Ойын технологиясы - оқушылардың математикалық біліктілігін дамытудың бір тәсілі
Ойын технологиясы - оқушылардың математикалық біліктілігін
дамытудың бір тәсілі
Кіріспе
Елбасының Қазақстан жолы -- 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауында Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуға бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Осыған орай,үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пәндер бойынша білім сапасын арттыру керек. деп айтылған.
Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment - РІSА) болып табылады. РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.
РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде, сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының және т.б әлеуметтік мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады.
РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық
Еліміздің егемендік алуына байланысты жалпы білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде кайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Болашақ коғам мүшелерінін өмір сүріп нәтижелі қызмет етуінде математикалық білімдердің жасайтын ықпалы мол.
Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек ,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің щебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді .
Математика пәнін жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі есептерді шығара білу іскерлігі , оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс - амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін , оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы
Орта мектепте математиканы оқытудың білімділік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылымының негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде шығармашылықпен қолдана алудың іскерлігі мен дағдыларын берік қалыптастыру мен ой-өрісін дамыту болып табылады.
Ал оның негізгі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сынып математика сабагында әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру көкейкесті мәселе.
Шығармашылық тақырып: Ойын технологиясы - оқушылардың математикалық біліктілігін дамытудың бір тәсілі
Мақсаты: ойын технологиясы арқылы оқушылардың математикалық біліктілігін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Міндеттері:
Ойын технологиясын оқып білу;
Ойын технологиясының оқушыға ықпалын көрсету және білім сапасын көтеру;
Математикалық ойындар атты әдістемелік шығару.
Күтілетін нәтиже:
Сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады;
Оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс - әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады;
Ойын арқылы оқушылар бір - бірімен тез тіл табысады, жақыс ұғысады, бір - бірінен ептілікті, сергектікті үйренеді;
Оқушылардың математикалық қабілеттері айқындалады.
Тақырыптың өзектілігі: Егер математика сабағында,
ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса;
уақытты тиімді пайдаланса;
тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе, онда оқушылар сабаққа белсене қатысады, пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі білім сапасы мен үлгерімі артады
І. Ойын технологиясының теориялық негіздері
1.1. Ойынның педагогикалық және психологиялық ерекшеліктері
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жумыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Математика пәні оқушылардың өз ойын қысқа, дәл және дұрыс айтып бере алуы үшін зор мүмкіндіктер туғызады. Білім сапасын арттыру әр мұғалімнен шығармашылықпен жұмыс жасауды талап етеді. Мұғалімнің басты мақсаты оқушыларға терең де тиянақты білім беру. Сабақты қызықты, тартымды өткізу мұғалімнің білімділігіне, қабілетіне, тапқырлығына және сабақтың әр түрлі әдіс тәсілдерін орынды қолдана білуінде. Оқушының математикадан білімін көтерудің ең басты шарты пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы жоғары болса ғана бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетеді. Мұғалім математика сабағында оқушылардың қызығушылығын тудыру үшін ойындар ұйымдастыруына болады.Ойын-әрекеті арқылы баланың дағдысын қалыптастыру кезінде ойын арқылы, көңіл - күйі ,баланың тілін дамытумен қатар пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру, ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады.Физика, химия, тарих т.б. пәндерімен байланысып білім - білік дағдылары артып, пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының артуына ықпал етеді. Бала дамуындағы ойынның рөлі туралы әр кезде де педагогика ғылымының майталмандары үнемі көрсетіп отырған. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады. Ұлы педагог В.А. Сухомлинский ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған. Ойынға да басқа оқыту формалары сияқты арнайы психологиялық қағидалар талап етіледі. Басқа да кез- келген іс-әрекеттер сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде ынталандыруды қажет етеді, ең бастысы оқушылар ойынның қажеттілігін сезінуі керек.
1.2. Ойын технологиясының негіздері
Ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтады. Ойынды қолдану сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, материалды қажетті деңгейде игеруіне ықпал етеді. Ойындар мазмұны баланы қызықтыра алатындай құнды болуы керек. Ойын әрекеті сабақта игерілген білім, білік, дағдыға сүйене отырып оқушылардың өзіне және басқаға сын көзбен қарап, тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік туғызады. Ең бастысы әлеуметтік психологиялық талаптардың бірі - шынайы қарым-қатынас практикасы мен ойынның логикалық үйлесімінің болуы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді.
Ойын - баланың қажетті әрекетінің бірі. Ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түседі. Ойын сабақтарында берілетін тапсырмалар қарпайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударылады. Білім бағалаудың бұл әдісі оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыруы, мектепте өткізілетін әр түрлі жұмыстардың атқарар рөлі зор.
Ойын технологияларының белгілері: ойын үлгісінің бар болуы, ойын қойылымдары, рольдік позициялар, альтернативалық шешімнің мүмкіндіктері, жобаланған нәтижелер, бағалау критерилері, сезім әрекетінің серпілуінің бар болуы. Ойынды топтастырудың әртүрлі ыңғайы бар. Өңделген үлгіленген жағдайдың мінезделуіне қарай, ойын процесінің мінезіне қарай, ақпаратты өңдеу және тарату тәсілдеріне қарай, танымдық, қызықты театрланған, рөлдік, имитациялық еліктеу және т.б. ойындар қолданылады.
Педагогикалық процесс мінезіне қарай ойынды келесі топтарға бөлуге болады:
Оқыту, жаттығу, бақылау және талдап қорыту;
Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;
Репродуктивті, продуктивті, шығармашылық.
Коммуникативті, диагностикалық хабардар ету және т.б.
Сабақта дидактикалық тапсырмалар арқылы ойынды оқыту, бақылау және талдап қорыту деп бөлген дұрыс.
Оқыту ойыны - бұл ойында оқушылар жаңа білім, ептілік пен дағдыны алады (үйренеді). Жаңа білімді меңгерген кезде ойын мүмкіндіктері дәстүрлі емес оқу формасына жол береді, сондықтан оқыту ойыны салыстырмалы түрде аз қолданылады.
Бақылау ойыны - бұл ойын өтілген білімді тексеру және бекіту, қайталау кезінде дидактикалық мақсатта құрылған. Пысықтауға арналған ойындар интеграциялық білімді талап етеді, пәнаралық байланысты анықтауға мүмкіндік береді, әр түрлі жағдайларда епті әрекет етуге бағытталған.
Ойын технологиясын оқытудың сатылары
Ойынға кіріспе: берілген ойынның мазмұнын анықтау, алынған ақпаратты талдау, ойын топтарын құру, рөлдерді бөлу;
Баяндалған дайын объектіні құрастыру; топтардағы ролдік қатынас, форматтық баяндалған объектіні оқып білу;
Топ жобаларын бағалау; ұсынылған жобаларды талқыға салу.
Ұсынылған жобаларды экспериментальды жүзеге асыру; ойыншы әрекеттері мен жобаларды бағалау, ойындарды талдау.
ІІ. Математика сабағында ойын технологиясының пайдалануы
2.1. Ойын технологиясының маңызы
Ойын оқушының негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиалогиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын оқушының даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады .
Ойын өзінің тек мазмұнымен оқушыларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып, жаңа психологиялық жағдайға әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей, әдеттегі бірсарынды сынып сабағындағы үңдемес оқушылар ойын кезінде өте белсенді болады. Өйткені ойын кезінде ол тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, алдыңғы қатарлы, әрекетшіл болып басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады. Мұғалім балалар ерекшеліктерін - мінез, темперамент, ұжымшылдық, тәртіп, ерік т.б. жағдайларын ескеріп ұйымдастыруы қажет және ойынның мақсаты, міндеттері, мазмұны мен жүрісін анықтау керек. Мұғалім ойынды ұйымдастырушы, ойынның мазмұны жөніндегі ақыл-кеңесшісі, балалардың даулы нәрселерін шешіп беретін әділ төрешісі,сонымен бірге ойын барысында олардың жолдасы бола алады. Мұғалімнің міндеті - ойын барысында балалар арасында адамгершілік қарым-қатынастарды талдап, зерттеу, оны тиімді әдістермен басқару, балалардың достығын қолдау. Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ықыласпен тыңдап, жемісті меңгеруіне әсер етеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады.
2.2. Дидактикалық ойындар
Математика сабақтарында дидактикалық ойын элементтерін қолданып сабақ өткізу өте пайдалы. Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.
Математикалық ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл - ой жетекшісі. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой - өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу процесінде пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асырылып, сабақ кезеңдеріне де нұқсан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс.
Ойынға педагогикалық басшылық жасау дегеніміз оқушыларды ұйымшылдыққа, шығармашылық дербес қызметтерін алмастыратын, балалардың ұжыммен қарым - қатынасын жетілдіре түсуі болып табылады. Ойын барысындағы қарым - қатынаста педагог басты назарды достыққа, жолдастық қарым - қатынас, өзара түсіністікке көңіл аударады. Ұжымдық ойындағы оқушының алар орны күнделікті өмірден айтарлықтай өзгеше. Ол ойындағы атқаратын рөлінен туындайтын мазмұнмен сипатталады.
Ойын оқушылардың қарым - қатынасын орнықтырады, бір - біріне сенімін, түсінігін арттырады. Ойын мектеп оқушыларын тәрбиелеудің тиімді жолы, сабақтың барысын өзгертіп жаңалықтар енгізіп отырсақ, оқушылардың білімге деген құштарлығы артары сөзсіз.
Көрнекті педагог В. Ф. Сухомлинскийдің егер мен сабақ беруші ғана болсам, педагогтік деңгейде көтеріле алмас едім, шәкіртімнің жүрегі мен үшін қақпасын мәңгі ашпас тас қамалдай болып қала берер еді деген сөзін өз санамызға сіңіріп, бұл тұжырымға көп мән беруге болады. Мысалы, мектеп оқушыларының көпшілігі математика пәнін меңгеруде көптеген қиыншылықтарға ұшырайды.Қайсыбір оқушы болмасын одан осы пән туралы сөз қозғасаң, оны дұрыс түсіне алмай жүргенін, оған деген құштарлығының жоқтығына көз жеткізуге болады. Әрине, басқа пәндерге қарағанда бұл пәннің қиыншылығы да бар. Бірақ кез келген пәнді жақсы меңгеру үшін оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын арттыру мұғалімнің шеберлігіне келіп тіреледі.
Математикалық ойындар сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болмасын, балаларды өзіне тартады. Мұның өзі мұғалім үшін өте қажетті жағдай.
Мұғалімде әрбір ойын элементтерін қолдану оқушылар арасында саналы жарыс туғызған жағдайда жүргізілуі тиіс. Мұғалім де әрбір ойын жөнінде терең толғанып, оның оқу және тәрбиелік маңызын түсіне білуі керек. Оқушыларға қойылған сұрақ қысқа, түсінікті болуы шарт. Ойын процесінде мүмкіндігінше ойынның бірнеше түрін кезектестіріп отыруы керек, әйтседе бізде көбіне бағдарламаға байланысты бір сарынды оқыту әдетке айналған.
Мысалы; үлестірме екі бөлініп, біреуінде сұрақ, екіншісінде басқа сұрақтың жауабы жазылады.
Оқушылардың міндетті сұраққа жауапты дұрыс тауып, үлестірме қағазын дұрыс құрастыру. Егер тапсырма орындалса, үлестірме қағаздың екінші жағынан белгілі бір сурет немесе мақал - мәтел шығуы керек.
Қорыта айтқанда, дидактикалық ойындардың математика сабақтарында атқаратын рөлі ерекше. Ол оқушылардың қызығушылығымен қатар, оқушыларды белсенділікке, тез ойлауға, ауызша есептеулерге, логикалық ойлау қабілетін арттыруда ерекше маңызы зор. Сондықтан математика сабақтарында ойын элементтерін неғұрлым жиірек пайдалансақ, соғұрлым сабағымыз қызықты тартымды өтер еді.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын - айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А. С. Макаренко: Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады,- деп балалар ойынын жоғары бағалаған.
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz