Астана және Алматы қалаларында өткен қысқы Олимпиада ойындары, 7-ші Азия ойындарындағы қазақстандық спортшылардың жетістігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ - Түрік Университеті

Тақырыбы: Астана және Алматы қалаларында өткен қысқы Олимпиада ойындары, 7-ші Азия ойындарындағы қазақстандық спортшылардың жетістігі.

Қабылдаға:Адилбекова Н.
Дайындаған: Жарылқасын Жансая
Тобы:ППМ-111

Қаңтар айының басында Кувейтте ашық түрде 2011 жылы қысқы Азиялық ойындар Алматы және Астана қалаларында өтеді деген келісім бойынша құжаттарға қол қойылды. Құжаттарға өз қолдарын Алматының әкімі И. Тасмағамбетов пен Азия олимпиялық кеңесінің президенті - Шейх Ахмад Әль- Фахад қойды. Оңтүстік астана қысқы олимпиядада өткізуде 7- ші болып саналады. Бұрын қысқы жарыстар Жапонияда, оңт. Кореяда, Қытайда өткізілген. Қысқы Азияда ойындары 4 жылда 1 рет болып тұрады. Соңғы рет 2007 жылы Қытайда өткізілді. Алматы мен Астанада Азиялық ойынды өткізу 30 қаңтардан 6 ақпанға дейін 2011 жылығы жоспар еді. Алау Эстафетасының өңірлік кезеңін өткізу жөніндегі облыстық штаб алау ұстаушылармен кездесті. Алау Эстафетасы қысқы Азия ойындарының тарихында бірінші рет өтті. Оңтүстік астанадан бастап Алау Қазақстанның барлық облыс орталықтарында өтті. Алау ұстаушылардың тізімі арнайы құрылған комиссиямен қыркүйек айында құрылып бекіткен. Негізгі құрамда 50 адам тізімге алынды. Өңірлік штабтың алау ұстаушылармен кездесудегі мақсаты: алау ұстаушыларды Алау ұстаушының тәртіп Кодексымен және Алау ұстаушының міндеттерімен таныстыру. Бұл кездесуде Алау Эстафетасының қатысушылары Эстафетаға қатысуға өтінімдер толтырды және өздері жайлы өңірлік штабқа барлық қажетті ақпаратты берді: жеке мәліметтер, Отан алдындағы қызметтері , марапаттаулар туралы мәліметтер, алау ұстаушыларға арналып дайындалатын киім түрінің мөлшері. Қатысушыларды Эстафета өңірлік кезеңінің бағытымен таныстырды. Алау ұстаушылар Абылай хан резиденциясының алдында жарысқа кірісті, ал Николай Погодин атындағы драм театрдың жанындағы алаңда мәре сызығына жетеді. 124 125 2011 жылғы Азия ойындары - намысымызға сын!..Бүгінгі күні ұлтымыздың намысын ойлайтын қалың бұқараның көкейінде жүрген үлкен мәселенің бірі - 2011 жылы тұңғыш рет қазақ топырағында өтетін қысқы Азия ойындары еді. Жат елдің талайының жүрегінде жақсы я жаман болып ұзақ уақыт сақталар осы Азия ойындары Қазақ жұртының елдігіне сын! Ұлттық ұлағат, елдік биіктік, қазақи қадірімізді танытарды. Азия ойындарының бар мәйегі осы ашылу және жабылу салтанатында емес пе? Көп болып қазақтың намысын ойласақ деп жүрген дала-қаладағы ұлттық болмысымызға жанашыр жандардың қуанышында шек жоқ. Олимпиада да үлкен -- үлкен бес нысан іске қосылады. Олар: Б.Шолақ атындағы спорт сарайы, Медеу спорт кешені, Шымбұлақ және халықаралық шаңғы транплины мен Табаған спорт кешені. 2011 жылдың Қысқы Азия Ойындарына арналған медальдер жасалған. Медальдерді жасау жұмысымен Қазақстан Ұлттық Банкінің Өскемен қаласындағы --Қазақстан Теңге сарайы‖ айналысқан. Медальдердің эскизін Азия Олимпиада кеңесі мақұлдады. Азиада медальдері осы кезге дейін өтіп келген өзі секілді жарыстардағы медальдерден жақсырақ жасалған. Мұны Азия Олимпиада кеңесіндегі лауазымды тұлғалар да айтты. --Азиада 2011″-да алтын медальге ие болған жеңімпазға 340 гр. күмістен құйылып, сырты алтынмен қапталған медаль, екінші орынға ие болған спортшыға 340 гр. күмістен құйылған медаль, ал үшінші орынға ие болған спортшыға 520 гр. таза коладан құйылған медаль берілді. Айтулы жарыста тартысқа түсетін медальдер топтамасы 69 болды. Медальдер Азиада кристалы пішінінде жасалып, қазақы ұлттық нақыштағы ою- өрнектермен безендірілген. Тұңғыш рет Қазақ жерінде өткен кезекті Азиадада қазақстандықтар ерледі: спортшыларымыз ойлағаннан, мақсат еткен межеден әлдеқайда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Қысқы Азия ойындарына қатысушылар санының өсуіне қарамастан, негізінен медалға күрес Жапония, Қытай, оңт. Корея және Қазақстан мемлекеттері арасында болды. М: 5 Қысқы Азияда 2005ж жылының ақпанында Аомари қаласында Жапония қоржынында - 67 мадақ бар. , Қытайда - 33; Креяда - 28; Қазақстанда - 20; Ливан мен ҚХДР - 2- ден; Өзбекістан - 1. Жарыс бағдарламасын Азиялық ойындарды ұйымдастырушылар құрастырды. Алматыда өткен бағдарламада шайбалы хоккей (әйелдер арасында),бенди, тау шаңғысы, фристайл, биатлон, шаңғы жарыстары, транплинен секіру түрлері бар. Сондықтан 2011 жылы Алматыдағы ойындарда шаңғы жарысы, қашықтық саны - ұзартылады, қысқы спорт түрлерінің ішінен осы түрден қазақстандықтар алдыңғы орындар алды. Ең негізгі біздің қарсыластарымыз әрине Жапония, Қытай және оңт. Корея болды. 126 Жарыс кестесі бойынша алғашқы медаль жиынтығы шаңғымен спорттық бағдарлау бәсекесі бойынша сарапқа салынды. Бірден айту керек бұл спорт түрінен Қазақстан құрамасы бәрінен де озық.. Өйткені Қазақстан 7-ші қысқы Азия ойындарының қожайыны ретінде дүбірлі дода бағдарламасына осы спорт түрін қосқан еді. Ольга Новикова қыздар арасындағы спринтте бірінші орын алды. Ерлер арасындағы спринтте бірінші-екінші орынды қос қазақстандық Михаил Сорокин мен Александр Бабенко өзара бөлісті. Фристайшыларымыз да жасындай жарқылдады. Могул сайысында Юлия Галышева өзінің мықты екенін жарыс барасында-ақ аңғартса, ерлер арасында Дмитрий Рейхерд жүйрік шықты. Дмитрий Бармашов та қола жүлде еншілеп, қоржынымызды жүлдемен толтырды. Шағымен жарысу спортынан Қазақстан арулары қоржынымызға қос медаль салып берді. Ерлер арасындағы бәсекеде Алексей Полторанин (алтын) мен Николай Чеботькоға (күміс) тең келер ешкім табылмады. Тау шаңғысы спорты бойынша да Қазақстан сапынан сынға түскен Дмитрий Кошкин алдына жан салмаса, тағы бір қазақстандық Игорь Закурдаев күміспен күмтелді. Биатлоншы Елена Хрусталева (күміс) мен Марина Лебедева (қола), тау шаңғысы спорты бойынша сынға түскен Людмила Федотова (күміс) мен Ксения Строилова (қола), трамплиннен секіруде Николай Карпенко (қола), конькиден 5000 метр қашықтықта жүгіруде Дмитрий Бабенколар (күміс) жүлдегерлер қатарынан көріне алды. Еркін тәсіл бойынша командалық спринтте аламанға шыққан қазақстандық шаңғышы қыздар-Оксана Яцкая мен Елена Коломина білгендерінен жаңылмады. Олар 20 минут 39,9 секундтық көрсеткішпен жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көіне білді. Көп кешікпей ерлердің спринттік сайысында Алексей Полторанин мен Николай Чеботько құрамаға сегізінші алтыды да алып берді. Командалық жарыста қос шаңғышымыз мәреге 22 минут 46,2 секундта жетті. Тау шаңғышылары Игорь Закурдаев пен Дмитрий Кошкин супералып слалом сайысында қарсыластарынан әлдеқайда ұзап кетті. Мәре сызығын 4,61 минут секундта жүріп откен Закурдаев алтын медальды жеңіп алса, Кошкин күміс жүлдегер атанды. Тау шаңғысы спорты бойынша Людмила Федотова (күміс), фристайлшы Жібек Арапбаева (күміс) мен Руслан Әблатифов (қола) жүлдегерлер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азиаданы өткізетін спорт кешендері
Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарында
Қазақстанда олимпиада ізбасарларын дайындау жүйесінің дамуы
PR-дың әлемдік ірі спорт бәсекелерінде алатын орны
Спорт базалары
спорттық мектеп интернаттардың тиімділігі мен мемлекет өміріндегі маңызын көрсету, интернат оқушыларының жетістіктерін эксперимент жүзінде дәлелдеу. Зерттеудің міндеттері
ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА
Салауатты өмір салтын спорт жаттығуларымен шұғылдануға көп мөлшерде уақыт бөле отырып, спортшы ізбасарлардың спортқа бейімділігін анықтаудың жаңа жолын ұсыну
Қазақстанда спорт және дене тәрбиенің дамуы
Қазақстанда фантуризмдi дамыту жолдары
Пәндер