Абай қазақтың әдебиетінде қайталанбас ерекше стильді қалыптастырған ұлы тұлға


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚАРА СӨЗДІҢ ҚАДІРІНЕ ҮҢІЛСЕК . . .

Абай қазақтың әдебиетінде қайталанбас ерекше стильді қалыптастырған ұлы тұлға. Неге десеңіздер, Абай Құнанбайұлы өз туындыларында шындық пен ақиқаттты басты назарда ұстау арқылы үлкен әлеуметтік әрі өзекті тақырыптарды қазбалап, қоғамындағы ащы шындықтың су бетіне қалқып шығуына себепкер болды. Әсіресе Абай атамыздың қара сөздері жоғарыда айтылған ойымызға дәлелдеуді қажет етпейтін нағыз дәлел болып табылады. Ұлы ақын өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Міне, шығарманың көркемдігін, әдемілігін емес, халыққа пайдасы мен өзектілігін басты ұстанымға алу-оның өзгеден ерекше даралығы.

Абайдың қара сөздері құрғақ сөздерден емес, өмірлік тәжірибеден құралған прозалық шығарма. Бұл туралы Абай атамыздың қара сөздерінің әлқиссасы саналатын бірінші қара сөзінде: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ. », -деп айта кеткен. Әр қара сөздері ащы шындыққа, шыншыдыққа, насихатқа және асыл сөздерге толы. Мәселен, Абай атамыздың жетінші қара сөзінде біз бен сіз болып елемей жүрген бос күлкі жайында сөз қозғалды. Бұл қара сөзі арқылы біздерге күлкі өзі бір мастық екенін, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не бір ұят келерлік істен құр қалатынын, уайым-қайғысыздығыңа уайым-қайғы қылу керек екенін, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды харекет табу керек екенін локгикалық түрде шебер жеткізе алды. Бұл туралы Абай Құнанбайұлы :« Әрбір орынды мінез өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды харекетпен азайт!», -деген екен.

Енді жетінші қара сөздің қадіріне тоқталсақ, жан мен тәннің құмарлығы жайлы сөз қозғалады. Себебі бұл тақырып қай заманда болсын, өзектілігін жоғалтпаған. Жанның емес тәннің құмарлығын бірінші орынға қоятын адамзаттың қатары көбейіп келе жатыр. Мұндағы жанның құмарлығы дегеніміз-білсем, көрсем, оқысам деген адамдар, ал тәннің құмарлығы дегеніміз- ішсем, жесем, ұйықтасам дейтін адамдар. Бұл туралы жетінші қара сөзінен үзінді келтірсек: «Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз. » Иә, бұл қазіргі қоғамның бейнесі. Құдай тағаланың өзі адамдарды оқысын, білсін дегендей хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан. Бұл адам баласы мен хайуанның басты айырмашылығы. Бұл артықшылықты қолдана алмасақ, құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Сондықтан Абай атамыз айтқандай, тәннің құмарлығына емес, жанның құмарлылығына аса мән беруіміз керек.

Адам баласы ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады. Бұл мәселе де Абай атамыздың он төртінші қара сөзінің басты тақырыбы ретінде алынды. Иә, расында да кедейшілікке салынып не маскүнемдікке салынған адамдардың бәрі ақылсыздығанан азған жоқ. Бұл жайында Абай атамыз: «Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады. Білімді білсе де, арсыз, қайратсыздығынан ескермей, ұстамай кетеді. Жаманшылыққа бір елігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады. Осы жұрттың көбінің айтып жүрген мықты жігіт, ер жігіт, пысық жігіт деп ат қойып жүрген кісілерінің бәрі - пәлеге, жаманшылыққа еліртпек үшін, бірін-бірі «айда, батырлап!» қыздырып алады да, артын ойлатпай, азғыратұғын сөздері. Әйтпесе құдайға терістіктен, не ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба өзі?», - деген екен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиет - сөз өнері
ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі символизм сипаты
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі. Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романына әдеби талдау (образдар жүйесі, портреттер, мінездеу, жазушының тіл шеберлігі, жазушы стилі)
Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық, халықаралық әдеби байланыс туралы ақпарат
Көркем шығарманың пішіні
Зейнолла Қабдолов және Махамбет тұлғасы
Қаршыға Ахмедиярұлы – тарлан талант
Атақты Абай жолы эпопеясы қазақ өмірінің энциклопедиясы
Шәкәрім поэзиясының негізгі арқауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz