Синтаксистің зерттеу объектілері. Сөз тіркесінің синтаксисі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Лекция № 1

Тақырыбы: Синтаксистің зерттеу объектілері. Сөз тіркесінің синтаксисі

Мақсаты: Тілдік жіктеу жүйесін, грамматиканы және ұқсас материалдарды ұсыну, тіл білімінің бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерін бағдарлау, синтаксистің зерттеу объектілерін, синтаксистік мағына, тұлға, форма, синтаксистік қатынас және оның түрлерін білу.

Міндеттері:

- тіл білімінің бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерін бағдарлау;

- синтаксистің зерттеу объектілерін, синтаксистік мағына, тұлға, форма, синтаксистік қатынас және оның түрлерін меңгерту;

- сөйлем ішінен сөз тіркестерін саралап, тани біліп, сөз тіркестерінің байланысу формаларын, тәсілдерін анықтау;

  • сөз тіркестерінің басыңқы, бағыныңқы сыңарларын анықтап, оған байланысты түрлерін, құрамына қарай саралануын талдау.

Жоспары:

1. Синтаксис пәнінің обьектісі және мазмұны

2. Синтаксистік тұлғалар, синтаксистік форма, синтаксистік жүйе мен норма

3. Сөз тіркесі туралы түсінік, зерттелуі

Қысқаша тезисі: Синтаксис (грекше syntaxis ) - грек тілінен алынған, сөз бен сөздің бірігуі, қосылуы деген ұғымды білдіреді және грамматиканың бір саласы болып табылады. Морфология сөздердің грамматикалық жүйесін, құрылысын, сөз таптарының грамматикалық мағыналары мен тұлғаларын зерттесе, синтаксис сөз тіркесінің және сөйлемнің грамматикалық жүйесін, құрылысын зерттейді. Қазіргі зерттеуімізде синтаксис термині екі мағынада: 1) коммуникация (пікір алысу) үстінде жұмсалатын тіл тұлғаларының құрылысы мағынасында; 2) тілдің коммуникация үстінде жұмсалатын тіл тұлғаларын зерттейтін ғылым саласы мағынасында қолданылады. Синтаксис зерттеу обьектісінің сипатына қарай: сөз тіркесі , жай сөйлем, құрмалас сөйлем, мәтін синтаксисі болып төртке бөлінеді:

Сөз тіркесі синтаксисі сөз тіркесінің табиғатын, оған тән белгілерін, зерттелу барысын, сөз бен сөз тіркесінің ара қатынасын, сөз тіркесінің түрлерін, оны топтастыру принциптерін, сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формаларын жан-жақты қарастырады. Жай сөйлем синтаксисі жай сөйлемнің құрмалас сөйлемнен айырмашылығын, сөздердің сөйлем мүшесі болуын, атқаратын қызметіне қарай сөйлем мүшелерінің тұрлаулы және тұрлаусыз мүше болып екі топқа бөлінетіндігін, сөйлемнің түрлерін, құрылымдық типтерін, жай сөйлемнің күрделену жолдарын олардың зерттелу жайын қарастырады. Құрмалас сөйлем синтаксисі құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдарын, өзіндік айырым белгілерін, оның жай сөйлемнен басты айырмашылығын, құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қарай түрлерін, салалас құрмалас сөйлем, оның айырым белгілерін, түрлерін, сабақтас құрмалас сөйлем, оның компоненттерінің табиғаты, түрлері, салалассөйлемнен айырмашылығы, жасалу жолдары, көп компоннентті құрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем олардың түрлерін қарастырады. Бөгде сөз , оның түрлері, төл сөздің берілу жолдары, төл сөз бен автор сөзі, төлеу сөздерге жалпы сипаттама беріледі. Сондай - ақ, тыныс белгілері жайлы түсінік бере келіп, тыны белгілердің түрлері жайлы баяндалады.

Мәтін синтаксисі. Мәтін - құрылымдық синтаксис пен қатысым синтаксисінің негізгі тұлға бірлігі. Мұнда мәтіннің белгілері, құрылымдық ерекшеліктері, түрлері, ол жайында ғалымдардың көзқарастары, сөйлеммен ара қатынасы, күрделі синтаксистік тұтастық - мәтіннің негізгі тұлға бірлігі екендігі қарастырылады.

Синтаксистік жүйе - қазақ тілі конструкциясындағы бір деңгей. Ол - тілдің лебізді білдіру, жариялау қызметін атқаратын жүйе. Тілдің басты коммуникативтік қызметі осы жүйе арқылы жүзеге асады.

Қазақ тілінің синтаксистік жүйесінде лебіздің мазмұн түрлеріне сай қалыптасқан синтаксистік тұлғалар бар. Жай пікірді айтуға жай сөйлем , күрделі пікірлі айтуға құрмалас сөйлем , мазмұны бұлардан да күрделі лебізді синтаксистік мәтін деп аталатын тұлғалар білдіреді. Бұлар коммуникативтік сапасы бар синтаксистік тұлғалар ретінде танылады, олар тілдегі түрлі грамматикалық амалдар арқылы құрылымдық тұрпатқа ие болады.

Синтаксистің зертейтін обьектісі - осы тұлғалар, тұлғалардың құрылысы. Синтаксистік тұлғаның грамматикалық тұрпаты оның синтаксистік формасы деп аталады.

Синтаксистік форма дегеніміз - белгілі синтаксистік тұлғаларды қалыптастыратын, құрайтын амалдардың көрінісі. Тіл білімі синтаксистік жүйені, синтаксистік тұлғаларды құрылысына - формасына сай тануды міндет етеді. Тұлғалардың жүйеден дараланы көрінуі оның мазмұнына, қызметіне байланысты болады. Сондықтан форманы тануға сүйеніш ретінде форма білдіретін мағына, атқаратын қызмет ескеріліп отырады. Тіл білімі синтаксистік құрылысты тілдік бітіміне сай, тіл жүйесіндегі құбылыс ретінде таниды, оның обьектісі тілдік құрылыс болып табылады Мысалы, Ерте шыққаны асығыс; ерте шықты, өйткені асығыс. Мағынасы жағынан бұл екі конструкция (құрылым) ұқсас болғанмен, бірі жай, екіншісі құрмалас сөйлем.

Аталған синтаксистік тұлғалар белгілі бір нормаға сәйкес жүйеленіп, анықталатын, талданатын болады. Мәселен, мәтін, мәтіннің ішінде күрделі синтаксистік тұтастық, оның ішінде құрмалас сөйлем, жай сөйлем, сөйлемнің ішінде сөйлем мүшелері, сөз тіркестері анықталып талданады. Жалпы синтаксисті оқыту барысында ең кіші тұлға - сөз тіркесінен бастап оқыту нормасы сақталады. Қазақ тілі конструкциясындағы бір деңгей болып табылатын синтаксистік жүйе осы норманы сақтап іскес асырылады. Тілдің басты коммуникативтік қызметі осы синтаксистік жүйе мен норма арқылы жүзеге асады.

Синтаксис мәселелерін зерттеу тарихын 1860 жылы Н. И. Ильминскийдің «Материалы к изучению киргизского наречия» деген кітабымен байланысты қарастырамыз. 1894-97 жылдары орыс тілінде М. Н. Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казах-киргизского языка» деген еңбегі жарық көрді. Бұл еңбек тұңғыш қазақ тілі жайлы шыққан көлемді грамматика. Миссионерлер шығарған «Алтай тілінің грамматикасында» фонетиканы грамматиканың бір бөлігі ретінде, ал морфологияға синтаксисті қосып қарастырған. Бұдан кейін 1898жылы В. И. Лаптевтің «Грамматика киргиз-кайсакского языка» деген кітабы жарық көрді. Бұл аталған еңбектерде сөз тіркесі тек сөз арасында ауызға алынды. 1920жылы А. Байтұрсыновтың «Тіл құралы» үш кітап болып шықты. Онда грамматикалық атаулар, сөйлем, сөйлем мүшелері сөз болады. 1940 жылы қазақ тілінің бірнеше грамматикалары жарық көрді. 1936жылы профессор Қ. Жұбановтың, 1939 жылы С. Аманжоловтың, Н. Сауранбаевтың еңбектері шықты. Бірақ сөз тіркесін жеке синтаксистің бір тарауы ретінде қарастырмаған. С. Аманжолов өз еңбегінде «сөздердің тізбектеріне» аздап тоқталып, бірақ лексикалық тіркес және тұрақты тіркес деп екі бөліп баяндайды.

А. Байтұрсынов «Тіл құралында» сөйлем жүйесіне, сөйлем мүшелеріне, жай сөйлемнің түрлеріне, құрмалас сөйлемге тоқталады. Сөйлемге жеке анықтама беріп, сөйлем ішіндегі сөздерді сөйлем мүшелері деп, оны екі үлкен топқа бөледі. Тұрлаулы бас мүше , тұрлаусыз - баяншы мүше байланысын зерттеген. Тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш) бас мүшенің мезгіл, мекен, сын, себеп, мақсат тағы басқа сипаттарын айқындайды дейді. Бұратана сөздер - оқшау сөздер - қыстырма, қаратпа. Сөйлем түрлері: Болымды, болымсыз, толымды, толымсыз, жалаң, жайылма, сұраулы, лепті, тілекті, жай.

Бұл бағытта Қ. Жұбанов көп еңбек атқарды. Ол 1936 жылы мектепке арнап грамматика оқулығын шығарды. «Жаңа грамматиканың жаңалықтары» деген атпен мақала жазды. «Сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібінің тарихы» деп аталатын үлкен екі ғылыми еңбегі сөз тіркестерінің тарихына қатысты еді. Содан соң С. Аманжолов «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсын» жазды. Бұл еңбек құндылығымен қоса, едәуір қате пікірлері де бар болды. Ол сол кездегі орта мектеп оқулығына енгізілді. Сөйтіп, 1950 жылы «сөз тіркесі» деген термин пайда болды. Қазақ тілі синтаксисіне үлкен үлес қосқан ғалым С. Жиенбаев болды. Ол жай және құрмалас сөйлемді сөз етеді. Аталған еңбектердегі ғылыми пікірлер синтаксистің әр саласын сөз еткенде толық қамтылады.

Сөз тіркесі дегеніміз - синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобы. Сөз тіркесі - сөйлем құраудың шоғырланған материалы. Кез-келген сөзді бір-бірімен тіркестіре салуға болмайды. Өзара мағыналық байланыста айтыла алатын сөздер ғана синтаксистік байланыста, белгілі бір сөз тіркесінің құрамында айтыла алады. Мысалы, жуас сөзін ат, бала, түйе сөздерімен тіркестіруге болады; тауық, ағаш, парта сөздерімен тіркестіруге болмайды. Яғни, сөз тіркестерінің құрамына өзара тіркесу қабілеті бар сөздер енеді. Сөз тіркесінің синтаксисі жайлы мағлұматтарды оның зерттелу тарихымен байланыстыра қарастырамыз. Мысалы, орыс тіл білімінде бұл синтаксистің бірнеше ғасырлық тарихы бар дейтін болсақ, қазақ тілі сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихын олай дей алмаймыз. Мұның өзі соңғы жылдардың жемісі деп ұғыну қажет. Қай ғылымды алсақ та, оның даму тарихына көз жіберсек, тұтас қалпында дүниеге келеді де, соның ілгері даму барысында оның тармақталған салалары пайда болады. Қазақ тілі жайында шыққан ең бірінші, әрі көлемді грамматика П. М. Мелиоранскийдің 1897жылы «Краткая грамматика казах-киргизского языка» деген еңбегі. Бұл кітапта сөз тіркесі сөз арасында, жол-жөнекей ауызға алынады, бірақ оған ерекше мән берілмейді. Бертінде 1940 жылы қазақ тілінің бірнеше грамматикасы шықты. 1936жылы Қ. Жұбановтың, 1939жылы С. Аманжолв пен Н. Сауранбаевтың бірігіп жазған оқулықтары шықты. 1940жылы С. Аманжоловтың «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы», 1950жылы «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы» деген атпен(1994жылы толықтырылған жаңа басылым) қайта шықты. Қазақ тілі синтаксисіне елеулі еңбек сіңірген ғалым С. Жиенбаев (мұнда да құрмалас сөйлем аталғанымен, сөз тіркесі жеке талданбайды) . Түркі тілдерін зерттеушілердің ішінде сөз тіркесін жан-жақты зерттеудің обьектісі еткен ғалым - Е. И. Убрятова «Исследования по синтаксису якутского языка» деген еңбегінде сөз тіркестерінің түрлерін, синтаксистік байланыс формаларының ізімен қарастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл білімінің синтаксис саласы, оның зерттеу обьектілері
Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелуі
Сөйлем синтаксисі
Сөйлем мен сөз тіркесін оқытудың әдіс-тәсілдері
Сөз тіркесінің зерттелуі. «Суггестия» термині
Сөз тіркесінің нормалық сипаты
Сөз тіркесін зертеушілер
Газет бетіндегі атаулардың синтаксисі
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесі
Синтаксис туралы жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz