Ұлттық тәрбие әлеуеті


Тәрбие формасы - бүл тәрбие процесінің сыртқы көрінісі . Мазмұн және форманың философиялық категориялары тәрбие құбылыстарындағы ішкі және сыртқы ұғымдардың бірлігін танытады, яғни біріншісі, не бар екенін көрсетсе, ал екіншісі, қандай түрде екендігін білдіреді. Мазмұн мен форма бір-бірімен тығыз байланысты, яғни мазмұн өзгерісі форма өзгерісіне әкелігіп соғады және керісінше. Тәрбие процесінде қамтылған санына қарай тәрбие формалары жеке, шағын топтық, топтық (ұжымдық) және бұқаралық болып бөлінеді. Топптағы (ұжымдағы) тәрбиеленушілер саны 5-7-ден 25-ке дейін болса, бұқаралық формада оның шегі болмайды.
Тәрбие әдістері дегеніміз - тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәрбие мақсаттарына бағытталған оқушылардың белсенді іс-әрекетінің ынталандырудың тәсілдері мен нақты әрекеті.
Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері : сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.
1-практикалық сабақ. Тәрбие мазмұны - әр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне қамтамасыз етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға бағытталған, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі. Сонымен бірге, тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу, өз қоғамына тығыз байланысты, және сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және азамат қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Ұлттық тәрбие әлеуеті. Адам баласы қашанда тәрбиеге мұқтаж. Тәрбие еліміздің, ұлтымыздың бүгіні мен болашағы баянды болу үшін қажет. Сондықтан да алдымен, бүгінгі қоғам келбетімен үндесетін ұлт болашағының бағытын анықтап алу керек. Әр ұлттың баяғы заманнан келе жатқан тәрбиелеу жүйесінің өзіндік жолы бар.
Тәрбие түрлері - ақыл-ой тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық, адамгершілік, дене тәрбиесі, экологиялық, сенсорлық, құқықтық тәрбие, эстетикалық тәрбие
1. Дене тәрбиесінің мақсаты- мектеп жасына дейінгі балаларда салауатты өмір салты әдеттерін қалыптастыру
Міндеттері: 1. Мәдени-гигиеналық дағдылар мен іскерліктер қалыптастыру. 2. Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту. 3. Ағзыны шынықтыру және баланың дене бітімін дұрыс қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін зерттеген ғалымдар: П. Ф. Лесгафт, Д. В. Хухлаева, Е. А. Аркин, А. И. Быкова, М. Т. Турскельдина А. Нурлыбекова
2. Ақыл-ой тәрбиесі - білім жүйесі, білік және ақыл-ой әрекетінің әдістерін, сонымен қатар танымдық белсенділік жүйесін қалыптастыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылған педагогикалық үдеріс
2-практикалық сабақ. Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы.
Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді. Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеушілер А. Г. Харчев, А. Н. Антонов, З. И. Файнбург, Д. Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.
«Қазақстан2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі.
Отбасы тәрбиесінің құқықтық негіздері- Неке мен отбасы туралы заңда көрсетілген
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары жөніндегі заңдары - Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын, өзіне балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін қамтамасыз ету.
Отбасы түрлері.
Билік формасына қарай: авторитарлы және эгалитарлы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz