Өсімдіктер мен топырақтарды зерттеудің агрохимиялық әдістері


ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Т. Р. Рыспеков, Б. Д. Балғышева
Өсімдіктер мен топырақтарды зерттеудің агрохимиялық әдістері
Оқу құралы
Алматы 2019
ӘОЖ. 631. 4
КБЖ. 40. 3 я 73
Б 94
Пікір жазған: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, химия ғылымдарының докторы С. М. Тәжібаева,
Б 94 Өсімдіктер мен топырақтарды зерттеудің агрохимиялық әдістері: оқу құралы / Т. Р. Рыспеков, Б. Д. Балғышева, -Алматы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2019. -213 б.
Оқу құралында топырақтың агроэкологиялық және агрохимиялық сипаттамалары берілген. Топырақтың агрохимиялық түсініктері мен қоректенуіне байланысты химиялық сипаттамаларын түсіну үшін магистранттар топырақ пен өсімдіктерді зерттеудің агрохимиялық әдістерін білу қажет. Пән бойынша теориялық мәліметтер мен қатар топырақ және өсімдік үлгілерін химиялық талдауға жинау және дайындау әдістері келтірілген. Одан басқа, топырақ пен өсімдіктерді химиялық аспаптық талдау арқылы химиялық қасиеттерін анықтау әдістері берілген.
Оқу құралы агрохимия мамандығында оқитын студенттерге (бакалавр, магистранттар және PhD ізденушілеріне) арналады.
КІРІСПЕ
Табиғи ортаны зерттеу кезінде егжей-тегжейлі зерттелген үлкен және әр түрлі материалмен кездеседі. Топырақта, күрделі үш фазалы жүйе ( газ, сұйық, қатты) ретінде табиғатты зерттеудің қомақты қоры бар. Топырақта болатын функционалдық үдерістердің едәуір бөлігі химиялық талдау әдістерін, терминдерді, заңдар мен химиялық реакциялардың теңдеулерін пайдалану арқылы сипатталады.
Алынатын өнімнің сапасын жақсарту және топырақ құнарлылығын арттыру кезінде ауылшаруашылығы дақылдарының түсімін арттырудың негізгі жолы егіншілікті химияландыру есебінен жүргізіледі. Сондықтан азотты, фосфорлы, калийлі және микротыңайтқыштарды қолдану олардың тиімділігін айтарлықтай арттырады. Минералды тыңайтқыштар минералды шикізатты қайта өңдеу өнімдері болып табылады. Олар химия өнеркәсібінің маңызды салаларының бірі болып табылады.
Топыраққа пайдаланған тыңайтқыштар әртүрлі өзгерістерге ұшырайды, нәтижесінде тыңайтқыштардағы қоректік заттардың ерігіштігі, олардың топырақта жылжу қабілеттілігі және өсімдіктер үшін қол жетімділігі өзгереді. Тыңайтқыштардың топыраққа айналу үдерістердің сипаты мен қарқындылығы топырақтың қасиеттеріне байланысты. Әртүрлі жерлерде бұл үдерістер бірдей емес. Сонымен қатар, тыңайтқыштар топыраққа күшті әсер етеді: топырақ ерітіндісінің реакциясын, топырақтың құнарлылығын анықтайтын микробиологиялық үдерістердің қарқындылығы мен сипатын өзгертеді. Минералды тыңайтқыштардың жоғары мөлшерін біржақты және жүйелі түрде енгізу топырақта, жер асты суларында, су айдындарында, өңделетін дақылдардың өнімінде нитраттардың көп мөлшерінің жиналуы сияқты келеңсіз құбылыстарға әкеледі.
Теориялық әдістемелердің жетіспеуі, олардың практикадан үзілуі, стихиялық факторлардың болуы (құрғақшылық, күн радиациясы және тағы басқалар) дәнді, көкөніс және басқа да дақылдардың төмен немесе тұрақсыз түсіміне алып келуі мүмкін. Дәнді дақылдардың өнімділігінің ауытқуы, тіпті салыстырмалы топырақ-климаттық жағдайлар шегінде, кейде өте үлкен болады. Осыған байланысты әр жағдайда өнімді қалыптастырудағы әртүрлі факторлардың үлесін талдау, өсуді тежейтін себептерді анықтау және жою, өсімдіктердің өнімділігін арттыруды ынталандыратын факторларды оңтайландыру өте маңызды.
Мамандарды даярлаудың негізгі міндеті ауылшаруашылығы мақсатындағы кәсіпорындарда практикалық жұмыс істеу үшін қажетті білік пен дағдылар кешенін қалыптастыру болып табылады. Негізгі және кәсіби құзыреттіліктерін игерген соң білім алушылар өндірістік қызметтерді білікті атқара алады, білікті технолог мамандары бола алады. Агрохимия топырақтың агроэкологиялық түсінігінің мәнін және өсімдіктердің қоректенуіне байланысты олардың химиялық сипаттамасын меңгеруге мүмкіндік береді.
Магистранттар топырақтың құрылымы мен қалыптасуын білуі үшін өздерінің экологиялық, химиялық және биологиялық білімдеріне және топырақтың негізгі қасиеттері мен режимдеріне сүйенеді.
Пәннің мақсаты өсімдіктердің әртүрлі қасиеттерінің, топырақтың және ортаның сыртқы жағдайларының өзара байланысында өсімдіктерді өсірудің ең жақсы тәсілдерін көрсету, сондай-ақ заттардың сапалық және сандық құрамын, заттардың биологиялық айналымдарының ерекшеліктерін және топырақ ішіндегі желденуді есепке алу болып табылады.
Пәннің міндеттері: топырақтың химизмін білу; өсімдіктердің химиялық құрамын білу; минералды қоректену теориясын білу; қоректендірудің химиялық элементтеріне дақылдардың қажеттілігін анықтау үшін тәжірибелік деректерге терең талдау жүргізу; химиялық заттардың айналымдарын және қоректендірудің химиялық элементтерінің балансын ескере отырып, жоспарланған өнімге арналған тыңайтқыштардың оңтайлы мөлшерін анықтау.
Ауыл шаруашылығының объектілерін зерттеудің химиялық және физикалық әдістері агрохимияның маңызды бөлігін құрайды. Агрохимиялық шешімдердің дұрыстығы өсімдіктік пен топырақтық қоректенудің диагностикалау әдістерімен (визуалды және химиялық) бақылануы керек. Бұл қолданылатын тыңайтқыштардың дақылдардың түсіміне де, қоршаған ортаға да әсерін болжауға мүмкіндік береді.
Бұл үшін студенттер, магистранттар мен мамандарға зертханалық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін топырақ пен өсімдіктерді талдау әдістері қолданылды. "Агрохимия практикумы" оқулығынан кейбір материалдар таңдап алынды.
Осы құралды құрастыру кезінде Кеңес кезеңінің авторларының негізгі оқулықтары, ғылыми әдебиетте жарияланған материалдар пайдаланылды. Сонымен қатар, бұл жұмыста, жалпы қабылданған топырақ-агрохимиялық көрсеткіштерден басқа, Қазақстан республикасының топырағы жайлы келтірілді және оған тәжірибелер жүргізілді. .
1. ТОПЫРАҚТЫҢ АГРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АГРОХИМИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
- Топырақ, климат және өсімдіктің агроэкожүйедегі байланысы
Ауыл шаруашылығы экологиясы немесе агроэкология - адам арқылы өсірілген ағзалардың байланысын, популяция мен қоршаған ортамен топтасуын зерттейтін қолданбалы экологияның бөлімі. Ауыл шаруашылығы экологиясын зерттейтін негізгі аймақ - агроэкожүйе болып табылады. Бұл ғылымның тірі ағзаларды «агроэко» және сыртқы ортаны «жүйе» бір-бірінен ажыратпай, үнемі тығыз байланыста зерттейтінін білдіреді. Кез келген агроэкожүйенің негізгі сипаттамасы оның компоненттерінің байланысы болып табылады. Агроэкожүйеде энергетикалық, экологиялық және экономикалық жүйелердің байланысу үдерістері жүзеге асады.
Тірі ағзалардың өмір сүруіне қажетті барлық жағдайды жарық, жылу, су, ауа, қоректік азық - барлығын қоршаған орта қамтамасыз етеді. Бұлар тірі ағзалардың өмір сүруіне қажетті жағдайды жасайтын экологиялық фактор болып табылады және олардың қалыпты өмір сүруі осыларға тәуелді. Әрбір зоналық-экологиялық топ өсім түрлерімен (тайгалы-ормандық аймақ, орманды-далалық аймақ, далалы және т. б. ), беткі қабаттан 20 см тереңдіктегі топырақ температурасының шамасымен, топырақтың сол тереңдікте айлап қату ұзақтығы мен ылғалдану коэффициентімен сипатталады.
Өнімді алу үшін табиғи орта қасиеттерін, зоналық ерекшеліктерін ескере отырып табиғи ресурстарды қолданады. Кейбір далалы, шөлді ландшафттардың табиғи экожүйесінде жылдық өнімнің (Ө) белгілі бір биомассасына (Б) қатынасы кестеде көрсетілгендей (1-кесте) келтіріледі.
1-кесте
Кейбір орманды, далалы, шөлді ландшафттардағы биомасса қатынасы (Б) және жылдық өнім (Ө)
Егін шаруашылығының технологиясы агроценоз өмірін басқаруға қажетті жағдайларды жасауға негізделген: топырақты өңдеу, тыңайтқыштарды енгізу, мәдени өсімдіктер үшін сулы және жылу режимінің қолайлы жағдайын жасау және т. б. Ауылшаруашылық дақылдарын күтіп-баптауға негізделген өсімдік текті органикалық заттар белгілі бір қасиеттерге ие.
Агроэкожүйені зерттеу нәтижесінде егіндік жерді экологиялық санаттарға бөлуге болады және әр санат үшін белгілі бір түрдегі агрофитоценоз түзілуі мүмкін. Агрофитоценоздар биоттың басқа компоненттерімен қосылып агробиоценозды құрайды. Экологиялық жүйе ретінде агробиоценоздар кері байланыстың бұзылуына байланысты тұрақсыз болып келеді.
Ал агроценоздың негізін жасанды жолмен алынған биотикалық топтар құрайды. Агробиогеоценоз біртекті аймақ көлемінде гетерогенді биоттар мен агрофитоценоздың жиынтығын береді. Бұл адамның мақсатты әрекетінің арқасында тіршілік ететін, кері байланысы бұзылған биогеоценоз болып табылады.
Агробиогеоценоздар табиғи биоценоздарға қарағанда, дәл сол аймаққа қатысты тірі ағзалар түрлеріне кедей болып келеді. Экологиялық жүйе ретінде агробиоценоздар кері байланыстың бұзылуына байланысты тұрақсыз болып келеді. Адамның қолдауынсыз агробиоценоздар тез ыдырап, табиғи биоценоздарға айналып кетеді.
Агрофитоценоз - маңайлы бірлестік, алайда нақты егін емес, біртекті аймақ көлеміндегі егіс айналымының ротациясы. Агрофитоценоздың құрамын адам анықтайды және бақылауда ұстайды. Агрофитоценоздар биоттың басқа компоненттерімен қосылып агробиоценозды құрайды.
Адам әрекетінің сипаты мен деңгейіне байланысты агрофитоценозды келесі түрлерге жіктейді:
Дақылдандырылған - қарқынды қолданыс нәтижесінде өзгерген табиғи фитоценоздар (жобалы эксплуатацияланатын шабындық, жайылым) ;
Жартылай дақылдандырылған - жоспарлы және үнемі адам бақылауында болатын жасанды егістіктер мен көшеттер (егілген, көпжылдық жерлер) ;
Дақылдар - жоспарлы және үнемі адам бақылауында болатын жасанды егістіктер мен көшеттер (далалы және көкөністі, көпжылдық жерлер) ;
Қарқынды дақылдандырылған - өсіп-жетілудің ерекше топырақты, сулы және ауалы жағдайларын жасайтын және үнемі бақылап отыратын қауымдастықтар (жылыжайлық, оранжереялық, аэропоника, гидропоника) .
Көптеген зерттеулер адамның өсіріліп жатқан өсімдікке әсер етуін бағалауды жүйелі жүргізуден басталады (1-сурет (1) - агроэкожүйе), ол әрі қарай қоршаған ортаға әсер етуін бағалаумен байланысты болу керек (1-сурет (2) - агрогеоэкожүйе) .
1 - агроэкожүйе 2 - агрогеоэкожүйе
1-сурет . Агроэкожүйеге (1), агрогеожүйеге кері және тура байланыспен (2) әсер етуге негізделген іс-әрекеттер
Агроэкожүйе мен агрогеожүйенің компоненттері: А 1 - климаттық: жарық, температура, ылғалдылық, жел, қысым; А 2 - топырақтың құрамы: механикалық құрамы, ылғалсыйымдылық, ауа өткізгіштігі, грунтты-топырақ тығыздығы; А 3 - тыңайтқыш; Б - биоталығы: өсінді организмдер, жануарлар, вирустар, қарапайым бактериялар
Табиғатты рационалды пайдалану «қоғам - табиғат» жүйесіндегі әсерлесудің барлық аспектілерін қарастыратын синтез. Ландшафтқа түсетін жүктемені аргументті түрде анықтау қажет, ол көбінесе машиналы техника және басқа әдістермен тыңайтқыштардың көп мөлшерін қолданумен байланысты болады.
Қарқынды жағдайда жер шаруашылығындағы топырақты рационалды қолданудың маңызды мәселесі - топырақ құнарлылығын арттыруды қамтамасыз ету, яғни бір уақытта эффективті өсу мен потенциалды құнарландыру.
Топырақ құнарлылығын арттырудың объективті мүмкіндігі, адам топырақ дамуының және құнарлануының заңдылықтарын біле отырып, біріншіден, ылғалдылық пен қоректік элементтердің мөлшерін көбейту және оларды алуға қажетті шығынды азайту арқылы топырақ өнімділігін арттыруға; екіншіден, ол аса жоғары деңгейлі құнарлылықты алу мақсатында оңтайлы режим мен қасиеттерін бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Алайда бұл мүмкіндіктерді дұрыс іске асыру керек. Егін шаруашылығындағы мұндай мәселе қалыптасқан ғылым мен жетілдірілген практикалық тәсілдер және топырақ қасиеттері мен режимдерін жақсарту арқылы шешіледі. Сонымен қатар ол ғылыми тұрғыдан топырақ құнарлылығын арттыруды бақылаудың жаңа жолдарын іздеуді талап етеді.
Қарқынды егін шаруашылығында топырақ құнарлылығын енгізу екі жолмен іске асырылады: заттай және технологиялық. Бірінші әдіс тыңайтқыштар, мелиоранттар, пестицидтер айналым егіндерін қолдануға негізделген. Екінші әдіс топырақ қасиеттерін механикалық өңдеу, мелиорациялық және т. б. тәсілдерді қолданумен байланысты.
Топырақты құнарландырудың негізгі нақты жолдарымен, кешенді тәсілдермен жүзеге асады: егіс айналымы, топырақты өңдеу, тыңайтқыштар, химиялық мелиорация, өсімдіктерді қорғау, суару, құрғақ мелиорациялар, топырақты қорғау шаралары, мәдени техникалық шаралар, гибридтер мен сұрыптар, микробиологиялық тыңайтқыштар мен биостимуляторлар, т. б. шаралар. Олардың нақты байланысы егін шаруашылығының зоналы жүйесінің мөлшерін сипаттайды.
Топырақты құнарландырудың маңызды көрсеткіштері:
- Физикалық:
а) механикалық құрамы, б) тығыздығы, в) кеуектілігі, г) жылулығы, сулылығы, ауалы қасиеттері мен режимдері, д) физикалық-механикалық қасиеттері.
- Химиялық:
а) гумустық жағдайы, б) минералогиялық және жалпы химиялық құрамы,
в) макро- және микроэлементтердің қозғалмалы формасы, уытты заттардың болуы.
- Физикалық-химиялық:
а) ТТП (Еh және режим), б) (рНvHr) реакциясы, в) жұтылу сыйымдылығы, г) алмасатын негіздердің құрамы мен мөлшері, д) топырақ негізінің қанығу деңгейі V, %.
- Биологиялық:
а) микроағзалар мөлшері, б) нитрификациялық және азотфиксациялық қабілет, в) целлюлозаның ыдырау қарқындылығы, г) топырақтың «тынысы», д) ферментативті активтілік, е) топырақтың фитосанитарлы күйі.
Дақылды топырақ түзу процесінің бағытталған дамуы топырақты құнарландырудың белгілі бір деңгейін (модельдер) алуға мүмкіндік береді, соның негізінде өсімдіктердің өнімділік деңгейіне жауап беретін топырақ қасиеттері мен олардың режимдерінің агрохимиялық жиынтығын түсінуге болады. Топырақ диагностикасының кешенді тәсілі морфологиялық, физикалық, химиялық физикалық-химиялық, биологиялық, агрономиялық қасиеттері мен белгілерінің сипаттамалары мен талдауы негізінде құрылады. Бұл қасиеттер кешені топырақтың толық көрінісін және элементтер айналымын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Әрине, бұл жағдайда әрбір белгісі мен әрбір қасиеті бейін (профиль) әдісіне сәйкес топырақ профилі бойынша өзгерістері кезінде қарастырылады.
Топырақ қасиеттерінің оптималды параметрлері дегеніміз - өсімдіктер үшін қажетті барлық өмірлік маңызды факторлар максималды болатын, егістік дақылдарының потенциалдық мүмкіндіктері толық жүзеге асырылатын және сапалы жоғары өнімділік қамтамасыз етілетін топырақ қасиеттерінің (және режимдері) сандық көрсеткіштерінің жиынтығы. Ауылшаруашылығы өнімдері өндірісін оңтайландыру көбінесе шығынды азайта отырып, өнімді мейлінше молырақ алу арқылы іске асады. Оңтайландыру латын тілінен аударғанда optimum - ең жақсы деген мағынаны білдіреді. Берілген функцияда көп нұсқаның ішінен ең жақсы (оптималды) нұсқаны таңдау экстремумды табу (глобалды максимум немесе минимумы) процесі болып табылады. Оңтайлы нұсқаны табудың аса сенімді әдісі - мүмкін болатын барлық нұсқаларды (альтернативті) салыстырмалы бағалау болып табылады.
Өсімдік, ағза тіршілік ететін орта әртекті және осының бәріне түрлі әсер тигізетін көптеген факторлардан тұрады. Бұл факторларды экологиялық факторлар деп атайды. Организм тіршілік етуін қамтамасыз ететін факторлар (жылу, су, жарық, минералды қоректік заттар және т. б. ) - экологиялық факторлар жиынтығын береді.
Әрбір экологиялық фактор белгілі бір мәндер диапазонымен сипатталады. Соған байланысты қарқындылық факторының үш мәнін атап көрсетуге болады: минимум, максимум және оптимум. Факторлар жеткіліксіз және аса көп мәндеріндегі облыстар, оптимум мен минимум, оптимум мен максимум аралығында, экологиялық пессимум аймағы деп аталады, және бұл аймақта организм дамуы төмендейді. Дамудың ең жақсы көрсеткіштерін фактордың оптималды мәнінде көрсетеді. Өсімдіктің әр түрлі мәндегі факторларда тіршілік ету қабілетін оның экологиялық амплитудасы деп атайды. Ағза фактордың минималды және максималды мәндерінен тыс аймақта тіршілік ете алмайды.
«Организмнің төзімділік қабілеті оның тізбектегі экологиялық қажеттіліктерінің әлсіз тұстары бойынша анықталады» деген теорияны алғаш рет Ю. Либих (1840) ұсынып, әрі қарай заң болып саналады. Минимум заңдылығы - организм өміршеңдігі факторға пропорционалды өзгереді және мөлшері мейлінше аз мәнге (минимумге) жуықтайды. Ю. Либихтің пайымдауынша, астық қоры көбіне көп мөлшерде сұралатынмен емес, аз мөлшерде сұралатын, алайда топырақтағы үлесі аз болатын қоректік заттармен шектеледі. Оның заңы былай тұжырымдалады: «Минимумдағы затпен өнім басқарылады және мөлшері мен уақыт бойынша төзімділігі анықталады». Өсімдіктің қоректелуін оңтайландыруда енгізілген және енгізілетін элементтердің, сондай-ақ элементтердің қарым-қатынасын есептеу керек (иондардың антагонизмі мен синергизмі) . Өндіріс аймағының ауданы, режимі мен қасиеттерінің оңтайлы параметрлерімен топырақ бір уақытта интенсификацияның (химияландыру, механикаландыру және мелиорация) негізгі факторларының тиімділігін қамтамасыз етеді.
Өсімдіктер түрлерінің қасиеттері әркелкі болған соң, топырақ жағдайларына қойылатын талаптар әркелкі болады, сол себепті топырақ моделін өндіру кезінде өсімдіктің талаптары мен топырақ қасиетіне байланысты орындалу керек. Сонымен қатар нақты топырақ режимі мен қасиеттерін, топырақтың құрылымдық қабатын ескеру қажет. Себебі топырақтың әр типі үшін топырақ тұқымының фациалды ерекшеліктеріне байланысты мәдени өсімдіктердің өнімділігі әр түрлі болады.
Топырақ генетикалық ерекшеліктері бойынша (профильдің құрылуы, гумустың горизонттың болуы, сулы-температуралық және басқа да режимдердің фациалды жағдайлары) топырақ тұқымының модельдерін фундаментальді көрсеткіш ретінде механикалық құрамын ескере отырып жасайды. Ол көрсеткіш ауылшаруашылық өсімдіктерін өсіруде ескерілетін топырақтың агрономиялық қасиеттерінің түзілуі және агротехникалық тәсілдің түзілудің интегралды мәнін береді.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
- Топырақтың ішкі зоналы-экологиялық топтары қандай түрлерге бөлінеді?
- Қарқындылық факторының қандай үш кардиналды нүктесінің мәндерін бөлу қабылданған?
- Топырақ тұқымының маңызды физика-химиялық көрсеткіштерін атаңыз.
- Топырақтың құнарлылығын қайта қалпына келтірудің негізгі нақты жолдарын атаңыз.
- Өсімдік үшін «минимум заңын» кім ұсынды және ол заң не туралы?
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Муравин Э. А., Ромадина Л. В., Литвинский В. А. Агрохимия - М. Изд. Центр «Академия» 2016
2. Агрохимия (под ред. Минеева В. Г. ) - М., 2004
3. Минеев В. Г. История развития агрохимии в России и за рубежом (в 2 томах) . - М., 2005
4. Малимбаева А. Ж. Применение удобрений в интенсивном земледелии. Алматы, 2011
5. Агрохимия: Учебник для вузов / Под ред. Б. А. Ягодина. - М., 1989. - 655 б.
6. Перельман А. И. Геохимия ландшафтов: Учебник для вузов. - М., 1975.
7. Почвоведение: Учебник для вузов / Под ред. И. С. Кауричева. - М., 1989. - 719 б.
8. Реймерс Н. Ф. Природопользование. Словарь-справочник. - 1990. - 639 б.
9. Толковый словарь по почвоведению / Ответст. редактор Роде А. А. - М. ; Изд-во Наука. - 1975. - 287 б.
1. 2 Өсімдіктерді қоректендіру және тыңайтқыштарды қолдануға байланысты топырақ қасиеттері
Ауыл шаруашылығындағы ғылыми және практикалық мәселелерді шешу үшін топырақтың табиғи қасиеттерін, топырақтың қалыптасу үдерістерін, топырақтың қалыптасуының генетикалық ерекшеліктерін жан-жақты білу қажет. Бұл топырақты зерттеудегі географиялық-генетикалық тәсілмен жасалынады. Қазақстанның аумағы белгілі бір географиялық заңдылықтарға сәйкес, күрделі және әртүрлі топырақ жамылғыларымен сипатталады. Тегіс аумақтар нашар ылғалдылықмен сипатталады, соның салдарынан топырақта ылғалданудың шаю режимі жоқ және тұздану деңгейі жоғары [1-4] . «Оңтүстік-Батыс, Орталық және Батыс Сібір аумағындағы тау жыныстыраның қалыптасу жағдайындағы далалық қара топырақтары судың шайылмайтын су режиміне ие» екендігі анықталынған [5] .
Бұрын әртүрлі зоналық аймақтарда ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсетудің мемлекеттік жүйесі - агрохимиялық қызмет болды. Агрохимиялық қызметтің басты буындары аймақтық агрохимиялық зертханалар мен ауылшаруашылық министрлігінің тұсында инспекциялық-насихаттық ұйымдар болды. Әрбір табиғи-климаттық аймақта ғалымдар әзірлеген ауыл шаруашылығы мен технологияның аймақтық жүйесі бар.
Ауыл шаруашылығына берілген Қазақстан Республикасының территориясы жазықтықтарда және таулы ландшафттарда орналасқан, сонымен қатар, әртүрлі табиғи-климаттық аймақтар мен субаймақтардың көптеген аудандарын алып жатыр. Жазық аумақтағы қоңыр және қара топырақ (қара-қоңыр және қоңыр) ландшафтысының көп бөлігі үлкен массивтармен жыртылады және жыртылып келеді. Тау етегіндегі қоңыр топырақтар мен сұр топырақтарды әртүрлі егін егу және суару арқылы аз аудандарда игерілген және игерілуде. Тегіс аумақтардың суарылмайтын жерлерінің ірі массивтері мен тау етегіндегі аумақтардың шағын суармалы жерлерінің болуы Республиканың айрықша ерекшеліктерінің бірі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz