Ересектер тобында құрастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ересектер тобында құрастыру

I жартыжылдық. Құрылыс материалдарынан, конструктор бөлшектерінен құрастыру. Құрастыру бөлшектерінің негізгі бөліктерін және оған тән бөлшектерін анықтай білуге үйрету.
Дағдыларын қалыптастыру: болашақта жасалатын құрылысты талдай білу, оларды орындау реттілігін белгілеу және оның негізінде нысан жасау; шамасы бойынша әртүрлі құрылыстардың нұсқаларын жасай білу; ұжымдық құрылыстар салу; түрлі үйлестіру арқылы сіріңке қораптарынан заттар құрастыру. Үлкен емес жазықтықты үлкен етіп біріктіру, кірпіштердің, қырлы бөренелердің араларын бірін-біріне жиі қойып құрылысты берік ету, биіктігі күрделі құрылысты бөлу сияқты құрастырудың жаңа әдістерін үйрету.
Қағаздан құрастыру. Қағазды ортасынан, төртке бөліп бүктеуге, түрлі бағытта, тегістеп бүктей білуге үйрету. 14 бірдей бөлікке қиғаштай бөлінген (бұрыштарының басын дәл қосу) ұсақ заттарды дайындауда шаршы қағазын бүктеу біліктерін қалыптастыру.
Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру. Табиғи және қалдық материалдардың түрлерімен таныстыру. Табиғи материалдардан ұсақ заттар дайындай білуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер: құрылыс материалдарының негізгі бөлшектерін атайды және ажыратады; шамасы бойынша әртүрлі құрастырулар жасай біледі; ұсақ заттар дайындауда шаршы қағазды бүктей біледі; құрастырудың бірнеше және қарапайым жинақтау тәсілдерін біледі, түрлі нәтиже алу үшін бір тәсілді ғана қолданады; үрлі материалдардан заттарды құрастырады, олардың атауларын біледі.
II жартыжылдық. Құрылыс материалдарынан, конструктор бөлшектерінен құрастыру. Берілген тақырып бойынша, сөзбен сипаттау, сурет, фотосурет бойынша құрылыс салуға үйрету; өз құрылысын талдай білуді бекіту және талдау негізінде құрылымдық шешімдер табу, оларды құру кезеңдерін жоспарлау.
Қағаздан құрастыру. Қағаз цилиндрлерден, оларды қосу әдісімен жануарлардың, адамдардың пішіндерін жасай білуге үйрету. Пішіндердің түрлі күйлері мен қалыптарын бере білуді, оларды күрделі емес композицияларға біріктіруді қалыптастыру.
Ұжымдық мазмұнды құрастыруға қозғау салу. Шығармашылық ойлауды және қиялдауды дамыту. Қағаздан құрастыру әдістерін қолданып, жазық материалды көлемді формаға өзгерте білуді бекіту. Дайын пішілген кескіндермен жұмыс жасау, күрделі емес сызба сызу, қайшымен нұсқаны тілік етіп кесу мен ойып ала білуді қалыптастыру.
Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру. Табиғи материалдарды мақсатты пайдалана білуді бекіту. Табиғи және қалдық материалдармен жұмыс кезінде өз қызметін жоспарлау дағдыларын жетілдіру; дербестік, шығармашылық танытып, мақсатты түрде жұмыс жасай білу. Шығармашылық қиялын, ұсақ заттар жасауды көрнекіліктерді қолдану арқылы және ойдан шығару, өзінің көз алдына елестету арқылы жасай білуді дамыту.
Күтілетін нәтижелер: қалдық және табиғи материалдардан заттар құрастыра біледі; шарты бойынша, ойдан құрастырады; ұжыммен жұмыс жасай біледі; жазықтық қағаз пішіндерді көлемді пішіндерге өзгерте біледі; жұмыс орнындағы тәртіпті сақтайды.[2]
Ересектер тобында заттарды талдау біліктілігін, оларға тән белгілерді бөліп көрсетуді, осы белгілері бойынша салыстыра білуді үйрену жалғастырыла береді. Жеке құбылыстар арасындағы әр түрлі байланыстылықты анықтайтын қабілеті дамиды.
Осы топта оқу іс-әрекетінің қарапайым элементтерінің қалыптасуы айрықша орын ала бастайды: тәрбиешінің қойған міндетін түсіну, әрекеттің әдісін анықтайтын нұсқауды жеке орындау.
Балаларда құрастыруды ойша жасау біліктілігінің қалыптасуына көңіл бөлінеді.
Балалар бірқатар жаңа құрастыру біліктілігін, бірнеше шағын жазықтықты үлкен бір жазықтыққа біріктіруді, құрылысты берік жасауды, сирек қойылған кірпіштерді, ағаштарды бір-бірімен байланыстыруды, күрделі құрылысты тұрғызуды үйренеді.
Жаңа бөлшектермен және оның ерекшеліктерімен танысу жалғаса береді: пластиналардың пішіні мен көлемінің әр түрлілігі (ұзын, қысқа, жалпақ және жіңішке, шаршы және үшбұрыш), цилиндр, көп қырлы кесілген бөрене т.б.
Балаларға бір бөлшекті екіншісімен ауыстыруды үйрету өте маңызды: текшені екі үш қырлы призмадан, кірпіштерден және т. б. жасауы оңай.
Ұжымдық құрылысты жасай отырып, балалар бір-бірімен ақылдаса отырып жұмыс жасауды, өзінің құрылысын бәріне ортақ бір ойға сәйкес біріктіруді үйренеді.
Балалардың жазықтықтағы бағдарлау іскерлігін қалыптастыру үшін болашақтағы құрылыстың жобасын белгілеу керек.
Балаларда ойша құрастыру іскерлігін дамыту мақсатымен тәрбиеші құрылыстың тақырыбын балалардың өздері таңдайтын, қажетті материалды өзі іріктеп және оны жүргізудің жүйелілігін белгілейтін сабақты ұйымдастыруы керек. Бұл топта да (толықтырылған) құрылыс жиынтығын, (текшелер, кірпіштер, үш қырлы кішкентай призмалардың санын көбейте отырып), ойыншықтар жиынтықтарын пайдалануға болады.
Балалар бейнелеу объектілерімен үлгісі, түсіндіру, көрсету, серуенде алдын ала мақсатты байқау жүргізу арқылы, суреттер мен фотографиялары бойынша танысады.
Балаларға бір бөлшекті екіншісімен ауыстыру іскерлігін үйрете отырып, педагог кейде құрылыс процесінде Ойлан, кесілген көп қырлы бөренені немен ауыстыруға болады деген сияқты міндеттерді жеке шешуге бағыттайды. Үлкендердің мұндай сұрақтары балаларды тек белсендіріп қоймайды, сонымен бірге олардың ақыл-ойының дамуына ықпалын тигізеді.
Балалар өзінің жеке құрастырушылық ойын іске асыру үшін тәрбиеші оларға өздерінің болашақ құрылыстары туралы, ол қандай бөлшектерден және оның қалай жасалатыны туралы айта білуді үйретеді. Осы құрылыстарды талдау кезінде құрылыс материалы мен жекелеген элементтерін біріктіру тәсілдеріне байланысты заттың құрылымы әр түрлі болатындығын көрсету маңызды.
Қағаздан, қалдық және табиғи материалдардан құрастыру. Балалардың бір парақ қағазды ортасынан екіге, төртке, әр түрлі бағытта бүктеу шеберлігін жетілдіру жалғастырыла береді. Қатты тығыз шаршы қағазды ұзыннан он алты кішкентай шаршыға қырлары мен бұрыштарын дәл келтіріп бүктеуді үйрету керек; диаметрі бойынша шеңбер салуды және оны конусқа жапсыруға машықтандырған жөн.
Дайын үлгі бойынша, күрделі емес сызба бойынша жұмыс істеуді, контуры бойынша қиюға және кесуге арналған қайшыларды қолдана білу керек.
Адамдар мен жануарлардың тұлғаларын жасайтын қағаз цилиндрлерді бір-бірімен жалғастыру жолымен балалар сол тұлғалардың әр түрлі жағдайлары мен кейіптерін беруді, оларды онша күрделі емес композицияға біріктіруді үйренеді.
Қалдық материалдардан -- катушкалардан, түрлі түсті сымдардан, поролоннан, сіріңке қораптарынан және т. б. Заттардан ойыншықтарды әзірлеген кезде балалар сол материалдардың ерекшеліктерімен танысады және оны ойластырылған құрастырумен пайдалануды үйренеді.
Балаларға табиғи материалды (дәнектерді, шөпті, бүршіктерді, үйеңкінің тұқымы т. б.) мақсатқа сай пайдалануды әр түрлі бұйымдарды дайындаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі мекемеде балалардың бейнелеу іс-әрекетінде сәндік қолданбалы өнер материалдарын пайдаланудың теориялық мәселелері
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Мектепке дейінгі балалардың құрастыру процесіндегі қабылдау ерекшелігін зерттеу жұмысы
Бейнелеу өнерінің тарихы
Сөйлеу дағдысын дамыту
Мектепке дейінгі мекеме балалары
Балауыз бояуымен бояу өнері
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары
Мектеп жасына дейінгі балаларды сюжеттік мүсіндеуге үйрету
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларға үйретілетін арифметикалық амалдардың ерекшеліктері
Пәндер