Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәнінің мақсаты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің мақсаты - отанымыздың тарихындағы негізгі тілге тиек етер маңызды оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер тоғысында міндетті толық білімді студенттің бойына сіңіруі, тарихи-мәдени дамудың үздіксіз процесс екенің байқап, рухани жағынан терең тамырымызды жайып, бұрынғы ұрпақтың ерең еңбегін, халықтың мақтан тұтар тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру болғандықтан осы курсты Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясының тарихи бастауларын, кезеңдері мен сабақтастығынан бастадық. Осы семинар барысында ХХ. ғ аяғындағы Қазақстан жерінде орын алған қоныстандыру саясатының қалай ел тарихына әсер еткенің, сол арқылы жеріміздегі экспедициялық зерттеу жұмыстарының жүргізілгені жайлы мағлұматтар жиынын алдық. ХХ. ғ еліміздегі транспорт пен сауда және маңызын жоғалтпаған банкі жүйесі жайлы тілімізге арқау еттік. Аталмыш семинардағы басты мәселелердің бірі, әкімшілік орындарының қазақ қожалықтарына жаппай отырықшы тұрмысқа аудару шараларанының қалай белең алғанын, іске асқанының куәгері атандық.

Екінші семинар сабақ еліміздің мен, мен деген атқамінерлерінің еліміздің тәуелсіз ел болуға деген армандарының негізінде жүзеге асқан, еліміздің тәуелсіздігі үшін күрес атты тақырып аясында жүргізілген болатын. Тәуелсіздік жолына деген сара жолдың алғашқы баспалдақтарының бірі 1916ж. ұлт-азаттық көтерілісі жайлы болды. Ә. Бөкейханов бастаған ұлт зиялыларының сара жолдары тілге тиек етілді. Бұл семинар сабақта Қарқаралы петициясын, дін және жер мәселесінің қойылуы, сол уақытқа тұспа тұс келген, бірінші дүние жүзілік соғыс және жалпыұлттық дағдарыстың пісіп-жетілуінің зардабы жайлы сөз қозғадық. 3ші семинар сабағы бойымызға патриоттық сезімімізді одан сайын арттыруға ықпал етті. Осы сабақта, Алаш атқамінерлерінің Алаш қозғалысы, большевиктер жайлы мағлұматтар алдық. 1917жылы орын алған Ақпан буржиазиялық демократиялық революциясының Қазақстанның саяси өміріне тигізген ықпалы мен халықтың қоғамдық өмірі жайлы тың мәліметтер қорымен сусындадық. Қазақ елінің ақтар мен қызылдар күрестері жылындағы бастан өткен қиындықтары мен Қазақ АССР және Түркістан идеясын негізге алған ұлт зиялыларының тәуелсіз ұлт болу жолындағы стратегиялық жоспарлары мен іс әрекет алгоритмін баяндадық. 4-ші семинар біздің рухани сезіміміздің қалыптасып, етек жаюына әсер етті. Еліміздің сол жылдардағы мәдени өмірі, білім мен ғылым жолындағы ұлт мәселесі, елімізді қан қақсатқан ұжымдастыру саясатының зардабы мен ащы өмірдің, аштықтың адам айтса сенгізсіз зардаптары, жазықсыз миллиондаған адамдардың жан кешті өмірі жайлы естіген біздерге бұл семинар ауыр тиді. Елі үшін қасық қаны қалғанша, бар білімі мен білігін ортаға салып, күрескен Алаштықтар мен ұлт зиялыларына қарсы қуғын сүргіндік іс әрекеттер жасап, әділетсіздік танытқан мәңгүрттікке бастар жолда мерт болған аңыз адамдарымыз жайды ортақ пікір алмастық. 5-ші семинар сабағы өзінің суық ызғарлы әрі ел азаматтары үшін мақтаныш тақырыбымен есте қалды. Ұлы Отан соғысындағы қазақ майдангерлерінің ерліктері, сол кездегі еліміздің мәдениет, ғылым саласындағы жетістіктері мен Фашистердің Түркістан легионың құру әрекеті мен жекелеген халықтарын еріксіз біздің жерімізге қоныс аудару сынды мәселелерді жадымызда жаңғырттық. 6-тақырып төңірегінде өткен ғасырдағы реформалардың қайшылықтарына ғылыми талдау жасау дағдысын меңгердік. "Зар заман" мектебі ақындарының шығармаларына тағылған айып пен, олардың етек жайылуына тиым салынуы мәселесі бойынша мәліметтер алып, өзімізге ой түйдік. Хрущев жылымығы жылдарындағы ҚЗ жагдаын тілге еттік. Сонымен қатар, еліміздегі жоғары, арнаулы орта, техникалық білім беру жүйесінің құрулуын естігенде бойымызды қуаныш кернегені хақ. Өтілген алты семинардың қорытындысы ретінде 7ші семинарды студенттер білек сыбана кірісіп оқыдық. Себебі, аталмыш тақырыпта кеңестік қоғамда орын алған дағдарысты, идеологиялық тоқырау мен сол жылдардағы халықтың материалдық тұрмыс жағдайы жайлы жаңа мәліметтерін санамызда бейнеледік. Қазіргі кезде де өзекті тақырыптардың бірі Арал қасіреті мен Семей ядролық сынақтың қазақ халқына тигізген зардабының қасиретін, залалын еріксіз көзге жас ала отырып оқығанымызды көңілімізге тоқыдық. Қорытындылай келсек, өтілген 7семинар да біздің бойымызда патриоттық сезімнің қалыптасуына, ел тарихындағы өзекті мәселелердің бойымызға сіңірілуіне арқау болды. Байқағанымыздай, осындай бейбіт күнге жетіп, тәуелсіздік ұландары атанған біздерге өткен ғасырдың суық ызғарлы оқиғаларын білу маңызды. Осы арқылы, тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегенің, бұл сара жолда талай жандардың жазықсыз опат болғанының куәгерлері болдық. Жаңа тарих баспалдағына шығып өз өшпес орнымызды қалыптастырып, тұрақтағымыз келсе өткенімізді қаперімізде ұстап, мәдени кодты жадымызда сақтағанымыз абзал.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы: тәуелсіздік үшін күрестің жаңа кезеңі
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС ПАЙДАЛАНУ
Мамандықтың пәндер каталогы
Қазақстан тарихы пәні
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің алғашқы қадамдары
Тіл мәдениетінің сипаты
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәні. Лекция сабақтары
Кеңес елі мектептеріндегі тарих пәнінің оқытылуы және ондағы ұлт республикалары тарихының орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz