Заманауи білім берудегі дамытудың негізгі тенденциялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Заманауи білім берудегі дамытудың негізгі тенденциялары
Мақала авторы : Абай мектеп-гимназиясының КММ бастауыш сынып мұғалімі
Кариева А.Е.
"Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін: білімді де, зерделі, жан-жақты дамыған дарынды, қабілетті ұрпақ керек" Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты халыққа жолдауынан.
ХХІ ғасыр - ғылым мен техниканың дамыған кезеңі. Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтар соның нәтижесі. Бүгінгі білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру - ақпараттық қоғам дәуірінің негізгі көзі. Ал, жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. Надан жұрттың күні - қараң, келешегі тұман,- деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Шәкәрім Құдайбердіұлы Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді деп есептейді. Ұрпақ тәрбиесі - бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ... оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көрсетілген. Бұл міндеттерді шешуде, әрбір орта мектептің бастауыш сатысында білім беруде оқу-тәрбие үрдісін жаңа технологияларға сай ұйымдастыру әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Жеке тұлғаны дамыту шеңберінде білім берудің мақсаты мен мәнінің өзгеруі білім беру технологиясы деп аталатын жаңа ұғымның пайда болуына ықпал етеді.Бұл ұғымның мәнін білім беру үдерісін өзгеше дамытатын жүйе деп түсінуге болады, сонда білім алушылардың іс-әрекеті жетекші фактор болып табылып, оқыту мұғалім мен білім алушының субьектаралық өзара әрекетін қарастыратын және олардың мүмкіндіктерін қамтамссыз ететін рефлексиялық басқару ретінде көрінеді.
Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің баспалдағы. Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда - оқу үрдісін дамыту. Жаңа технологияны жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат - мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.
Бастауыш саты - бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп - оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Сонымен қатар бастауыш мектепте ақпараттандыру мәселесін зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша, бастауыш мектепте ақпараттандырудың міндеттерін шешуде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қабылданудың төмендегі бағыттарына сүйену керек.
1)оқу процесінде қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану
2)бастауыш мектептерде электрондық оқулықтарды оқыту.
3) кәсіби - педагогикалық іс-әрекетті қамтамасыз ету.
4) оқу - тәрбие процесін басқару
Солардың бірі білім беруді ақпаратттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Осы ретте ақпаратттық технологияны пайдаланудың тиімділігін ашып айтуға болады. Қазіргі таңда жаңа технологияның жетістіктері интерактивті тақта мен электрондық оқулыққа тоқталар болсақ...
Активті экран кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады. Бағдарламалық-техникалық кешенді дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі - жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып, өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.
Бағдарламалық-теникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивті тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиалық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, Web-түйін мазмұнын қарастыру, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тест тапсырмаларын жасау және таңдау
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері
Әлеуметтік - педагогикалық қызметтің кәсіби қызметінің бағыттары
Салыстырмалы-педагогикалық зерттеулердегі принциптер мен тұғырлар. Салыстырмалы педагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы
Синергетикалық тәсіл негізінде студенттерді химиялық - педагогикалық даярлау моделін жасау
Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері
Пәнаралық байланыстар
Қазақ өнерінің тарихы
Математиканы оқытудың заманауи әдістемелерінің әдістемелік принциптері
Білім берудің мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде анықтайтын
Пәндер