Хорды өңдеу


Хорды өңдеу
Хорды өңдеу пәні әрбір студденттің шығармашылық процессінің, оның хорлық ойлауын, музыкалық есте сақтауын, ойын және байқаштығын дамытады. Хорды өңдеуде синтезделген арнайы білімдердің гармониясы, музыкалық көлемнің талдауы, хортану және хор класы, дирижерлық және музыкалық тәрбиесінің әдістемесі ашылады.
Хорды өңдеу пәнінің мақсаты студенттерге бір хор орындаушылық құрамын екінші хорға ыңғайлауды үйрету.
Пәннің негізгі міндеттері - композитордың жазған шығармасын дұрыс орындау үшін әртүрлі тәсілдерді меңгерту және хорды өңдеу дағдысы болып табылады. Автор шығармасындағы жеке хор стиліне, оның тарихи дәуір құрылымына, хор шығармашылығының түпнұсқасының қарым-қатынасы ұқыпты болуы керек.
«Түрлендіру» (обработка) және «ыңғайландыру» (переложение) түсініктеріне қысқаша анықтама. «Түрлендіру» деп шығарманың әуенін негізге ала отырып, мысалы халық әнін белгілейміз. Автор түрленуінде өзінің гармониясын немесе полифониялық дамуын береді. Аытордың жеке шығармашылығында түрлендіру элементі үлкен ерекшелікпен әкелінеді. «Ыңғайландыру» термині дегеніміз дайын музыкалық - хор шығармасын пайдалана, гармониялық және негізгі мазмұны сақталуы. «Ыңғайландыру» термині хор шығармасының бір хор типі мен түрінен екінші хорға өңдеу кезінде қолданылады. «Өңдеу» (аранжировка) дегеніміз - француз сөзінен. Қолдануға (дауыспен, хормен) бейімдеу, келістіру деген мағынаны білдіреді.
Хорды өңдеудің мазмұны практикалық тапсырмалар болып табылады. Студенттер жұмысқа кіріскен кезде төмендегі жайттарды айқындайды, оның негізгі мазмұнын ашатын ыңғайландыру қалай дұрыс пайдалану керектігін білдіреді.
Вокал-хор шығармасындағы өзіндік ерекшелігі, әртүрлі хор партияларындағы тембрлік бояулардың байлығы, диапазоны, ансамбль үйлесімділігі, хор жазу мазмұнындағы тәсілдер, әдеби аударма басты болып келеді. Хорды өңдеуде үш негізгі түрі айқындалады: хор партитурасынан, дауысқа арналған фортепиано сүйемелдеуі шығармаларынан, аспаптық шығармалардан. Үшінші түрі сирек кездеседі. Ыңғайландырудың екі түрі бар, бірінші: жай, толық бір хор партиясы алынады. Екінші түрі: күрделі бес-жеті дауыстардан (көпдауысты) бір немесе екі хор партиялары пайда болады.
Өңдеу процессінде төмендегі ережелерді ескеріп отыру керек:
- Авторлық хор шығармаларында әуен ырғақтық және әуендік өзгермейді.
- Композитордың шығармасында гармония сақталады, аккордтардың айналымына рұқсат беріледі, өтпелі және каданс квартсекстаккортарын пайдалануға, кей кезде көмекші квартсекстаккорды қолдануға болады.
- Әуенді дауысты жүргізу, ойланып айту, әртүрлі үйлесімділікті қолдану; дауыс қозғалыстары (қарама-қарсы, қиғаш, тура қозғалыстар) .
- Хор даусындағы тесситура мен диапазонды және олардың вокалдық - хор мүмкіндіктерін қатаң түрде сақтау керек.
Студенттерге жеке инициативасының болуын, жауапкершілікті, эстетикалық талғамын тәрбиелеу, ойын, рухани санасын білуге әрбір педагог сабақ барысында оларға міндетті түрде оларға ықпал етіп отыруы тиіс Бұған сабақтың творчестволық ауа-райы ықпал етеді. Студенттер дәрісте теориялық білім алады, хорды өңдеудің классикалық үлгісін талдайды. Ал практика жүзінде оларда өздерінің жұмысының дыбысталуын қалай болатындығы туралы мүмкіндіктері пайда болады, ол жерде шығарманы көркемдеуге, түзетуге, жақсартуға мүлде болмайды. Педагогикалық қызметінің төмендегі түрлерін ұсынамыз.
- үнтаспадан шығарманы тыңдау.
- шығарманың фортепианода ойналуы немесе хорлық дыбысталуы.
- көрнекіліктер, графикалық сұлбасы, музыкалық мысалдар жалпы сабақ 8 семестр бойынша өтілген тапсырмалардан 8-10 такт бойынша алты, сегіз шығарма орындап сынақпен қортындылады.
Хорды ыңғайландырудағы белгілі бір шығарманы таңдаудағы ұсыныстар мысалға мынадай: аккордты гармониялық қоймадағы хор шығармалары, әуенді дауыс жүргізумен, үлкен емес жеңіл имитациялық және қосымша хор дауыстары болып табылады. Хор дауыстарының үлкен сандарынан кішісіне және кері ыңғайлауды көрсету. Лекцияның әрбір тақырыбына белгілі бір бірыңғай тапсырмалар сәйкес келеді. Сынақ кезінде студент бір шығарманы өңдеп, осы лайықтауды қысқаша талдап, сұрақтарға жауап беруі тиіс. Тапсырманың басқа міндеті дауыс топтарын дұрыс таңдау (әр түрлі мектеп жасындағы, балалар хорын ыңғайлау) . Әр оқу жылында оқытушы тақырыптар мазмұнын толықтыруына немесе қысқартуына, оның оқытылу уақытын өз қалауынша бөлуіне болады. Бұл сияқты өзгертулер сабақтармен, құраммен, топтардың жылуымен байланысты жасалады.
Кіріспе
Хорды өңдеубірде-бір мамандырылған пән ретінде «Музыка және ән сабағының мұғалімі» мамандығының студенттерін оқытуға арналған. Әрбір ыңғайландыру, бұл студенттің орындаушылық жұмысының жеке дара қорытындысы, профессионалдық білімнің терң сіңгендігі. Нақпен орындалған ыңғайластыру практикада музыкалық ойлау қабілетін, хор репертуарын таңдауды, хор импровизациясының мүмкіндігін орындайды. Композиторлық хор хаттарыноқу спецификалық хор дыбысталуынтүйсікті түсінуге, гармониялық заңдарын және шығарманы талдауға көмектеседі. Әдістерді шығармашылық пайдалану оның хорды өңдеудегі көркемдік талғамын қалыптастырады. Мысалы, вокальдық-хорлық шығармаларды лирикалық, драмалық, батырлық мінезде өз мамандықтарында қолдану, болашақ педагогтың танымдық, этикалық қасиетін дамытады. Студентке орта мектепте жүрген практика кезінен мысал беріледі, балаларға арналған ыңғайластыруды сол бетте әр түрлі музыкалық кештерге дайындықжасап шығару керек. Балалар хор шығармаларының дәстүрлері. Хордың түрі мен типі. Әр түрлі дауыстағы хор ансамбль тепе-теңдігі, хор регистрінің нақты, шекара мүмкіндігі, шығарманы паралелльді оқыту және оны ыңғайластыру, талдаумен, гармониямен, хорлық дыбыстанумен сәйкестігі. Әр түрлі ыңғайластыруды құрастыруда, оның тембральдық дыбысталу түпнұсқасын және ыңғайландыруын қалыптастыра білу керек. Хорды өңдеу курсы әрбір студенттің педагогикалық шығармашылығының орындалуындағы дайындықтың ең керек бөлімі.
Пәннің мазмұны
1-тақырып. Хорды өңдеудің мәні. Мақсаты, міндеті.
Курстың мақсаты мен міндеті. «Өңдеу» (аранжировка) түсінігінің қысқаша анықтамасы, оның түрленуден (обработка) айырмашылығы. Хорға ыңғайлаудың негізгі принциптері. Ыңғайлаудың ережесі, типтері, тәсілдері. Теория мен практика бірлігі негізінде оқуды ұйымдастыру, хорға ыңғайлаудағы гармонияның фактурасында гармонияның маңызы. Аналитикалық және интонациялық музыкалық ашық құралдардың көркемдік образды ашудағы бірлігі. Вокал хор шығармасындағы өзіндік ерекшелігі, әртүрлі хор партияларындағы тембрлік бояулардың байлығы, сан ансамбль, орындау диапазоны, демалыс негіздері, дауыстағы және хор жазуын мазмұндаудағы дикция. Бала тәрбиесіндегі хорды әннің эстетикалық және рухани маңызы. Хорды өңдеу балалармен табысты жұмыс істеудің құрамдас бөлігі ретінде. Хорды өңдеу курсының музыка-педагогика факультетіндегі оқытылатын басқа да пәндерімен байланысы.
2-тақырып. 4-дауыста бірыңғай аралас типтегі хорды 2-дауысты бірыңғай балалар хорына ыңғайлау.
Төмендегі мектеп жасындағы балалармен жұмыс істеудің негізгі бағыты. Диапазонның динамиканың балалар дауысының шыдамдылығының шектеулілігін және мүмкіндіктерін, хордың дауыс шығуының тембрлік ерекшеліктерін ескеретін вокалды-хор жұмысының негізгі принциптері. Аралықтардың гармониялық сипатына сүйене отырып дауыс сандарын қысқарту, бояу, дауыс қозғалту, секірістерді абайлап пайдалану. Хорды мазмұндағы әуеннің ролі. Оны мазмұндау ерекшеліктеріне (хордың жеке топтарының, солистердің, унисонның), сонымен қатар оның орындалуының регистрлік, тесситуралық жағдайларына байланысты әуенді, реттеп (өңдеп) . Екінші дауыстың қозғалысы баяу, анық кейде ритмикалық дербес, бірінші дауыспен гармониялық үндестік тауып жатады.
2-дауыстыға интервалды таңдау аккордтың әуендік жағдайына, оның функциясына тәуелді. Гармониялық интервалика ыңғайлауда-терциялар, сексталар, доминант тобының аккордтары үшдыбыстылықтың дауыстылығын жеткізеді, үлкен секундалар, кіші септималар, тритондар, сирек терциялар. Тактының әртүрлі қағыстарында кварта, квинта интервалдары шығарманың басында, ортасында және соңында кіреді.
Таза квинта, кварта қазақ және орыс халық әндерінде қолданылады. Жай полифонияда имитацияның сақталуы қосымша бөлігі ретінде. Дауыстардың қысқа қиылысуы. Барлық музыкалық мәнерлі әдістер сақталынады, дауыстар, құрамы және хор дыбысының тембрлік бояуы өзгереді.
Тапсырма - 4-дауысты бірыңғай балалар хорын орта мектеп жасындағы 2-дауысты балалар, бірыңғай кіші мектеп жасындағы хорға лайықтау, 4-дауысты аралас хорын 2-дауысты бірыңғайға лайықтау.
3-тақырып. 4-дауысты хор түрінен 3-дауысты бірыңғай, аралас толық емес хорға ыңғайлау.
Орта мектептердің тұрақты хор ұжымдарымен. Мәдениет үйлерінің балалар хор студияларымен жұмыс істеудің негізгі бағыты. Жоғарғы және орта сынып оқушыларының дауыстарына сипаттама беру: жалпы диапазон, регистрлік ерекшеліктер, үннің күші және техикалық мүмкіндіктері. Жас өспірімдердің жас ерекшеліктері, вокалды-хор жұмысының сақтау режимдері, неғұрлым ыңғайлы, әлсіз тесситура, динамика жасау. Хор оырндаудың ең жоғарғы формасына ие болу. сүйемелдеусіз ән айту. Хор фактурасының негізгі түрлері, аккордты салыстыру және олардың үйлесуі. Дауыстардың гармониялық және полифониялық дауыстар (элементтерінің имитация, подголоски) біргуімен болатын аралас фактура. Қарапайым полифонияның бір бөлімі ретінде имитация сақтау. Бірыңғай хордың гомофондық-гармониялық фактурасында аккордтардың тыныс және аралас орналасуы, толық емес араласта: сопрано мен альттардың арасында дауыстардың орналасуы кең, альттық және жасөспірімдер партиялары арасында тығыз болғандықтан, дауыс шығуының бояуының анағұрлым толық қанықтығына байланысты, көбінесе колористикалық тәсілдер қолданылады.
Үшдауыстылықта әуен бірінші сопрано, тенор және альт бозбала партияларында орындалады. Хор партияларының диапазоны. Лайықтау тәсілдері- күрделі. Үшдауыстылықта келесі хор дауыстарының құрамынан тұрады С₁-С₂ А Т₁-Т₂ Б немесе С₁ А₁ А₂ Т₁ Б₁ Б₂. Егер бұл жоғарғы сынып жасындағы аралас хор болса, онда САЮ (юноша- бозбала партиясы) .
Лайықтауда төртдауысты хордың гармониялық бояуын көрсететін баспалдалдақтарды сақтау керек (кіріспе тон, септима, тон, альтерациялық дыбыстар) .
Бірыңғай төртдауысты балалар және әйелдер хорын 3-дауысты бірыңғайға лайықтау, 4-дауысты аралас хорын толық емес 3-дауысты аралас хорға лайықтау, 3-дауыста аралас хорын бірыңғай 3-дауысты балалар және жоғарғы сынып жасындағы хорға лайықтау. Практикалық тапсырмалар педагогтің өз шешімі бойынша беріледі.
4-тақырып. Аралас хор үшін бірыңғай хорға ыңғайлау.
2-дауысты аралас үшін бірыңғай 2-дауысты хорға ыңғайлау. Дауыстың екіге бөліну. Бірінші дауыстың (жоғарғы) партиясы сопронаға және тенорға немесе бозбалаға ауысады, екінші (төменгі) партиясы- альтқа, басқа ауысады. Партияның орын ауыстыруы: сопрано тенорға альт басқа, немесе сопрано альтпен, бозбалаға ауысады.
Бірыңғай хордың тональділігі сақталады. 3-дауысты аралас үшін, бірыңғай 3-дауысты хорды ыңғайлауда ортаңғы және жоғарғы дауыстар екіге бөлінеді. Жоғарғы дауыс-сопрано мен тенормен, ортаңғы альтпен, төменгі- баспен беріледі. Трансионирлеу. Ер адамдар дауысының әйел адам дауыстарымен қайталану қорытындысы тығыз және әртүрлі масштабтағы хор эпизодтарына жетеді.
5-тақырып. Хор партитурасын талдау. Хор партитурасын оқу.
Жалпы талдау.
а) шығарманың дәл аты, шыққан жылы.
ә) композитордың өмірі, шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет ( Өмір сүрген жылдары. Шығармашылығына толық анықтама. Негізгі шығармалары. Хор шығармаларына дәлірек анықтама)
б) әдеби мәтіннің авторы туралы қысқаша мәлімет, өмір сүрген жылдары. Негізгі шығармалары. Хор шығармаларына дәлірек анықтама.
в) шығармаларының мақсаттық-көркемдік мазмұны. Негізгі тақырыбы, мақсаты, кейіпкерлері.
2. Музыка теориялық талдау.
а) музыкалық шығарманың формасы (бөлік-бөлімі, екі, үш, куплеті)
ә) әуен-темасы, сипаты, ритмикалық және Музыка мен әдеби текст арасындағы байланыс.
б) хор партитурасының құрылысы-гомофонды, полифониялық аралас.
3. Вокалды- хор талдау.
а) хордың түрі.
ә) хор партияларының диапазоны.
б) хор партияларына сипаттама.
в) вокалдық қиындықтар.
г) тыныс алу мен айтылу ерекшелітері.
ғ) дыбысталу.
4. Орындаушылық шеберлігі.
а) шығарманың көркемдік мақсатын ашудағы мағынасын анықтау.
ә) дирижерлық техниканы қолдану.
Шығарманы нақты және толық орындау үшін лайықтауда түпнұсқаны талдау керек. Шығарманың жанры, стилін, жалғасын, хор дауыстарының қозғалысын, олардың қарым-қатынасын, дауыс жүргізуін, әдеби аударманың нақты бөлінуін білу.
Толық гармониялық жоспарын құру. Хор фактурасының ерекшелітері.
Дауыстардың дұрыс орналасуы, гармониялық заңдылықтары және вокалды-хор дамуы. Әуендік және гармониялық интервалика, диатоника мен хроматиканың қарым-қатынасы, консонанс және диссонанс. Хор мазмұның партияларын құрастыру. Бақылаудың негізі шарты, хор партитурасын міндетті түрде ойнау композитордың түпнұсқасын, тек содан кейін ыңғайланған шығарманы орындау. Қысқаша салыстырмалы талдау.
6-тақырып. Бірыңғай аралас толық 4-дауысты хор типін ыңғайлау.
Бірыңғай 4-дауысты әйелдер хорын 4-дауысты аралас хоға ыңғайлау. С(1) партиясы С, С(2) - Т, А(1) - А(1), А(2) - Б-ға алмасады. Әйел хорын фактуралық ыңғайлауда кіші терция мен таза квинтаға төмен транспонирлеу сақталады: С, С(2) -А(1), А(1) - Т, А(2) - Б-ға ауысады. Дауыстардың Реттесу кезегі. Графикалық сұлбалары. Негізгі тональділігі. Дауыстардың ара қашықтық сақталуы. Хор диапазонының біркелкі таралу аймағы. Біркелкі 4-дауысты ер адамдар хорының 4-дауысты араласқа ыңғайлау. Т(1) партиясы С, Т(2) - Т, Б(1) - Л, Б(2) - Б алмасады. Аралас хордың кең қолданыстағы дауыстарда. Әйел дауыстары октаваға төмен транспонирленеді, ер дауыстарыоктаваға жоғары транспонирленеді.
4-дауысты аралас хордың гармониялық қойманың бірыңғай 4-дауыстыға ыңайлау. Гармониялық аккордтың толық дыбысталу түрі өзгермейді. Жалпы орналасқан аралас хор тығыз және бірыңғай араласқа өзгереді. Аралас хордан бір ыңғайға өңдеуде аккордтың әуендік орналасуын өзгертуге жол бермейді. Сондықтан да гармониялық дауыста ән айтушы, негізгі әуенді орындаушы біріншіден де доғары айтар еді. Бұл партияны шығарып жіберу керек. Аккордтың дыбыстық толық емес дыбысталуы. Аккордта, типте, түрде өзгермейді. Бірыңғай хорда аралас хордың фактурасын сақтауға болады, егер бас пен тенордың айырмашлығы октавадан жоғары болса (шығарма түпнұсқа негізінде), сонымен бірге ерлер дауысы жоғары регистрде, ал әйелдердікі орта және төмен. Бас партиясының диапазоны. Хор шығармасын өңдеудегі сайлауда жеке дара шығармашылық бөлек жол сала білу керек. Дыбыстанудың ерекшелігі: тыныс алу, сан, ансамбль, партияның мүмкіндігі мен мазмұндамасы. Гармонияның анықталған ережесі: аккордтағы дауыстардың орналасуы және екіге бөлінуі қозғалыстың ырғақты секірістері, дыбыстанудың логикалық ерекшеліктері, унисондардың түрлері. Шығарманың тональдігі композитордың көркемдік ойлауының рөлін ашады. Транспонирлеу. Бөлек хор топтарының бар хорда дыбысталуы, әншілермен хор партияларымен салыстырып, бірте-бірте дауысты қосып шығармашылық әртүрлі әдістерді қолдану. Әуендету-хордың негізгі жазылуы. Ритмикалық интонацияның жағынан әннің сөз мәтінімен байланысы. Әуен-тақырып. Дауыстылық имитация, полифония. Қоса мәтіндеу әдістері. Дикция. Ауызекі мәтін ойлауының әуенмен қатынасының үндестігінің маңызы зор. Қазақстан композиторларының шығармаларындағы күй хорының жанры.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz