелік құралда мектепте оқыту мен оқу тәжірибесін дамытуға бағытталған Lesson Study тәсілін жоспарлау, қолдану және талдау, сондай-ақ аталған тәсілді қолдану нәтижесінде жинақталған білім мен дағдыларды әріптестерге тарату мәселелері қаралады.

В методическом пособии, адресованном учителям школ, профессорско-препо- давательскому составу и студентам педагогических вузов, а также широкой педаго- гической общественности, рассматриваются вопросы планирования, применения и анализа Lesson Study в школах, вовлечения учащихся в данный процесс, обобщения практических знаний и навыков, полученных в результате его использования.

In the method book such issues as planning, implementation and analysis of Lesson study in schools, transfer of knowledge and practical skills to collegues, obtained as a result of its implementation is duscussed. The method book is addressed to the school teachers, higher education teaching personnel and pedagogical institutes students, as well as to a general public.

© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы

© Центр педагогического мастерства АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы»

© Center of Excellence AEO

«Nazarbayev Intellectual Schools»

МАЗМҰНЫ

Lesson Study: нұсқаулыққа кіріспе. 5

Lesson Study-ді қандай мақсатпен жүргізу қажет?. 7

Lesson Study жүргізу 9

Бірінші Lesson Study-ді жоспарлау және «бақылаудағы» оқушыларды анықтау 11

Бірінші Lesson Study-ді өткізу 13

Сабақтан кейін бақылаудағы оқушылардың пікірін білу 15

Lesson Study-ден кейінгі талқылау 16

Әріптестерді нәтижелермен ресми түрде таныстыру 18

Lesson Study-ге арналған уақытты жоспарлау және оны мектеп

бағдарламасына енгізу 19

Lesson Study негізінде кәсіптік оқытудың дамуына ықпал ету және оның моделін ведомствоаралық және мектепаралық коучингіге арналған платформа ретінде пайдалану мақсатында Lesson Study бойынша тренерлерді

жұмысқа тарту 20

Пайдаланылған әдебиет 21

Питер Дадли - PhD, Лестер университетінің құрметті про- фессоры (Ұлыбритания) .

Питер Дадли көп жыл бойы Шығыс Лондонда және шет елдерде бастауыш және орта мектептерде сабақ берген. Ол Ұлыбританияның бірқатар мектептерінде басшылық лауазым- дарды атқарды. 5 жыл бойы Ұлыбритания үкіметі жанындағы Бастапқы ұлттық стратегиялар жөніндегі директоры лауазы- мын атқарды. Білім беру саласында зерттеу жүргізіп, көптеген кітап жазған. Питер 2001 жылы Ұлыбританияда Lesson Study тәсілін ұсынды. Сондай-ақ соңғы 12 жыл бойы ол Lesson

Study тәсілін қолдану жөніндегі көптеген ұлттық және ғылыми-зерттеу бағдарламаларын енгізді.

Питер халықаралық Lesson Study қауымдастығының құрметті бас хатшысы бо- лып табылады. Питер Дадли 2012 жылы «Lesson Study жағдайында мұғалімдер қалай білім алады» атты зерттеуі үшін Британияның білім саласындағы зерттеу қауымдастығының марапатына ие болды.

Lesson Study: нұсқаулыққа кіріспе

Осы кітапша оқыту мен оқу үдерісін жетілдіру және дамыту мақсатында Lesson Study (сабақты зерттеу) тәсілін пайдалану жөніндегі нұсқаулық болып табылады.

Кітапша:

  • мектептерде Lesson Study тәсілін қолдануда,
  • Lesson Study-ді жоспарлауда, өткізуде және талдауда,
  • Оқушыларды Lesson Study үдерісіне тартуда,
  • Lesson Study өткізу нәтижесінде алынған тәжірибелік білімді әріптестермен бөлісуде көмектесе алады.

Lesson Study - мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған.

Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады.

Батыста Lesson Study америкалық зерттеушілер жапон мұғалімдерінің жалпы педагогика саласында да, сондай-ақ АҚШ-тың оқушыларымен салыстырғанда жапон оқушыларының білім деңгейлері анағұрлым жоғары болуын қамтамасыз ететін белгілі бір пәнді оқыту саласында да білімдері жоғары екендігін дәлелдегеннен кейін осы ғасырда ғана танымал бола бастады (Stigler and Hiebert, 1999; TIMSS, 1999) .

Қазіргі уақытта Шығыс Азияда Lesson Study Жапониямен қоса, Сингапурде, Гонконг пен Қытайда қолданылады. Бұл тәсіл сонымен қатар батыс елдерде де, соның ішінде АҚШ-та, Ұлыбританияда, Швецияда және Канадада қолданылуда.

Lesson Study бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады. Lesson Study өткізу барысында топта (немесе жұппен) жұмыс істейтін мұғалімдер:

  • Өздері күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін

оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданады.

  • Алдағы уақытта әзірленетін немесе жетілдірілетін, белгіленген міндеттерге жауап беретін оқыту әдістемесін бірлесіп анықтайды (1-суретті қараңыз) .
  • Үш «бақылаудағы оқушыны» анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы

белгілі бір топтың өкілі болуы қажет, мысалы, оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта, төмен оқушылардан.

  • Lesson Study-дібірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында

зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін

пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді.

  • Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson Studyөткізеді және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы қайталанып, жетілдірілуі мүмкін. Бақылауды барлықLesson Studyкезінде жүргізу міндетті емес.
  • Бақылаудағы оқушылардыңLesson Studyтуралы ойларын білу үшін

олармен сұхбаттасады.

  • Lesson Study-діталқылайды.
  • Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін, оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін пайдалану мақсатындаLesson Study-геталдау жүргізеді.
  • Мектеп мұғалімдеріне таныстырылым жасау немесе коучинг өткізу

арқылы Lesson Study тәсілін қолдану нәтижелерін көпшілік қауымға ұсынады. Осы аталған әрбір кезең бойынша толық ұсыныстар кітапшаның тиісті тарауларында көрсетілген, олар авторлардың Англия мен шетелдердегі мектептер мен

колледждерде Lesson Study тәсілінің қолданылуы жөніндегі білімдеріне негізделген.

Соңғы екі тарауда мектеп басшыларының бұл бағытта не істей алатындығы туралы идеялар қарастырылған:

  1. Lesson Studyөткізу уақытын жоспарлау және осы тәсілді мектеп бағдарламасына енгізу;

ә. Lesson Study негізінде кәсіптік оқытуды дамыту мен қолдау, сонымен қатар мектеп аясында коучинг өткізуге арналған тұғыр ретінде Lesson Study моделін қолдану үшін жетекші мұғалімдерді пайдалану.

Алғыс білдіру

Осы кітапшада автор Ұлттық стратегиялар (2008), Ұлттық мектеп көшбасшылығы колледжі (2003, 2005), Оқыту мен оқу саласындағы зерттеу бағдарламасы (TLRP) мен CfBT үшін жазған Crown Copyright материалы пайдаланылған.

Жоғарыда аталған және осы басылымдарға негіз болған зерттеулерді автор 2003 жылдан 2011 жылдар аралығында Кембридж университетінде Экономикалық және әлеуметтік зерттеулер кеңесі Оқыту мен оқу саласындағы зерттеу бағдарламасы аясында бөлген грант қаражатына жүргізген.

Мен білімімнің толысуына үлес қосқан және Lesson Study тәсілі туралы түсінігімнің қалыптасуына, сол арқылы осы кітаптың жазылуына ықпал еткен көптеген мұғалімдерге, директорларға, жергілікті билік өкілдеріне, ғалымдарға, саясаткерлерге және шетелдік әріптестерге алғысымды білдіремін.

Пит Дадли

Кембридж, 2011

  1. Lesson Study-діқандай мақсатпен жүргізу қажет?

Lesson Study тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге:

  • әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге;
  • мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге;
  • оқытудың нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге;
  • Lesson Study-діңбасты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға (Dudley, P. 2011a) ;
  • Lesson Studyмүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектеседі.

Dudley, P. (2011) Lesson Study: what it is, how and why it works and who is using it [Lesson Study: ол не, ол қалай және неліктен жұмыс істейді, оны кім қолданады], www. teachingexpertise. com

Табысты мұғалімдер көбінесе сыныпта болып жатқанның біразына, кейде тіпті көпшілігіне мән бермейді. Бұл - кемшілік емес! Бұл - оларға табысты болуға көмектескен үдерістердің нәтижесі.

Толығырақ тоқталайық. Сынып дегеніміз - кәсіпқойларға қызмет етуге тура келетін барынша күрделі жұмыс жағдайлары: шамамен бір сағатқа жуық уақыт ішінде сабақта жұмыс істеп отырған 30 және одан да көп оқушы үлкен көлемді ақпарат өндіреді. Бұл ақпараттың мұғалімге жетуінің жылдамдығы да үлкен, соның салдарынан сабақ, жапондықтар айтқандай, ағыны қатты өзен сияқты болып шығады (Lewis, 1999) .

Зерттеушілер мұғалімдердің ақпараттың осы ағынын және оның жылдамдығын қалай игеретінін бақылаған. Рэгг және басқалар (1996) анықтағандай, мұғалімдер бірінші үш жылда барлық қиындықтан өтіп, жақсы педагог болып қалыптасады, себебі өздері үшін проблема болып табылатын оқу жағдайын басқарудың жаңа тәсілін тапқанда олар бұл тәсілді осыған ұқсас жағдайларда үнемі қолдануға болатын белгілі бір оңтайлы нысанға айналдырып алады да, реті келген кезде қолданып отырады. Осындай жағдайларда тәжірибелік білім мұғалімнің саналы түрде істеп тұрғанын растай алмайды, бұл болжамды (немесе жасырын) білім болып табылады, яғни біздің велосипед тебу туралы біліміміз сияқты: ондай білімнің бар екені қажет болғанда ғана білінеді, бірақ оны сөзбен жеткізу өте қиын.

Мәселен, тәжірибелік білімдері егжей-тегжейіне дейін жазылып, басқаларға беріліп, кейіннен қайта орындалатын хирургтардан айырмашылығы, мұғалімнің тәжірибелік білімі өзінде қалады, себебі ол тәжірибе кезінде қалыптасады, оның үстіне иесі әдетте оның бар екенін біле де бермейді. Мұғалімдер өз сыныбында автономды түрде «жеке маман» ретінде жұмыс істейтіндіктен, басқа мұғалімдерде

әріптесінің «болжамды» білімін тәжірибеде көруге мүмкіндік бола бермейді. Ал мұғалімнің жұмысын басқа маман бақылаған кезде оның жұмысының нәтижелілігі бағаланатын болғандықтан, ол сол баға мен пікірдің үдесінен шығуға тырысып, өзінің «жасырын» білімдерін көрсетуге ұмтылмайды, яғни тәуекелге бармауды жөн көріп, «қауіпсіз» оқытуды көрсетеді.

Санасыз субъктілерге қарағанда адамдар көп көлемді ақпаратты «сүзгіден» өткізу арқылы игереді. Мысалы, нақты «еститін» дыбыстардың ішінен біз олардың аздаған бөлігіне ғана мән береміз, өзімізді сырттан келетін ақпараттан қорғаштап, тек маңыздысына немесе оқыстарына ғана көңіл аударып үйренгенбіз. Мұндай сүзгілеу тетіктері бізге өз мақсатымызға жету үшін қолдануды маңызды деп санайтын мәселелерге ғана көңіл аударуға мүмкіндік береді. Сыныпта да дәл солай: қомақты сыртқы оқиғалар мен ақпаратты елемей, белгілі бір сәтте болған маңызды нәрселерді ғана ескереміз. Біз маңызды деп санаған ақпаратты лезде меңгеріп, бірден өзімізге ыңғайлы түрде сақтап аламыз, бұл күрделі әрі жылдам сабақ жағдайында біз басымдық берген басқа да маңызды нәрселерді өңдеу үшін жұмыс жадымызды бос ұстауға мүмкіндік береді.

Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады.

Lesson Study тәсілін пайдаланатын көптеген адамдардың айтуынша, зерттелетін жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз оқушыларымыздың әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастаймыз. Демек, мықты және нашар оқушылардың аралығындағы «орташа» сыныпты оқытуға қарағанда, Lesson Study мұғалімге өз жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, өмір бойғы тәжірибесінде әрбір оқушының қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді.

Менің зерттеулерім (Dudley, 2011b) Lesson Study-д ің рефлексивті, қайталамалы және бірлескен тәжірибесі күрделі оқу ақпаратын іріктей алатын тәжірибелі ұстазға екінші дәрежелі ақпаратты елеп тастап, тек қажеттісін ғана іріктеп алуға көмектесетіндігін көрсетіп отыр. Бұл оқу ақпаратының қадағаланатын оқуға тікелей қатысты бөлігін ғана басқаруды қамтамасыз етеді, басқа жағдайда ақпараттың дәл осы бөліктері қажетсіз болар еді. Lesson Study тәсілі мұғалімдерге олардың өмір бойғы тәжірибесі тек жоғарыда аталған сүзгіні іске қосқанда ғана жетістіктікке жету мүмкін болады дейтіндігіне қарамастан, оларға осы сүзгіні өшіріп тастауға үйренуге көмектеседі.

  1. Lesson Studyжүргізу

«Бұл сыныпта болып жатқан нәрселерге басқаша қарауыма мүмкіндік берді».

Lesson Study тәсілі кем дегенде үш Lesson Study-ден тұратын циклден құралады, ол сабақтарды мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлап, оқытып/қадағалайды және талдайды (төмендегі 1-суретті қараңыз) .

1-сурет. Lesson Study циклдері (Дереккөз: Бетлехем университеті, «Оқыту мен оқудағы шеберлік орталығының» оқу құралы: Lesson Study, Dudley, Р. (2011) )

Ұсынылатын іс-әрекеттер

Мектепте жаңа кәсіби оқыту әдісін енгізу ұнайтын

бір топ мұғалімді іріктеп алыңыз (үш адам болғаны

қолайлы болмақ) . Бұл топтың құрамына басшылық

өкілі мен бай тәжірибесі бар мұғалім қатысса, Lesson

Study тиімді болады.

Күтілетін нәтижелерді анықтап, топ мүшелерінде

өздерін сырттан қатаң бақылауға алынғандай сезім

тудырмай, кідірместен «тәуекелге бел бууға» мүмкіндік

беретін негізгі ережелерді белгілеу мақсатында мәжіліс

өткізіңіз. Lesson Study барысында топтың барлық

мүшелерінің кәсіби білім алушы ретінде мәртебесі тең

болады.

Белгілі бір мектептің, сыныптың немесе белгілі

бір жас мөлшеріндегі топтың қажеттіліктері негізінде

қаралатын мәселені белгілеп алыңыз, мысалы: топтық

жұмыс арқылы оқыту үшін пікірталасты қолдану

қағидаттары.

Сабақтарды жоспарлауда, бақылауда және талдауда

Lesson Study-дің жалпы нысандарын пайдаланыңыз

(үлгілері осы кітапшада берілген) .

Бірінші Lesson Study-ді жоспарлау үшін

мұғалімдерге арнайы уақыт бөліңіз (кем дегенде бір

сағат) .

Lesson Study кезінде олардың уақытын бағалаңыз

және Lesson Study аяқталғаннан кейін бірден немесе көп

уақыт өткізбей талқылау жүргізуді қамтамасыз етіңіз.

Жұмыс барысына белсенді түрде қызығушылық

танытыңыз.

Lesson Study-ді жүргізетін топқа өз нәтижелерін

әріптестеріне көрсетулері үшін арнайы мүмкіндік

ұсыныңыз (педагогикалық кеңес, коучинг және т. б. ) .

Топтың бұл мүшелерін келесі Lesson Study-ді

өткізу үшін жаңа топты ұйымдастыруда педагогикалық

ұжымның көшбасшылары ретінде пайдаланыңыз.


Түсініктемелер

3, 4. Бірінші Lesson Study-ді жоспарлау және «бақылаудағы» оқушыларды анықтау

«Бақылаудағы» оқушыларға басты назар аудару расында да маңызды нәрселерді анықтауға

мүмкіндік береді»

Ұсынылатын іс-әрекеттер

Бірінші Lesson Study-ді қандай сыныпта

өткізетіндігіңізді анықтап алыңыз, содан кейін әртүрлі

білім алушы топтың шынайы өкілі болып табылатын үш

оқушыны: жалпы дағдылар немесе жекелеген пәндер

үшін қажетті дағдылар бойынша сыныпта оқитын оқушылардың ішінен жоғары, орта, төмен көрсеткіштері бар топтардың үш өкілін таңдап алыңыз.

Lesson Study бағытында жұмыс істейтін әрбір оқушының деңгейін анықтап алыңыз.

Lesson Study-дің аяғында әр оқушыдан қандай нәтиже күтетініңіз туралы қысқа да нұсқа жазып алыңыз. (Сізге 1-суреттегі жоспарлау сызбасын пайдалануға болады) .

Өзіңіз жетілдіргіңіз келетін немесе пайдалануды жоспарлап отырған оқыту әдісінің қолданылу ретіне назар аудара отырып, сабақтың әр кезеңін жоспарлаңыз. Бақылаудағы әрбір оқушыдан қандай реакция күтетініңізді жазып отырыңыз: өзінің тақырыпты игеру қарқынын көрсету үшін әр оқушы әрбір кезеңде не істейді.

Қандай ресурстар қалай қолданылатындығын және тақтада не жазатыныңызды барынша дәл анықтап алыңыз, әрбір кезең үшін уақыт шеңберін белгілеңіз.

Бақылаушылар арасында кім қай бақылаудағы оқушыны (оқушыларды) қадағалайтынын келісіп алыңыздар. Барлығы екі оқушы қадағалап, үшінші оқушы назардан тыс қалмайтынына сенімді болыңыз.

1-суретте Lesson Study-ді жоспарлау сызбасы ұсынылған. Оны пайдалану үшін А3 форматына дейін үлкейту қажет. Сабақтың басында Lesson Study тобының әрбір мүшесінде сызбаның көшірмесі болу керек, өйткені олар бақылау барысында оған түсініктемелерін жазып отырып, кейін талқылау кезінде өз жазбаларына сүйене алады.

2-сурет. Lesson Study қағидаттары

  1. БіріншіLesson Study-діөткізу

«Адамдардың реакциясын көру маңызды: егер бір нәрсе қолдан келмесе де, ол

«қаралы оқиға» деп қабылданбайды, себебі адамдар оны бірлесіп жоспарлады»

Ұсынылатын іс-әрекеттер

Lesson Study-ді жоспарлау үшін келесі бетте ұсынылған

сызбаны қолданыңыз. Оны А3 форматына дейін үлкейткен

абзал болады. Сызбаны, сонымен бірге, (көшірмесі жасалып,

Lesson Study-дегі бақылаушыларға берілсе) бақылау картасы

ретінде де қолдануға болады және Lesson Study-ден кейінгі

талқылау барысында негізгі материал бола алады.

Бақылаудағы оқушылар жұмыс істеп отырған кезеңдерді

бірлесіп бағалауға ерекше назар аударыңыз. Сіз оқушылардың

жетістіктерін бағалау материалдарын қолдана аласыз. Топ

мүшелерінің бақылаудағы оқушылардың әрқайсысы бойынша

сабақ соңына қарай нені істей білетінін және дәлелдеме

ретінде нені көргісі келетіндігін нақты жазып отырғаны өте

маңызды.

Lesson Study бірлесіп жоспарланатындықтан, ол топтың

бірлескен меншігі болып табылады. Бұл бақылаушылардың

мұғалімге емес, бақылаудағы оқушыға (оқушыларға) көп көңіл

бөлетіндігін білдіреді. Олар әрбір бақылауды бақылаудағы

оқушыға ғана негіздей отырып бастауға тырысып, кейіннен

бақылау аясын кеңейту арқылы топтың немесе толық

сыныптың қамтылуына ұмтылуы керек.

Бақылаушылар бақылаудағы оқушылардың сабақтың әр

түрлі кезеңіндегі жауаптарын белгілеп отырып, осы кезеңде

жоспарланған нәтижеге сәйкестігін немесе одан алшақтығын

ескеріп отырулары қажет. Екіталай жағдай туындаса, оларды

да ескеру қажет. Егер барлығына бірдей жағдай орын алса

(мысалы, барлық оқушы бір нәрсені дұрыс түсінбесе), оны

оң жақ бағанға белгілеңіз.

Мүмкін болса, әрбір түсініктеменің уақытын белгілеп

отырыңыз.

Қорытындылай келе, жоспарланған нәтижемен салыстыра

отырып, әр оқушының ілгерілеуінің дәлелдемесін анықтап,

олардың күтілетін нәтижеге қаншалықты жеткенін белгілеңіз.

Бақылаудағы оқушылар (топтар немесе сынып) үшін келесі

сабақтың негізгі кезеңдері қандай болмақ? Оларға сабақтан

кейін қандай сұрақ қоя алар едіңіз? Оларды парақтың

соңындағы «алғашқы ойлар» деген жолға жазып қойыңыз.


Түсініктемелер

Сабақты жоспарлау, бақылау және талқылау кестесі

ПәнСабақтың тақырыбы Мұғалім/бақылаушы

1-кесте.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Lesson Study туралы пікірлерін түсіну үшін зерттелетін оқушылардан сұрау
Lesson Study - дің теориялық аспектілері
Кембридж бағдарламасы бойынша мектепте өзгерістерді қалай енгізетін боламыз
Жалпы білім беру мектептерінің ортаңғы сынып оқушыларына аутентикалық материалдарды қолдана отырып ағылшын тілін проблемалық жағдайда оқыту
Жобалау технологиясы оқыту ерекшеліктері
Сабақта оқытуды ұйымдастыру формалары
Білім беру жүйесіндегі электрондық оқыту (e-learning)
Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік құзыреттілігін lesson study әдістемесі арқылы дамыту механизмі
Сыни ойлау дағдысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz