Дау жанжал



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Дау жанжал.
Емдеу мекемесінде даулар, жанжалдар кездесіп тұрады. Олардың (барлық даулар сияқты) объективті және субъективті болуы мүмкін. Объективті даулардың емдеу мекемесіндегі реалды (анық) қанағаттанарлықсыз жағдайларға байланысты болып келіп, көп не аз жеңілдікпен жойылуы ықтимал. Эмоционалды кернеуді алып тастаумен сабақтас субъективті даулар қиынырақ шешіледі. Олардың шешімін кейінге қалдырып, үшінші тұлғаны мәмілеге тартқан немесе жанжалдасушы тұсты проблеманың түкке тұрғысыздығына иландыру қажет. Бойларында тұлғалық сәйкессіздік дамитын науқастарды палатаға дұрыс орналастырмаған кезде даулардың болуы мүмкін. Сондай-ақ жанжал науқастардың немесе олардың туыстарының дауға жақын тұлғалар" деп аталатын-истериялық қасиеттері, асоциалды агрессивті мінез-құлқы бар адамдармен қатынаста орын алады. Даулар топ мүшелерінің арасындағы тұлғааралық қатынаста туындауы мүмкін шешімі қиын жағдай.
Әрбір дәрігер, мейірбике немесе басқа бір медицина қызметкері жұмыс орнындағы өз борыштарын біле отыра, тек науқастармен ғана емес, өзара жақсы қарым-қатынаста болуы, бір-бірлерін құрмет етіп, сыйлауы керек. Әсіресе бір медициналық орталықта жұмыс істейтін дәрігерлер, мейірбикелер өзара одақтас болуы қажет. Егер медицина қызметкерлері бір-бірлерін құрметтемесе, түсінуге тырыспаса олардың арасында өзара келіспеушіліктердің шығуы мүмкін.
Медициналық ұжым арасында дәрігер мен дәрігер, дәрігер мен мейірбике, мейірбике мен мейірбикелер арасында қақтығыстардың болуы ықтимал. Бұл қақтығыстардың себептеріне тоқталатын болсақ, олар көбінесе жастық ерекшелігінен өздерінен кіші болып, бірақ лауазымы, білімі жағынан өздерінен жоғары болатындардың бір-бірлеріне онша бағынғысы келмейтіндіктен, немесе өздерінікін дұрыс санап, жасынан үлкен немесе білімі жоғары болғанның сөзіне құлақ асқысы келмегендіктен, өзіне деген сенімділігі артық болғаннан болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда, мейірбикелердің сауатсыздығынан, білім дәрежесі төмен болуынан, олардың өз жұмыстарына жауапкершілігінің төмен болып, таза жұмыс істемегендіктерінен олардың дәрігермен араларында қақтығысулар шығады. Қақтығысуларды шешу жолдары.
Медициналық ұжымда көптеген қақтығысулар кездеседі. Бұл қақтығысулар өзінен өзі ең алдымен науқастарға кері әсер көрсетіп, зиян келтіруі және де сонымен бірге олардың жұмыс орындарына зиян келтіруі мүмкін. Бұл ең алдымен адамгершіліктің болмағаны. Мейірбике де, дәрігерде өзінің дәрігерлік борышын орындауы керек. Егер олардың арасында өзара қақтығыстар, келіспеушіліктер болса, оларға келген науқастардың бұл жағдайдан қорқып кетуі, екінші рет бұл дәрігерге, тіпті бұл ауруханаға да келмеуі ықтимал.
Сондықтан әрқашан мұндай жағдайлардың алдын алу керек. Бұл ең алдымен медицина қызметкерлерінен адамгершілікті, ұқыпты, мәдениетті болуды, өзін, өзінен басқаларды да құрметтей білуді талап етеді. Біздің ойымызша, медицина орталықтарында медициналық ұжым арасында өзара кеңестер өткізіліп тұруы қажет.
Әрбір дәрігер өз қол астында жұмыс істейтін мейірбикелерге өз сөзін өткізе білуі, өзін құрмет етуді талап ете білуі керек, әрине шекарадан аспаған түрде.
Медицина қызметкерлерінің арасында орын алатын қақтығыстардың тағы бір себебі олардың ойларының, пікірлерінің бір жерден шықпауы, үйлесімді және одақтас болмағауы. Өзара одақтастығы, өзара ынтымақтастығы науқастың да тез жазылып кетуіне себеп болады.
Үшінші жақтың қатысуы арқылы дау-дамайларды реттеудің тиімділігі
Бүгінгі таңда елімізде конфликтологиялық білім берудің маңыздылығы мен қажеттілігі білім беру жүйесінің барлық салаларында айқын көрініп отыр. Оған дәлел бірқатар зерттеушілердің ізденістеріндегі білім беру жүйесінде кездесетін түрлі даулы жағдайлар, қарамақайшылықтар мен түсініспеушіліктің, қысымгершіліктің алдын алу, оларды дұрыс басқару мен оңды шеше білудің қажеттілігі жағдайы.
Қазіргі кезеңде өскелең ұрпақты күрделі әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге тәрбиелеу білім беру жүйесінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайында жеке бастама, бәсекелестік, өзара пайда, өзара түсіністік, кіріс және т.б. сынды түсініктер қоғам мүшелері үшін қалыпты жағдайға айналады. Бұл орайда жас маманнан жоғары деңгейдегі кәсіби дайындықпен қатар күрделі, өзгермелі әлеуметтік ортада өзбетінше жеке әрекет ете білу іскерлігі талап етіледі.
Дау-дамайдың табысты шешілуі әдіснамалық және теориялық білім мен қолданылатын әдіс-тәсілдердің сапасына байланысты болатын өте күрделі әлеуметтік және психологиялық құбылыс екендігін ескерсек , бүгінгі қоғамға даулы сипаттағы түрлі жағдайлармен кездесумен қатар, адамдарды олардан ұтымды шыға білуге үйрету және дауласушы жақтарды татуластыруға бағытталған қабілеттерді қалыптастыру жүктеледі.
Дау-дамайлар мәселесіне негативті үдеріс ретінде бір жақты көзқарас қалыптасқан. Қарым-қатынас барысында дау-дамайлардың негативті жағымен қатар позитивті қырларының бар екендігін де ескеру маңызды. Дау-дамайлардың негативті жақтары: дау-дамайға қатысу барысындағы үлкен эмоциялық шығындар мен стрестік жағдайда болу, жасырын ашуыза, ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуалдың, тәртіптің төмендеуі, оқу-тәрбие үдерісін жүргізуге даулы қарымқатынастардың кері әсері, өзара қарымқатынасты қалыпқа келтірудегі қиындықтар мен үрей болатын болса, позитивті жақтарына: дауласушы жақтар арасындағы қысымның тарқауы, оппонент жайлы жаңа мәліметтер алу, табысқа жету сезімі, сыртқы қарсылықтар мен әрекеттерге қарсы тұруда ұжымның ұйымдасуы, қарым-қатынастың кеңею мүмкіндігі, оң өзгерістер мен дамуға ынталану, келісімге келу жатады.
Дау-дамайды басқару үдерісі көп жағдайда басшының (педагог) ұстанымына, оның жеке қызығушылығы мен дау-дамайды өршітпеу тәсілдерін басшылыққа алуына байланысты болады. Қарым-қатынас барысында пайда болатын дау-дамайларды белгілі бір күш қолданбай шешудің мүмкін еместігін бүгінде тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан қарама-қайшылықтар мен қақтығыстарға толы бүгінгі қоғам жағдайында дау-дамайларды шешудегі маңызды шарт - даулы жағдайлардан аз шығындармен шығу және оларды бейбіт жолмен реттеуде мүмкін боларлық барлық әрекеттерді тиімді қолдану болып табылады.
Даулы жағдайларды басқаруды:
* даулы жағдайға айналдыру арқылы қақтығыстың алдын алу;
* қақтығысты педагогикалық міндетке айналдыру;
* танымдық даулы жағдайларды оқутәрбие мақсатында модельдеу деп түсінуге болады. Ал, дау-дамайды басқару дегеніміз - дау-дамайдың пайда болуының, дамуының және аяқталуының барлық сатыларында дау-дамайға қатысушылардың немесе үшінші жақтың жүзеге асыратын оған қатысты саналы іс-әрекеті. Дау-дамайды басқару симптоматикадан, диагностикадан,болжаудан, алдын-алудан, ескертуден, әлсіретуден, реттеуден және оны шешуден тұрады.
Дау-дамайларды басқарудың маңызды тәсілі олардың алдын алу болып табылады. Дау-дамайдың алдын алу дегеніміз бұл оларды болдырмауды ескерту. Даудамайлар профилактикасының мақсаты адамдардың іс-әрекеттері мен өзара әректтесулеріне, олардың арасында қайшылықтардың пайда болу немесе деструктивті даму ықтималдығын азайтатындай жағдай туғызу.
Дау-дамайлардың алдын-алуға байланысты іс-әрекетті әлеуметтік өзара әрекеттесуге қатынасушылардың өздері, ұйым басшылары, конфликтологтар жүзеге асыра алады. Ол төмендегі бағыттар бойынша жүргізілуі мүмкін:
* біріншіден, бұл дау-дамай алдындағы жағдайлардың пайда болуына және деструктивті дамуына кедергі келтіретін объективті жағдайлар туғызу. Ұжымда, ұйым мен қоғамда дау-дамай алдындағы жағдайлардың пайда болуына жол бермеу мүмкін емес. Олардың санын азайту және даусыз тәсілдермен шешу үшін обьективті жағдайлар туғызу тек мүмкін ғана емес, сондай-ақ қажетті де.
* Екіншіден, дау-дамайлардың алдыналудың маңызды объективті-субъективті алғышарты ұйымның құрылуы мен қызмет атқаруының ұйымдық-басқарушылық жағдайларын оңтайландыру болып табылады.
* Үшіншіден, олардың әлеуметтік психологиялық себептерін жою қажет.
* Төртіншіден, дау-дамайлардың пайда болуының тұлғалық себептерін оқшаулаған жөн. Дау-дамай түрлерінің алдын алу бір мезетте барлық төрт бағыт бойынша жүргізілуі тиіс.
Ұжымдағы дау-дамайлар - бұл тұлғалардың өзара қарым-қатынасы үдерісіндегі жеке немесе ұжымдағы мәселелерді шешудің ашық формасы. Даудамайлар түрліше шешіледі:
2. Басып тастау немесе зорлап көндіру әдісін қолдану
3. Дау-дамайларды шешудің демократиялық тәсілін қолдану
4. Индифферентті қатынас (немқұрайлық, ешнәрсеге араласпау)
Дау-дамайларды реттеудің жолдарын іздестіру төмендегі жағдайларды шешуге мүмкіндік береді:
* қарама-қайшылықтың толық тоқтауы және қарсы жақтардың татуласуы;
* мәмілеге келу - екі жақтың қажеттіліктерінің жартылай қанағаттандырылуы;
* дау-дамайдың іскерлік негізінде шешілуі
* жақтардың нақты талаптарын қанағаттандыру;
* ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дау – жанжалдың табиғаты мен себептері
Ұйымдағы жанжалдарды шешу жолдары
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАНЖАЛДЫ ЖАҒДАЙЛАР
Саяси дау жанжалдардың мәні мен негізгі себептері
Конфликттік жағдай
Антикризистік басқарудағы қақтығыстар механизмі
Басқалары түсіндіреді агрессивті мінез - құлық ашулануға реакция ретінде
Этникалық дау-жанжалдардың жүріп өту сипаты
Топтар арасындағы қақтығыстың жағы - әлеуметтік топ
Медиация дауларды реттеудің соттан тыс тәсілі ретінде
Пәндер