ПЕДАГОГ ПОРТРЕТІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ

Қадірбай Ернар №17 М. Ю. Лeрмонтов aтындaғы жaлпы ортa мeктeбінде 1 сыныптан бастап оқиды. Жалпы онлайн сабақ өту барысында, бірден көзге түскен-Ернар болды. Өзі ашық мінезді, адамдармен тез тіл табысып кетеді. Оқу үлгерімі жақсы, білім көздерін пайдалана алады, сөйлеу мәдениеті жақсы қалыптасқан. Өз ойын дәл әрі еркін жеткізе біледі.

Оқудағы жұмысы жүйелі және бірізді. Берілген тапсырмаларды уақытында үлкен жауапкершілікпен орындайды. Мұғалімдердің сын ескертпелерін дұрыс қабылдайды. Сынып аралық мәселелер, қиындықтар болса, бірден көмек қолын созуға дайын тұрады.

Сонымен қатар өз теңдестерінің арасында да беделі зор, қадірлі жан. Мақсатқа жету жолындағы ұмтылысы қуантарлық, өз мінез құлқын реттей алады. Өз мүмкіндігін бағалай алады. Қарым-қатынас ережелері мен нормаларын сақтай біледі. Құлшынысты, шығармашыл, еңбексүйгіш.

Ернардың болашақта еліне елеулі, халқына қалаулы азамат болатынына кәміл сенімдімін.

ПЕДАГОГ ПОРТРЕТІ

Педагог - зиялы тұлға және мәдениет адамы.

Қазіргі заман талабына сай мұғалім болу ең жауапты, ең күрделі, ең зиялы мамандық болып табылады. Себебі, ол адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған зор жауапкершілікті қажет ететін мамандық.

Қазіргі мектептің міндеттері:

- Алдыңғы ұрпақтың соңғы ұрпаққа жинаған, қалыптастырған мәдени құндылықтарын жеткізу;

- Баланың тұлғасын дамыту;

- Баланың, мектептің әлеуметтік бейімделуі,

Қандай бір әдістермен педагогикалық технологияны пайдаланбасын, баланың рухани жан дүниесіне әсер етуде мұғалімнің өз тұлғасының әсері ерекше. Оқушылардың мұғалім бойындағы ең бағалы деп есептейтін қасиеттері: баланы жақсы көруі, мейірімділік, сезімталдық, әділеттілік, талап қойғыштық, әзіл айта білуі, келешекке сенімділік, іске шығармашылықпен қарау болып табылады. Ал, мұндай қасиеттерге еге болу үшін мұғалім рухани бай, зиялы және шығармашыл тұлға болуы қажет. К. Д. Ушинский: «Оқу орнының талабына көп нәрсе байланысты, ең бастысы тәрбиешінің тұлғасының рөлі ерекше, жас ұрпаққа беретін әсерін оқулықпен, жазалау және мадақтаумен алмастыруға болмайды», - деп жазған.

Әрқайсымыз, студент не жас мұғалім болайық «мұғалім» деген сөзді естігенде өзінің ең сүйікті мұғалімдерін кәсіби шеберліктермен қоса, тұтастай тұлға ретінде есіне алады.

Мұғалімнің тұлғасын тұтастай алып қарау, әрқайсысының жеке ерекшеліктерін де қоса қарастырады. Сонымен ХХІ ғасыр мұғалімнің тұлғасы қандай болу керек деген сұрақтың төңірегінде ой толғау.

Педагог - зиялы тұлға. Өзін жинақы, сүйкімді ұстайды. Прогрессивті көзқарастарды алға тартады. Сыни көзқарасы қалыптасқан, ұстамды, өзгелердің пікіріне сыйластықпен қарайды.

Жүйелі түрде өзіне - өзі баға беріп, рефлекция жасап отырады: мәдениеті, эрудициясы жоғары, эстетикалық, көркемдік талғамы бар. Саясатқа, білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылық танытады. Шығармашылықпен өзін - өзі үздіксіз дамытып отырады.

Педагог-рухани бай тұлға. Оның рухани байлығы балаға деген махаббатынан, жоғары адамгершілік және ұят сезімінен көрінеді. Ол өзінің оқушылары және әріптестерінің пікірімен санасады. Тұлғаның рухани байлығы өмірдің мәнін және өмір сүру мақсатын, өзінің кәсіби шеберлігін айқындауына ұмтылуында болып табылады. Педагог адамдардың қарым - қатынасына, әлем сұлулығына ерекше мән береді. Онда эмпатия мен рефлексия жоғары дамыған. Ол жаңа өсіп келе жатқан баланың рухани әлемінің байлығын түсінуге тырысады, сондықтан да өзінің планетарлық, тіпті космостық ойлау үрдісін дамытады.

Педагог - шығармашыл тұлға. Ол бірсарындылықты ұнатпайды, сондықтан үздіксіз ізденіс үстінде, жаңашыл. Ойлап шығару, жүзеге асыру - оның қалыпты кәсіби үлгісі.

Мұғалім - еркін тұлға. Оның еркіндігі өмірде және кәсіби қызметте мәдениет әлемінде өз орнын табуынан көрінеді. Оның еркін ой - пікірі және кәсіби жауапкершілікті сезінуімен тұтастықта. Өзін - өзі бағалай алады, алайда менмендікке жол бермейді. Ол материалдық және рухани құндылықтар әлемінде өз бағытын еркін айыра алады, педагогикалық догмалардан аулақ. Ол батыл шешім қабылдайды, өзінің өмірлік позициясы бар, яғни айналадағы ортаға, адамдарға, өзіне деген қарым - қатынастың берік жүйесі бар.

Ұстаз әр баланының жан дүниесін танып білуші және оны жеке тұлға ретінде қалыптастырушы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психотерапевтік өызметтің мәні
Қазақ бейнелеуі өнерінің дамуы
Көркем еңбек сабақтарында оқушылардың визуалды өнерде қабілеттерін дамыту
Әлеуметтік педагогтың тәжірибелері
Гиперактивті баланың ата
«Гиперактивті балалар және оларды түзету»
Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға мекенжайлық әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқушыларды тәрбиелеудегі мұғалімнің жеке тұлғасының ықпалы
Әлеуметтік тәрбие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz