Тәуелсіздік - ащы термен келген тәтті жеңіс
Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек
Н. Ә. Назарбаев
Тәуелсіздік күні -- тамыры тереңде жатқан ел тарихы
Тәуелсіздік - бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтеуі болды. Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне ширек ғасырдан асты. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры, қоғамның рухы, жігері. Тәуелсіздік - ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн.Міне, биыл Қазақ елі тәңірі берген Тәуелсіздігінің, арайлы азаттығының отызыншы жылына қадам басып отыр.Бабаларымыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген егемендік бізге 1991 жылдың 16 желтоқсанында келді. Ал, ол туралы деклорация 1990 жылдың 25 қазанында жарияланған. Десе де бұл Тәуелсіздікке қалай қол жеткенімізді жазбас бұрын, одан қалай айырылғанымызды сөз еткен жөн болар. Ендеше, тарихқа көз жүгіртіп, халқымыздың егеменді елден бодандыққа қалай түскенін ой елегінен өткізіп, саралап, салмақтайық.
Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын мың өліп, мың тірілген қазақ халқы бағзы заманнан бері қаншама өзінің іргелі ел, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны - еркіндік сүйгіштік жігерінің, асқақ рухының арқасы. Қазақ мемлекеттілігінің түпкі негізі сонау сақтардан басталып, ғұн, қаңлы, қыпшақ, Ақ орда мен Қазақ хандығының жалғасы - бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекеті.
Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған ызғарлы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды. Иә, Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Желтоқсан жаңғырығы бізге Тәуелсіздіктің таңын әкелді.
Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданған сол бір тарихи күнде, 1991 жылдың 16-желтоқсан күні жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет - Тәуелсіз Қазақстан келді. Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз, Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Ән-ұранымен айбатты.Еңсемізді тіктеп, егемен ел атанып, өз алдына отау тігіп дербес мемлекет атанған Қазақстан қаншама қиындықтарға жолықса да тастай берік төзімділіктің арқасында, жалпақ әлемге өзінің өршіл үнін, өркениетке деген үмітін мойындатты... Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ұлан-ғайыр атамекен жеріміз, отарлық жоя алмаған тіліміз, мәдениетіміз тек қана қазақтың рухының күштілігімен сақталды.
Біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихындағы барлық жетістіктері, қазақ халқының егеменді заманда жаңаша ерекше өрлеуі, өркендеуі, рухани-экономикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей қарым-қатынас жасау жетістіктеріміздің барлығының алтын бастауы - біздің мемлекеттің Тәуелсіздігінде. Тәуелсiздiк-ащы термен келген тәттi жеңic.Төгілген қанның,өлмеген жiгердiң отымен туындаған ұлы күн.
Адам баласы, адамзат қоғамы қашанда алдағы болатын оқиғаны әрі аңсай, әрі абыржи тосқан ғой. Әсіресе, ғасыр, мыңжылдық сынды,тарихта өшпес ізі қалатын межелі кезеңдер таянғанда қатты қобалжығаны рас. Үшінші мыңжылдыққа аяқ басу үшін де бір ғасыр бойы дұрыстап әзірленіп, әр қилы милленаристік қозғалыстарды бастапты. Сарыуайымшылдар қауымы: Киелі кітапта айтылатын қиямет-қайым деген орнаса, осы жолы орнайды. Жасаған күнәміз,істеген жаман істеріміз шашымыздан да асып кетті. Ол үшін күллі адамзат болып жауап беретін кезіміз енді келді, - деп қорқыпты. Қиялшылдар қауымы: Жаратқанның жердегі,ақ желкенді кемемен жақсылық жағасына асыққан үмбетін тегіс жарылқайтын заманы енді орнайды. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман орнауын талай күтсек, енді сол заманға аяқ бастық, - деп қуаныпты.
Сөйткен жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдық келді.Сол ғасырдың қызығын көріп өмір сүріп жатқан біз бір пендеміз.Сәуегейлер қанша құйқылжытқанмен, әзір бәрі бәз-баяғысынша. Таң орынынан атып тұр. Күн орынынан батып тұр. Қиямет-қайым болған жоқ.
Адамзат жиырмасыншы ғасырдың табалдырығын неше түрлі әлеуметтік алақызбалыққа ұрынып, еліре аттапты. Енді сол өткеннің бәрі су сепкендей басылды. Тәңірім, жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдық табалдырығынан аттап отырған біздерді де қай-қайдағы әулекіліктерге ұрындырмай, етек жиып, ес түгендеп алуымызға мұрша бергізгей.Алтын уақытымыз тәуелсіз елдік бейбіт күндеріне ғана жұмсалсын деп тілейміз.
Төңірегімізге осы тұрғыдан көз тастасақ, көкте бір Тәңірге, жерде бір өзіңе ғана сеніп, көреміс жарықты көріп, бұйырмыс ырзықты татып, сүйгізген ұрпағын сүйіп, өлшеулі ғұмырға пейіл болудан басқаның бәрі күпірлік екендігіне көзіміз тегіс жете бастағандай. Оған да шүкір дейміз. Көңілге медет қыларымыз тек бір бұл емес. Ең бастысы, жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Бұған жеткен де бар, жетпеген де бар. Өйтіп, біреуді көріп шүкір етіп, біреуді көріп пікір ету үшін де өткенге ой, бүгінге көз жіберуге тура келді. Ол үшін, ең алдымен, бір сауалға - бұл күнге қалай жеттік? - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz