Әдістемелік нұсқау. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 4-сынып мұғалімдеріне арналған
Рысқұлбекова Ә., Сейсенбаева К., Отыншинова Д., Жумашова А.
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ
Әдістемелік нұсқау
Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 4-сынып мұғалімдеріне арналған
АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ 2019
Рысқұлбекова Ә.,т.б.
Әдебиеттік оқу. Әдiстемелiк нұсқау: Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 4-сынып мұғалiмдерiне арналған Рысқұлбекова Ә., Сейсенбаева К., Отыншинова Д., Жумашова А. - Алматы: АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ, 2019. - 278 б.
(C) Рысқұлбекова Ә., Сейсенбаева К., Отыншинова Д., Жумашова А., 2019
(C) АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ ЖШС, 2019
АЛҒЫ СӨЗ
Әдебиеттік оқу пәні - ұлттық рух пен зиялылықты қалыптастыратын ғылым саласы. Бастауыш сыныптардан бастап, өзінің ана тілі мен әдебиетімен терең сусындап, рухани дамудың бастау бұлағы болатын бұл пәннің атқарар міндеті мен жауапкершілігі жоғары екендігі әрбір бастауыш сынып мұғалімі үшін ақиқат.
4-сыныпқа арналған Әдебиеттік оқу оқулығының мазмұны пәннің оқу бағдарламасының мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға, пәнді оқытудың түйінді әдіс-тәсілдеріне және ең бастысы, оқушының оқырмандық және қатысымдық дағдыларын қалыптастыру арқылы адамгершілік және әдеби-эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейтуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, сөз өнерін сезінуге, көркем шығарма оқуға, әлем әдебиетімен танысуға деген қызығушылығын арттыруға арналғандығымен ерекшеленеді.
Оқу мақсаттары шиыршық қағидаты, іс-әрекет арқылы үйрену және сын тұрғысынан ойлауды дамыту, зерттеу тәсілдемелері жүйесінде берілгендіктен, алдыңғы 2, 3-сыныптарда игерген пәндік білімдер мен дағдыларды одан әрі жетілдіру, қалыптастыру біршама күрделенген оқу әрекеттері арқылы дамытуды көздейді.
Пәнаралық байланысты жүзеге асыру, басқа пәндерден алған білімі мен игерген дағдысын тиімді қолдана алу құзыреттілігін дамытуда ортақ тақырыптар арқылы сөйлеу әрекеттеріне арналған оқу мақсаттарын ашуда тәрбиелік мәні жоғары мәтіндер, өлеңдер мен әңгімелердің ұтымды таңдап алынғанын көре аласыздар. Яғни, авторлар ұжымы жинақталған теориялық және әдістемелік тәжірибелері арқылы жан-жақты шығармашылық ізденіс пен кәсіби талғаммен жұмыс жасауға еңбектенгенін көре аласыздар.
Пәнді оқытуда әр оқушыны белсенді оқу әрекетіне қатыстыру арқылы оқу мақсатына қадам-қадаммен жетуге жетелеп, өз бетімен білім алуға, түрлі қарым-қатынас құралдарын қолдануға, мәтіннің мазмұнын болжау, талдау жасау, салыстыру, кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беру, қорытынды жасау, дәлелдер келтіру секілді танымдық және әлеуметтік, мінез-құлықтар, дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретін тапсырмалар мен сұрақтар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрастырылып, ұсынылды.
Әдебиеттік оқу пәні Қазақ тілі пәнімен тығыз байланысты болғандықтан, грамматикалық, лексикалық тапсырмалар да кейбір тақырыптарда кіріктірілді. Себебі, ауызша, жазбаша сөйлеу шеберлігін дамыту арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыруды басшылыққа алдық.
Сонымен қатар оқулықта берілген материалдар балалардың сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыруына арналып, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен танысуы қажеттігі ескерілді.
Оқулықтың тұжырымдамалық негізін: жаңа оқу мақсатына қол жеткізу үшін алдыңғы білімін еске түсіру, ширату тапсырмалары арқылы жаңа тақырыпқа көпір орнату, түрлі белсенді оқу әрекеттері (жеке, жұпта, топта) арқылы жаңа білімді өз бетімен игеру, алған білімін қолдану, түрлі шығармашылық қабілеттері мен зерттеу дағдыларын дамыту, жаңа білімге рефлексия жасау, үй тапсырмасын түрлі қызықты мазмұнда орындау секілді бірізді жүйе арқылы беруге тырыстық.
Мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулықта пәннің мазмұнын ұзақмерзімді жоспар және әрбір тақырып бойынша қысқамерзімді сабақ жоспары арқылы ұсынып отырмыз. Оқулықтың үш бөліміне арналып №1, 2 жұмыс дәптерлері жасалған. Жұмыс дәптерлерінде игерген білім мен тәжірибесін жеке бекіту үшін жазылым тапсырмалары және өзін -өзі бағалау қамтылды.
Әдістемелік нұсқаулықта әрбір сабақтың қысқамерзімді жоспарын ұсыну арқылы мұғалімдер қауымына біршама қолдау көрсеткіміз келді. Алайда бұл сабақ жоспарларын әр мұғалім өзінің кәсіби шеберлігіне және оқушылардың қажеттілігіне сай өзгерістер енгізіп қолданғаны жөн деп санаймыз.
Әдебиеттік оқу пәнін оқыту мақсаты:
мен ұсыныстарды info3-klass@mail.ruэлектронды поштаға жіберулеріңізді сұраймыз.
Оқушылар әдебиет арқылы жалпы адамзат, әлем туралы білім алып, шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне, мінез-құлқына, сөйлеген сөзіне талдау жасай отырып, адамдардың жан-дүниесін түсінуді және оған өз көзқарасын білдіруді үйренеді. Көркем шығарманы сезіммен қабылдап, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастырады.
Оқудан күтілетін нәтижелер:
+ әдеби көркем шығармаларды оқу арқылы қазақтың рухани қазынасымен танысу;
+ коммуникативтік (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дағдыларын қалыптастыру;
+ ауыз әдебиетінің, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен танысу;
+ оқушылардың өзара түсінісуі, сыйластық, құрмет сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі сияқты ізгілікті қасиеттерді қалыптастыру;
+ оқу сапасын (дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, көз жүгіртіп, болжап оқу) жетілдіру;
+ оқушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыра отырып, сөз әдебі нормаларын орынды қолдану дағдыларын меңгерту;
+ сыни ойлауды жетілдіру;
+ көркемдік-танымдық сипаттағы мәтіндерді өз мақсатына сай іріктеп, саралап, талдап, ой қорытындысын жасауға үйрену;
+ алған білімін өмір жағдаяттарына байланысты қолданып, дұрыс шешім жасай білуге үйрену;
+ оқылған шығарма сюжетінің ізімен немесе еркін тақырыпта ауызша, жазбаша шығармашылық жұмыс түрлерін орындауға дағдылану.
Әдебиеттік оқу пәні:
1) қазақ балалар әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерін талдай отырып, ұлттық және жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды бойына сіңіруіне;
2) көркем шығармадағы тілдік қолданыс ерекшеліктеріне бақылау және талдау жасай отырып, тілдік құралдарды саналы түрде дұрыс таңдауына және өмірлік тәжірибесінде қолдануына;
3) алған білімі мен дағдыларын өмірлік жағдаяттарда және басқа адамдармен қарым- қатынас барысында пайдалануына көмектеседі.
Пәнді оқытудың әдіс-тәсілдері
1) оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым);
2) зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар не білемін, нені білгім келеді, нені үйрендім тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);
3) жүйелі-әрекеттік тәсілдеме;
4) дамыта оқыту технологиясы (оқушылар оқу әрекетінің тәсілдерін игеріп, өзінің іс- әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);
5) дифференциациялап оқыту технологияс ы (оқушыларды қабілеті, мүмкіндігі, ерекшелігіне қарай оқыту).
Оқушылардың жетістіктерін бағалау
Әдебиеттік оқу пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысына негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру үдерісін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
Қалыптастырушы бағалау оқыту мен оқу үдерісінің өн бойында жүргізіледі. Әдістемелік берілген жеке, жұпта, топта орындауға арналған тапсырмаларды орындау нәтижесінен оқушылардың оқу мақсатын меңгеру деңгейін анықтауға болады. Сонымен қатар жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар білімді бекіту мен қалыптастыруда мұғалім үшін де, оқушы үшін де жеке жетістікті бағалауға мүмкіндік береді.
Оқулықта әрбір тақырып бойынша қорытынды жаса, тұжырым жаса, ойлан айдарлары арқылы жеке, топтық рефлексия жасауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, әр бөлім аяқталғаннан кейін бөлім бойынша білімді пысықтау мен бекіту мақсатында Өзіңді тексер айдарымен тапсырмалар жүйесі ұсынылды. Бұл тапсырмаларды мұғалім қалыптастырушы әрі жиынтық бағалау тапсырмасы ретінде қолдана алады.
Жұмыс дәптерлерінде Алақай, Жарайсың, Әттеген-ай деп аталатын сөздер арқылы оқушы өзінің жетістігін бағалай алады. Бұл сөздер арқылы эмоциялық рефлексия жүзеге асады. Яғни, баланың өз эмоциясы арқылы саналы оқуға түрткі бола алады деген үміттеміз.
Сабақ құрылымын тиімді жоспарлау
Сабақ - оқытудың белсенді әдістері арқылы білім, білік, дағдыны дамыту мен қалыптастыруда белсенді оқу үдерісі болғандықтан, әр кезеңнің мақсатын, атқаратын қызметін түсініп жоспарлау маңызды екенін атап өткізіміз келеді.
Жаңартылған білім мазмұны аясында үлгі ретінде берілген жоспар негізгі үш кезеңді қамтиды. Әр кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен атқаратын қызметі зор. Мұғалім осы кезеңдердің аражігін түсініп алса, жоспарлау аса қиынға соқпайды деп санаймыз. Сондықтан әр кезеңде жоспарлауға тиіс әрекеттер тізімін жіктеп ұсынып отырмыз. Оқу кезеңдері бойынша әрекеттер тізімі өзгеріске ұшырауы мүмкін. Біз жалпы осы әрекеттердің оқыту мен оқу үдерісінде ескерілгені маңызды екенін көрсету мақсатында ұсынып отырмыз.
Сабақтың құрылымы
Негізгі бөлім
Аяқталуы
Басталуы
Басталуы
oo Сергіту жаттығуы
oo Жаңа топ құрамын анықтау
oo Жұмыс ережесін келісу
oo Алдыңғы білімді еске түсіру, пысықтау (жеке, жұпта, топта, ұжымда)
oo Оқу мақсатын таныстыру
oo Күтілетін нәтижені анықтау (оқушылар жаңа тақырып жөнінде не біледі, не білгісі келетіні)
Негізгі бөлім
oo Ойқозғау тапсырмалары
oo Белсенді оқу тапсырмалары (саралау тәсілдері)
oo Оқулықпен жұмыс (жеке, жұпта, ұжымда)
oo Тапсырмаларын орындау (жеке, жұпта, топта)
oo Қызықты тапсырма айдарында логикалық қабілетін шыңдау
oo Саралау тапсырмалары
Аяқталуы
oo Жаңа білім мен тәжірибені қолдануын бағалай алу
oo Сабақта қол жеткізген нәтижені талдау
oo Рефлексия (жеке, топтық, ұжымдық)
oo Үйге тапсырма
Ескерту: мұғалім қысқамерзімді жоспарлауда ұсынылған құрылымды үлгі ретінде қолданып, әр кезеңдегі әрекеттердің орнын өзгерте алады.
Оқулықпен жұмыс істеу ерекшеліктері
4-сыныпқа арналған Әдебиеттік оқу пәні оқу бағдарламасының мақсат-міндеттерін толығымен жүзеге асыруға негізделген;
Оқулықта жаңартылған білім беру мазмұнының түйінді ерекшеліктері болып табылатын
Сындарлы оқыту теориясы, Шиыршық қағидаты, Іс-әрекет арқылы үйрену, Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, Алған білімін түрлі өмірлік жағдаятта қолдану және
Пәнаралық байланыс т.б. басшылыққа алынғандығы көрініс табады;
Шартты белгілер және белсенді оқу әрекетіне жетелейтін айдарлар арқылы тапсырмалар ұсынылған;
Оқу мақсаты оқушыға бағытталып, түсінікті тілде берілген;
Алдыңғы білімін еске түсіру мен қолдануға арналған тапсырмалар Есіңе түсір, Қолдан,
Құра, Кел, сөйлесейік айдарымен беріледі;
Жаңа білімге көпір болуға арналған ширату жаттығулары Пікіріңді айт, Түсіндір,
Ойлан, Әңгімеле т.б. мазмұнда берілген;
Теориялық әрі жаңа ақпаратты есте сақтау үшін Білгенге маржан, Есіңе сақта,
Түсіндірме, Сөздік, Теориялық мәтін айдарларымен беріледі;
Оқылым дағдысын дамыту үшін Түсініп оқы, Зерттеп оқы, Тауып оқы, Өзгертіп оқы, Мәнерлеп оқы, Жаңылмай оқы, Рөлге бөліп оқы, Түртіп алып оқы т.б. оқу түрлері қолданылады;
Мазмұнды түсіну Талдау жаса, Салыстыр, Дәлелде, Анықта, Орында т.б. айдармен берілген тапсырмалар арқылы жүзеге асады;
Игерген білімін қолдану үшін Түсіндір, Кестемен жұмыс, Қолдан, Құрастыр,
Жарнамала, Постер жасаңдар, Жоба жаса, Жеке, жұптық, топтық жұмыс, Ізден, сұра, Сахнала т.б. тапсырмалар арқылы орындалады;
Жаңа білімі мен жетістігіне рефлексия жасау үшін Қорытындыла, Тұжырым жаса,
Бағала сынды айдарлар берілді;
Сыни ойлауды дамыту үшін Ойлануға арналған сұрақтар, Болжам жаса, Өзгерт,
Дәлел келтір, Мысал келтір, Ойыңмен бөліс, Талда, Салыстыр, Бағала айдарымен тапсырмалар ұсынылады;
Оқулықта оқушының зерттеу дағдысын дамытуға мейлінше көңіл бөлінген;
Әр тақырып мазмұнын терең түсініп, талдау жасау үшін жоғарғы деңгейдегі ашық сұрақтар беріледі;
Баланың зияткерлігін дамыту мақсатында тапсырмалар жаратылыстану, музыка, көркем еңбек, қазақ тілі, би өнері, АКТ т.б. пәндермен байланыстырылып берілді;
Оқу тапсырмалары мен үй тапсырмаларын орындау балаларға қызықты болуы әрі жалықтырмас үшін түрлендіріліп берілді;
Бірнеше тапсырмаларды берген себебіміз, сыныпта қабілеттері әртүрлі балалар болатындықтан, күрделі тапсырмаларды саралау тапсырмасы ретінде кіріктірдік;
Оқушылардың белгіленген оқу мақсаттарына қол жеткізуі үшін таңдалған мәтіндер, аңыз- әңгімелер, өлеңдер, ертегілер, энциклопедиялардан алынған мәтіндер, аудармалар, мақалалар т.б. кәсіби талғампаздықпен іріктеліп, қолданылды;
ХХІ ғасырдағы қазақ балалары өзінің ауыз әдебиетінің бай мұрасымен жан-жақты сусындап қана қоймай, әлем әдебиеті шығармаларымен де танысуы үшін құнды материалдарды іздеп, кіріктіру басты міндетіміз болды;
Оқу тапсырмалары Блум таксономиясының жоғары танымдық деңгейлеріне сай құрастырылды;
Мәтіндегі кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне талдау жасап, баға беруге арналған тапсырмалар мен сұрақтар сын тұрғысынан ойлауды дамыту мен келешектегі өміріне қажетті тәжірибе жинақтап, өзіне тәлім-тәрбие алатындай тұжырым жасауға арналды.
Жасау және жобалау дағдысы бастауыш білім стандартында қалыптасуы тиіс кең ауқымды дағдылардың бірі болғандықтан, жаңаны ойлап табуға арналған тапсырмалар да кеңінен кіріктірілді.
Оқулықтағы әр тақырып мазмұны қысқамерзімді жоспардың негізгі үш кезеңіне сай құрылды. Яғни, мұғалім оқытуда тапсырмалардың ретін сақтайтын болса, оқушы өз бетімен оқу мақсатына қол жеткізе алады деген сенімдеміз.
Оқулық мазмұнымен сәйкес, оны әрі қарай толықтыра түсетін екі жартыжылдыққа арналған №1, 2 жұмыс дәптерлері дайындалды. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар оқу мақсаттары бойынша оқушының жеке білімін бекітіп, тексеруге мүмкіндік береді.
Сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерге түсініктеме
Өзіңді таны
Сыныптағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастырып, жаңа тақырыпқа қатысты ойларын жинақтау мақсатында Өзіңді таны әдісін ұйымдастыру. Оқушылар тізбектеле бірінен соң бірі өз есімдерінің алғашқы әрпінен келетін сөзбен өзіне сипаттама береді. Мысалы: Әсем - әдемі, Әлібек - әділ, ...т.б. Айтылған сипаттамалар бойынша сабақ тақырыбын болжауды ұсыну
Мен үшін құнды әдісі
Мен үшін құнды әдісі бойынша шағын топтар оқулықта берілген сөйлемдер бойынша өз ойларын айтады.
Өрмекші әдісі
Өрмекші әдісі бойынша автордың өмірі жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорына толықтырады.
Тәртібі: Сызбаны жасау кеудеден басталады.Содан кейін кеудеге сызықтар арқылы
аяқшалар жалғанады.Аяқшаларға тұяқшалар жалғанады.
Мозайка әдісі
Мозайка әдісі бойынша үйге берілген тапсырмадағы мәтін бойынша ең ұтымды жоспарды таңдап алып, оны жүйесіз тақтаға жазу, әр жоспарға сәйкес сурет жанына реттік сан қойып, кейіпкер немесе сюжетпортреттерін шығару.
Көрме әдісі
Өлең мазмұнына сәйкес суретті сипаттауКөрме әдісі бойынша жүргізіледі. Әр топ өздеріне берілген өлең мазмұнына сай постер құрастырады. Ол сурет немесе тірек-сызба көрінісінде болуы мүмкін. Осы бойынша көрші топ көрме барысында өзге топтың өлеңінің мазмұнын қаншалықты түсінгенін баяндайды. Содан кейін әр топ өздеріне берілген өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын ашады.
Құлақ сал әдісі
Бұл әдісте оқушылардың тыңдалым дағдысын дамыта отырып, интонация арқылы бір-біріне мағлұмат беру.
Аквариум әдісі
Аквариум әдісі - балаларға мәселені қоғам алдында талқылауға ұсынылған диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогті жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Қалған оқушылар көрермен болады.
Берілген сұрақтарды басшылыққа ала отырып, ортаға шыққан әр топ диалог арқылы көрініс көрсетеді.
SWOT әдісі
SWOT-талдау ситуациялық талдау нәтижесінде алынған деректер сабақтың мақсаттары мен міндеттерін дамытудың негізгі элементтері болып табылады.СВОТ (ағылшынның SWOT - strength - күш, қуат, weak - әлсіздік, opportunіty - мүмкіндік, threat - қатер) әдісі негізгі сөздерін сабақтың мақсатына қарай өзгертуге болады.
Суреттер сөйлейді әдісі
Суреттер сөйлейді әдісі бойынша оқулықтағы суретті мұқият зерттей отырып, оны сипаттайды. Олардың идеяларын ынталандыру үшін сұрақтар пайдалануға болады.
Суретті мультфильм әдісі
Суретті мультфильм әдісі бойынша мәтін мазмұнын бөлімдерге бөліп, әр топ өзіне берілген бөлім мазмұнын ашатындай 1 сурет салады. Салынған суреттерді ретімен орналастырып, мультфильм құрастырады. Сынып қабырғасына ілінген суреттер бойынша мәтін мазмұны ретімен баяндалып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Баяндама әдісі
Баяндама әдісі бойыншамұғалім топқа мақалды оқуды, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл шпаргалканы оқушы оң жағындағы көрші тобына береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мақал бойынша шәкірттің сипатына баяндама жасайды. Баяндама мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады.
Блум түймедағы әдісі
Блум түймедағы әдісі бойынша сабақты қорытындылау.
Блум түймедағының алты күлтесі - сұрақтар типінің алты түрі.
1. Қарапайым сұрақтар. Ертегі несімен ұнады?
2. Анықтаушы сұрақ. Ертегіде жағымсыз кейіпкер бар ма?
3. Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ. Неліктен төртінші шәкірт жауабы барлығына ұнады?
4. Шығармашылық сұрақтар. Мен шәкірт болсам, жауабым былай болар еді...
5. Бағалау сұрақтары. Бір жауап екінші жауаптан несімен ерекшеленеді?
6. Тәжірибелік сұрақтар. Ертегіге басқаша қандай тақырып қоюға болады?
Болжау әдісі
Болжау әдісі бойыншаоқушылар мәтіннің бір бөлігін оқып болғаннан кейін, олардың ойларынша әрі қарай не болатынын болжайды. Оқушылар оқылған мәтінде келтірілген, өз болжамдарына негіз болған ойларға сүйене отырып, өз болжамдарын топтағы балаларға дәлелдеулері тиіс.
Танысу үшін оқу және сканерлеу әдісі
Танысу үшін оқу және сканерлеу тәсілі бойынша мәтіннің негізгі идеясын, стилі мен құрылымын анықтау үшін, мәтінді тез көз жүгіртіп оқып шығуды көздейді. Бұл тәсілді болжамдарды дәлелдеу үшін пайдалануға болады.
Мысалы: Мәтінді оқырдың алдында оқушылар өздерінің қандай негізгі ақпарат іздейтіндерін анықтап алулары керек.
Өз миыңды сал әдісі
Өз миыңды сал әдісі. Оқушыларға мидың суреті салынған қағаздар беріледі де, оқушылар сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен мидың ішін толтырады. Қағаздарын сынып қабырғасына іледі.
Бұлт үстіндегі саяхат әдісі
Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең демалыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және таңғаларлық оқиға орын алуы мүмкін ... (30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар... Бұлт ақырындап ауада ери бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер! (Музыка қою ұсынылады)
Инсерт (түртіп алу) INSERT әдісі
Білемін
Ү
Қайшы
-
Жаңалық
+
Түсінбейтін
?
İNSERT немесе түртіп алу стратегиясы - түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, v - білемін, + - білмеймін, - - мен үшін жаңа білім (ақпарат), ? - мені таңғалдырды деген белгілерді қойып отырып, мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс - оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. Кесте толтырылады.v + - ?
Кубизм әдісі
Кубизм стратегиясы - Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс істейді. Қандайда бір затты жан-жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады.Сипатта (түрі, түсі, көлемі)Салыстыр (ұқсастығы, айырмашылығы)Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланылады?)Дәлелде (қарсы және қарсы емеспін)Талда (қалай жасалған, неде н тұрады?) Ойтолғау (бұл неден жасалған?)Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс істейді. 1, 2-сыныптарда үш жағын ғана пайдалануға болады. Бастауыш сыныптарда түрлі түсті түрде пайдалануға болады.Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы - оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім, екінші жолда 2 сын есім, үшінші жолда 3 етістік, төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем, яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.Кім? АнаҚандай? Мейірімді, ақылды.
Не істеді? Бағады, тәрбиелейді, өсі реді.Түйін Ағайын - алтау, ана - біреу. Синоним Адам
Кубизм (Саралаңыз)
6 жағында 6 тапсырма болады. 1.Суреттеңіз (ойынша суреттеп айту)
2.Салыстырыңыз (неге ұқсас, басқалардан айырмашылығы қандай) 3.Байланыстырыңыз ( нені ойыңызға түсіреді, басқалармен байланыстырыңыз) 4.Зерттеңіз (саралаңыз, қалай жасалғанын айтыңыз, зерттеңіз)
5.Қолданыңыз (онымен неістеуге болатындығын және қалай қолданылатынын айтыңыз) 6.Талқылаңыз (өз ойыңызды дәлелдеңіз немесе жаңадан туған бір пікіріңізді айтыңыз) Оқушының қызығушылығын арттырады,сөздік қорын дамытады, пікірталастыруға үйретеді. Бұл әдісті мағынаны тану бөлімінде қолдануға болады.
Ойлан, жұптас, пікірлес әдісі
Өзіңізге қатты әсер еткен жері
Мәселенің себебі неліктен солай?
Мәтін бойынша сызбаны толтыру, ойын ортаға салып, пікір бөлісу. Бұл әдісті сабақтың 3 бөлімінде де қолдануға болады.
Ойқозғау: БҮҮ
Білемін
Үйренгім келеді
Не үйрендім
Тақырып бойынша сызбаны толтыру, білетінін, үйренгісі келетінін,не үйренгенін ортаға салу.
Бұл әдісті сабақтың 3 бөлімінде де қолдануға болады.
Бес жол өлең синквейн әдісі
Шарттары:
1.1-жол 1зат есім (Көктем)
2.2-жол тақырыпты сипаттайтын 2 сын есім (Шырайлы, шуақты) 3.3-жол 3 етістік (ериді, жылиды, оралды)
4.4-жол сезімді білдіретін 4 сөзден құралған 1 сөйлем (Барлық тіршілік көңілденді, тірілді) 5.5-жол тақырыптың мәнін ашатын 1 сөзден құралған синоним (Жазғытұрым)
Сөздік қорын, ой қиялын дамыту.
Бұл әдісті Ой қорыту бөлімінде қолдануға болады.
Негізгі ой
10
Топтастыру
зат
Еркін ойлауға, ойды жинақтауға, тақырыпты ашуға бағытталған әдіс. Бұл әдісті 3 бөлімінде де қолдануға болады.
Дөңгелек үстел әдісі
Тақырып бойынша бір-бір сөйлем жазып,топ жалғастыра отырып мәтін құрайды.Жазған сөйлемдерін көрсетпейді, соңғы оқушы мәтінді тұтастай оқиды.
Оқушының қызығушылығын арттырады,сөздік қорын дамытады.
Бұл әдісті 3 бөлімінде де қолдануға болады.
Сұрақ қоя білу әдісі
Мәтіннің әрбір азат жолын топтарға бөліп, сұрақтар дайындалады. Әр топ бір-біріне дайындаған сұрақтарын қояды.
Оқушы ойын жинақтайды, ойланады, ізденеді, сұрақ қоюда алдына мақсат қояды.
Мағынаны тану бөліміне қолдануға болады.
РАФТ әдісі
Рөл, аудитория, форма, тақырып
Қандай тақырыпты жазуы мүмкін
Қандай түрде
Кімге арнап жазуы мүмкін
Кімдер жазуы мүмкін
Оқушы ойын еркін айтуға, ұсыныс жасай білуге, оны жазбаша түрде жеткізе білуге дағдыланады.
Ойтолғаныс бөліміне қолдануға болады.
Автор орындығы әдісі
Оқушыларды топтарға бөліп, мәтіндегі негізгі ойды таңдап алады да, дайындалады. Әр топтан бір оқушы шығып, таңдаған ойын автор орындығында қорғайды.
Оқушы топта өз ойын ортаға салуға, өзіндік пікір айтуға дағдыланады. Мағынаны тану,
Ойтолғаныс бөлімдеріне қолдануға болады.
Кейіпкерге хат әдісі
Мәтінмен танысып, мәтін кейіпкеріне өз сезімін білдіру.
Оқушы мәтінді өз бетінше таныса отырып, мәтін кейіпкеріне өз сезімдерін білдіруге үйренеді.
Мағынаны тану, Ойтолғаныс бөлімдеріне қолдануға болады.
Бірін-бірі оқыту әдісі
Топқа бөлу, Абзац бойынша іштей оқу, әр топ өз тобында талдайды, оны ортаға шығып қорғайды. Оқушы мәтінді топта таныса отырып, бір-біріне үйретеді.

Семантикалық карта әдісі
Сөздер
Кейіпкер
+
Оқушылар өткен тақырыпты еске түсіріп, қайталауға дағдыланады. Сабақтың 3 бөліміне де қолдануға болады.
ДЖИГСО-2 әдісі
1. Топқа бөлу
2. Топты рет саны бойынша нөмірлеу
3. Мәтінді бөлікке бөлу
4. Нөмір бойынша топ құру
5. Мәтіннің әр бөлігімен топта танысады.
6. Үйренгенін өз топтарына келіп, талдайды.
Оқушы мәтінді топта таныса отырып, бір-біріне үйретеді,ұжыммен жұмыс істеуге үйренеді.

ВЕНН диаграммасы
Екі оқиға, кейіпкерді салыстыру
Ақпаратты есте сақтауға немесе оқушының деңгейін анықтауға қолданылады.

Әдебиет үйірмесі әдісі
І топ - Баяндап беруші. Мәтіндегі оқиғаның мазмұнын дайындайды. ІІ топ - Зертеуші. Кейіпкерге мінездеме береді.
ІІІ топ - Сұрақ құрастырушы.Әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды. ІҮ топ - Сілтеме табушы. Сөздік жұмысын жүргізеді.
Ү топ - Бейнелеуші, суреттеуші. Мазмұнына сай сурет салады.
ҮІ топ - Өмірмен байланыстырушы. Мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырады.
Оқушының өзіндік жұмысы ретінде қолданады.
Сабақтың мағынаны тану, Ойтолғаныс бөлімдеріне қолдануға болады.
Суретпен жұмыс әдісі
Оқушыларды топқа немесе жұпқа бөледі.Оларға суреттер таратылады. Суретке қарап отырып, өлең құрастыру тапсырлады.Топ немесе жұп жұмыстарын алмастырады да,құрастырылған өлеңге сурет салады.Жұмыстар тақтаға ілінеді.Оқушылар бірінің жұмысына бірі баға береді.

Сабаққа қызығушылықты ояту, Ойтолғаныс бөлімдеріне қолдануға болады.
Топтастыру немесе кластер стратегиясы
Топтастыру немесе кластер стратегиясы - ойды жинақтау, ми қыртысында сәулеленген ойларды топтастыру, ассоцациялау. Бұл стратегия топпен де, жұппен де орындала береді. Сабақтың әр кезеңіне де қолайлы. Тірек сөздер стратегиясы - Мұғалім тірек сөздер береді. Оқушылар тірек сөздердің ретін бұзбай, әңгіме немесе мәтін құрастырады. Мәтіннің құрамын құруға мән беруге мұғалім назар аударады. Мәтін құрастыру кезінде логикалық ойлау іске қосылады. Әңгіменің мазмұнын жұпта, топта ақылдасады. Оқушының сөздік қоры, тілі, қиялы дамиды. Бұл әдіс мазмұндама және шығарма жазуға жақсы дайындық.
Мұғалімдердің назарына!!!
Әдебиеттік оқу бойынша дайындалған оқушыларға арналған оқулық 3 бөлімннен тұрады. Оқулықтың 1-бөлімінде 1-2-3 ортақ тақырып, 2-бөлімінде 4-5-6 ортақ тақырып, 3- бөлімінде 7-8 ортақ тақырып қамтылған. 1-тоқсанда 1-2 ортақ тақырып, 2-тоқсанда 3-4 ортақ тақырып, 3-тоқсанда 5-6 ортақ тақырып, 4-тоқсанда 7-8 ортақ тақырып оқылады.
ҰЗАҚМЕРЗІМДІ ЖОСПАР
(Барлығы 102 сағат, аптасына 3 сағат)
Р\с
Сабақтың тақырыбы
Сағат саны
1-тоқсан
I ортақ тақырып. Менің Отаным - Қазақстан
1
Отаным - бақыт ордасы
1
2
Мен Қазақстан азаматымын
1
3
Отан туралы өлең-жыр оқимыз
1
4
Қасиетті мекенім
1
5
Ер серігі - тұлпары
1
6
Ел шетіне жау келсе
1
7
Ерлік ұмытылмайды
1
8
Туған елге сағыныш
1
9
Жер байлығы - ел байлығы
1
10
Тәуелсіздік күні
1
11
Мен де еліме қызмет етемін
1
12
Өзіңді тексер
1
II ортақ тақырып. Құндылықтар
13
Қазыналы қарттың тәлімі
1
14
Адами асыл қасиеттер
1
15
Ата-баба тәрбиесі
1
16
Ана тілім - дана тілім
1
17
Қазына иесі кім?
1
18
Ақыл - жастан
1
19
Жазу, сызу, өнер - адамның рухани құндылығы
1
20
Жақсы деген - немене, жаман деген - немене?
1
21
Уақыт - біздің құндылығымыз
1
22
Мен бақытты баламын
1
23
Өзіңді тексер
1
24
Жиынтық бағалау
1
2-тоқсан
III ортақ тақырып. Мәдени мұра
25
Мәдениеттің дамуы
1
26
Ауыз әдебиеті - өшпес мұра
1
27
Даналық сөзден үйренемін
1
28
Халқымыздың салт-дәстүрі
1
29
Шеберлер еліне саяхат
1
30
Мәдени ескерткіштер
1
31
Ұлттық ойындарымыз
1
32
Таңғажайып ертегілер
1
33
Кітап - асыл қазына
1
34
Ескі қорғандар сыры
1
35
Ата-баба мұрасын құрметтейміз
1
36
Өзіңді тексер
1
IV ортақ тақырып. Мамандықтар әлемі
37
Кім болам?
1
38
Мамандық туралы ойым
1
39
Атакәсіп
1
40
Теңізшілер туралы әңгіме
1
41
Біз болашақ жазушымыз, ақынбыз
1
42
Үйретері көп үйірме
1
43
Өнерлінің өрісі кең
1
44
Мамандықтың бәрі - жақсы
1
45
Ақылды аспаз
1
46
Қуаныш сыйлау да - бақыт
1
47
Өзіңді тексер
1
48
Жиынтық бағалау
1
3-тоқсан
V ортақ тақырып. Табиғат құбылыстары
49
Төрт түсті жер үсті
1
50
Қыс бейнесі
1
51
Күн райын хабарлаймыз
1
52
Көлеңкелер еліндегі оқиға
1
53
Табиғат сипаты
1
54
Біз қиялдай аламыз
1
55
Шөл далаға саяхат
1
56
Жұмбаққа толы әлем
1
57
Адамның табиғатқа бейімделуі
1
58
Табиғатты зерттейміз
1
59
Тіршілік көзі
1
60
Алуан түрлі табиғат
1
61
Жылға жақсы тілек
1
62
Қош келдің, Наурыз!
1
63
Өзіңді тексер
1
VI ортақ тақырып. Қоршаған ортаны қорғау
64
Мені қоршаған орта
1
65
Қазақстан көлдері
1
66
Ит - адамның досы
1
67
Құстар әні
1
68
Сақтан, қорға, көмектес
1
69
Құмы да қымбат туған жер
1
70
Тіршілік көзі еңбекте
1
71
Тәлімі мол мысалдар оқимыз
1
72
Жануарлардың сипаты
1
73
Жануарлар туралы тағы не білеміз?
1
74
Кітап неден жасалады?
1
75
Жердің жүрегін тыңдайық
1
76
Туған жердің табиғатын аялаймыз
1
77
Өзіңді тексер
78
Жиынтық бағалау
1
4-тоқсан. VІІ ортақ тақырып. Ғарышқа саяхат
79
Бізді мазалаған сұрақтар
1
80
Ғарышайлақ
1
81
Ғарышқа сапар
1
82
Не ауыр, не жеңіл?
1
83
Ғарыш жолы жалғасады
1
84
Күміс қанат ұшақтар
1
85
Ғарыштан адам не іздейді?
1
86
Ғарышкермен сұхбат
1
87
Ғарышкердің ас мәзірі
1
88
Біздің ғажайып түсіміз
1
89
Бейбіт өмір тамаша
1
90
Өзіңді тексер
1
VІІІ ортақ тақырып. Болашаққа саяхат
91
Өткен күндер, замандар
1
92
Келешектің ғылымы
1
93
Отбасының болашағы
1
94
Жақсы тілектер еліне саяхат
1
95
Жеті түсті желбір гүл
1
96
Өтірікшілер еліне саяхат
1
97
Роботтың болашағы
1
98
Қиял-ғажайыптар еліне саяхат
1
99
Болашақтың кітабы
1
100
Жоба сабақ
1
101
Өзіңді тексер
1
102
Жиынтық бағалау
1
Барлығы: 102 сағат
Қысқамерзімді жоспар
І тоқсан. 1-ортақ тақырып. Менің Отаным - Қазақстан
Мектеп:
1-сабақ. Отаным - бақыт ордасы
Күні
Мұғалімнің есімі
Сынып 4
Қатысқандар саны
Қатыспағандар саны
Оқу бағдарламасына негізделген оқу мақсаты
4.2.3.1 Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу
4.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, таныстырылым түрінде ұсыну
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: тақырып, идея жайлы түсініктерін тереңдетіп, өлеңдегі негізгі ойды анықтайды. Тірек сөздерді қатыстырып тілектер айтады.
Оқушылардың басым бөлігі: тақырыпқа қатысты мақалдардың бөліктерін сәйкестендіріп, мағынасын талдайды. Ұйқасқа негіздеп 4 жолды өлең құрастырады.
Кейбір оқушылар: тақырыпқа қатысты өз пайымдауларын ұсынып, дәлелдейді.
Бағалау критерийлері:
Тақырыпты және негізгі ойды анықтап үйренеді. Автордың ойын мәтін деректерімен дәлелдейді.
Құндылықтарды дарыту
Жауапкершілік,белсенді азаматтық ұстанымын таныту және өз елінің
дамуына үлес қосу.
Пәнаралық байланыстар
Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары
Автор жайлы деректер іздеу үшін ғаламтор желісі
Алдыңғы оқу Бастапқы білім
Шығарманың мазмұнын түсініп оқып, нақтылау және себеп-салдарын анықтау сұрақтарын қоя алады. Отан, бейбітшілік, бақыт сөздерінің
мағынасын біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған әрекет
Ресурстар
Басталуы
(ЖЖ) Сыныптағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастырып, жаңа тақырыпқа қатысты ойларын жинақтау мақсатында Қос шеңбердегі тілектер әдісін ұйымдастыру. Оқушылар екі шеңберге (ішкі және сыртқы) бөлініп, бір-біріне жүзін қаратып тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша ішкі шеңбердегі оқушы мұғалім атаған сөзді қатыстырып өз жұбына тілек айтады да, оңға қарай бір қадам жылжиды. Мұғалімнің атаған келесі сөзін сыртқы шеңбердегі оқушы қатыстырып тілек айтады.
Қолданылатын сөздер: Отан, бақыт, Қайырлы таң! Мұғалім сабақтың тақырыбы және мақсатымен оқушыларды таныстырады.
Қызығушылықты ояту.
Жаңа сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында оқулықтағы берілген тапсырмамен жұмыс жүргізеді.
(ЖЖ) Құрастыр айдары бойынша
әр жұп Кластер немесе Жүзімнің шоқтары әдісі арқылы
Отанға тілек тақырыбына кластер құрастырады.
Дескрипторы:
Отанына арналған тілектерін құрастырып жазады.
ҚБ: Смайлдар арқылы өзара бағалау.
(Т) Құрастыр айдары бойынша Бейбітшілік, тыныштық
Сызбаға арналған ақ парақтар
сөздерін пайдаланып бір-біріне жақсы тілек сөз айтады.
Дескрипторы:
Берілген сөздерді пайдаланып, бір-біріне жақсы тілек айтады.
ҚБ: Смайлдер арқылы өзара бағалау.
Ортасы
Мағынаны тану кезеңі.
(Ж) Ә.Табылдының өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады.
Аты-жөні Әдібай Табылды
Туған жылы 1926 жыл
Туып-өскен жері Жамбыл облысы Рысқұлов ауданы
Шығармалары Бөбекке сөз, Қайырлы таң,
балалар!
Ақпарат Жазушы, ақын, тәрбие тәлімгері
Ғаламтор желісі, ақпараттық- анықтамалық әдебиеттер
(Т) Оқы айдарыбойынша оқушылар Ә. Табылдының
Қайырлы таң, балалар! атты өлеңін оқып, төмендегі сұрақтар бойынша мазмұнын топта талқылайды:
* Кейіпкер нені мақтан етеді және неге қуанады?
* Өлеңдегі ≪Аман Отан - панамыз≫ деген сөзді қалай түсінесің?
* Неліктен өлең ≪Қайырлы таң, балалар!≫ деп аталған?
* Сен қандай тақырып қойған болар едің?
Сөздікпен жұмыс.
(Ұ)Жаңа сөздер сандығы әдісі бойынша арайлап, әрлі
сөздерінің мағынасын ашады.
Арайлап - жарқырап Әрлі - әдемі, көрікті
(Т) Есіңе түсір айдары бойыншаоқушылар тақырып және идея ұғымдарына анықтама береді. Қайырлы таң, балалар! өлеңінің тақырыбы мен идеясын анықтап, кестеге түсіреді.
Тақырып - жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы
Идея - жазушының айтқысы келген негізгі ойы
Дескрипторы:
1. Тақырып, идея ұғымдарына анықтама береді.
2. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын кестеге жазады.
(Т) Қолдан айдарыбойынша
а) Оқушыларға Егер бейбітшілік болса... деп басталатын сөйлемнің бастапқы бөлігі жазылған көгершін, гүл, шар сияқты бейбітшілік символдарының суреттері беріледі. Оқушылар өлеңдегі негізгі ойды үлгідегі сөйлемге ұқсатып жазады да, тақтаға іледі.
Үлгі: Егер бейбітшілік болса, ата-анамыз да аман-есен болады.
Дескрипторы:Бастапқы ойды өздерінше жалғастырады.
ҚБ:Бағдаршам әдісі бойынша топтардың бірін-бірі бағалауын ұйымдастыруға болады.
Көгершінң суреті, гүл, шар сияқты бейбітшілік символдары- ның суреттері
Әдібай Табылды.Қайырлы таң, балалар!
Тақырып
Өлеңнің идеясы
Ақын Ә. Табылды өлең
тақырыбы арқылы нені суреттеп жазды?
Ә. Табылды өлең арқылы нені айтқысы келді?
Мақсаты: Берілген сөйлемнің бастапқы бөлігін жалғастырып, өз ойын толық білдіреді.
Тиімділігі: Оқушылардың кез келген тақырыпта өз ойын еркін білдіре алу дағдыларын арттырады.
(Т) Қолдан айдары бойынша
Оқушылар өлең шумағына лайықты ұйқас сөздің орнын тауып, өлеңді құрастырады:
Отанды біз атамекен Деп аялап, атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен Бабамыз бен атамыз.
Керекті сөздер: атамыз, атаймыз
Дескрипторы:
1. Ұйқас сөздерді табады.
2. Ұйқасқа негіздеп өлең құрастырады.
Мақсаты: Оқушылардың сөз мағынасын дұрыс түсініп, сөйлем құрастыруда дұрыс пайдалана білуге дағдылануларына ықпал ету.
Тиімділігі: Оқушылардың әр сөзді түсініп қолдану дағдыларын арттырады.
(МК, Т) Есіңе түсір айдары бойынша
Оқушылар эпитет туралы білгендерін естеріне түсіріп, өлеңдегі эпитет сөздерді табады.
Отан Аялаған өз елің, Отан - биік тауларың
Отан - шексіз кең дала, Жасыл бағың, бауларың Көк шалғының, аунағын.
Дескрипторы:
1. Эпитеттің ережесін еске түсіреді.
2. Берілген өлеңдегі эпитет сөздерді табады.
(Т) Кластер әдісі бойынша
Отанға қызмет ету дегенді қалай түсінесің? Ойыңды сызба түрінде топтастырып жаз.
Дескрипторы:
1. Сұрақ төңірегінде әр оқушы өз пікірін білдіреді.
2. Қорытынды ойларын топтастырып жазады.
ҚБ: Ду қол шапалақ
Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырмаларды уақыт жеткілікті болса, өз қалауынша орындата алады. Онда берілген тапсырмалар оқулықта алған білімдерін әрі қарай толықтыруға арналған. Бекіту жұмысы ретінде де пайдалануға болады.
Аяқталуы
Ойтолғаныс (рефлексия).
(Т) Қорытындыла айдарыбойынша
1-топ оқушылары Өз Отаныңды несімен мақтан етесің? тақырыбына өз пайымдауларын ұсынады. Картадан Қазақстан жерін көрсете отырып, оның кең-байтақ екенін айтады.
2-топқа Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы ұсынылады. Шартты белгілер бойынша өз Отанының байлығын мақтан етеді. 3-топқа әр ұлт балаларының суреті ұсынылады. Олар ұлттар достығын дәріптейді.
4-топ оқушылары өз Отаны туралы ребус құрастырады.
Дескрипторы: Топ жұмысы бағаланады.
ҚР
физикалық картасы, пайдалы қазбалар картасы
ҚБ:Ду қолшапалақ әдісі бойынша дұрыс орындалған тапсырмаға қол шапалақтау арқылы қолдау көрсету жүзеге асады.
Үйге тапсырма: К. Салықовтың Отан өлеңіндегі ойды жалғастырып, өлеңге бір-екі жол қосып жаз.
Рефлексия. Көңіл күй қоржыны әдісі арқылы жүргізіледі.
Қосымша ақпарат
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?
Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау парақтары
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктеріқиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?
1.
2.
Мектеп:
2-сабақ. Мен - Қазақстан азаматымын
Күні
Мұғалімнің есімі
Сынып
Қатысқандар саны
Қатыспағандар саны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
4.2.1.1 Шығарманыдауыстаптүсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу
4.3.2.1 Таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: Мәтінді мәнерлеп, шапшаң, түсініп оқып, мазмұнын өз сөздерімен баяндайды.
Оқушылардың басым бөлігі: Автордың пікірін мысалдар келтіріп дәлелдей алады.
Кейбір оқушылар: Тақырыпқа қатысты өлең құрастырып, жарнама жасайды, өз қаласына байланысты викториналық сұрақтар құрастырады. Өз туған жері туралы эссе жазады.
Бағалау критерийлері:
Шығармашылық жұмыс істеп үйренеді. Оқу түрлерін қолданады.
Құндылықтарды дарыту
Жауапкершілік,белсенді азаматтық ұстаным таныту және өз елінің
дамуына үлес қосу
Пәнаралық байланыстар
Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары
Өз өлкесі жайлы жарнама жасап, викториналық сұрақтар құрастыруға
деректер іздеу үшін ғаламтор желісі.
Алдыңғы оқу Бастапқы білім
Мәтіннің түйінді ойын өмірмен байланыстыра алады.Отан,Қазақстан, азамат, туған жерсөздерінің мағынасын
ұғады.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған әрекет
Ресурстар
Басталуы
Қызығушылықты ояту
(Ұ) Кел, сөйлесейік айдарыБиопоэма әдісі арқылы жүзеге
Биопоэма
асады. Оқушылардың өзі туралы сауалдарға жауап берулеріне
жазуға
тапсырма беріледі. Оқулықта берілген тірек сөздерді
арналған
пайдаланып, өзінің өмірбаянын көпшілік алдында әсерлі айтып
кесте.
береді.
ҚР-ның
Есімім (Өз есімі)
картасы
Менің туған жылым (Өз туған күні, айы, жылы)
Менің туған жерім (Дүниеге келген орны) (картадан көрсету)
Менің жетістіктерім
Менің қызығушылықтарым
Мен қызмет еткенде (армандарын айтады)
Мен өскенде
Мен қандаймын (Өзіңізді сипаттайтын 3 сын есім)
Әдістің тиімділігі: балалар бірін-бірі жаңа қырынан танып,
таныстықтары тереңдей түседі.
Сабақтың тақырыбы мен күтілетін нәтижені хабарлайды.
Ортасы
Мағынаны тану кезеңі.
(ЖЖ)Қойын дәптер әдісі арқылы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz